7


  • Учителю
  • Урок по тему Каталитикалық крекинг және оның реакторлары мен регенераторлары

Урок по тему Каталитикалық крекинг және оның реакторлары мен регенераторлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







































































































Мамандығы: МГӨ9 -313 2-курс

Сабақтың тақырыбы: Каталитикалық крекинг және оның

реакторлары мен регенераторлары

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік мақсаты: Студенттердің мұнай және газды

қайта өңдеу процестері -

каталитикалық крекинг және оның

реакторлары мен регенераторлары

туралы түсініктерін қалыптастыру,

каталитикалық процестермен

таныстыру,теориялық білімдерін

практикамен ұштастыру.





б) Дамытушылық мақсаты: Каталитикалық крекинг туралы

видеороликтерді көрсетіп сабақты

дамыта жүргізу.

в) Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттыру, кәсіби

біліктілікке, еңбек сүйгіштік

қасиеттерге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта,

слайдтар,кестелер,видеороликтер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.



Пәнаралық байланыс: Химия,физика, сызу.



Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру бөлімі: (2 мин) Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың сабаққа қатысын

тексеру



ІІ. Сызба бойынша үй тапсырмасын тексеру: (12- 13мин)

1.Мұнайды алғашқы және қайтара өңдеу процестерінен алынған мөлдір дистиляттар қалай аталады?

2.Мұнайды тазалаудың әдістерін атаңыздар?

3.Осы әдістердің ең кең қолданылатын түрін атаңыз?

4.Не үшін біз сілтімен тазалаймыз?

5.Май дистиляттарын тазалауда нені пайдаланамыз?

6.Өткір натрийдің әлсіз ерітіндісі қанша пайыздан аспауы керек?

7.Процестің бұзылуы өте қиын эмульсия түзілуді болдырмау үшін жоғары температурада жүргізіледі,қанша температурада?



ІІІ. Жаңа сабақ (түсіндірмелі-иллюстративтік)



Мұнай мен газ шикізатын өңдеудің химиялық технологиясының негізгі мақсаты оларды жоғары температура мен катализатор әсерімен өзгерту болып саналады. Процестердің барлығын, мұнайды бөлудің алғашқы өңдеу процестерінен және басқа физикалық әдістерден айыру үшін, екінші немесе қайта өңдеу процестері дейді.

Каталитикалық крекинг II дүние жүзі соғысы кезінде көрнекті рөл атқарды, процестің бензинінің негізінде ұшақ бензинін өндіру жолға қойылды. Кондырғылардың кейбіреулері шығатын газ құрамында бутиленді көп алу режимінде жұмыс істеп бутандиен каучугін алуға пайдаланды. Шикі зат есебінде керосин газойл фракциясын пайдаланды. Соғыстан кейін ұшақ бензиніне сұраныс азайып, керосин газойл фракциясына өсті, каталитикалық қондырғыларын негізінен ауырланған газойлдерге аустырып, жоғары октанды автомобил бензинін шығара бастады. Цеолитті катализатордың қозғалушы қабатымен істейтұғын қондырғылар кең қолдану табуда, процесті бензин шығымына есептегенде тез жетілдіруге мүмкіндік берді.

Шамамен каталитикалық крекингпен бір кезеңде каталитикалық риформинг те өндіріске ене бастады. Бұл процестің негізіне алтымүшелі нафтендер мен нормалды парафиндердің ароматикалық көмірсутектеріне каталитикалық ауысуы жатады. Бірінші реакцияны 1911ж. Н.Д.Зелинский ашты. Екінші реакцияны бір мезгілде бірден үш ғылыми орталықта ғалымдар Б.А.Казанский, Б.Л.Молдавский, Г.Д.Камушер, В.И.Каржов, А.Ф.Платэ ашты

Мұнай көмірсутектерінің тәжірибелік маңызы бар химиялық ауысулардың көбісі катализаторлардың қатысуымен жүреді. Катализаторлар химиялық реакциялардың активтеу энергиясын төмендетіп, нәтижесінде олардың жылдамдығын өсіреді. Катализдің жалпы мәні мен мәнісі осында. Реакцияларды катализатордың қатысумен жүргізу, сонымен қабат, процестің температурасын күрт төмендетуге мүмкіндік береді. Жылу эффектісі оң реакциялар үшін бұл өте маңызды, себебі термодинамикалық көзқарас бойынша, жоғары температура оларға кері әсер етеді.

Катализатордың кез келген түрі бастапқы реагенттермен активті түрде әрекеттеседі, бірақ оның процеске қатынасуы ауысудың тек бастапқы сатысымен шектеледі. Келесі сатыларда ол толық регенерацияланады да реакциялаушы заттардың молекулаларымен қайтадан әрекеттесуі мүмкін. Осымен катализатордың аз мөлшерімен реакцияның соңғы өнімдерін өте көп мөлшерде алуға болатынын түсіндіреді. Каталитикалық крекинг өндірістік масштабы АҚШ -та ең көп тараған процесс, оның үлес салмағы мұнайды алғашқы өңдеу көлеміне есептегенде 1986 жылы 38,1%, кейбір МӨЗ ол 50% жоғары құрады. Бұл процестің дамыған Батыс Европа елдері МӨЗ үлесі 10-14%, ал бұрынғы КСРО - да бар болғаны 4%.



ІV.Бекіту: Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында сұрақ-жауаптар.(тосыннан)



V.Қорытынды: Интерактивті тақтадағы ведеоролик бойынша қорытындылау.



VI.Оқушыларды бағалау: Оқушыларды әр кезеңдегі жауап беруіне қарай және сызбаларына қарай бағалаймын (2 мин).



VII.Үйге тапсырма Каталитикалық крекинг және оның реакторлары мен регенераторлары.(Оқулық, Т.Омарәлиев, «Мұнай мен газды өңдеудің химиясы мен технологиясы» , 122-бет,

Х. Суербаев «Мұнай-газ негіздері» 107-бет) (1 мин).





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал