7


  • Учителю
  • План урока по самопознанию 6 класс

План урока по самопознанию 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернат

Мерзiм:

№ 3-4 сабақ

Тақырып: Салауаттылық -өмір негізі.

Құндылық:Ішкі тыныштық(жағымсыз қылықтарды қадағалау, шыдамдылық ,адамгершілікке баулу.)

Қасиеттер: шыншылдық,мейірімділік,сабырлық.

Мұғалiм:Кузеуова К.К.

Сынып: 9 сынып

Оқушылар саны: 30


Сабақ мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндектерін танып,оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.

Міндеттері:

  1. Білімдік: оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру.

  2. Дамытушылық: әр оқушының өз мүмкүндігін танып,дамытуына ықпал ету.

  3. Тәрбиелік: өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз,

Сұрақтар: 1.Қандай әсерде болдыныздар? 2. Ішкі тыныштыққа жеттініздерме?

Қорытынды: осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру. «Ізгілік» атты сөзжұмбағын шешу.

Сұрақтар: 1.Қандай қасиеттер адамды ізгілікке жетелейді?

2.Ізгілік деген не?

Қорытынды: балалар адамгершілігі жоғары,ақыл-ойы толысқан,әділ де жомарт,жаны тазаадамның ниеті де таза болады.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Адам,ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмары-ізденген мәңгі сана.

Өзінді-өзің танысаң-істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Әл-Машани

1.

Оқушыларға мағынасын түсіндіру:Шаман келгенше ізгілік істесен,сол өзіне жақсылық болып оралады және ешқашан ұмытылмайды.

Қорытынды: Ізгі істер жасайтын адамның бойында шыншылдық,ақылдылық,мейірімділік т.б қасиеттер үйлесім табады және ішкі тыныштығы дұрыс болады.

Әңгімелеу. Аңыз әңгіме: Сабыр суы

аңыз әңгіме

Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын.

-Не амал етсем екен?.

Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді.

«Осы су саған көмектесуі тиіс, - дейді.

Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді.

«Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» - деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: «Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі су. Оның саған көмегі - көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың» - дейді.

  1. Ақсақалға не үшін келді?

  2. Ақсақал қандай ақыл-кеңес берді?

  3. Ақсақал не үшін суды ұсынды?

  4. Ақсақал неліктен суды бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек деп айтты?

  5. Неліктен көршінің тыныштығы бұзылып, мазасыздана берді?

  6. Сіздер үшін сабырлы адам кім?

  7. Сабырлы адамды ең бақытты адам деп айтуға болады ма?

Қорытынды:

Мінез жақсы болу үшін кез-келген жағдайда сабырлылық сақтап, себебін түсінуге тырысайық, өз мінезімізді қадағалауға үйренейік,сонда ғана ішкі тыныштыққа ие боламыз.


Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс .Автор ойын өрбітіп, «Көнілді кіршік шалмасын» атты тақырыпта шағын шығарма жазындар.

Қорытындылау:Адам қолымен жасалған игі істің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза,сезімі сергек болады.Рақым,қанағат,әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісің,рақатың көреді.Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның рухани қуаты арта түседі.

  1. Топпен ән айту.

Өмiрiңе немқұрайлы қарама

Сөзі: Серік Сейітман

Әні: Сәкен Дәрібаев


Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.


Қорытынды: Адам - өз өмірінің суретшісі, дегендей, егер мінезіміз жақсы болса, өміріміз де көркем суреттермен өрнектеледі. Адам ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білуі тиіс.Сондықтан жақсылық жасаудан жалықпай,істеген жақсылықтарына өкінбендер.


  1. Үй тапсырмасы.

    1. Оқулықтың 170 бетіндегі №32 сабақтағы Д.Тұрлыбектің «Мына дүние не боп барады...» әңгімесін мазмұндап келу.

    2. Дәптермен жұмысты аяқтау.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Ішкі тыныштық, шыншылдық, мейірімдік, ақылдылық, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал