7


  • Учителю
  • Тема 7-сынып 'деңгейлік тапсырма'

Тема 7-сынып 'деңгейлік тапсырма'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы

№12 жалпы орта білім беру мектебі

7-сынып Деңгейлік тапсырмалар.
2015-2016 оқу жылы
Түсінік хат


Мақсаты: Оқушыларды деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі. Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру,тілін ,ойлауын мазмұндай білу қабылеттерін дамыту. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған біліктерін пысықтауға арналған.
Міндеті:
1.Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп - саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.
2.Оқушының пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Нәтиже: Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы - оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған білімдерді және біліктерін пысықтауға арналған. Деңгейлік тапсырмалар 7-9 сыныптар модульдері бойынша тақырыптарды қамтиды. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады,әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды,ой еңбегімен айналысуына көздейді. Деңгейлік тапсырмаларды өздігінен жаңа сабақты меңгерту,тақырыпты пысықтау,қайталау сабақтарында пайдалануға болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға,тілін дамытуға бағыттайды.


Қазақ тілі
7 сынып


Кіріспе бөлімінде «Қазақ тілі -мемлекеттік тіл» лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
I деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқу ,төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту.
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!
(М.Жұмабаев)

II деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып,өлеңнің негізгі идеясын ашу.
2.Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Бесікте,тілің,тілмен,ақылы,айтылады./түбір,I-II- жақ,жекеше,көпше т.б/
3. 1. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне ...... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі .....
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Зеңгір көк ..... белгісі
а/ адалдықтың, тазалықтың, аспанның
ә/ қуаныштың, жеңістің
б/ жамандықтың, бейбітшіліктің
4. Күнге табыну ...... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
5. Күн бейнесі ...... белгісі
а/ татулықтың
ә/ байлық пен берекенің
б/ достықтың
III деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңнің мазмұнын айт.
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр. Туған тілім,тіл байлығы, мақтанышым, құдыретті, үлгі-өнеге.
Тақырып « Қазақстан Республикасы -тәуелсіз ел»

I деңгей
1. «Қазақстан Республикасы -тәуелсіз ел» атты мәтінді оқы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол - тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Біздің туымыз - тәуелсіздік, тілегіміз - бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау- әрбір азаматтың борышы.
2. Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, оларға көптік
жалғауын жалғаңыз.
Үлгі: Отбасы+лар, жанұя+лар
Үй................................................................................
Ана .............................................................................
Ата-ана........................................................................
Дос...............................................................................
Туыс..............................................................................

II деңгей
1.Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
2.Отан туралы 5- мақал-мәтел дәптеріңе жаз

III деңгей
1. «Қазақстан Республикасы -тәуелсіз ел» атты мәтінді оқып,мазмұнын айт.
2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдыр.
Бейне,ой,бас,би.
Тақырып. «Мемлекеттік мерекелер»


I деңгей
1. «Ұстаз мерекесі» атты мәтінді түсініп оқы.
Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Мұғалім - байырғы мамандықтардың бірі.
2. Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғап шығыңыз.
Ата-ана ,ата -әже, әке,ана,бала,қыз, ұл, тұңғыш, ортаншы,
Кенже,жеңге, жезде, немере,сіңлі, қарындас, іні, аға.

II деңгей
1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.
2.Астана мерекесін өз сөзіңмен әңгімелеп бер./8-сөйлем/
3.Мына етістіктермен сөйлем құрастыр.
Орналасты,еңбектен,біледі,ақылдас ,жазылды,кеңесу,билеу.

1. Мәтінге жоспар құру.
2. «Мемлекеттік мерекелер» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.
Тақырып. « Кең -байтақ Қазақстаным »
«Кең -байтақ Қазақстаным» атты мәтінді түсініп оқы.


I деңгей
1.Қазақстан - ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан 1991 жылдан бастап орын алды. Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
2. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
1. Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,
Алған жары жақсы болса, мың бақыт.
2. Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.


II деңгей
1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
2. Төмендегі сөздерді оқыныз.Түсіндірме сөздікті, пайдаланып,сөздердің мағынасын табыңыз
Ескертпе, бірік,қуат, сақ.
3. Нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне ... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі ...
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Күнге табыну ... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста


III деңгей
1.Кең -байтақ Қазақстаным» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.
Тақырып. « Табиғат тамашасы »


I деңгей
1.Мәтінді түсініп оқы
1. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
1. ...ің атым .................
2. ...дің отбасымыз тату-тәтті.

II деңгей
1) Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
1. Адамның дені сау болу үшін не керек?
2. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті мәселеге айналды?
3. Дүниежүзілік проблема қандай?
4. Табиғатты сақтау үшін біз қандай үлес қосуымыз керек?

2) Сөздердің антонимдерін табыңыз:
1. Жақсы ...
2. Ұзын ...
3. Аққұба ...
4.Жалқау ...
5.Ақылды ...

III деңгей
1.Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.
Тақырып. « Хайуанаттар әлемі»

I деңгей
1. « Ит -жеті қазынаның бірі» атты мәтінді оқып,аудар.
"Ит - жеті қазынаның бірі", "Ел жатпай, ит тынбас", "Ит иесін қорғайды", "Ит - үйдің құлағы" деген секілді мақал-мәтелдерде оның малды ұры мен бөріден сақтайтын күзетшілік, аңшылық қызметтері дұрыс бейнеленген. Асыл мал және жабайы жануарлар туралы мақал-мәтелдерде адамға тән жақсылы-жаманды мінез-құлықтар, іс-әрекеттер бейнеленеді, соның ішінде арамдық, пасықтық, залымдық мінез қылықтардың көбісі ит пен есек арқылы берілген десек, әсте асыра айтқандық болмас.
2. Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.
1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.
2. Батыр, ержүрек,...............................................................................................жігіт.
3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................дос.

II деңгей
1.Мәтін бойынша 4-5 сұрақ құрастыр.
2. Тесті орында.
1.Септік жалғау…
а.заттың көптігін білдіру үшін
ә.сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін керек
б.заттың біреуге тән екенін білдіреді
2.Мына сөз қай септікте тұр?
Балапан
а.Атау септік ә.Ілік септік
б.Шығыс септік

III деңгей
1 Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.
Тақырып. «Табиғат аясында » лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

I деңгей
1. мәтінді түсніп оқу.
1. Қоршаған орта - біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау керек. Кез келген жерге қоқыс тастама. Өзіңді қоршаған ортаны ластама, қағазды жыртып тастама.
Суға түкірме, қоқыс тастап, бүлдірме. Ағаштың бұталарын сындырма, гүлді жұлма.
Жаңбыр жауғаннан кейін ағаш жапырақтары шаңнан тазарады. Өсімдіктер жайқалып жап-жасыл күйге енеді.Жауыннан жиналған шалшықты кешпе.
Өзен-көлдерге қоқыс тастауға болмайды. Себебі ол - балықтардың тұрағы. Балық жаны - суда. Қала маңайының тазалығы мен әдемілігін сақтап қалу - әрбір адамның қолында. Серуенге шыққанда табиғатты ластамау керек.
2. Тәуелдік тұлғасындағы сөз тіркесін көрсетіңіз
а) Мен -қазақпын
ә) Олар жастар
б) Жомарттың әкесі
в) Астанадан келді

II деңгей
1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз
... 100 жыл бар,...12 ай бар, ...4 апта бар, ...7 күн бар, ...24 сағат бар, ...60
минут бар, ...60 секунд.
2.Сұраққа жауап бер:
1.Қоршаған орта дегеніміз не?
2.Жаңбыр жауғаннан кейінгі табиғаттың көрінісі?
3.Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?
4.Адам табиғатты қалай аялайды?

III деңгей
1. III модульдің Қорытынды бөлімінде «Табиғат аясында» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.
Тақырып. « Кино.Театр » лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.


I деңгей
1. Мәтінді түсініп оқы.
1. Кино - қазіргі кезде елдің беделін халықаралық деңгейде көтере білетін, халық өнері мен мәдениетін басқа мемлекеттің тұрғындарына насихаттай алатын басты құралға айналған. Әрине бұл жерде режиссерлер мен актерлердің шеберлік, іскерлік қабілеттеріне көп байланысты. Әрине, басты көрермен өзіміз бола отырып, осындай жетістіктер мен кемшіліктерді бір-бірімізбен бөлісіп, кең талқыға салсақ - бұл отандық кино өнерінің дамуына қосылған бір үлес болар еді
2. Сөйлемдерді толықтырыңыз:
Сыныптасымның аты- ........ Ол ......... жаста. Оның ...... бар. Ол ..... көшесінде
тұрады. Мінезі ........................ Оның көзі ......., шашы........, бойы......... Ол
.................... адам.

II деңгей

Тест орындау.
1. 1.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Қазақстанның ұлттық мерекесі ..............
а/Халықаралық әйелдер күні.
ә/Республика күні
б/Адам құқықтарының күні.
2.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жазыңыз.
1 қазан ...........халықаралық күні.
а/Қарт адамдардың
ә/Біріккен Ұлттар Ұйымының
б/Қауіпсіздік күні
3.Той сөзінің синонимдерін белгілеңіз.
а/мейрам,мереке
ә/би,өлең
б/гүл,өсімдік
4.Антонимді табыңыз.
а/шығыс,солтүстік.
ә/күз,жаз.
б/күн,түн
5.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Наурыз-........деген мағынаны білдіреді.
а/жаңа күн
ә/жаңа жыл
б/ескі күн


III деңгей
1. Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.
Тақырып. «Тарихи қайраткерлер».

І.Деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы .
Қазақ хандары.
XV ғасырда құрылған Қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген.
-Ұлы жүз
-Орта жүз
-Кіші жүз.
Әрбір жүз тайпаларға, тайпалар-руларға, рулар аталарға бөлінген.
Қазақ халқында қоғамның билеуші тобының жоғарғы сатысында - хан тұрған.
Халқымыздың ең ірі хандары Тәуке,Абылай және т.б.болды.
2. Төмендегі сөздерді оқып, олардың сындық мағыналарын анықтап,
тиісті зат есімдермен тіркестіріп жазыңыз. Үлгі: Тұщы су.
Тұщы. Ащы. Таза. Лас. Биік. Аласа. Жақсы. Жаман. Жұмсақ. Қатты. Жеңіл

ІІ.Деңгей.
1) Сұраққа жауап бер.
1. Абылай хан кім?
2. Абылайдың шын аты қандай?
3. Ол қай ғасырда өмір сүрді?
4. Ол қандай батыр?
5. Абылай хан кімдермен соғысты?
6 .Қазақ халқы Абылайды кандай адам деп санаған?
7. Сенің пікірің. Менің ойымша .....деп баста.

2) Сөздерге синоним жаз.
Басқарушы-
Дұшпан-
Батыр-
Күш-
Атақты-
Құрмет-
Туу-
Өлу-

Сөздерге антоним жаз.
Жоғарғы-
Қосу -
қорқақ-
Ірі-
Жоқ-
Сыртқы-
Қолдау-
беру-


ІІІ.Деңгей.
1 Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.
Тақырып.Бейнелеу өнері.


I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Бейнелеу өнері
Қазақ бейнелеу өнері белгілі қыл қалам шебері Әбілхан Қастеевтің (1904- 1973 жж.) есімімен тығыз байланысты. Оның еңбек жолы жиырмасыншы жылдардың соңынан басталады. Қастеевтің қолынан шыққан көптеген сулы бояулы және суреттер «Көне және жаңа тұрмыс» топтамасына біріктірілді. Соғыс алдындағы жылдары Қазақстанда А. Ысмаилов, ағайынды Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, Ұ. Таңсықбаев және т. б. қыл қалам шеберлері болды.
2. Антонимдерді табыңыз.
1.Бүгін-
2.Таңертең-
3.Күндіз-
4. Жазда-
5. Жиі-
6. Қазір-

II деңгей.
1. Төмендегі сөздерді оқыныз.Түсіндірме сөздікті, пайдаланып,сөздердің мағынасын табыңыз,сөйлем құрастырыңыз.
2. Бейнелеу өнері,шебер.
1)Сөздерге синоним жаз.
Білгір-
Ғалым-
Мағына-
Ұстаз-
Тым-
2) Сөздерге антоним жаз
Үлкен-
Қамалды-
Ыстық-
Пысық-
Жылдам-

III деңгей.
1 Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.
Тақырып: «Мемлекеттік тіл».


I деңгей.
Мемлекеттік тіл.

1.Мәтінді түсініп оқы.
Қазақ тілі - қазақ халқыныңғ ана тілі .Ол халық тарихымен бірге жасап,ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне ең жақындары-ноғай, қарақалпақ, татар,башқұрт, қарашай-балқар тілдері.
Қазақ тілі -Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан,Монғолия,Қытай,Ауғаныстан,Иран,Түркия,т.б елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазақ тілі -өркендеген мәдениеттің тілі,ғылыми тіл,ресми іс қағаздарының тілі.
2.Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыз.

II деңгей.
1.«Мемлекеттік тіл» тақырыбына диалог құраңдар.
Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
Әпкесі өзінен кіші қызды кім дейді?
а/қарындас
ә/апай
б/сіңлі
Келген қонақты ..............отырғызамыз.
а/босаға
ә/төрге
б/жерге
2.Көп нүктенің орнына етіс жұрнақтарын қойып жазыңыздар.
а) Мақпал мектептен сұра..ды. ә) Олар ұзақ уақыт әңгіме..ті. б)Мұғалім оқушыларға жаттығу жаз..ды.

III деңгей.
1.Мәтінді мазмұндау.
2.Мына сөздерге мағыналас сөздер табыңдар.
Қасында-
Ренжіді-
Мұғалім-
Оқушы-
Тақырып: Қазақ тілі -қазақ халқының ана тілі.


I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Қазақ тілі -қазақ халқының ана тілі.Сонымен бірге Қазақстанда туып-өскен кейбір халық өкілдері ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндер де бар.
Қазақ халқын құраған рулар мен тайпалар тарихта өте ертеден -біздің жыл санауымыздан бұрын-ақ мәлім болған.Содан бері бұл тіл халқымыздың қатынас құралы болып келе жатыр.
2.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңыз.
Халы..,елім..зде,өкілд..к,үйрен..п,қаза..ша,қара..ай,қ..лын,түлк..,
әд..л,мейір..мді,ұрпа..,м..лдір.

II деңгей.
1.Мәтін бойынша сұхбат құр.
2.Сын есімдерді сәйкес келетін зат есімдермен тіркестір.
Ұлттық-.........................жігіт
Қалалық-.......................киім
Мерекелік-....................дастархан


III деңгей.
1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта.
2.Туған жер,Отан,тіл туралы 8 -мақал-мәтелді есіңе түсіріп, жазбаша жаз.
Тақырып:Сөздіктердің түрлері.


I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Сөздіктің түрі көп.Олардың мақсаттары мен міндеттері әр түрлі.
Орфографиялық сөздікте сөздердің дұрыс жазылуы көрсетіледі.Орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын ,дұрыс оқылуын үйретеді.
Түсіндірме сөздік сөздердің мағыналары мен тіліміздің байлығын ұғындырады.Екі тілді адарма сөздік басқа тілді үйретеді және оның сөздік құрамын меңгертеді.
Сөздіктер -әрбір оқушының ,әрбір сауатты адамның білім алуы,дамуы күнделікті керекті құрал.
2.Есептік сан есімдерді жазбаша түрде дәптеріңе жаз.
40,86,92,2012,192,605,120,555,3225,800.

II деңгей.
1.Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.
2.Берілген сөздерден туынды етістік жасап,сөйлем құра.
Тіс,оқы,арқа,кел.

III деңгей.
1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта
2.Етістікті өткен шақ және келер шақ есімше түрінде жұптап,жекеше түрде тәуелде.
Күт,шыда,сыйла,жібер,аш,жаса.
Тақырып: Қазақ тілі сабағында .


I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Біз биыл 7 -сыныпта оқып жүрміз.Біздің мектепте қазақ тілінен басқа орыс,ағылшын тілдерін оқытады.Қазақ тілі сабағы аптасына төрт рет болады.Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді.Біз сабақта мәтінді оқып,мазмұнын айтамыз.Мәтін бойынша бір-бірімізге сұрақ қойып,жауап береміз.Ауызша тақырыптарға диалог құрастырамыз.Диктант,мазмұндама,шығарма жазамыз.Сабақта көбінесе ауызша сөйлеуге тырысамыз.Сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.
2.Етістіктерді келер шақ есімше тұлғасында ,I жақта жаз.
Үлгі:шақыр+ар-мын.
Шақыр,тоқта,ки,аяқта,аудар ,қуан,біл.

II деңгей.
1.Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндір.Кім болғың келеді? Не істегің келеді? деген сұрақтарға өлеңнің мәтіні бойынша жауап бер.
Ғалым болу арманым
Ғалым болғым келеді
Жер байлығын ақтарған.
Жалын болғым келеді
Гүл жасайтын тастардан.
Асқақтаған күй болып,
Шалқып тұрғым келеді.
Жарқыраған күн болып,
Балқып тұрғым келеді.
Артқа тастап ғасырды,
Тасып кеткім келеді.
Алатаудай асылды
Ашып кеткім келеді.
/Х.Талғаров/
2.Өнер ,ана,батырлық туралы 8 мақал-мәтелді дәптеріңе жаз.

III деңгей.
1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта
2.Етістікті тіркестерді қалау рай тұлғасында жазыңыз.
Үлгі: Айтып келдім-айтқым келеді.
Айтып келдім, күлкісі келді, біліп отырмыз, жақсы оқы, қолыңды көтеріп отыр, ән айтып бер.



Тақырыбы: Септік жалғаулары
Мақсаты: Тақырыпты өткен соң материалды қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін қолдануға болады. Екіншіден, деңгейлік тапсырма ретінде жеке оқушымен жұмыс ретінде қолдануға ыңғайлы.
Ілік септік
1. Берілген сөздерге дұрыс жалғауын қосып жаз.
Бөлме, керует, шаш, дәптер, қалам, ауыл
(- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің)
2. Кімнің? сұрағына жауап беретін сөздерді белгіле.
Мынау Гүлнардың кітабы. Біз Әрсеннің жолдасына барамыз. Мен Абайдың өлеңін оқыдым. Виктордың анасы қалаға кетті. Бибігүлдің әкесі қайда? Сабақтың аяғы қызық болды. Есіктің тұтқасы сынып қалды. Оқулықтың беті тысталған. Күннің көзі түсіп тұр. Мектептің жанында гүлдер өсіп тұр. Сөмкенің іші толған кітап.
3. Берілген сөйлемдерді аударып, ілік септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Это школа Жанар. Друг Данияра учится в 6 - ом классе. Тетрадь ученика лежит на столе. Цвет ковра светлый. Мяч Карима большой. Комната Алии чистая. Дочь сестры спит на диване. Школьная библиотека открыта. Это книга Азамата. Окна кабинета большие. Цвет доски черные.
Барыс септік
1. Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Журнал, дала, сен, су, кітап, дүкен, қала, мектеп, ана, ауыл, үстел
2. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, қай септікте тұрғанын анықта.
В Омск, в аул, в город, к девушке, за мелом, к товарищу, к озеру, за учебником, за стулом, к Айжан, за водой.
3. Жақшадағы сөздерді барыс септігіне қойып жаз.
(к тебе) Әсет келіп тұр. Ол (взять учебник) келіп тұр. Біз (к вам) бара жатырмыз. (Им) сурет көрсет. Самат (домой) жат жазды. (На базар) бар. (В кино) барма, (на собрание) бар.
Табыс септік
1. Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Бала, дәрігер, базар, дүкен, билет, жол, тамақ, кітап, сурет, көше
2. Кімді? Нені? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Ол кітапты оқыды. Самал дәптерді көшірді. Ол сабақты жақсы оқиды. Мен Асанды көрдім. Еденді жудым. Сен досыңды сыйла. Әкем хатты оқыды. Екіні екіге қос. Ол тапсырманы орындады. Мұғалімді тыңдау керек. Мен қалада көп үйлерді көрдім. Аңшы аң ұстады. Мен сені таныдым.
3. Берілген сөйлемдерді аударып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Я видел этот фильм. Я выучил уроки. Охотник поймал зайца. Сауле сварила суп. Я не брала твое письмо. Мы ждали поезд. Бумагу положила на стол. Я открыла дверь.
Жатыс септік
1 Берілген сөздерге жатыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Дәптер, қағаз, Асан, қыз, үстел, әже, сәрсенбі, әке, үй, көрші, тәрелке, ана, егіз, клуб, керует, еден, сөре.
2. Берілген сөйлемдерді аударып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Учебник у Асана. Тетради у меня. Школа в центре. Бабушка в городе. Он в Астане. Цветы на столе. На улице темно. В очереди много людей. У Асана нет тетради. Зимой поедем в город.
3. Кімде? неде? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Оқытушы орындықта отыр. Қарлығаш бірінші қатарда отыр. Сыныпта оқушылар бар. Мұғалімде көп жұмыс бар. Дәптерде үй жұмысы жоқ. Жексенбіде серуенге барамыз. Жазда демаламыз. Сарада бор жоқ. Әкемде ақша жоқ. Үстелде түк жоқ.
Шығыс септік
1. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, қай септікте тұрғанын анықта.
От врача, из бумаги, из масла, от Алии, из Алматы, из овощей, из сахара, из мяса, от друга.
2. Берілген сөйлемдерді аударып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Дети идут из школы. Дом делают из дерева. Я еду от друга. Спроси у учителя. Он несет учебники из библиотеки. Он вышел из дому. Возьми цветы у Марата. Кольцо сделан из серебра. Они возвращаются с гостей.
3. Кімнен? Неден? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Мен мектептен келе жатырмын. Ол бастықтан шықты. Көйлекті матадан тігеді. Ол қаладан келді. Асан дүкеннен шықты. Мен театрдан шықтым. Анам базардан келді. Ағаштан аспаптар жасайды. Еттен котлет жасайды.
Көмектес септік
1. Берілген сөздерге көмектес септігінің жалғауын қосып жаз.
Жұмыс, орамал, кісі, сабын, жол, сіз, автобус, мұғалім, кеспе, дос.
2. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, қай септікте тұрғанын анықта.
Вместе с учителем, с другом, с гостями, с братом, со мной, с Каримом, с учителем, с отцом, с друзьями, с девушкой, с братом.
3. Кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Мен досыммен жолықтым. Ағашты балтамен жарады. Ботқаны қасықпен жейді. Нанды пышақпен кеседі. Жерді трактормен жыртады. Біз қайықпен жүземіз. Мен атпен келдім. Шегені балтамен қағады. Мен пойызбен келдім. Ол мұғаліммен сөйлесті.
Септік жалғау жалғанған сөздерді тауып, сөз құрамына қарай талдаңдар.
Біз жазда Астанаға самолетпен саяхат жасадық. Біріншіге Асан дүнген кеспесін алды. Мен дүкеннен нан, сүр сатып алдым. Анам ауылдан қалаға келді. Сәкеннің әкесі заводта істейді. Абай көшесінде А. С. Пушкин кітапханасы бар. Кеше біз далада көп жүрдік. Ол досына хат жазды. Мен сүтпен шай іштім. Жанар шешесімен тұрады. Сіңлім телефонмен ұзақ сөйлесті. Жанат Жантасқа әңгіме айтты. Мен жексенбіде Көкшетауға барамын.

Тестік тапсырма (І деңгей)
1. ілік септігінің сұрақтарын көрсет.
а) кімнің? ненің? в) кімге? неге? с) кімді? нені? д) кім? не?
2. Ілік септігінің жалғауларын белгіле.
а) - ға, ге в) - ны, ні с) - ды, ді д) ның, нің, дың, дің
3. Барыс септігінің сұрақтары
а) кім? Не? в) кімді? Нені? с) кімге? Неге? д) кімде? Неде?
4. Барыс септігіндегі сөзді белгіле
а) қалада, далада в) қалаға, далаға с) қаланы, даланы д) қала, дала
5. Табыс септігінің жалғауын белгіле
а) - ны, ты, ті в) - мен, бен, пен с) - ға, қа, ке д) - нан, нен, тан
6. Табыс септігінің сұрақтары
а) кіммен? Немен? в) кімді? Нені? с) кімнен? Неден? д) кімде? Неде?
7. Жатыс септігінің жалғауларын белгіле
а) - ға, ге в) - нан, дан с) - да, та, те д) - мен, бен, пен
8. Жатыс септігінде тұрған сөздерді белгіле
а) үстелде, жерде в) қалаға, ағама с) ер, адам д) менен, сенде
9. Шығыс септігінің сұрақтары
а) кімде? Неде? в) кіммен? Немен? с) кімнен? Неден? д) кімді? Нені?
10. Көмектес септігінің жалғаулары
а) - мен, бен, пен в) - ға, ге, қа, ке с) - нен, нан, дан, тан д) - ның, нің, дың, дің

Тестік тапсырма (ІІ деңгей)
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 5 в) 7 с) 6 д) 4
2. Кімді? Нені? Қай септіктің сұрағы?
а) атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) табыс септік
3. Балаларыма - сөзі қай септікте тұр?
а) табыс септік в) барыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік
4. Жатыс септіктің жалғаулары
а) - ны, ні в) - ға, ге с) - ды, ді д) - да, де
5. Барыс септікте тұрған сөзді белгіле
а) балалармен в) балаларына с) балаларын д) балалардың
6. мектептен - сөзі қай септікте тұр?
а) жатыс септік в) шығыс септік с) көмектес септік д) табыс септік
7. үстел.... дұрыс жалғауын қой.
а) - тың в) - нің с) - тің д) - дің
8. Асан дүкен..... барады. Тиісті септік жалғауын қой.
а) - да в)- ге с) - нда д) - ға
9. Қай септіктің жалғаулары жоқ?
а) Атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) жатыс септік
10. « Н» қай септіктің жалғауы?
а) Атау септік в) барыс септік с) табыс септік д) жатыс септік

Тестік тапсырма (ІІІ деңгей)
1. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
а) Атау септік в) ілік септік с) жатыс септік д) көмектес септік
2. Тәуелді септелген сөзді көрсет
а) әкеде в) әкені с) әкеме д) әкеден
3. « Жақсы... үйрен, жаман... жирен» тиісті жалғауын белгіле
а) - тан, мен *в) - дан,- нан с) - ның, мен д) - дан, ды
4. Бағытты білдіретін септік
а) табыс септік *в) барыс септік с) жатыс септік д) атау септік
5. Табыс септігіндегі сөзді тап
а) келді в) балалы *с) дәптерді д) кетті
6. Септік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле.
а) жақсыны в) жазғандарды с) келуді *д) баланы
7. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс септігіндегі сөзді тап
а) алманы в) алманың с) алмамен *д) алмамды
8. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгіле
а) - ға, ге, қа, ке в) - ның, нің, тың, тің с) - ны, ні, ды, ті *д) - мен, бен, пен
9. Көмектес септігінде тұрған сөзді көрсет
а) аулға бару в) ананы тыңдау с) есіктің тұтқасы *д) мұғаліммен сөйлесу
10. - ға, ге, қа, ке, а, е - қай септіктің жалғаулары?
*а) барыс септік в) табыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал