- Учителю
- Урок по казахской литературе на тему'Ақан сері Қорамсаұлы' (10- класс)
Урок по казахской литературе на тему'Ақан сері Қорамсаұлы' (10- класс)
Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Ақан сері Қорамсаұлының өмірі,шығармашылығы туралы мағлұмат беру,қазақ әншілері,қазақ өнері жайында әңгімелеу;
Дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын дамыту,шығармашылық қабілеттерін арттыру, ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету;
тәрбиелік - қазақ халқының өнеріне қызығушылықтарын арттыру, халық өнерін бағалай білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Әдістері: сатылай кешенді талдау технологиясы тәсілдері,сұрақ-жауап,баяндау,дәптермен жұмыс.
Көрнекілігі: ақын суреті, тірек сызба,кітап көрмесі,домбыра,ақын туралы қанатты сөздер
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география,орыс тілі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,кезекшімен сұхбат)
Қызығушылықты ояту үшін интерактивті тақтадан Ақан серінің Балқадиша әнінен үзінді тыңдату.
---Балалар,қандай ән тыңдадыңыздар?Кімнің әні? Кім орындады?Бұрын естіп пе едіңіздер?
Бүгінгі сабағымызда осы сұрақтарға жауап аламыз.
Сабақтың эпиграфы ретінде І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан мына жыр жолдарын таңдап алдым:
Тұсында сері болсын,пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған
Жаңа сабақ
1-слайд.Ақан өміріне шолу жасау.
2-слайд.Серілік өнер жайлы әңгімелеу.
Ақжігіт Қорамсаұлы - ақын,әнші,сазгер,ерекше дарын
Өлеңдері: « Сырымбет», « Балқадиша», «Маңмаңкер», « Заман адамы», « Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Жүсіп төреге», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек»,т.б
Т
үсіндірме сөздік: сал-сері- дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше өнер иелері
Жамбы- қорытылып құйылған кесек күміс тиындар.
Иран бағы- Иранның ең әйгілі және ең ежелгі тарихи бақтарының бірі, жұмақ бағы деп атаған.
Үкі- ертеде қасиетті құс саналған,әсемдік үшін үкінің үлпілдек жүнін таққан.
Ақын жайлы жазылған шығармалар: І.Жансүгіров « Құлагер» позмасы,С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы,С.Жүнісов «Ақан сері»романы,М.Жұмабаев эерттеуі,Ғ.Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты» пьесасы,С.Мұхамеджанов «Ақан сері-Ақтоқты»
Түйін: Жасынан сұлулықты сүйе білген сері ақын - өз заманының көрнекті өкілдерінің бірі.
Сабақты бекіту: Тест сұрақтарына жауап беру.
Үйге тапсырма: Ақан шығармашылығы, бір әнін жаттау.
Қолданылған әдебиеттер:
1.М.Жұмабаев зерттеулері
2.Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары
3.Н.Оразахынова «Сатылай кешенді талдау технологиясы»