7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары С. Аронұлы өмірі және шығармашылығы

Сабақ жоспары С. Аронұлы өмірі және шығармашылығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп Мерзімі № 4 сабақ

Тақырып: Менің сыныбым-менің ұжымым.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер:Бауырмалдылық,жанашырлық,тәрбиелілік,адамгершілік,қайырымдылық.

Мұғалім: Сынып 4 Оқушылыр саныСабақтың мақсаты: Оқушыларды ұжымжасуға үйрету

Міндеттері

  • Оқушыларды бірлестікке баулу.

  • Ұжымға деген суйіспеншілікті үйрету.

  • Оқушыларға сынып үшін қандай іс әрекет жасауды үйрету.





Сабақ барысы:

Ұйымдастыру сәті. Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Ұйымдастыру сәті. Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек - қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылданса, бір-біріне көмектессе, ұжымда бірлік, сыйластық болады. Оларды біріктіретін ортақ мақсат, ол - білім алу, өнерге үйрену және өмірді түсіну.



2. Дәйексөз.

Ұжымда болу - бақыт.

Ә. Табылдиев

Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.



3.Әңгімелеу.

Күмән

М. Гумеров

Оқушылар соңғы сабаққа кіргенде, сыныптағы үлкен терезенің бір көзі сынғанын көрді. Кезекші Рахила болатын.

- Терезені Боранбай сындырды. Өз көзіммен көрдім,- деп айқайға басты ол. Боранбай танып әлек. У-шу ұлғайып бара жатқанда, мұғалім кірді де, жағдайды білген соң:

- Сабақтан кейін сыныпта қалыңдар. Анықтаймыз. Ал қазір тынышталыңдар, сабақ бастаймыз, - деді.

Сынып ішіндегі мына у-шу сол айтыстың жалғасы еді. Мүғалім қағаздарын тастап, қайтып оралмақ. Істің ақиқатына жетудің орнына, салғыласа берсе, үзақ отырып қалмай ма? Әтіргүлдің қарны ашты, үйіне қайтуға асықты. Тамағын кенеп, бар даусымен:

- Балалар! - деді. - Қазір апай келеді. Не айтамыз? Құр сарылып отыра береміз бе? Терезені кім сындырды? Айтсаңдаршы біреуің! Рахила, сен анық көрдің бе? Кім сындырды? Әйнек өз-өзінен сынбайды ғой.

Осы кезде көпшілік арасынан Дәуіт деген қара домалақ бала суырылып шығып:

- Сындырған мен! - деді.

Сыныптағылар аңтаң. Дәуіт ең момын бала еді.

- Өтірік! - деді Рахила қызараңдап.

- Түк те өтірік емес. Рас. Мен сындырдым.

- Ендеше неге бірден айтпадың? - деді Әтіргүл.

- Жұртты осынша дауластырып қойғаның не?

- Е, маған сөз тиді ме? Өздерің ғой шуылдасып... Онысы рас. Жұрт шуылдасып жатқанда, бұның өмірі үні шықпайтын.

Дәуіт терезені қалай сындырғанын айтып берді. Терезеде қалбалақтап жүрген әдемі көбелекті ұстаймын деп, байкамай әйнекті сындырып алыпты да, сасканынан сыртқа зып беріпті. Бұл кезде сыныпта ешкім жок екен.

Балалардың барлығы Рахилаға қарады.

- Ау, кезекші! Бұл қалай? Боранбай сындырды деп ең? Оны қайдан көрдің? - деді екі-үш бала.

Рахила қысылғаннан жұртқа тура қарай алмады. Есікке тұра ұмтылды.

Мән-жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырды.

Көрмегенді көрдім деу - ең жаман әдет, әрі-беріден соң ол - жалақорлық. Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды.

Өтіргүл ұстаз үстелінің қасында жалғыз өзі тұр еді. Жолдастары алдында тауы шағылған Рахилаға жаны ашып, есіктен көзін алмады. «Ұят-ай! Бұрын да осындай ұсақ-түйек оқиғалар болған. Бұдан былай балалар Рахиланың шын сөзіне де сенбей, күмәнданатын шығар-ау. Жолдастарының сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін!...»

4. Шығармашылық жұмыс, жекеше жұмыс.

Сыныптастарыңның қуанышын қалай бөлісер едіңдер.



5. Топпен ән айту

Дос болайык, беріміз,

Сөзін жазган X. Талгаров

Әнін жазган И. Нүсіпбаев

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!



Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.



Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы.



6.Үй тапсырмасы

Жұмыс дәптеріне Өзінің сүйікті сыныбым атты шығарма жазу.



7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан қортынды жасаймыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Ресурстар:(белсенді тақта,кітап,дәптер,ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар,сюжетті суреттер.)







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал