- Учителю
- Разработка урока по казахскому языку на тему' Қазақстанның өзендері мен көлдері'
Разработка урока по казахскому языку на тему' Қазақстанның өзендері мен көлдері'
Семей қаласы №40 мектеп
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Оңтағарова Ардақ Рахымқызы
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері мен көлдері
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында түсінік беру.
Міндеттері:
1. Өзен және көл туралы өткен сыныптардан, өмірден білетіндерін еске түсіру арқылы Қазақстанның өзендері мен көлдері туралы мәлімет алады.
2. Оқушылардың ой белсенділігін, сөздік қорын, сөйлеу әрекеттерін дамыту.
3. Табиғатты қорғауға және аялай білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, топтастыру, шығармашылық
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнесюжет, таратпа материалдар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабаққа даярлау
ІІ Үй тапсырмасын тексеру, бағалау
1.62-бет, 2-тапсырма. Диалогті мазмұндау, сөздік жаттау
2. 3 зат есімді көптеу.
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Ой қозғау.Интерактивті тақтадан өзендердің ағысы бейнеленген бейнесюжет көрсетіледі.
Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Табиғат, су, өзен, көл
Мағынаны ашу.Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның өзендері мен көлдері туралы болады.
Қазақстанның қандай өзендері мен көлдерін білесіңдер?
Өзендері: Ертіс, Іле, Жайық, Есіл, Тобыл, Сырдария, Нұра, Сарысу, Торғай, т. б.
Көлдері: Зайсан, Балқаш, Алакөл, Марқакөл
Өзен мен көлдің қандай айырмашылығы бар?
Өзен - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын
Көл дегеніміз -жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс.
Сөздік: (слайд арқылы көрсетіледі)
Өзен - река
Көл - озеро
мөлдір - прозрачный
бұлақ - родничок
ағады -течет
ұзындығы- длина
ірі- крупный
суы мол -многоводная