7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөзге байланысты орын тәртібі

Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөзге байланысты орын тәртібі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Досова З.Т

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пәні:қазақ тілі 8-класс

Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөзге байланысты орын тәртібі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Төл сөз бен төлеу сөздің байланысын, өзара қатысын, ерекшеліктерін таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштау.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық қасиеттерге , қазақ халқының тілі мен дәстүрін, өнерін, әдебиетін қастерлейтін азамат етіп тәрбиелеу.
.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, іздендіру, сөздік, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: мәтін жазылған кеспелер, слайдтар, ағаштар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Топқа бөлу:

Ы.Алтынсариннің шығармаларынан үзінділер жазылған кеспелер алады. Сол шығарма бойынша сәйкестігіне қарай топтасу.

Ағашқа ұқсас сызба көрсетіледі. Оқушылар мұның не нәрсе екенін айтады. Әр топ үшін 1-1 тал белгіленеді. Сабақ барысында орындаған жұмыстары бойынша сол талға жапырақтар іліп отырады.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

159-жаттығудың 2-бөлімінен төл сөзі бар сөйлемдердің тыныс белгісін орнына қойып жазу. Әр топтан 1-1 оқушы оқиды.

Тыңдап отырған оқушылар сол сөйлемдерге сәйкес сызбаны көрсетеді.


ІҮ. Жаңа сабақ:

Біз төл сөздер туралы толық түсініп болдық деп ойлаймын. Енді төлеу сөз туралы ұғым алайық.

Слайдтан төлеу сөздің анықтамасы оқылады.

Төл сөз бен төлеу сөзге арналған мысалдар оқылады.

Злиха айтты:

Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің, - деді.

Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - деді Бәтима.

Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілтейін, - деді Злиха.

Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «Сабыр» деген, - деді.

Төл сөздерді бөліп оқу.

Төлеу сөзге айналдыру.

Злиха оның неге мәз болып келе жатқанын, төбесіндегі шөптің бұнікінен жеңіл еместігін, өзінің де мұнан күшті еместігін айтып таңданды.

Бәтима өз жәшігінің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салып алғанын айтты.

Злиха ол шөптің атын сұрап, ауырын жеңілдеткісі келетінін айтты.

Бәтима шөптің аты «Сабыр» екендігін, Злиханың қолына түспей ме деп қорқатынын айтты.

Әр топ 1-1 сөйлемнен дәптерге жазып алады.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырған кезде болатын өзгерістерді талдау.

Сабақ басындағы оқылған мәтіндерге қайта оралайық. Барлығына ортақ ерекшелік байқадыңдар ма? Осы шығармалар туралы не айтар едіңдер? / Шығармалар Ы.Алтынсариннің әңгімелерінен алынған./

Осы мәтіндердегі төл сөзді сөйлемдерді табамыз.

Әр топ берілген сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырады да дәптерге жазады.

Кітаппен жұмыс: 161- жаттығу.

1-топ:

Ентігін басқан Нұрмағамбетке жұрт алғысты жаудырып қоршап тұрған кезде:

Балуан, сені Паң шақырады, тез жүр! - деді бір жігіт.

2-топ: Паң Нұрмағамбет балуан Нұрмағамбетті қарсы алдына шақырып алды да:

Жай қолыңды! - деді.

3-топ:

Жігітім, жарайсың. Күшіңе сүйсіндім! - деді Паң.

Әр топқа бірнеше сөйлемнен беріледі.

Тапсырма:

Төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазу.

Сөз тұлғасына талдау.

Тақтада жұмыс:

Кеспеде берілген төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазу.

Баяндауышы мен бастауышын табу, тұлғасына талдау.

Слайдпен жұмыс: «Даналық ағашы» ойыны.

Бүгінгі сабақтан алған білімдері туралы сұрақтар әзірлейді. Әр топ өз сандықшаларына салады. Келесі топ сол сұрақтарды шетінен алып жауап береді. Дұрыс жауап берілген сұрақ ағашқа ілінеді.

Қорыту:

Әр топ өз ағаштарына қарап, «Біздің ағашымыз» тақырыбына эссе жазады.

Жұмыстарын тыңдау.

Кездескен төл сөз, төлеу сөздерді табу.

Бағалау:

Топтың еккен ағашының жапырағының көптігіне қарай бағаланады.

Үйге: 161-жаттығу.Төлеу сөзге айналдыру.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал