7


  • Учителю
  • 5 орыс сыныбына арналған сабақ әзірлемелері қазақ тілінен

5 орыс сыныбына арналған сабақ әзірлемелері қазақ тілінен

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Ақмола облысы

Сандықтау ауданы

ММ «Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі»



ЖАҢА БАҒДАРЛАМА

БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒАН

САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ







/ 5 орыс сыныбы үшін қазақ тілі /





Мәдениет

2015

Құрастырған : Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Шалгумбаева Айжан Серікқызы (категориясыз).

Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылды.


Рецензент: Жусупов А.Н. ММ «Сандықтау білім бөлімінің қазақ тілі әдіскері».


Аннотация

Құрастырылған жинақта қазақ тілі мұғалімдеріне өз жұмыс тәжірибемнен алынған сабақтардың әзірлемелері берілген. Осы сабақ жоспарларының әзірлемелері оқу барысында қолдануға арналады. Оқулықтағы тапсырмалар білім берудің мемлекеттік стандарты негізге ала отырып құрылды.





1



Мазмұны

1. Кіріспе 1

2. 5 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары 3

3. Пайдаланылған әдебиеттер 27



2

"Оқыту - тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады".

К.Д.Ушинский.

5 сыныпқа арналған қазақ тілінен сабақтардың әзірлемелері.

(жаңа бағдарлама бойынша бірінші тоқсанға)

1. Сабақтың тақырыбы: Танысу

2. Сабақтың мақсаты: а ) Білімділік: Оқушыларға тән дыбыстарды қайталата отырып буын, екпін және жаңа сөздермен таныса отырып білімдерін жалғастыру.

ә ) Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту, және сөйлесу әрекетін күшейту

б ) Тәрбиелік: Оларды танысу кезінде өмірде де,сыпайы адал болуға тәрбиелеу.

3. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

4. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: дыбыстар мен әріптер, жаңа сөздер.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Олармен танысу , түгендеу, өзара сөйлесу. Балалар жазда қалай демалдыңдар? Сыныпта неше оқушы бар? Міне жаңа оқу жылы басталды. Оқу құралдарың түгелме? Сабаққа дайынбызба?

II Сабақтың мақсатын айту:

Танысу -знакомство;Бүгін біз сендермен бір- біріңмен танысқанда қандай сөздер қолданасыңдар, яғни жаңа сөздермен танысу және дыбыстар мен әріптер, буын, екпін түрлерімен танысып, жұмыс жүргіземіз.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сөздермен танысу

Диалог оқыту

Дыбыстар мен әріптер

Буын және екпін

Сергіту сәті

IY Жаңа сабақты пысықтау:

1.Сөздермен танысу; оны үш қатарға бөліп оқыту,және дәптерлеріне жаздырып қою.

Сөздік жұмысын мәнерлеп оқыту; Сәлеметсізбе!-здравствуйте!

Сәлеметсіздерме!- здравствуйте!

Сәлеметсіңбе!- здравствуй!

Сәлем- привет

Қайырлы таң!- доброе утро!

Қайырлы күн!-добрый день!

Жағдайың қалай?- как дела?

Танысу- знакомство

Аты-жөні- имя, фамилия

Оқу- учиться

Жақсы-хорошо

Жас- здесь; лет

Қуаныштымын- я рад

2. Диалог оқыту:

Оқулықтағы диалогты екі оқушыдан үш қайтара оқып шығып ,оқушылар өзара диалог құрады.

3. Дыбыстар мен әріптер: 3


Қазақ тіліне тән 10 дыбыс бар, олар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді; Оларды атап көрсету, карта түрінде жекелеп атап көрсету, дыбыстау.


Қазақ тіліне тән 9 (10) дыбыс бар

Дауыстылар

Дауыссыздар

жуан

жіңішке

ұяң

үнді

қатаң

ұ, (ы)

ү, і, ө, ә

ғ

ң

қ,һ


Үлкен сызба бойынша буын түрлерін түсіндіру; Үш түрі бар

Буын


Ашық Тұйық Бітеу

А-ВА АВ ВАВ

а-та ат бас


Қазақ тілінде екпін тұрақты болады .Екпін- ударение, екпін сөздің сөздің соңғы буынына түседі .Ережені дәптерлеріне жазу.

4.Сергіту сәті: Жұмбақ оқу.

Арықта бар

Сезімде жоқ.,

Балықта бар,

Теңізде жоқ. Бұл қай әріп ? ( А )

Ас бітненің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып,

Аяқталған қарашы. (Н)

5. Оқушыларды үлгі бойынша тақтаға талдау жасауға шақыру.

Танысу- үш буынды; 1, 2,3- ашық буындар Т- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан

Н- дауыссыз, үнді

Ы- дауысты, жуан

С- дауыссыз, қатаң

У- дауысты, жуан

Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар

V. Сабақты қорытындылау: Оқушы, білім сөзіне оқушылар өздері фонетикалық талдау жасауы керек: Мұғалім мектеп туралы өлең оқып береді, оқушылар тыңдайды.

YI. Үйге тапсырма : 3 бет сөздікті жаттау, әр түрлі 5 сөзге фонетикалық талдау жасап келу, ережені жатта.

Оқушыларды бағалау:



1.Сабақтың тақырыбы : Әдепті балалар

2.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: әдепті болу керектігін оқыту, түсіндіру арқылы білімдерін толықтыру.

ә) Дамытушылық: сөздермен ой- өрісін, тіл байлықтарын, сөйлеу әрекетін дамыту.

б) Тәрбиелік: оқушыларды әдепті, сыпайы, тәртіпті болу керектігін түсіндіру.

3. Сабақтың түрі: аралас

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап.

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: әдепті баланың әрекеттері суреті, сөздік, тақта.

Сабақтың барысы: 4

I. Ұйымдастыру кезеңі: Кабинеттің сабаққа дайындығы.

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Оларды ұйымдастыру, амандасу.

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Бүгін біз сендермен әдепті баланың қалай болатынын оқимыз, көреміз және жаңа сөздермен танысамыз, оған мына суреттегі баланың әрекетін оқып көреміз, сұрақ- жауап жүргіземіз.

III. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар қәне үйге берілген 5 сөзге фонетикалық талдауды тақтаға орындап көрсетіңдер. Сөздерді жатқа айту, мұғалімнің ережеге байланысты қойған сұрақтарына жауап айту.

Екі оқушыны диалог арқылы тақырып бойынша сөйлестіру.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөздік жұмыс

Фонетикалық жұмыс

Мәтінмен жұмыс

Диалогпен жұмыс

Сергіту сәті: Ұқыпты оқушыны суреттеу.

V.Жаңа сабақты пысықтау:

1. Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқушылар өз бетінше мәтінмен танысады.

Сөздік жұмысын бір оқушы мәнерлеп оқиды. Сөздікті дәптерлеріңе жазып алыңдар. Ақылды- умный,

әдепті- примерный,

әңгімелеу- разговаривать т.б.

2.Тақтадағы суретке қарай отырып, балалар мына суретте екі баланы көріп отырсыңдар, бірінің оқулығы таза, ал екінші бала оқулықты таза ұстамаған, оқулығы кір екен, яғни қай оқушы әдепті, ұқыпты оқушыға жатады? Балаға ат қойып, әдепті бала туралы үш сөйлем жазыңдар тақтаға, дайын оқушыны шақыру.

3.Оқулықпен жұмыс:

1-ші тапсырма бойынша диалогты оқытып өзара сөйлестіру.

2-ші тапсырма бойынша сұрақтарға жауап жазу, жазған жауаптарын оқыту.

4.Мәтінмен жұмыс: Мәтінді оқып , аударамыз.

Төмендегі сұрақтар бойынша, мәтін сұрақтарына жауап беру. Қосымша сұрақтар қою. Әдепті балалар қандай болады? Олар үлкендерге жол береме? ауызша жауап алу.

5.Әдепті бала ,ұқыпты , тәртіпті, үлгілі көрсету.

Қазақ әліпбиі туралы қосымша сұрақтар қою? Неше әріп бар? Оның нешесі дауысты? Нешесі дауыссыз?

VI .Сабақты қорытындылау:

Енді 5-ші тапсырмадағы сөз тіркестерін аударамыз: мен таныстым- я познакомился, ол айтты- он сказал, біз сөйлестік- мы разговаривали, оның ермегі- его хобби.Буын түрлерін атау, сөздерді буынға бөлу; Айт-ты, сөй-лес-тік, ер-ме-гі. Мысал келтіру; ашық буын, тұйық буын, бітеу буын тақтаға жазып көрсету.

VII. Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту, 5-ші тапсырманы жазу, сөздерді жаттау.

Бағалау.



1.Сабақтың тақырыбы: Өзім туралы

2.Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өзін таныстыра білуіне әсер ету және тақырып бойынша білімдерін тереңдетіп оқыту.

Дамытушылық: оқушының ой- өрісін сөздік қорын дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыны ұқыптылыққа, сыпайылыққа, зеректікке баулу.

3.Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау. 5

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

5. Жұмыс формалары: деңгейлік.

6.Көрнекілігі: оқулық, тақта, әңгіме.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, түгендеу, олармен аздаған пікір алыса отырып, сабаққа дайындықтарын сұрау.

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Сабақта өздерің туралы айта білуді үйрену және деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдеріңді одан әрі жетілдіру.

III.Үй жұмысын тексеру: монолог сұрау, 5-ші тапсырма бойынша сөйлемдер құрау.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру:

Тірек сызба бойынша жұмыс.

Өзі туралы мәлімет айту, жаз.

Оқулықтағы деңгейлік жұмыстар

Сергіту: Жаңылтпаштар

V. Жаңа сабақты пысықтау: Тірек сызба бойынша өзі туралы әңгімелеуді түсіндіріп өту. Оқушылар түсінгендері бойынша сызбаға қарай отырып, әр бала әңгімелеуді бастамас бұрын ойлануға уақыт беріледі, содан соң олар баяндайды.

1-тапсырма.Сызба бойынша өздерің туралы әңгімелеп айтып беріңдер.

ТАНЫСУ




2-ші тапсырма бойынша өзі туралы мәліметті толықтыру.Өзіндік жұмысты жазбаша орындау және оқыту.

4- тапсырма. Деңгейлік жұмыстар: 3- ші деңгей. Өзіңді таныстыр. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар: бүгін, есім, оқушы. Сөздіктегі сөздерге екпін белгісін қойып себебін түсіндіріңдер.

2-ші деңгей: Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар; қазір, үй, ұнатамын.

2-ші тапсырмаға диалог құрастыру.

Сынып, даңғыл, көше сөзін буынға бөліп сипаттап беру.

1-ші деңгей : Танысу тақырыбына әңгіме құрастыру.

Қазақ тілі фонетикасы мен орыс тілі фонетикасын салыстыру, өз ойларын жазбаша түрде жеткізу.

Деңгейлері бойынша дайын оқушыдан тапсырмаларды сұрау;

Тірек сызбаға қайта оралу: Сызба бойынша диалог құру.

Сенің аты -жөнің кім?

Менің атым Диас.

Сенің туған жылың қашан?

Менің туған жылым 1996ж

-----------------------------------

---------------------------------

VI.Сергіту сәті: Шеше кеше неше кесе. Сынды кеше.

VII. Сабақты қорытындылау: Құрған диалогтарын оқыту:

Бүгінгі сабақ не жайлы болды? Сұраққа жауап алу.

VIII.Үйге тапсырма: Өзі туралы монолог айту.Сөздік жаттау.

IX . Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық

1. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: денсаулық жайлы түсініктерін кеңейту,денсаулық туралы өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. 6

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту арқылы есту, тыңдау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: денсаулықты сақтауға ,тілге деген қызығушылықтарын ояту, жақсы тәлім тәрбие беру.

2. Сабақтың түрі:аралас

3. Сабақтың әдіс- тәсілі:оқу,тыңдау, сұрақ-жауап.

4. Жұмыс формалары:топтық, жұптық,жекелей.

5. Көрнекілігі: денсаулықпен байланысты суреттер, оқулық, тақта.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа дайындау, олармен сұрақ- жауап алысу.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Өлеңді білу, оқу арқылы тілдің сан қырына үңілу, тілге қызығу оны сүйіп оқу.

III Үй жұмысын тексеру: монолог, сөздерді жаттау.

IV Сабақты түсіндіру: Өлеңдер туралы түсіндіру

Өлеңді оқу.

Сөздік жұмысы

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс.

V Сабақты пысықтау:

Жұмбақ шешіңдер.

Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жараңдар,

Байлық осы деседі. (Денсаулық)

Сұрақтар:

Денсаулық ұғымын қалай түсінесіңдер? Денсаулығымыз жақсы болу үшін не істеуіміз керек? «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

VI Сергіту сәті. Ән шырқау. Жазда атамның ауылына

Барып едім қыдырып

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап жүгіріп

Қошақаным қайда екен

Шекер ме екен бал ма екен.

Өлеңнің әнін дауыстап үйрету.

VII Оқулықпен жұмыс:

2-ші тапсырма бойынша жұмыс жүргізу.

Өлеңді оқып етістіктерді тауын , көшіріп жазу.

3-ші тапсырмадағы мәтінді оқыту, оны сөздіктің көмегімен аудару.

Мәтінге жоспар құру, өз түсінгендерін жазу.

Тақтаға оқушылармен бірігіп жоспар жазу. Жоспармен өз ойларын жазу, оқыту.

4-ші тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

III деңгей.Сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құраңдар.

Ең үлкен байлық денсаулық.

II деңгей . Сызба негізінде әңгімелеңдер.

VIII Сабақты қорытындылау:

Денсаулық дегеніміз не

IX Үйге тапсырма беру. I деңгей. Шағын мәтін дайындау (денсаулық мықты болу үшін не істеу керек?)

X Бағалау.



7

1. Сабақтың тақырыбы : Аялдама

2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тақырып бойынша оқушылардың білімдерін ашу, оқыту, үйрету, сөйлету жолында жұмыстар жүргізу.

Дамытушылық: олардың ой- өрісін, сөйлеу әрекетін қалыптастыру,сөздік қорын көбейту.

Білімділік:оқушылардың сөйлеу әрекетіне көңіл бөлу, оларды мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.

3. Сабақтың түрі: аралас

4. Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ-жауап

5. Жұмыс формалары:топтық, жұптық, жекелей

6. Көрнекілігі: сөздік дәптері, тақта, оқулық, карточка.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, олардың сабаққа дайындығын сұрау, аздаған пікір бөлісу.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Аялдама- остановка. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысу, көпшілік жерде қалай сөйлеу керектігін үйрену, күнделікті өмірдегі адамның сөйлесуі.Оқулықпен жұмыс жүргізу.

III Үй жұмысын тексеру: Шағын мәтін дайындау.

IV Жаңа сабақты түсіндіру: Сөздік жұмыс.

Диалог оқыту.

Сөздік диктант

Карточкамен жұмыс

Сергіту.

V Сабақты пысықтау: Жаңа сөздермен танысу:

Аялдама- остановка

Айналайын- милый

Бақытты бол-будь счастлив

Орын- место

Сөздерді оқытып, олармен сөз тіркесін құрау; мысалы: аялдама алыста, айналайын балам, сен бақытты бол, мынау орын.

Жаңа сөздерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Оқулықтағы аялдамада диалогын рөлге бөліп оқыту. Оқып болған соң 10 мин, дайындалу өз беттерінше содан соң жатқа рөлге бөлініп айту.

Автобуста дайындалу, жатқа айту.Оны орысшаға аудару.

Сөздік диктант:

Сәлеметсізбе, сіздің, өзімнің, екеуміз, өтінемін, атың, ермегіміз, үнемі, әрине, ұяның, ұяң, тәртіпті. Осы сөздерді дауыстап оқып жаздыру. Оқушының қасына барып қателерін тексеру.

Оқушыларға карточка үлестіру. Мен бүгін бір........ таныстым. Ол маған........айтты.Біз екеуміз..........Біздің үйлеріміз ........алыс амес.Екеуміздің........қуаныштымын. Мен.........қуаныштымын.

Керекті сөздер: атын, баламен, мектептен, қаладанбыз, танысқаныма,ермегіміз.

Оқушыларды бір- бірден отырғызу.

Оқулықтағы 3-ші тапсырманы орындау.

Төменде берілген сөздерді кесте бойынша тәуелдеңдер.

Аялдама,орын, әже, апа.

VI Сергіту: Жұмбақ оқу: Үш көзі бар қырағы

Кезек ашып, жұмады.

Өтеріңде көшеден

Бұйрық беріп тұрады. ( бағдаршам).

VII Сабақты қорытындылау: Балалар біз көшеде неден сақ болуымыз керек? Көліктен. Автобуста кімге орын беруіміз керек? Үлкен адамға.

Балалар біз бүгін жұппен жұмыс жүргіздік, яғни рөлге бөліп оқыдық. 8

Жекелей жұмыс бұл сендердің бүгінгі сөздік диктант, карточкаларың.

Топқа бөлініп жұмыс болмады бірақ, бәрің сабаққа қатысып отыруға тырысу керек, келесіде топтық жұмыс жүргіземіз.

VIII Үйге тапсырма: 4 тапсырма. Сөйлемдер құрастыру.Сөздер жаттау.

IX Бағалау.

1. Сабақтың тақырыбы : Жаңа достармен танысу

2. Сабақтың мақсаты: Білімділік: тақырып бойынша оқушылардың білімдерін ашу, оқыту, үйрету, сөйлету жолында жұмыстар жүргізу.

Дамытушылық:олардың ой- өрісін, сөйлеу әрекетін қалыптастыру,сөздік қорын көбейту.

Білімділік:оқушылардың сөйлеу әрекетіне көңіл бөлу, оларды мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.

3. Сабақтың түрі: аралас

4. Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ-жауап

5. Жұмыс формалары:топтық, жұптық, жекелей

6. Көрнекілігі: сөздік дәптері, тақта, оқулық, карточка, суреттер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, олардың сабаққа дайындығын сұрау, аздаған пікір бөлісу.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: танысу знакомство. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысу, көпшілік жерде қалай сөйлеу керектігін үйрену, күнделікті өмірдегі адамның сөйлесуі.Оқулықпен жұмыс жүргізу.

III Үй жұмысын тексеру: Сөздер жаттау,сөйлем құрастыру.

IV Жаңа сабақты түсіндіру: Сөздік жұмыс.

Сұрақ-жауап оқыту.

Әріп диктанты

Карточкамен жұмыс

Сергіту.

V Сабақты пысықтау: Жаңа сөздермен танысу: танысу знакомство

Құрбы сверстник,сверстница

Мінез характер

Қайырымды добрый

Бой рост

Ақылдасу советоваться

Сыпайы вежливый

Қарапайым скромный

Сөздерді оқытып, олармен сөз тіркесін құрау;

Жаңа сөздерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Оқулықтағы 2 тапсырманы орындау. Сұрақтарға жауап беріңдер.Тәуелдік жалғауын тауып, қай жаұта тұрғаның анықтаңдар.

VI Сергіту: Жаңылтпашты жаттап алу, тез айтуға жаттығыңдар.

Досым маған еліктеп,

Домбырамен ән салды.

Дән риза болып көп,

Дауылдады , тамсанды.

4-тапсырма.Мәтінді оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орыңдаңдар.

Мәтіннен кейінгі жаңа сөздермен танысу.Берілген сөздерді мәтіннен тауып алып қандай сөздермен қолданылатынын анықтау.

III деңгей.

Балалар екі топқа бөлінеді.

1.Сұрақтарға жауап беру.

2. Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрастыру. 9

II деңгей.

  1. Жақшаның ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударып жазыңдар.

I деңгей . Дос туралы әңгімелеңдер.

VII Сабақты қорытындылау: Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік? Дос.Достық туралы. Нағыз дос қандай болу керек? Балалар екі топқа бөлініп, нағыз дос қандай болу керектігін дәлелдеп, жостықтың жақсы қасиеттерін атайды.

VIII Үйге тапсырма: Сөздер жаттау. 32 бет.II деңгей,2 тапсырма.

IX Бағалау.

1. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: отбасы мүшелерімен таныстыру,оларды атай білу және жаңа сөздер арқылы сөйлем құрай білу.Үндестік заңымен танысу.

Дамытушылық: тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын, сөйлеу әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: туған туысты, үлкенді сыйлауға, кішіні құрметтеуге баулу.

3. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап.

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреті, сөздер, тақта.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: кабинетті дайындау. Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, сабаққа дайындықтарын сұрау.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: отбасы мүшелерін білу, олармен сөйлем құра білу, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтей білу.

III Жаңа сабақты түсіндіру: үндестік заңымен танысу.

Сөздікпен жұмыс

Отбасы мүшелерін таныстыру

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті.

IV Сабақты пысықтау: Үндестік заңы- Закон сингармонизма. Қазақ тілінің сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, әже, шеше, әке.Сөздің соңғы буыны жуан болса оған жуан қосымша жалғанады.Мысалы: ата-лар, ана- лар. Сөздің соңғы буыныжіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: әже-лер, әке-лер.

Сөздермен танысу: Сөздерді өз беттерімен үш қайтара оқып шығады. Содан дауыстап оқиды, әр оқушы оқиды да дәптерлеріне жазып алады.

Тақтадағы суретке қарай отырыпотбасы мүшелерін дауыстап атау, оқушыларға оқыту, таныстыру. Осы сөздермен сөз тіркесін құраймыз.

Сөз тіркестерін оқушылар атайды, бір бала тақтада жазады, қалғандары дәптерлеріне жаза отырады. Мысалы: атам зейнеткер, менің әкем.

Суретке қарап отырып шағын әңгіме құрау.Өздері дәптерлеріне орындайды, болған соң дауыстап оқиды. Мұғалім қатесі болса қарап шығып, қосымша тапсырма беру: үш , төрт сөзге фонетикалық талдау тақтаға үш оқушы орындайды.

Оқулықпен жұмыс: 2- ші тапсырма бойынша өздері диалог құрайды да, төрт, бес сөйлемнен , сол арқылы бірімен бірі рөлмен сөйлесу. Мұғалім дәптерін қарап шығады.

Ереже дәптерлеріне ережені жазып алып жаттаулары керек.Әр оқушыға ережені оқыту.

V Сергіту: Ана туралы өлең оқу.

Мереке күніңмен,

Қарсы алам өзіңді.

Сәбилік үніммен,

Арнаймын сөзімді.

Қайырмасы:

Көргенше алаңмын,

Аңсаймын толғанам. 10

Қабыл ал балаңның, Сәлемін жолдаған.

4-ші тапсырманы орындау, дауыстап оқу, аудару.Сөздердегі үндестік заңын көрсетіңдер.

VI Сабақты қорытындылау: Ережені үш оқушыдан тағы сұрап шығу. Бүгінгі отбасы мүшелерін суретке қарап атаңдар. Үш оқушы сөздерді оқиды.

VII Үйге тапсырма; 5- ші тапсырма . Сөздерді жаттау, ережені жатқа айту.

Бағалау.


1. Сабақтың тақырыбы: Біздің үй

2. Сабақтың мақсаты. Білімділік : отбасы туралы толық әңгімелей білу, дұрыс айтып, жаза білуге дағдылану.

Дамытушылық: сөйлемді дұрыс байланыстыруға,диалог және жаңа сөздерді үйрету арқылы олардың сөйлеу әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: отбасында ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

3. Сабақтың түрі: аралас

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: диалог оқыту, түсіндіру.

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі:отбасы суреті, өлең, тест.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды ұйымдастыру, сабаққа ыңғйлау, кабинетті жабдықтау.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру. Отбасы туралы толық баяндай білу, жаңа сөздерді білу оны есте сақтау, тату тәтті өмір сүру.

III Үй тапсырмасын тексеру : 5- ші тапсырма . Сөздерді жаттау, ережені жатқа айту.

IV Жаңа сабақты түсіндіру: Сурет бойынша әңгіме.

Тірек сызба

Оқулықпен жұмыс

Тест тапсырмалары

Сергіту

V Сабақты пысықтау: Тақтадағы суретке қарап шағын әңгіме құру. Әр оқушы өз сөйлемдерін тақтаға жазады. Құрған сөйлеміне сұрақ қою.Шағын әңгімені дәптерлеріне жазып алу.Мысалы: мынау менің атам, ол газет оқып отыр. Әжесі немересіне ертегі айтып берді.

Тірек сызба бойынша сөз тіркестерін құру. Мысалы: Отбасы мүшесі, атам отыр, кішкентай іні.

Оқулықпен жұмыс: Өлең оқу. Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармақ әкем

Балаң үйрек анам

Ортан терек ағам

Шылдыр шүмек мен

Кішкентай бөбек сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

2-ші тапсырмадағы тірек сызбаны толтыру.Он сөйлем құрастырып жазу.

3- ші тапсырма оқулықтағы сурет бойынша өз бөлмең туралы әңгімеле..

4-ші тапсырманы орындау.Өзіндік жұмыс Мағынасы жақын сөздерден сөйлемдер құраңдар.

Тест тапсырмалары.1. Әсем-Нұрболдың....

Қарындасы

Ағасы

інісі

2.Балам, ата-.....сыйла.

Анаңды 11

әжеңді

бауырларыңды

3.Өркенің........, балам

өссін

ашылсын

көктесін

4. Келіңіз......шығыңыз

Төрге

Оңға

Ас бөлмеге

5. Атам дастарханға .........берді.

Тамақ

Ақша

Бата.

Таныс емес сөздердің аудармасын тақтаға жазып қою, соның көмегімен тесті орындау.

VI Сергіту сәті: Бармақ санау.

Бас бармақ

Балаң үйрек

Ортан тірек

Шүлдір шүмек

Кішкентай бөбек. Дауыстап айту, кішкене кездерін еске түсіру.

VII Сабақты қорытындылау: Әрқашанда үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуіміз керек, отбасында, өмірдеде тату жүруіміз керек.

VIII Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттап алу.Іні, қарындас, сіңлі сөздерінің мағынасын жазып келу.

Бағалау.

1. Сабақтың тақырыбы: Отбасыңдағы дәстүрлер

2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: отбасының мүшелерінің тұрмыс тіршілігі, дәстүрі туралы тереңірек білу, ұғындыру .

Дамытушылық: отбасы дәстүріне байланысты сөйлемдер, диалог және басқа амал тәсілдер арқылы, тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік: отбасы дәстүрлерін сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.

3. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

4. Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: олардың тұрмыс тіршілігі суреті, оқулық.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5-7 мин әңгіме жүргізу.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: дәстүрлер туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.

III Үй тапсырмасын тексеру: Өлең оқу.Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап шығу.

IV Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтадағы отбасының тұрмысы туралы суретпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Шағын әңгіме.

Оқулықпен жұмыс.

Сергіту.

V Сабақты пысықтау. Суретке қарй отырып сөйлемдер құрау, оны тақтаға жазу.Осы үлгі бойынша диалог дайындау. өздік жұмыс диалогтарын дайын болған соң оқиды. Бір- біріне сұрақ қою арқылы: мысалы :менің атам етікші. Ал сенің атаң кім? Менің атам зейнеткер. 12

Мәтінмен өздері танысып оқи отырады. Оны аудару кезекпен. Мәтінге сұрақ қою. Оқушылар өздері жауап береді. Енді оқушылар мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалады.Ақырында осы үлгі бойынша өздері шағын әңгіме жазуға кіріседі. Әңгімелерін оқиды.Мәтінге қарап отырып өз отбасы туралы әңгімелеуге әр оқушы дайын болуға тиіс.

Оқулықпен жұмыста 4- тапсырма деңгейлік тапсырмаларды орындау, өздік жұмыс.Өз деңгейлеріне байланысты топқа бөлініп тапсырманы бөліп беру.

Тақтадағы мына сөздердің мағынасын ашу: Атаңды ардақта!

Әкеңді сыйла!

Үлкенге құрмет көрсет!

Әр оқушы өз сөзімен түсінгенін айтады, сабақта сөздік дәптерді қарап шығу, оны оқушылар қолдануына болады. Оқушылар дайындары тақтаға шығып тапсырмаларын орындап береді.

Тақтадағы мәтелді дәптерлеріне жазып алу.

VI Сергіту сәті: Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.

VII Сабақты қорытындылау : Үндестік заңы туралы сұрау , қазақшасын, орысшасын. Оған мысалдар келтіру. Балалар тақтадағы мына сөздерге назар аударыңдар:

Сіз деген -сыпайылық,

Сен деген- санайылық,

Біз деген- көмек,

Сіз деген- әдептілік, оларға сөздердің мағынасын ашу, олар дәптерге түсіреді.Бұдан түсінетіндерің қоғамда, көшеде, отбасында үнемі әдептілікті сақтай білген жөн.

VIII Үй тапсырмасын беру:Сөздік жаттау.Өз отбасыңдағы дәстүрлер туралы жазып келу.

Бағалау.



1. Сабақтың тақырыбы: Диктант Менің отбасым

2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Олардың алған білімдерінің нәтижесін тексере отырып, одан әрі білімдерін нығайту.

Дамытушылық: Диктант жазу арқылы, оқушының ой- өрісін, сөздік қорын ,тіл шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сезімталдыққа, әсершіл және ой сергектігінің жүйрік болуына баулу.

3. Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: Оқу, түсіндіру, әңгімелеу.

5. Жұмыс формалары: жекелей

6. Көрнекілігі: тақтадағы сөздер, диктант.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау, олармен аз уақыт әңгіме.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Алған білімдерін қорытындыға келтіру және сөздік қорын байыту, сезімталдыққа баулу.

III Жаңа сабақты түсіндіру: Диктант. Менің отбасым. . Тақтаға қиын сөздер жазу, оның мағынасын ашып беру. Тақырыпқа байланысты ойларын сұрау.

IV Сабақты пысықтау. Тақтаға бүгінгі күнді жазу, диктант тақырыбын. Менің отбасым. Осы өткен тақырыптар бойынша өз ойларыңды нақты жеткізу. Кабинеттегі тыныштықты сақтай отырып диктант жазуды бастайды.

Менің отбасым 13

Біздің отбасымыз онша үлкен емес.Отбасымызда төрт адам бар.Олар: әкем ,анам, ағам және мен.Біз Алматыда тұрамыз.Менің атым Ерасыл.Мен жазғы демалыста атам мен әжемнің үйіне барамын.Біздің отбасымыз өте тату. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін.

Сергіту сәті: Жаңылтпаш оқу.

V Сабақты қорытындылау: Диктант жайлы, оның қалай жазылуы сұрау. Қандай мәселелер қиындау, ой бөлісе отыру.

VI Үйге тапсырма: ережелерді қайталау.



1. Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы қарам қатынастар.

2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: отбасының мүшелерінің қарым қатынасы туралы тереңірек білу, ұғындыру .

Дамытушылық: отбасы қарым қатынасына байланысты сөйлемдер, диалог және басқа амал тәсілдер арқылы, тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік: отбасы қарым қатынасын сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.

3. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

4. Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: олардың тұрмыс тіршілігі суреті, оқулық.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5-7 мин әңгіме жүргізу.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: дәстүрлер туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.

III Үй тапсырмасын тексеру: Ережелерді қайталау.

IV Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтадағы отбасының қарым қатынасы туралы суретпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Шағын әңгіме.

Оқулықпен жұмыс.

Сергіту.

V Сабақты пысықтау. Суретке қарй отырып әңгімелесу.

1-тапсырма.Мәтіннен түсінгендеріңді айтыңдар.Мәтінге ат қойыңдар.

2-тапсырма. «Қолбағыс» мәтінін рөлге бөліп оқыңдар.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

VI Сергіту сәті: «Қолғанатқа жараймын» өлеңін дауыстап айту.


Жент пен мейіз, бауырсақ,

Самса да бар сағынсақ.

Қашан барсақ әжеміз,

Отырады барын сап.

Баламын мен шыныққан,

Атқан сайын күліп таң.

Отын жарып, үй жинап,

Су тасимын құдықтан.


3-тапсырма. «Қолбағыс» мәтініндегі қарамен жазылған сөздерді теріп, тәуелдік жалғауын белгілеңдер.

Үлгі:

Ата-сы- тәуелдік жалғаудың III жағы.

VII Сабақты қорытындылау: Отбасыңдағы қарым қатынастар қандай болу керек?

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген мақалды қалай түсінуге болады?

Адамның бойында қандай қасиеттер борлу керек?

VIII Үй тапсырмасын беру: Отбасы қарым қатынасы туралы әңгіме дайындау.

Бағалау.

14

1. Сабақтың тақырыбы: Менің атам

2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:отбасының мүшелерінің тұрмыс тіршілігі, дәстүрі туралы тереңірек білу, ұғындыру .

Дамытушылық: отбасы дәстүріне байланысты сөйлемдер, диалог және басқа амал тәсілдер арқылы, тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік: отбасы дәстүрлерін сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.

3. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

4. Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: олардың тұрмыс тіршілігі суреті, оқулық.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5-7 мин әңгіме жүргізу.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: ата туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.

III Үй тапсырмасын тексеру: Отбасы қарым қатынасы туралы әңгіме дайындау.

IV Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтадағы отбасының мүшелері туралы суретпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

Сергіту.

V Сабақты пысықтау. Суретке қарй отырып сөйлемдер құрау, оны тақтаға жазу.Осы үлгі бойынша диалог дайындау. өздік жұмыс диалогтарын дайын болған соң оқиды. Бір- біріне сұрақ қою арқылы: мысалы : менің атам бар. Ал сенің атаң бар ма? Менің атам зейнеткер.Ал сеніңше?

«Атасы мен немересі» мәтінімен өздері танысып оқи отырады. Оны аудару кезекпен. Мәтіннен кейінгі сұрақтарға жауап береді. Енді оқушылар мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалады.

6-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, зат есімдердің тәуелдік жалғауларын тауып, жағын анықтаңдар.

1. Бар, менің, автоматым.

2. Ойыншық, атасы, сатып алды.

3. Әңгімелесті, атасы, немересі, мен.

VI Сергіту сәті: Санамақ.

Бас бамақ атам

Балаң үйрек анам

Ортан терек ағам

Шылдыр шүмек мен

Кішкентай бөбек мен

Мақал.

«Ата балаға сыншы»

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңдар.

VII Сабақты қорытындылау : Ата деген ол кім?

Ол әкемнің әкесі, яғни менің атам.

Сызбаны толтыру.

Мынау Менің ..... бар.

Атамның аты ..........

VIII Үй тапсырмасын беру: өз атасы туралы әңгіме жазу.

Бағалау.

15

1. Сабақтың тақырыбы: Интернет ұғымы.

2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: интернет ұғымыи, дәстүрі туралы тереңірек білу, ұғындыру .

Дамытушылық: интернет ұғымына байланысты сөйлемдер, диалог және басқа амал тәсілдер арқылы, тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік: интернетті қолдану ережелерін сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.

3. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

4. Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: Интернетке байланысты суреті, оқулық.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5-7 мин әңгіме жүргізу.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: интернет туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.

III Үй тапсырмасын тексеру: өз атасы туралы әңгіме жазу.

IV Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтадағы компьютер(интернет) туралы суретпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Шағын әңгіме.

Оқулықпен жұмыс.

Сергіту.

V Сабақты пысықтау.

Интернет ұғымы мәтіні

Интернет ұғымы кез келген компьютерлерді Жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арасында қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік торап.Осы интернет торабы арқылы электронды пошта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатысу жұмыстарын жүргізуге мүмкүндік бар.

Сөздік

Байланыстыру связаться

Дүниежүзілік всемирный

Көмегімен с помощью

Қашықтан дистанционно

Торап сеть

1-тапсырма. Мәтінді оқу.Мазмұндау.

Мәтіннен кейінгі сұрақтарға жауап беру.

Етістік. Осы шақ.

Заттың қимылын , әрекетін білдіретін сөздедір етістік деп атайды. Етістік не істеді? Не қылды? Қайтты? Деген сұрақтарға жауап береді.

Осы шақ. ____отыр, жатыр,тұр, жүр+ жіктік жалғау.

Етістіктің жіктелуін көрсету.

VI Сергіту сәті: Жұмбақ шешу.

Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың. (тышқан)

Компьютермен менеді,

Қағазға басып береді. (принтер)

Төртбұрышты терезеден

Аласың жаңалық әлемнен (интернет)

VII Сабақты қорытындылау :

Тапсырма:

4-тапсырма.

Етістіктердің жіктік жалғауларын дұрыс қойып жазыңдар.

Мен отыр..... 16

Сен отыр.....

Сіз отыр.....

Ол отыр....

VIII Үй тапсырмасын беру: ереже,сөздік жаттау

Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Нанның адам өмірінде атқаратын қызметі туралы оқушыларға түсініктеме беру.

2.Дамытушылық:тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың ойлау,тез жауап беру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Нанды аяқ астына тастамай оның қадірін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:жаңа

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.кластер

Сабақтың көрнекілігі:нан қалй өнделеді,пайда болудың суреттері.

Сабақтың барысы:

Амандасу.Тексеру.

I. Ұйымдастыру кезеңі:cынып оқушыларының назарын жаңа сабаққа аудару.Сұрақтар қою арқылы сыныпты уйымдастырып алу.

II Сабақтың мақсаты:yан туралы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу.Қандай жолдармен өнім алынады,қалай өнделеді.Түсінік беру.

III Жаңа сабақ: Нан дастарханға қалай келеді?

Нан қиқымын баспаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.-деп,бұл өлең не туралы айтылған?Оқушылардың ойларын біліп ,ендеше оқушылар біздің сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ? -Нан.

Мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

Нан бізге қандай жолдармен өнделіп алынады?

Жаңа сөздер туралы түсінік.

Кітаппен жұмыс:Мәтінді түсініп оқып,төмендегі сызба сұрақтары бойыннша әңгімелендер. 1-тапсырма.

1.Диқандар көктемде не істейді?

2.Егін жақсы шығу үшін неден қорғау керек?

3. Күзде піскен егінді немен жыртады?

4.Элеваторда бидайдан не өнделеді?

5.Ұн элеватордан қайда түседі?

Нан дастарханға қалай келеді?

Нан дастарханға еңбекпен келеді.

Сурет бойынша әңгіме құраңдар.

Қашан жер жыртып не егеді.

Қашан не піседі.

Қашан не жинайды.

Нені қайда немен тасиды.

Нені қайдан қайда әкеледі.

Не қайдан қайда түседі.

2-тапсырма.нан туралы мақалдар мен нақыл сөздерді естеріңе сақтаңдар.

Мақалдар.

1.Еңбектің наны-тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

2.Ас атасы-нан. 17

Нан -қасиетті тағам.

Нанды қастерле!

3-тапсырма.Төмендегі етістіктерді үш жаққа қойып,үлгі бойынша жалғауларын жалғаңдар. Істеу,өсіру,тарту,алу,білу.

4-тапсырма.Рөлге бөліп оқыңдар.-

Дастарханға шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып

Қарап көзін сап:

-Қайдан келдің бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,

Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

Наубайдан келдім нан жатқан.

Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Диірменге келдің қай жақтан?

Даладан келдім жан-жақтан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.Арғы бидай ақ бидай,

Тәттімін,жеп көр,

Жесең өзін байқарсың,

Рахметіңді айтарсың.

(Ө.Тұрманжанов)

Сабақты бекіту:Кластер әдісі бойынша жұмыс жасау.Нан дастарқанға қалай келеді? Көрсету.

Сабақты қорытындылау:Диқандар көктемде не істейді? Нан қалай өнделеді?Наубайханада нелер өнделеді?

Үй тапсырмасы: Мақал-мәтелдер жазып әкелу,жаттау.

Бағалау: Сабаққа белсен қатысқан оқушыларды.


Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары

Сабақтың мақсаты:

Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру сабақтың негізгі мақсаттарын құрайды.

Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) амандасу;

2) кезекшінің есебі;

3) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қазақтың дастарқаны.

Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.

Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:

1) ет тағамдары;

2) сүт тағамдары;

3) нан тағамдары.

Ең негізгі ұлттық тамақ - қазақша ет.

Ет тағамдары: еттен жасалған - даярланған тағамдар: 18



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал