7


  • Учителю
  • Классный час Кітаптар мұңы (7 класс)

Классный час Кітаптар мұңы (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кітаптар мұңы

Ертеңгіліктің мақсаты: оқушыларды кітап күтіп ұстауға, кітапты құртеммеуге үйрете отырып, кітаптың шығу, жасалу жолдарын білуге үйрету.

Көрнекілігі: кітаптың құрылысы, жасалу жолдары жайлы сызба, кітап көрмесі, кітап туралы жазылған қанатты сөздер,ескі және жаңа кітаптар көрмесі.

Өтетін орна: кітапхана бөлмесі.

Жазылған қанатты сөздер; «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» А.Құнанбаев.

«Кітан маған тақтан да қымбат» (У Шекспир).

  1. Ұйымдастыру бөлімі; қойылымда пундік оқулықтар бір-бірімен мұңдасыды, сондықтан әр оқулықтың өзінің атына сай киімі, өз сөзінің мәнері болады.



Қатысушылар; ана тілі, тарих, математика пәндері.

Бастаушы; ардақты ата-аналар, жас достар! Бүгін біздің кітапханада білім бұлағы- кітап мерекесі.

Кітаптар бейне жапырақ.

Жырлайтын сырын өмірдің,

Оқисың кейде жатып ап,

Көтеріп күйін өмірдің.

Айдынды шалқыр кейде бір,

Кітапты тұнғыш көл дерсің,

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Өмірдегі ең жақын кеңесшің ол-Кітап. Сондықтанда қолдарыңдағы кітапты сүйіңдер. Кітаптың жаны болмаған мен тілі бар. Нашар оқитын оқушылардың қолына түскен мына оқулықтардың мұңын тыңдап көрейікші.

Сахнаға сүйретіліп, аяқтарын әрең басып Ана тілің мен Тарих шығады.

Тарих: /қайда келдім дегендей жан жағына қарап сәл тұрды да, жанындағы көршісін түртеді/.

-ей, тірімісің өзің? Қайдан келдің?

Ана тілі; ойбай мазамды алма. Бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнанда парақтарым дал-дұл болып, желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы болар еді.

Тарих: не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді дейсіңбе бұл қасірет? Біздің де көрмеген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын әзерге дегенде аяқтап шықтым... Басыңды көтер жөн сұрасайық, өзің кімсің? Сыртың бұп-бұтін ғой?

Ана тілі: сыртымды қайтесің,сыртым бұтін болған мен ішім тұтін. Ана тілі оқулығымын. Мен үшін авторлар тұн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа редакторлардың еңбегі өз алдында, баспахана қызметкерлерінің әрбір әріпімді жеке теріп көз майларын ағызды ғой. Осы балалар оқысын сауаттарын ашсын адам болсын деген ізгі ниетпен.

Қолымнан келгеше тырыстым парасатты болсын сауаттарын ашсын дедім.Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түстім. Егер күтіп ұстаса, келер жылы да басқа балаларға қаншама еңбегім тиер еді ғой? Іш-бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған, шимайланбаған,сия тамбаған парағым қалмады.

Тарих; мен тарих оқулығымын. Кітапханаға түсісімен Сотқарбай деген балаға тұстім. Оқу басында ел қатарлы мектепке барғанмын өте қуанышты болдым. Бірақ та оным көпе бармады. Бірнеше күн өтпей ақ,сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімдіақ қағазға түсіре бастады. Көтеріп жұруге ауырсынды ма, кейін өзіне керекті парақтарымды жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталға күні мені мектеп ауласында доп қылып тепкілеп тастап кетті.

Ана тілі; қанша айтқанмен ана тілімін ғой, менің айтқаныма құлақ сал. Бұл жерде кішкентайлардың ғана есе ата-аналармен жоғары сыныптарың да кінәләрі бар деп ойлаймын.

Тарих; дұрыс айтасың, Ана тілі. Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда да қой демеді ғой. Сондағы сылтауы «оқу жылы аяқталды», -дейді.

Ана тілі; шындығын айтқанда, әр кім өзінің дүниесіне ұқыпты болуы керек. Ондай балалар да көп. Алайда , олардың бір кемшілігі, Адырбай мен Сотқарбай сияқты балаларға достық ақылдарын айта алмай келеді.

Ақырындап аяғын санап есеп кітап та келді.

Есеп кітап; Екеулеріңнің әңгімелеріңді сырттай естіп тұрдым. Мен де сендердің мұңдастарың боламын. Ұқыпты оқушылыр туралы әңгіме қылып тұрсыңдар. Мен сендерге бір мысыл келтірейін. Менің өзім сияқты құрдасым болды, екеумізь дүкенге бірге түстік. Қызық болғаны, сыныпта да парталас болдық. Ондай баланың қолына бір күн түссеңде арманың болмас шіркін. Кітабына шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін , парағын қайырып бүктемейді, қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды. Оның кітабы қыстан су жаңа болып шықты.

Ана тілі; енді бізді не істер екен? Жинап-жинап отқа тастарма екен?

Тарих; Мүмкін , бір кәдеге жаратар. Не түптер.

Есеп кітабы; түптер дегенің қай сөзің, түптесе сені түптер менің қай парағымды түптейді, көрмейсіңбе ұялып тығылып тұрғанымды көзге көрінуге тым ұят.

Ана тілі: пысықтығыңа қарағанда, есеп кітабы боларсың? Бізден енді оқулық шықпайды.

Тарих; әріптестер отқа жағады деп ұнжырғаларың түспесін. Мен тарихты білсем бізді жуып, сиямызды кетіріп баяғыдай ақ қағаз жасап, қайтадан баспаханаға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап жасап шығарады.

Есеп кітап; (қуанып кетіп) «Олай болса» , келесі жылы ұқыпты оқушының қолына түссек деп тілеймін.

Ана тілі; Тілім барда-үнім жоқ,

Мені адам түсінген.

Жүрегім бар қаным жоқ,

Сөйлей туған ішімнен.

Тарих; мен де бір сандық өзгеше,

Қолыңа алып жүресің.

Мені ашып ақтарсаң,

Өшкеніңді білерсің.

Есеп кітабы; Амал тәсіл әр түрлі,

Қолдан қолға өтеді.

Өмірдің талай мол сыры,

Ішіме сиып кетеді.

Бәрі бірігіп; Қойған жеріңде жатамыз,

Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатамыз.

Егер күтіп ұстасаң

Үлкен алғыс айтамыз.

Оқы талмай,түй санаңа жас бөбек,

Сыр құямыз,нұр құямыз бойыңа.

Таза үстап оқы бізді қастерлеп

Бар білімді біз егеміз миыңа!

Бастаушы; Міне, балалар, таза, күтіп ұстамаған кітаптардың мұңын тыңдадыңдар. Сендердің алдарыңда елеулі бір мақсаттарың бар. Ол-оқу, үйрену. Оқу мен жазуға үйрететін ол сендердің- оқулықтарың.

Сол оқулықтарыңды таза, күтіп ұстаңдар. Ол сендерді талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал