7


  • Учителю
  • конспект урока по теме'Қорқыт ата'

конспект урока по теме'Қорқыт ата'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған ҚорқытСабақтың мақсаты: Білімділік: түркі тектес халықтарға танымал Қорқыт ата жайлы мағлұмат беру, «мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, мазмұнын талдау;Тәрбиелік: ғасырлардан жеткен жәдігерлерді
предварительный просмотр материала

Ивановка орта мектебі

Ивановская средняя школа





















Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт



Мұғалім: Хусаинова К.К.



















Сабақ жоспары

Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 6

Тоқсан: 3

Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: түркі тектес халықтарға танымал Қорқыт ата жайлы мағлұмат беру, «мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, мазмұнын талдау;

Тәрбиелік: ғасырлардан жеткен жәдігерлерді дәріптеу;«өткен тарихын (ғасырлық) білмеген ел жетесіз» дегенді санаға жеткізу;ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білу,адамгершілік қасиеттерді ұштай отырып бірін-бірі сыйлау, пікірлеріне құрметпен қарауға қалыптастыру.

Дамытушылық: жырлардың мазмұнына,тақырыбы мен идеясына талдау жасата отырып, теориялық білімдерін бекітуге,талдау дағдыларын жетілдіруге,шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, ойлау,таным белсенділіктерін арттыруға әрекет жасауларын қалыптастыру.

Сабақтың типі: білім, білік, дағдыны бекіту

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы

Әдіс-тәсілдері: тапсырма бойынша әрекет ету, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: Қорқыт атаның суреті

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,оқушыларды түгендеу, іс-әрекетке жұмылдыру.

Ұжымдық,жұптық жұмыстар негізінде белсенді әрекеттерге қызығушылықтарын арттыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Өткен сабақты қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар, енді біз Қорқыт ата жайлы мағлұмат алып, өмірбаянымен танысайық.

ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата - ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. "Кімге қазып жатырсыздар?" деген сұрауына "Қорқыттың көрі" деген жауап алады. Содан кейін өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де, бүкіл әлем ұқтырған көрінеді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де "Қорқыт ата шығармаларын" "Қорқыт Ата кітабы" деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атапа шығарған көрінеді. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.

Ой қозғау. Қорқыт аталған адам шын мәнінде кім болған?

Өткен сынып бағдарламасы бойынша жауаптарын тыңдау.

-Аңыз кейіпкері ретінде танылған адам.

-VІІІ-ІХғ.ғ. Сыр бойында өмір сүрген батыр,ақын,асқан күйші.

-Сәуегей,бақсы,күйшілік,жыраулық өнердің атасы.

-Қобыз аспабын алғаш жасаған адам делінеді.

-Он шақты күйін («Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған» т.б.) қобызшылар сақтап қалған.

-Аңыздарда Қорқыт -мәңгі өлмейтін өмір іздеуші;

-соның жолында күресуші;

-қобыз сарынынан іздейді.

Өмір соңында - «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді;

-мәңгілік өмір өз өнерінде сияқты көреді;

-соңына күйлері мен ұлағатты сөздерін қалдырған.

-Кейінге халық ұйып тыңдайтын нақыл сөздері қалған.

Түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра «Қорқыт ата кітабы» - Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық мәнін жоймаған аса құнды шығарма.

«Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталған.

1. Италия (Ватикан мемлекеті) мемлекетінде 6 жырдан тұратын қолжазба сақтаулы.

2. Дрезден қаласында (Германия) 12 жырдан тұратын қолжазба сақтаулы.

«Қорқыт ата кітабын» VІІІ ғасырда, одан да бұрын туған аңыздар жинағы деуге болады.

  • Оқулықта берілген «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» әңгімесін оқып, сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың түсінгендерін білу.

  • Балалар, енді дәптерлерін ашып, оқулықта берілген сөздерді дәптерлеріне жазыңдар.

Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта не білдім, не үйрендім?

/сараптама жасау/

Үйге тапсырма беру. «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» әңгімесін оқып, мазмұндау.

Білімді бағалау:сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Сабақ аяқталды: Сау болыңыздар балалар!
















































Қорқыт - VІІІ ғасырда Сыр маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші ретінде суреттеледі. Мәңгілік өмірді ол қобыздың әуенінен іздейді.



Қорқыт - ақын ___________________________________________________________



_______________________________________________________________________



Қорқыт - күйші ___________________________________________________________



__________________________________________________________________________



Қорқыт - мәңгілік өмірді іздеуші _____________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал