- Учителю
 - М. Мақатаев 'Мен таулықпын' урок
 
М. Мақатаев 'Мен таулықпын' урок
Сабақтың тақырыбы : М.Мақатаев «Мен таулықпын»
Сабақтың мақсаты :
-  
Ақынның өмірі , өлеңдерін, өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелегіне көңіл бөлу. Мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұнын ашу,талдау.
 -  
Отаншылдыққа , туған жерге деген сүйіспеншілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.
 -  
Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау.
 
Сабақтың типі : аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті ,бүктеме, бейнетаспа
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Фантазия» өлеңін жатқа, сұрау.
-  
Фантазия дегеніміз не ?
 -  
Фантастика дегенді қалай түсінесің ?
 
ІІІ. Ақын туралы білгендерін топтастыру.
 
 
М.Мақатаев
 
 
 
 
ІУ. Мақсат қою
Нені білеміз ?
Нені меңгереміз ?
У.Жаңа сабақ
-  
Тербетіліп тауымның аясында,
 
Өссіппін ғой шыршаның саясында.
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,
Қоймайсың ба, тағдырым , тоясың ба ?
Тау менің несібеме , тиіпті ерек,
Үлкендер «Таудай бол» дейтін маған,
Таудай болғым келеді, биік керек.
Ақын тауда өскен, жүрегі таза, сезімі асқақ, жыры мөлдір бұлақ.
|Бейнетаспадан ақынның сүйікті тауы Хантәңірін көрсету|
Ақынның біршоғыр өлеңдері тау тақырыбына арналған. «Хаңтәңірі» , «Жігіттер демалайық тауға барып», «Тауда өстім», «Таудай болғым келеді», «Ығысыңдар , әй таулар, ығысыңдар», «Тау бір аңыз», «Түсіме тау кіреді» т.б. Осындай керемет , сыршыл , әсерлі өлеңдерінің бірі - «Мен таулықпын » өлеңі.
-  
Өлеңді мәнерлеп оқу
 -  
Бір - екі оқушыға мәнерлеп оқыту.
 -  
Мәтінде кездескен қиын сөздерге ,мәтінге талдау жасау.
 
Ақын тау баласы екендігін шынайы махаббатпен жырлайды.
Тау бір аңыз ,
Тау-дастан
Таусылмайтын әу бастан,
Ана жердің төсіне ,
Алып сәби жармасқан,-деген сөз өрнегімен шынайы жырлайды.
Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып , сол табиғатқа деген өзінің қатынасын білдіреді.
Ығысыңдар,
Ей таулар !
Ығысыңдар.
Орын сайла ортаңнан жұмысым бар,
Ата болып не маған ұрысыңдар,
Адам болып немесе ұғысыңдар - деп ,тіпті тауға өтініш айтып, қолқа салады.
(Асысаға тауынан табылған ақын бейнелі мүсіннің суретін оқушыларға көрсету )
6.«Мен таулықпын» өлеңіне талдау жасау \Оқушылар талдау жасап жатқанда ақынның өз даусымен оқылған өлеңін үнтаспада қосып қоямын\
Б-7 құрылысы
 
 
Б-1 авторы
 
 
Б-3 идеясы
 
 
Б-5 маңызы
 
 
Б-4 көзқарасы
Б-6
Тәрбиелік мәні
 
 
Б-2 тақырыбы
Мен таулықпын
 
 
-  
Өлеңдегі бейнелі сөздерді дәптерге жазғызу
 
УІ.Сабақты бекіту:
«Хантәңірі» суреті бойынша шыңға өрмелеу ойынын ойнату.
«Тау баласы» деген тақырыпта ойтолғау жазу.
 
 
УІІ. Бағалау
УІІІ. Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау (сурет салу)