7


  • Учителю
  • конспект урока по казахской литературе 'Дайындығыңды баянда'

конспект урока по казахской литературе 'Дайындығыңды баянда'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Дайындығыңды баянда. Мақсаты: Мазмұнынжәне кейіпкерлерлер жүйесін меңгертуШығармашылық, көркем туындыны талдау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуЕлжандылық, ізгілік, адамгершілік құндылықтарды оқушы бойына дарытуБарысы: Шағын тест1. «Ұлпан» романы
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Дайындығыңды баянда.


М

ақсаты:

  1. Мазмұнын және кейіпкерлерлер жүйесін меңгерту

  2. Шығармашылық, көркем туындыны талдау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту

  3. Елжандылық, ізгілік, адамгершілік құндылықтарды оқушы бойына дарыту

Барысы:

Шағын тест

1. «Ұлпан» романының жазылуына себеп

а/ достарының ұсынысы

в/ моншадағы тастағы жазуды көруі

с/ аңыз ізімен

д/ қиялдан құрастырылған

  1. Ұлпанның күйеуі -Есеней қай ханмен қатарлас өмір сүрген?

а/ Абылай в/ Жәңгір с/ Кенесары д/ Тәуке

  1. Ұлпанның қызының аты

а/ Біжікен в/ Бибі с/ Балқадиша д/ Балнұр

4. «Тезірек үйленбесем болмас» дегендей ой білдірген кім?

а/ Тобықты в/ Тілектес с/ Тілек д/ Торсан


  1. Мақсатты айқындау.

  2. Мазмұнын меңгерту.

Картотекамен жұмыс.

І топ

1-сұрақ. Ұлпан күйеу баласына риза болды. Жо-оқ, Торсан ана сыйлай білетін жігіт екен. Білімді де ақ көңіл адам болар. Байлыққа қызықпау деген екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қағазға бармағын басып, «....................................» деген орысша жазуы бар мөр басты.

Сұрақ: Ұлпан қағазға қандай жазуы бар мөр басып еді?

Жауап: «Есеней Естемесов» деген жазуы бар мөр.

2-сұрақ. -Ұлпан бәйбіше, бұл тілегіңізді құдай алдындағы қарызымыздай көрерміз. Бірақ мұны да Керейдің өзі шешетін жат бауырдың суық қолын араластырмайтын жұмысы дегеніміз дұрыс болар.

Сұрақ: Бұл сөзді айтқан кім екенін табыңыз.

Жауап: Байдалы.


ІІ топ

1-сұрақ. -Немеремнен туған баланың маңдайынан бір иіскесем болады. Содан соң алатын құдай ала берсін.

Сұрақ: Бұл кімнің сөзі?

Жауап: Ұлпанның шешесі Несібелінің сөзі.

2-сұрақ. -Сонда Сыбанның қай жақ шетіне қондырасың? -деп қалды Айтолқын.

-Оттамай отыр! -деді Еменалы.

Сұрақ: Еменалы мен Айтолқынның осы сөзінен кейін Ұлпан не деп айтты?

Жауап: -Қалаған жеріңе қон! Шақыр балаларды, қазір көшесің -деді.

ІІІ топ

1-сұрақ.-Торсан бұзық адам екен... енді менің денеме... соның қолын... тигізе көрме, апа!

Сұрақ: Бұл кімнің сөзі екенін табыңыз.

Жауап: Бұл - Біжікеннің сөзі.

2-сұрақ. -Жақсы болса, сол жігіт осы үйге бала болғысы келеді.

-Еһе...

-Күйеу бала болады. Саған күйеу, маған күйеу бала болады.

-Оһо...

-Ризасың ғой?

Сұрақ: Ұлпан мен Біжікеннің осы әңгімесінен кейін анасының сұрағына Біжікен өз келісімін қандай қимыл-әрекетпен жеткізді?

Жауап: Үн қатпай, шешесін қатты құшақтап, бет-аузынан сүймеген жер қалдырған жоқ.

  1. Кейіпкерлер жүйесі

1/ мінездеме жазу

2/ дәлелді мінездеме беру


І топ. Ұлпан бейнесіне дәлелді мінездеме жазыңыз.

1/ қамқорлығын қайдан көреміз?

2/ ақылдылығын қай тұстан көреміз?


ІІ топ. Торсан бейнесіне дәлелді мінездеме жазыңыз.

1/ Бұзықтығын қай жерден көреміз?

2/ Қулығын қай маңнан көреміз?


ІІІ топ. Біжікен бейнесіне дәлелді мінездеме жасаңыз.

1/ Кіршіксіз тазалығын қай тұстан көреміз?

2/ Мейірімділігін қайдан көреміз?


  1. Шығармашылық тапсырма

І топ. «Қазақтың елжанды аналары-ай!»

/көркем тілмен ойыңды толғап жаз/

ІІ топ. «Қазақтың ержүрек қыздары»

/Әлия, Мәншүк, Ләззат, Сәбира т.б. Ұлпанмен салыстыру/

ІІІ топ. Ұлпан туралы өлең шығару /мына үлгілерді басшылыққа алу/


І шумағы

- - дананы

- - ананы

- - -

- - жанады!

  1. Рефлексия

Мақсатқа жеттік пе? Кестені толтыру


Нені үйрендік?

Нені толықтырамыз?

Нені үйренгіміз келеді?


  1. Үйге: Шығарма жазу

І топ «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі

ІІ топ Торсан бейнесі

ІІІ топ Біжікен бейнесі


  1. Бағалау

Бағалау парақтарын жинап алып, бағалау, мұғалім тарапынан оқушы жауабына талдау жасау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал