7


  • Учителю
  • 'ҚАнағат, рақым ойлап қой'10 сынып

'ҚАнағат, рақым ойлап қой'10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары №14



Мектеп: №4 Мерзiмі: 09.12.2015ж.

Мұғалiм: Абыханова Шарай Конджасаровна

Сынып: 10 «Ә» Оқушылар саны: 28 Тақырып: Қанағат,рақым ойлап қой

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: қанағаттылық, еңбекқорлық, табандылық, төзімділік.


Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік қасиет тұрғысынан қанағат, рақым ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға адам мүмкіндіктеріндегі қанағат, қанағатсыздық,төзімділік қасиеттеріне түсінік беру;

  • Оқушы бойындағы өзіндік мүмкіндіктерін тану үшін еліктіретін ,қызықтыратын дүниеге өз сезімдерін тежеп,ойына,іс-әрекетіне сыни көзбен қарауына, табандылығын дамытуына ықпал ету;

  • Оқушылардың қанағаттылыққа, еңбекқорлыққа, табандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Интерактивті тақта,

слайд,

бейнежазба,А4 форматты қағаздар, фломастерлер мәлiметтер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»- ұстанымын еске түсіру:

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тазалық

4.Тыныштық

5.Татулық

1.Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге, немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Оқушылар алған әсерлері туралы айтады.

2.Үй тапсырмасын тексеру: 13-сабақ,55-бет .Өсиет әңгіме. Бай кісі мен данышпан туралы әңгімесін мазмұндау.

Сұрақтар:

1.Өсиет әңгіменің басты кейіпкері кім?

2.Байдың жан тыныштығын таба алмауының себебі неде деп ойлайсыз?

3.Байдың бойындағы қандай жағымсыз қасиеттер адам бойындағы мүмкіндіктердің, қабілеттердің шексіздігін дәлелдейді?

4.Данышпанның әрекетін қалай бағалар едіңіз?

5.Өсиет әңгімеден қандай ой түйдіңіз?

6.Балалар өз өмірлеріңде данышпан адамдарды кездестірген кездерің болды ма?

7. Олардың қандай қасиетттеріне сүйеніп оларды еңбекққор деп айта алар едіңдер?

Ескерту

Оқушылар өздерінің ойларын айтады

3.Дәйексөз:

«Қанағат - қарын тойғызар, қанағатсыздық - жалғыз атын сойғызар.» Мақал

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар дәйексөздердің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.

Дәйексөздерді оқушыларға 3 рет қайталатып оқыту.

Дәйексөздерді дәптерлеріне жаздыру.


4.Өлеңді әңгімелеу ( сұхбат) Абайдың өлеңі «Ғылым таппай мақтанба» оқып, сұрақтар қою
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Пікірлесу
-Қанағат дегеніміз не?
-Қанағатшылдық сезімі адамды үнемі жақсылыққа жетелей ме?
-Қанағатсыздық адамды қандай жағдайларға итермелейді?

-Сіздер, өздеріңізді қаншалықты қанағатшылмын деп есептейсіңдер ?

-Қолдарыңыздағы барына қанағат тұтасыңдар ма?


Бейнежазба «Қанағат қыл, басындағы бағыңа!»

- Қымбат аяқ киім киген баланың жағдайы қандай?

- Ол бала неге қозғалмастан бір орнында отыр?

- Аяқ киімі жыртық баланың арманы не еді?

-Бейнежазбадан қандай ой түдіңдер?

- Сіздер, барға қанағат тұтасыңдар ма?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1топ- Қанағат, рақым туралы эссе жазу
2 топ - Қанағатшылдық .рақымшылық туралы мақал-мәтел жазу
3топ- Қанағатшылдық, рақымшылдық туралы постер қоғау
4 топ - Қанағатшылдық, рақымшылдық туралы өлең шығару

постерге тапсырмаларды орындау

6.Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы,ағайын» әні

Көктем етім көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы,ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы,бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы,халайық!


Ел болғанымен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де, болса деп!

Үй тапсырмасы: 14-сабақ,52-бет.С.Ақатайдың «Үш ана» туралы әңгімесін мазмұндау.


Соңғы тыныштық сәті

Балалар енді бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық!

Қатысқандарыңызға рахмет!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал