7


  • Учителю
  • Урок по казахский язык для 7 класса «Жаны саудың – тәні сау»

Урок по казахский язык для 7 класса «Жаны саудың – тәні сау»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Урок по казахский язык для 7 класса

«Жаны саудың - тәні сау»

(7- сынып. ХVІІ модуль. 5- сабақ )

Абдулла Әлия Аманжолқызы

М.Горький атындағы №16 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қызылорда облысы Қазалы қаласы



Сабақтың мақсаты:

Қос сөздердің жасалуы мен мағыналарын білу. Қос сөздер мен топтау сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құрауды, тақырыптық шағын әңгіме жазуды үйрету. Денсаулық туралы пайдалы кеңестер алу. Спортқа сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Күтілетін нәтиже:

Қос сөздердің жасалуы мен мағыналарын біледі. Қос сөздер мен топтау сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құрауды, тақырыптық шағын әңгіме жазуды үйренеді. Денсаулық туралы пайдалы кеңестер алады. Спортқа сүйіспеншілік сезімдері оянады.
Сілтеме:

Оқулық: Алматы «Атамұра» 2012ж. Т.Артыкова, Г. Ермекбаева.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Негізгі идеясы:

Қос сөздер,топтау сан есімдер, демеулік шылаулардың ережесін білу

Қолданылған әдістері мен тәсілдері:

Диалогті оқу, сұрақ-жауап, салыстыру, сөздікпен жұмыс

Сабақтың ресурстары:

Бейнежазба, қима қағаздар, жұмыс парағы, топ ережесі

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

1.1. Сынып оқушыларымен амандасу, көңіл-күйлерін сұрап, назарларын сабаққа аудару.

1.2. Оқушыларды 3 топқа бөлу. (Спортқа байланысты суреттермен)

ІІ.Талқылау сұрақтары . Бейнежазба. Ой қозғау

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІV. Тапсырмалар.

V. Қорытындылау. Оқушы рефлексиясы

VІ. Үйге тапсырма

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы немен айналысады?)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. 1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарларын сабаққа аудару (5 мин)

Психологиялық тренинг.
- Бүгінгі сабағымыз көңілді өту үшін көңіл - күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық.(Жағымды баяу музыканың ырғағымен)
1 - кезең. Денемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.
2 - кезең. Көзді жұмып, тыныштанып бүкіл денемізді ойша шоламыз.
3 - кезең. Денемізді бос ұстап, өз - өзімізді жағымды және көңілді сезініп, өмірдегі барлық жағымды сәттерді еске алайық.
4 - кезең. Өзімізді әлі күлтелерін ашпаған гүл деп сезінейік. Сол гүл күлтелері баяу ашылып, күнге қарай ұмтылуда. Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз, көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз.
- Балалар, ыңғайлы отырып, бір - бірімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан осылай көңіл - күйіміз көтеріңкі болсын.
- Балалар, енді кезекпен кезек барлық адамзатқа жақсы денсаулыққа арналған тілектер айтайықшы:
Мысалы: Денсаулық - адамның басты байлығы, сондықтан денсаулықты сақтай білейік. Күлкі - адам өмірін ұзартады, ешқашан жүзімізден күлкі кетпесін. Көңіл - күйіміз әрқашан көтеріңкі болсын.

1.2.Оқушыларды спорт тақырыбындағы суреттер арқылы топтарға бөлу.

ІІ. Талқылауға арналған сұрақтар.

Ой қозғау. Бейнежазба корсетіледі (2 мин)

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

Тапсырмалармен жұмыс

ІV.Топтық жұмыс. (10мин)

1-тапсырма.

3 топ берілген тақырып бойынша постер қорғайды. («Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалау.)

V. Жұптық жұмыс. (10мин)

Достарымен денсаулықты қалай күту туралы сұхбаттасады.( Критерийлер бойынша бағалау)

VI. Сергіту сәті.

Оқушылар бой сергітеді, жаттығулар жасайды (2 мин).

VІІ. Жеке жұмыс. (10мин)

2-тапсырма.

Берілген қос сөздердің мағыналарын анықтап,олардың қалай жасалғанын айту. Денсаулық тақырыбына осы сөздерден бірнеше сөйлем құрау. Ата-ана, төрт-бес, тап-таза,бара-бара, жеңіл-желпі, қысы- жазы, төсек - орын. ( Өзара бағалау)

Берілген қос сөздер: Ата-ана, төрт-бес, тап-таза,бара-бара, жеңіл-желпі, қысы- жазы, төсек - орын.


Қосарлама қос сөз және жасалу жолы

Қйталама қос сөз және жасалу жолы






Жұмыс орындалып болған соң, төмендегі үлгідей дұрыс жауабы жазылған парақша таратылады. Оқушылар өз жұмыстарын бір - бірімен ауыстырып тексереді, өзара бағалайды.

Берілген қос сөздер: Ата-ана, төрт-бес, тап-таза,бара-бара, жеңіл-желпі, қысы- жазы, төсек - орын.

Қосарлама қос сөз және жасалу жолы

Қйталама қос сөз және жасалу жолы

Ата-ана-сыңарлары антонимдес болып келген.

Бара-бара - бір түбірдің қайталануынан жасалған.

Төрт -бес - сыңарлары әр түрлі сөздерден болған.

Тап-таза - түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосарлану арқылы жасалған.

Жеңіл -желпі - бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келген

Қысы- жазы - сыңарлары антонимдес болып келген.


VІІІ. Қорытындылау.

Оқушы рефлексиясы

«Балалар, өз денсаулықтарыңды қанша пайызбен бағалар едіңдер?» сұрағын қойып, 100 пайыз деп көтерген балалар одан төмен пайыз атағандарға кеңес береді. ( стикерге жазып көтереді) (5мин)
ІХ. Үйге тапсырма: Қос сөздер мен топтау сан есімдерді қатыстырып, «Спорт- денсаулық кепілі» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазу . (1мин)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал