7


  • Учителю
  • Есімшенің түрленуі ашық сабақ

Есімшенің түрленуі ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі

Сабақтың білімділік мақсаты: Есімшенің тәуелдену, жіктелу, көптелу, септелу жолдарын түсіндіру.Білім, білік дағдыларын жетілдіру.

дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойларын дамыта түсу, салыстыра отырып ерекшеліктерін анықтауға төселдіру. Тіл байлығын арттыру.

тәрбиелік мақсаты: Тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, қызығушылықты ояту, ой тастау, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка



Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, олардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.

Күн туралы сұрау

  • Көктемнің алғашқы күні

  • Алғыс айту күні

  • Шаттық шеңберін құру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Етістіктің райларын қайталау

Алдарыңда «Тіл білімінің картасы» ілінген. Біз бірнеше сабақ бойы Етістік елін зерттеп жатырмыз. Етістік еліне зер салыңдар. Ірі өзен Есімше мен Көсемше ағып жатыр, ал мынау биік тау -Тұйық етістік. Әр түрлі елді мекендер: Дара және Күрделі, Туынды және Негізгі, Салт және Сабақты, Болымды және Болымсыз етістіктер. Ірі елді мекендер: Етістер, Шақтар, Райлар.Етістік елімен шекаралас Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөз елдері орналасқан. Біз қай елдерде болып қайттық?

Ендеше бүгін біз Етістік еліне тағы бір рет саяхат жасап, осы елдегі әртүрлі қызмет, мәдениет орындарын аралап қайтсақ деймін.

Алдымыздағы зәулім де әсем ғимарат қалай аталады?

-Телеорталық

-Телеорталықтан бізге шақырту келіпті, «Бетпе-бет» хабарының құрметті қонағы және қатысушысы болып қайтсын деген. Олай болса әр қатардан екі оқушыдан тақтаға келсін, отырған оқушылар сұрақ қояды. Сұраққа басқа оқушылар жауап бере алады.

«Келісу - келіспеу» стратегиясы

1. Рай «беталыс, бағыт, жөн» деген сөздерге синонимдес / келісемін

2. Ашық рай етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты / келісемін

3. Бұйрық рай үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндалуы. / келіспеймін

4. Бұйрық райдың ІІ жақта анайы түрінің жалғауы болмайды. / келісемін

5. Етістіктің бұйрық рай түріне кейде - шы, - ші жұрнағы жалғанып та жұмсала береді. / келісемін

6. Барсын, көрсін, айтсын сөздері шартты райда тұр. / келіспеймін

7. Қалау рай іс - әрекеттің болу - болмауын білдіреді. / келіспеймін

8. Шартты рай жұрнағы - са, - се жалғанған етістік әрқашан қимылдың, іс - әрекеттің болу шартын білдіре бермейді. / келісемін

9. Қалау райда іс иесінің, іс - әрекетті қалауын, ынтасын, ниетін білдіреді. / келісемін

10. Бар, кел, барайық, келейік сөздер қалау райда тұр. / келіспеймін





ІІІ.Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту.

- Оқушылар жаңа ғана өздерің білдірген тілектердің ішінде өлшенбейтін жақсылық, сөнбес достық, күлімдеген күн, жадыраған ауа райы, төгер тілегім мол, айтпақ тілегім шексіз деген керемет құлаққа жағымды, жаныңа жылы тиетін тілектерді естідім. Енді осы тілектердің мазмұнына назар аударсақ түбір сөздерге жалғанған есімше жұрнақтарын байқаймыз.

Балалар, енді келесі көшедегі Сот кеңсесіне барайық. Сот орындарында жұмыс істеу істеу үшін нені білу керек деп ойлайсыңдар?

-Заңды

Не білемін? кестесін толтыру

- Иә, есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп, яғни септеліп, көптеліп, тәуелденіп есім қызметін атқарады. Есімше, яғни есімдер сияқты деп аталуының өзі осы қасиетіне байланысты. Тақтадағы мысалдарға назар аударайық:

1. Ұлт әдебиетін Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты алыптардың орнықтырғаны белгілі.(тәуелденіп тұр)

2. Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр баралық! (септеліп тұр)

3. Шиқанымды езгендей шықты жаным,

Айтқанда естігендер ұғып келіп. (септеліп, көптеліп тұр)

4. «Қойың қыстан әбден титықтады, малыңнан айрыларсың» деді.(жіктеліп тұр)









1-тапсырма. Оқулықтың 168-бетіндегі 195-жаттығу. Төменде берілген есімшелерді тәуелдеңдер. Оңаша және ортақ тәуелденген есімшелерді қатыстыра отырып, 5 сөйлем құраңдар.

Білген, білмес, білмек. /Тақтаға орындату, жеке оқушымен жұмыс/



Жекеше

І білгенім, білмесім, білмегім

ІІ білгенің, білмесің, білмегің

ІІ білгеніңіз, білмесіңіз, білмегіңіз

ІІІ білгені, білмесі, білмегі



Көпше

І білгеніміз, білмесіміз, білмегіміз

ІІ білгендерің, білместерің,білмектерің

ІІ білгендеріңіз, білместеріңіз,білмектеріңіз

ІІІ білгендері, білместері,білмектері



2-тапсырма «Ойлан, тап!» айдары /Кеспе қағазбен жұмыс/

(Әдебиет сабағында өткен тақырыптар бойынша сөйлем беріледі, сол сөйлемнің ішінен есімшені табу және оны түрлендіру)

а) Бұл қаланың бір жақсы жері - қазақтың оқыған балаларын сыйлайды. Балалары үлкендерін сыйлайтын болғаны ғой (септе)

Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі

ә) - Барарсың, азырақ ән салып кет...(жікте)

Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі

б) Көңілі бос кәрінің,

Көкейлерің ұғынар.

Көтермей жан жалынын,

Көзден жасы құйылар.(жікте)

Ж. Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»

в) Жаудың саусағы және бір қимыл етіп қалса, мылтық тағы да атылмақ. (жікте)

С. Сейфуллин «Бандыны қуған Хамит»

г) Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды, әнші жіберді.(септе)

Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі

ғ) Арғынмын, атым Әсет, арындаған,

Арындап ән сала ма дарымаған?

Аспанның аясында ән шалқытқан,

Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған. (тәуелде)

І. Жансүгіров «Әнші» өлеңі



-Балалар жоғалған нәрсені табу үшін қайда барсақ екен?

-Полицияға.

-Дұрыс, полиция бөліміне келдік. Полиция бөлімі бізге мынадай тапсырмалар дайындапты.

168-беттегі 196-жаттығу. Кестеде септеліп көрсетілген білген сөзінің септік тұлғаларын қатыстырып, бірнеше сөйлемдер құраңдар. Қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын айтыңдар.

Үлгі: Білген тауып айтады.Есімше - білген, сұрағы - кім? Атау септігінде тұрып бастауыштың қызметін атарып тұр. Өзің білме, білгеннің тілін алма. Есімше - білгеннің, сұрағы - кімнің? Ілік септігінде тұрып анықтауыштың қызметін атқарып тұр.



Шығармашылық тапсырма. Құрамында есімшесі бар мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш айту

Үлгі: Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.

Естіген құлақта жазық жоқ..

Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар...



Келесі кезекте театрға бет бұрайық.

-Театрда қандай адамдар жұмыс істейді?

-Әртістер, әрлеушілер, режисерлер, т.б

-Ендеше біздің арамызда да сондай талантты, шығармашылықпен айналысатын оқушылар бар ма екен тесерейік



Сергіту сәті: «Буриме» әдісі бойынша өлең жолдарын толықтыру, есімшелерді табу

Ән «Анаға сәлем»



Міне, спорт сарайына да келдік. Қазір сендерге тапсырма жазылған доп беремін. Үш қатар болып жарысып, 168-беттегі 197-жаттығу. Кестедегі берілген есімшелерді жіктеп шығыңдар.









Ауруханаға кіріп шығайық. Ауруханада бізге мынадай тапсырма берілген. Бір топ сөздер ауырып қалыпты, оларға дұрыс диагноз қойып, емдесек, лоар құлан таза айығып шығады. /ауызша орындау/

Қоңырау соғылды - Соғылған қоңырау

Ақындар айтысы -Айтысқан ақындар

Ақша төленді -Төленген ақашалр

Тас қаланды - Қаланған тастар

Шам сөнді - Сөнген шамдар

Орылған егін - Егін орылды

Көрер көз - Көз көрді

Істейтін жұмыс - Жұмыс істелді

Тыңдалған әңгіме - Әңгіме тыңдалды

Шырқалған ән - Ән шырқалды

Ұшқан құс - Құс ұшты

Басар тау - Тау басылды

Піскен ас - Ас пісті



Сабақты бекіту: Соңғы келіп жеткен жеріміз - әдемі сарай. Бұл сарай -І.Жансүгіров атындағы ЖМУ. Бұл жерде бүгінгі сабақта не білдік, нені үйрендік сарапқа салып, тест тапсырамыз.



Бағалау 1. Рахмет алғандар - «5»

2.Алғыс айта білейік алғандар -«4»

</<font color="#000000"> Үйге тапсырма: 198 -жаттығу 169-бет





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал