7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Шынарым менің, шырайлым менің' 9 класс

Открытый урок на тему 'Шынарым менің, шырайлым менің' 9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Есенгалиева А.Е. ІІ санатты, ІІІ негізгі деңгей бағдарлама курсынан өткен

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі





Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 9 «А»

Күні : 21.05.15

Тақырып:

Ш.Айтматов «Шынарым менің, шырайлым менің» повесі

Оқыту мақсаты

Оқушылар шығармадағы шынайы адамгершілік қасиеттер мен достық мейірім мәнін аша білуі тиіс

Күтілетін нәтиже:


- повестегі негізгі тартыстарды ажырата біледі;

- басты кейіпкерлер бейнесін анықтайды;

- кейіпкерлер туралы өзіндік ой-пікір қалыптастырады;

- тақырып негізінде шынайы адамгершілік қасиетті көре алады

Модульдер

Әдіс -тәсілдер


1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

- Оқушылармен бірлесе сабақтың мақсатын жоспарлау «Оқу атысы».

- Диалогтік оқыту (Топтық әңгіме).

2. СТО

- «Әдебиет үйірмесі»

- «Джигсо» стартегиясы, интервью

3. Оқыту үшін бағалау

- Өзін-өзі бағалау парағы, Кері байланыс «Отарба» әдісі

4. Жас ерекшеліктеріне сай оқыту: тапсырмалар жиынтығы

5. АКТ

- таныстырылым

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Ресурстар

9-сынып оқулығы, бағалау парақшалары, «Шынарым менің, шырайлым менің» хикаятынан үзінді («Шофердің әңгімесі» ), жазушы туралы мәлімет

Алдыңғы білім


Жоспар

Кезеңдер

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1. Тақтаға оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтиже жазылады.

2. Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.

3. Шаттық шеңбері

4. Топқа бөлу, спикер тағайындау.

Мұғалім сөзі: «Шыңғыс қатардағы пенде емес, махаббат пен адамгершілікті, адалдық пен әділдікті ту етіп, әлем оқырманының жүрегіне ізгілік отын жаққан ұлы суреткер. Мақтау сөз қашанда жетпей жатқан жердің орнын толтыру үшін керек. Ал Шыңғыста ондай кемшіндік жоқ болғаннан кейін, мақтауға зәру емес», - дейді көрнекті жазушы Төлен Әбдік.

Оқушылар Шыңғыс Айтматов, Шығармашылығы, Кейіпкерлер, Қасиеттер деген сөздер арқылы топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту


Мағынаны тану

(5 мин)

«Оқу атысы» жауап алу.

Оқушылар Шыңғыс Айтматов, Шығармашылығы, Кейіпкерлері: Қасиеттері:сөздерін сабақпен байланыстырады.


«Оқу атысы» жаттығуы. Бірінші шеңберге сабақтың тақырыбы жазылады. Екінші шеңберге оқушыларға «миға шабуыл» хикаяттағы көтерілген мәселелер жайында сұрақтарға жауап береді, ал үшінші шеңберге сабақтың мақсатын жазады.

Оқушылар рет-ретпен

сұрақтарға жауап береді.

шығарма бойынша білетіндерін айтып ортаға салады, ой алмасады.

Шығармада кездесетін мәселерді айтады.

Топтан бір оқушыға сөз беріледі, сабаққа оқушылар мақсат қояды. Ықтимал жауап

Жаңа сабақ

(10 мин)

Оқушылар, қазір біз қойылған сауалдарға жауап іздеу төңірегінде «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы бойынша топта әр оқушының атқаратын ролін анықтап, әңгімеге жан-жақты талдау жасаймыз.

«Әдебиет үйірмесі» стратегиясы бойынша жұмыс:

1. Реттеуші - спикер топ ішінде уақытты бақылайды, барлығына кезекпен сөз беріп отырады.

2.Сұрақ қоюшы- ой талқысында топты сөйлету мақсатында сұрақ қойып отырады

3.Ой тапқыштар- шығармадағы негізгі идеяны табады, идея қай жерде көрінеді, соны табады

4.Дәнекерлер- мәтінді өмірмен ұштастырады

5.Сөз тапқыштар- шығармадағы оқиғаларға сәйкес мақал-мәтелдер, нақыл сөздер табады


Мақсаты: Оқушылар сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында «Джигсо» әдісінің элементі арқылы жаңа тақырыпты меңгеруі тиіс


«Интервью» әдісі 4 топтың сұрақ қоюшылары талқылау аяқталғанға дейін проблемалық сұрақтар әзірлейді, репортаж жасауды ұйымдастырады

Әр топта бес оқушыдан болады, әр оқушының ролі анықталады.

( 2 мин)

Оқушылар топтық әңгіме жүргізеді, оқиға желісі бойынша кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді анықтайды, өздерінің болжамдарын жасайды, бүгінгі өмірмен байланыстырады.

( 8 мин)

Бекіту (5 мин)

Сабақ «ПОПС» формуласымен түйінделеді.

«Бірін-бірі білмей тұрып, біріне-бірі зор адамгершілік жасапты. Олардың қадір- қасиетінің биік көрінісі осында емес пе?»

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Оның себебін мен былай түсіндіремін...»

Үшіншісөйлем «Оны мен мына факт, мысалдармен дәлелдей аламын...»

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».

Өз ойларын ортаға салады

Бағалау (7 мин)

Топ жұмысын бағалау (бағалау парақшасы)

Өзін -өзі бағалау

Спикер бағалайды.

Кері байланыс

(3 мин)


«Отарба» әдісі.


өздерін қай сатыда (Көшбасшы,Ілесуші, Демеуші) екенін анықтап «Отарбаға»
іледі

Үйге тапсырма

1.«Кейіпкер бойындағы парасттылық» тақырыбында эссе жазу

Мұғалім рефлексиясы

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?


Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

1.

2.

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал