- Учителю
- Ашық сабақ жоспары 'Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер' 7- сынып
Ашық сабақ жоспары 'Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер' 7- сынып
| Пән:қазақ тілі | Сынып: 7 | Күні: | |
| Тақырып: | Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер. | ||
| Оқыту мақсаты | Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер жайлы түсінік беру | ||
| Күтілетін нәтиже:
|
Өзін-өзі бағалауды, өзгені де бағалауды үйренеді. | ||
| Модульдер
Әдіс -тәсілдер
| 1.СТО- «Топтастыру» стратегиясы 2. ОүБ - топ жұмысын бағалау 3. Көшбасшы - топ жұмысын ұйымдастыру
| ||
| Ресурстар | Оқулық, постер, стикер, маркер, интербелсенді тақта | ||
| Бағалау | 1.Сұрақтарға жауап беру 2. Әр топ мүшесінің тапсырманы түсіндіре білуі 3. Әр топ мүшесінің өзіндік ой-пікір айтуы 4. Ортақ шешімге келу 5. Қорытынды жасай алу | ||
| Алдыңғы білім | Сөз тіркесі. Есімді және етістікті тіркес. | ||
| Жоспар
| |||
| Кезеңдер | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы әрекеті | |
| Ұйымдастыру кезеңі | «Сиқырлы шар» қондыру бойынша жағымды психологиялық ахуал туғызу
Топқа бөлу ( шахмат фигуралары бойынша )
| Оқушылар жаттығуды орындайды және топқа бөлінеді. | |
| Үй жұмысы | Етістіктің райларын қайталау | Сұрақ жауап. | |
| Қызығушылықты ояту | «Төбе шашы тік тұрды» баламасы қандай? | Оқушылар өз түсініктерін айтады | |
| Мағынаны тану
| «Аквариум» әдісі бойынша ортадағы топ жаңа тақырыпты оқиды. «Қатені түзет» әдісі бойынша 212-жаттығуды оқушылар тізбекпен оқи отыра жазады. Тұрақты тіркес:балқыған темірдей, алтынға малғандай, мың бұралған,көз ұшында. Күрделі сөз:иректелген жотасына,қатпар қатпар, ұшан теңіз,қып қызыл Сөз тіркесі:бүгінгі күні,үлкен күн,қалың тау. 213,214,218 -жаттығу. «Қытайша десерт»
| Қалған топ тыңдайды, түзетулер болса енгізеді және бағалайды.
Жаттығу жұмысын орындайды. | |
| Ой толғаныс
| Шілдехана деген не? | Өз ойларын қорытады | |
| Кері байланыс | «Тазалағыш» рефлексия парағына өз алған білімдерін көрсетеді. | ||
| Бағалау
| Топ жұмысын бағалау (бағалау парақшасы). | Көшбасшы бағалайды. | |
| Үйге тапсырма | Ереже оқу, 215, 219 -жаттығу | ||
| Мұғалім рефлексиясы Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? |
| ||