- Учителю
- «Атақты адамдар» интеллектуалдық ойыны
«Атақты адамдар» интеллектуалдық ойыны
«Атақты адамдар» интеллектуалдық ойыны
Ойынның тақырыбы: «Атақты адамдар»
Ойынның мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейлерін, сөз қорларын пысықтау;
Топпен шығармашылық жұмыс істеуге, ізденуге үйрету;
Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу қабілетін дамыту, алған білімдерін шығармашылықта қолдана білуге дағдыландыру;
Білгілі атақты адамдардың есімін естеріне сақтап, құрметтей білуге, өнеге алуға дағдыландыру;
Қазақ тіліне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік: портреттер, жазылған плакаттар, үлестірмелі карточкалар, нақыл сөздер.
Ойын 7 бөлімнен тұрады, әр бөлім басталар алдында ойынның аты жазылған тақтайшамен таныстырылып отырады.
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Қазір сіздердің алдарыңызға «Атақты адамдар» интеллектуалдық ойыны атты сайысына қатысушыларды шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру).
І Ойынның бірінші шарты:
-
«кел танысайық!»
Қазір әрбір оқушы өзін таныстырады.
ІІ Ойынның екінші шарты:
-
«Кім тапқыр?»
(1,5 минутта неше сұраққа толық жауап беретіндерін байқау).
ІІІ ойынның үшінші шарты:
-
«Атақты адамдар туралы не білеміз?»
(2 минуттын ішінде толық қорғап шығу керек).
4 ойынның төртінші шарты:
-
«Полиглот»
Белгісіз сөзді табу, үш тілде айту, әр сөз 10 ұпай.
5 ойынның бесінші шарты:
-
«Көкпар»
Берілге «Қазақстан», «қарлығаш» сөздерінен бірнеше сөз жазу. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.
6 ойынның алтыншы шарты:
-
«Дастан» (Орыс тілінен, қазақ тіліне, ағылшын тілі аударып, қысқаша әңгімелеу).
7 Ойынның жетінші шарты:
-
«Тізбек» ойыны. (Сөз қай әріпке аяқталса, келесі сол сөз әріптен басталуы керек). Мысалы: Ахмет-Талғат-Тоқтар-Райымбек-Қуаныш-Шәкәрім-мухтар-роза-Алия-Илияс-Сакен
Ойынды бекіту:
Әділқазылар алқасы оқушылардың жауабын бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.
Жүргізуші:
-
Осымен бүгінгі ойынымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!