- Учителю
- Методический материал Кәсіби қазақ тілі
Методический материал Кәсіби қазақ тілі
«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
БЕКІТЕМІН
СДУ Бірінші проректоры, оқу істері жөніндегі проректоры
ф-м.ғ.д., профессор
Әмірғалиева С.Н.
_______________________
«_____» тамыз, 2015 ж.
«КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ»
(5В030100 «ҚҰҚЫҚТАНУ» бакалавриат мамандығы үшін)
ПӘНІНІҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚАСКЕЛЕҢ, 2015
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қаулысымен бекітілген және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 5В030100 - Құқықтану мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары» бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Құрастырған(дар): з.ғ.к., ассоц.проф. К.Адилова
МА, ассис.оқытушы Ж.Дүйсебекова
Қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.
« » 2015 ж., № ... хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев
Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.
« » 2015 ж., № ... хаттама
Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________ф.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов
«Кәсіби қазақ тілі»
пәні оқу-әдістемелік кешенінің
мазмұны
-
1.
Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компонентке кірсе)
2.
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
3.
Студентке арналған пәнді оқу бағдарламасы (Syllabus)
4.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
5.
Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы
6.
Дәрістік кешен
7.
Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
8.
Пәнді оқып білу жөнінде әдістемелік нұсқаулар
9.
Білім алушының өзіндік жұмысына арналған материалдар
10.
Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар
11.
Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пән мазмұнына байланысты)
12.
Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттержәнезертханалар тізімі
«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы, п.ғ.к.,ассис.проф.
_______________ Д.Э.Гаипов
«_____» _________ 2015 ж.
«КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ»
(5В030100 «ҚҰҚЫҚТАНУ» бакалавриат мамандығы үшін)
пәні бойынша
ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Қаскелең, 2015
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қаулысымен бекітілген және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 5В030100 - Құқықтану мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары» бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Құрастырған(дар): х.ғ.к., аға оқытушы Жұмақаева Бота Дәлетханқызы
МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова
Қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.
« » тамыз 2015 ж., № ... хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев
Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.
« » тамыз 2015 ж., № ... хаттама
Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________п.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов
Модуль атауы және шифры
KZL 337 «Кәсіби қазақ тілі»
Семестр
5
Кредит саны (ҚР, ECTS кредиті)
2 (90 сағат)
Модульге жауапты және пән оқытушысы
МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова
з.ғ.к., ассоц.проф. К.Адилова
Оқыту тілі
Қазақ
Оқытуды ұйымдастыру үшін қажет сағат саны
Семинар/практикалық - 30 сағат, СОӨЖ - 30 сағат, СӨЖ - 30 сағат
Модуль атаулары
Модуль 1. Берілген кәсіби бағытталған тілдік құзыреттерді қалыптастыру;
Модуль 2. Құқықтық терминология кәсіби қарым-қатынас негізі ретінде.
Модуль 3. Құқықтық дискурс. Тіл мәдениеті.
Модуль пререквизиттері
Практикалық қазақ тілі
Модуль постреквизиттері
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы
Модульдің сипаттамасы:
Модуль 1.
Тіл және сөйлеу. Сөйлеудің формалары мен түрлері: ауызша және жазбаша. «Кәсіби тіл» және «кәсіби сөйлеу» ұғымдары.
Заң мәтіні жазбаша кәсіби сөйлеуге үйретудің бірлігі ретінде. Заң мәтінін (заң, бап, ескерту) логикалық тұрғыдан құру. Заң мәтінінің тілдік ерекшеліктері. Заң мәтіндеріндегі орфография және пунктуация. Заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормалары. Заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормалары.
Функционалдық стильдер, кітаби стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдері. Заң шығарушы ресми стиль. Клише (тілдік стандарттар). Ғылыми стильдегі мәтіндермен жұмыс (аңдатпа, рефераттау, конспектілеу). Ғылыми мәтінді мазмұндау құрылымы және рәсімдеу ережелері. Ресми іскерлік заң құжаттары (айыптау қорытындысы, талап арыз).
Модуль 2.
Мәтіннің лексикалық деңгейі. Лексика түрлері: жалпы қолданыстағы, жалпы ғылыми, терминологиялық лексика, маргиналдық лексика (жаргон, арго). Жалпы және арнаулы құқықтық терминология. Заң мәтініндегі терминдер. Заң терминдерінің жіктелімі. Құқықтық ұғымдар мен категориялар, олардың ғылыми анықтамалары.
Модуль 3.
Тіл мәдениеті ұғымы. Кәсіби мәдениет. Кәсіби мазмұндағы монологтік айтылым. Заңгердің кәсіби сөйлеуіне қойылатын талаптар: жүйелілік, логикалылық, дәлдемелік, тазалық, сөз байлығы, мәнерлілігі. Заңгердің сөйлеу техникасы (дикция, интонация, сөйлеу ырғағы мен қарқыны және т.б.).
Құқықтық дискурс түрлері. Соттағы сөйлеу түрлері: айыптау және қорғау сөзі. Соттағы сөйлеудің құрылымдық ерекшеліктері, композициясы. Соттағы сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінің ерекшеліктері.
Заңгер мен аудитория қарым-қатынасының тілдік әдістері. Заңгердің сөйлеу имиджі. Сөйлеуге дайындық әдістемесі. Дәлелдемелердің басты түрлері, материалды іздеу әдістері. Сөйлеу кезіндегі пікір алмасудың рөлі. Дауласу мәдениеті. Дауды жүргізудің негізгі формалары. Пікірсайысты жүргізу ережелері.
Пән құзыреттілігі:
- тіл білімі мәселелерін: олардың негізгі лексика-грамматикалық түсініктерін, олардың басқа ғылымдармен байланысын, қазақ тілінің даму үдерістері мен қазіргі жағдайын, Қазақстандағы тарихи-мәдени және тарихи-әдеби үдерісті меңгереді;
- қазақ тілінің жүйесін пысықтау, қазақ тіл бірліктерінің құрылымы мен қолданылуы барысында халықтың тарихы мен мәдениетімен байланыстыру, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырғанда берілген коммуникативті жағдаяттарға байланысты іргелі білімдерді қолдана алады;
- филология ғылымындағы жаңа жетістіктерді өз мамандығына бейімдеп тиімді меңгереді.
АЛҒЫСӨЗ
Пәннің жалпы сипаттамасы: Жалпы тілдік дайындық, сондай-ақ құқық пәндері бойынша қазақ тіліндегі базалық білімдерінің болуы бағдарламада көрсетілген материалды табысты меңгерудің шарты болып табылады. Бағдарлама мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби саладағы коммуникативтік қажеттіліктерімен, қазақ тілін кәсіби қызмет құралы ретінде оқытудың мақсат, міндеттерімен, кәсіби заң тілін жақсы меңгерген бәсекелестікке қабілетті маманға деген қоғамның сұранысымен анықталады.
«Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілін оқыту курсы оқу пәні ретінде коммуникативтік-кәсіби бағытты ұстанады және мынадай сипаттарға ие:
-
пәнаралық (қазақ тіліндегі кәсіби сөйлесімде лингвистикалық біліммен қатар конституциялық құқық, азаматтық құқық және т.б. сияқты заң саласының ғана емес, басқа салалардың, мысалы, экономика, тарих ғылымдарының мәліметтері де қолданылуы мүмкін);
-
көпдеңгейлік (сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тілдік құралдары мен дағдыларын игеру қажеттілігі);
-
қызметінің алуантүрлілігі (оқыту мақсаты ретінде де, білімнің түрлі салалары бойынша мәлімет алу құралы ретінде де қолданыла алады);
-
тілді оқыту кәсіби құқықтық дайындықтың құрамдас бөлігі ретінде кәсіпке оқытумен байланыстырылады.
Кәсіби тілдің ауызша және жазбаша түрлері, заң тілінің барлық деңгейлерінің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) құрылымдық ерекшеліктері, заң мәтіндерінің құрылымдық-семантикалық және логикалық құрылуының, сондай-ақ кәсіби бағытталған шығармаларды құру ерекшеліктері, болашақ заңгердің құқықтық, нормативтік құжаттармен жұмысы кезіндегі сыни ойлауын қалыптастыру оқытудың пәні болып табылады.
Кәсіби қазақ тілі курсының мазмұны бағдарламада коммуникативтік, тілдік және тілдік-кәсіби құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін үш тақырыптық модуль түрінде ұсынылған. Кәсіби қазақ тілін оқыту мазмұны құзыреттік әдісі негізінде құрылған. Осымен байланысты коммуникативтік, тілдік, кәсіби бағытталған (алған білім негізінде өз кәсіби қызметін ұйымдастыра алу қабілеті) құзыреттер дамытылады және жетілдіріледі.
Пәннің мақсаты мен міндеттері: Болашақ заңгер студенттердің тілдік қатысымын дамытудың қажеттілігімен анықталған «Кәсіби қазақ тілі» пәнініңмақсаты-қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру, сөйлеу әрекетінің оқылым, жазылым, айтылым, естілім түріндегі коммуникативтік қарым-қатынас дағдылары мен машықтарды дамыту, қоғам өмірінің құқықтық саласы глоссарийін еркін қолдану, әдеби тілдің нормаларын және кәсіби қызметтің феномендерін бейнелейтін арнаулы мақсаттарға арналған тілді игеру. Жоғарыда айтылғанды назарда ұстай отырып, пән мынадай міндеттерді көздейді:
-
студенттерде өз қызмет саласында кәсіби қарым-қатынасқа түсу үшін жеткілікті
кәсіби қатысымдық тілдік және сөйлеу құзыреттері туралы түсінік қалыптастыру;
-
кәсіби қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті тілдік, сөйлеу және дискурстық
құзыреттерін жетілдіру;
-
білім алу және оны шынайы жағдаяттарда туындайтын кәсіби бағытталғанпроблемалық міндеттерді шешу үшін қолдану барысында студенттерде өз бетінше іздену-зерттеу қызметінің дағдылары, машықтары мен құзыреттерін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
-
тілдің жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру;
-
сөз мәдениетінің сатыларын таныту;
-
тілдің эстетикалық табиғатын таныту;
-
жаңа тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;
-
стиль түрлеріне сай тілдік талғамдарын жетілдіру;
-
жұрт алдында сөйлеуге төселдіру, көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын
меңгерту;
Күтілетін нәтижелер:
-
мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзара қарым-қатынас пен мәдениетаралық қатысымда қолдана алады;
-
мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін құрметтеу және толеранттық негізінде тұлғааралық және мәдениаралық қатысымға қабілеттілік, ұлтаралық, мәдениетаралық қарым-қатынас ережелерін сақтай отырып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтатын ресми шараларға қатысуға, қолдануға, іске асыруға қабілетті болады;
-
қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесі арқылы ойды жеткізу, әңгімелесушіге әсер ету, қазақ тілінде мәтінді сипаттау, хабарлау, талқылау үшін пайдаланады;
-
тілдер мен әдебиет үдерісін Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, мәденитарихи, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен үйлестіреді;
-
сөз мәдениетінің сатыларын меңгереді;
-
сөйлеу тілінің ерекшелігі мен стильдік бедерін ажыратады;
-
сөйлесім әрекеті түрлеріне қатысты сөз мәдениеті дағдыларын біледі;
-
сөйлеу тіліндегі ықшамдылық, үнемділік қағидаларын біледі;
-
жұрт алдында сөйлеуге дайындық сатыларын меңгереді;
-
көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын біледі;
-
пікірталас түрлерін меңгереді;
-
ғылыми көпшілік алдында сөйлеудің шарттары мен міндеттерін меңгереді;
-
әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, ғылым-білім мазмұнды мәтіндерді құрайды.
-
жаңа тілдік жағдаяттарда таңдаған кәсібіне байланысты тілдік құралдарды орынды пайдаланады;
-
сөйлеуде көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін қолданады;
-
пікіралмасуда этикеттік орамдарды пайдаланып, сөйлесушілердің әлеуметтік белгілеріне қарай қарым-қатынас жасайды;
-
ғылыми, ресми стиль түрлерінде тілдік талғамға сай ауызша және жазбаша ойын жеткізеді;
-
мамандыққа қатысты басылымдарда жарияланған мәтіндерге тілдік, стильдік тұрғыда түзетулер жасайды;
-
таңдаған кәсібіне байланысты тақырыптарда пікірталасқа түседі;
-
пікірталас мәдениеті талаптарына сай пікірталас түрлерін ұйымдастырады.
Пәннің пререквизиттері: Практикалық қазақ тілі
Пәннің постреквизиттері: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы
КІРІСПЕ
Тіл - адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы, өмірдін ұлы қаруы. Қарым-қатынас майданына түскен сайын бұл құралдың икемділігі артып, шындала береді. Бірақ тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айырықша көңіл бөліп, шынайы қамқорлыққа алып отырудың барысында ерекше жандана түседі.
Қазақ тілі пәні студенттердің ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; студенттердің бойына имандылық, әдептілік, адамгершілік қасиеттерін сіңіру, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу; студенттердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын дамыту; мамандығы бойынша лексикалық және терминологиялық минимумдарды меңгерту. Әңгімелеу, мазмұндау, хабарлау сынды түрлі қызметтер жүйесін құру; грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды көріністе дұрыс қолдана білу; кәсіби-оқу тілін дамыту: а) оқудың, тыңдаудың дағдылары мен қалпын қалыптастыру, әдебиеттерді мамандығы бойынша конспектілей білу; б) кәсіби оқу тақырыптары бойынша диалогтар мен монологтар құра білу; в) айтылымның негізгі құрылымдық-мағыналық түрлерін: монолог-сипаттау, монолог-мазмұндау, монолог-талқылау, диалог-әңгіме, диалог-сұхбат түрлерін жеделдетіп (интерактивті) оқыту; кәсіби қазақ тілі: ғылыми-кәсіби тілдің белсенді, жалпылама, кең көлемді болуын, яғни жан-жақтылығын дағдыландыруға қалыптастыра білу мақсатын алға қояды.Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да кедір-бұдырсыз болып, жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрыс қолданып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөз жатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін дұрыс жұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз. Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай, дұрыс жұмсалуы және «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сөзімді дәл жеткізе алатындай әсерлі болуы да қажет.Тілде толып жатқан амал-тәсілдер бар. Солардың ішінен қарым-катынас жасаудың мақсатына сай келетін аса қажеттісін талғай білу арқылы ой мен сөзімді дәлме-дәл жеткізе білу шеберлігі - сөз мәдениетінің биік шыңы. Мұндай шеберлік ең алдымен тіл амалдарын әдеби тіл нормасына сай, дұрыс қолданудан, сөз жатықтығынан басталады. Ондай қасиетке ие болғанда ғана барып сөйлеуші, жазушы сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлілігі тәрізді т. б. сапалармен тыңдаушысын я оқушысын баурап алып отырады.
Тіл мәдениеті қазіргі заман талабына сай гуманитарлық ғылымдардың дамуында басты тетік болып отырған жаңа парадигмалардың өзара үндесімінен туындаған білім мен тәрбиенің нәтижесі болып саналады. Яғни, тіл мәдениетін дәл осы кезеңдегі білім аясында таңдап алынуының басты себептері мынадай:
Біріншіден, бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен шешім жасап, жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Олай болса, білімнің мәні - өткеннің тәжірибесін танытып, пәндік іскерліктерді қалыптастыруында ғана емес, ең бастысы, студенттің өзіндік әрекетіне бағыт беруде, оны түрлі өмір жағдаяттарында дұрыс шешім қабылдай білуге үйретуінде.Жоғары оқу орнын бітіруші жас ұрпақ болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілей алу үшін оларға берілетін білім өзегінде студенттің қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытатын компоненттер қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуеттік күштен студент әрекетін дамытудың тетігіне, практикалық қажеттілікті ақтайтын тегеурінді күшке айналады. Сондықтан жоғары деңгейдегі жас маман иесіне тілдің танымдық сипаты мен қатысымдық қызметін өмір-тіршілік жағдайларына сай етіп меңгертудің тиімді жолдарын айқындау көзделіп отыр. Бұл тіл мәдениетіне қарым-қатынастың нақты түрлері арқылы жүйелі баулу арқылы шешіледі. Тілдік мәдениеті, қарым-қатынас білігі қалыптасқан адам қай ортада да өзіне сенімді әрекет етеді, айналасындағылармен тіл табысуға қабілетті келеді. Ал тіл табыса алау - еңбек нәтижелілігінің ең қажетті шарты.
Екіншіден, тіл адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болғандықтан, ол адамдардың интеллектуалдық әрекетінің де ерекше түрі болып саналады. Тіл мен сөйлеу - адам болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. Бұл тұжырым студенттің қатысымдық дағдыларын дара тұлға мәдениеті тұрғысынан қарастырудың артықшылығын көрсетеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесінде кең өріс ала бастаған мәдениеттану бағытының білім мазмұнымен анық та айқын кіріктірілуі қазақ тілі пәнінде болашақ заңгерге шебер сөйлеу мәдениетін үйретудің қаншалықты деңгейде шешілуімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан аталмыш пәннің білім мазмұнында сөз мәдениеті, пікірталас мәдениетіне қатысты білімдер де қамтылады.
Үшіншіден, сөздің мазмұнын түсіну студенттің логикасын дамытумен қатар оған қалай сөйлеудің нақты жолын түсінуге де жол ашатын болса, бірде таныс, бірде бейтаныс жағдаяттарда өздігінен шешім қабылдауына мүмкіндік беру оның өмірлік дағдыларының тұрақты қалыптасуына жол ашады. Әсіресе, жоғары курс студенттері үшін темірдей теорияларды қайталаудан өздігінен ой түйіндерін жасау, жеке ойларын жеткізе білу қызықтырақ. Білім алушы нені білетіндігіне емес, не істей алатындығына мән береді. Бұл қазіргі таңдағы құзіреттілікті оқу нәтижесі ретінде белгілеп отырған кезеңдегі ең тұғырлы мәселе болып саналады.
Төртіншіден, пәнді оқытуды студенттің қарым-қатынас жүйесіндегі сөз әдебімен, жазба тіл мәдениетімен орайластырудың негізінде жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру; оларды тілдік талғампаздыққа үйретудің бүгінгі уақыттың жаңа талаптарымен, білімді ізгілендіру, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына көз жеткізіледі. Болашақ заңгердің өз тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.
Бесіншіден,«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқытудың мәні мен әлеуметтік қызметі - тілдің табиғи әрі ең басты қызметі - қарым-қатынас құралы екендігіне көз жеткізу. Бұл студенттің сөйлеу әрекетін дамыту арқылы жүзеге асады. Сөйлеу практикалық әрекет ретінде тілдік білімнің түпкі нәтижесі, адам қажетін өтеудің басты тетігі деп белгіленді. Сондықтан әрбір жас маман иесі өз ойын өз тілінің стилистикалық талаптарына сай айта алуға үйретуге басымдылық беріледі. Сөйлеуге үйрену - тілдік білімнің білім алушының қажеттігімен үйлесуі. Сол себепті оқу бағдарламасындағы материалдар логикалық-семантикалық ұстанымына негізделген тіл мәдениеті мен шешендік өнердің сабақтастығының жемісі ретінде ұсынылады.
Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің беделін көтеру сол тілдің даму жүйесін, қоғамдық-әлеуметтік рөлі мен қызметін, тілдің діл қалыптастырушылық маңызын, оның ұлттық құндылық ретіндегі мәнін жас ұрпақтың саналы түсінуіне байланысты.Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің мазмұны мынадай ұстанымдардың негізінде құрастырылған:
-
Студенттің тіл сезімін дамыту ұстанымы. Бұл студенттің осыған дейінгі игерген сөздік қорын тірек ете отырып оның тілін байыту арқылы шешіледі. Яғни, тіл оның ішкі қажеттіліктерімен үндесуі, ойластырылуы қажет.
-
Сабақ барысында студент білімді тәжірибе арқылы өзі алуы керек. Мұғалімнің міндеті - балаға жұмысты шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру.
-
Пәннен өтілетін әр тақырыптың беретін пайдасына студенттің көзін жеткізе оқыту. Бұл қазіргі әлемдік білім жүйесінде басшылыққа алып отырған оқытудың мотивациялық сипатын күшейту бағытымен өзектесіп жатыр. Әсерлі, көркем сөйлеуге талпыныс туғанда ғана білім алушы өзінің сөз мәдениетін жетілдіру қажеттігін шын сезінеді.
-
Сабақ барысында тілдің ғылыми негіздерін сапалы меңгерту үшін тектік, түрлік ұғымдарды бір-бірінен жігін ажырата оқыту. Бұл теориялық білімді студенттің коммуникативтік біліктілігінің базасы әрі оның ойлауын дамытудың көзі ретінде саналы түсінуінде маңызды рөл атқарады. Атап өтетін мәселе, біздің қазіргі білім жүйесі пәндік білімді негіз етіп ұстанып отырған кезеңде бұл қағида тілімізді жалаң ережелерден арылтып, жас ұрпақтың тіл туралы дүниетанымын кеңейтудің, тіл арқылы ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытудың кілті болып табылады.
-
Қазақ тілін өз табиғатына сай оқыту. Бұл - қазіргі қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды түбегейлі өзгертудің тетігі болатын ұстаным. Кеңестік кезеңде өзге тілдің қалыбына зорлықпен таңылған қазақ тілінің бүкіл тілдердің әлемдік кеңістігінде қайталамасы жоқ ерекшелігін, даралығын, қасиетін барынша зиялылықпен, тереңдікпен танытуға мүмкіндік беріліп отырған тұста сапалы тілдік білім мен тілді сүюге тәрбиелеудің тізгінін ұстанатын осы қағида қатаң сақталуы тиіс. Өйткені «жас ұрпақтың ұғымы ақпараттарды талдау, топтау, салыстыру, жалпылау, жинақтау секілді логикалық әдістердің көмегімен оның ойлау әрекеті негізінде қалыптасады». Бұл әдістер тек сол тілді өз ерекшелігіне сай меңгеру нәтижесінде таным құралына айналады.
ОҚУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША САҒАТ САНЫ
Курс
Семестр
Кредит саны
Жалпы сағат көлемі
Академиялық сағаттың сабақ түрі мен семестр бойынша жіктемесі
Қорытынды бақылау
Семинар\ Практикалық сабақтар
Лабораториялық сабақтар
КР
СОӨЖ
СӨЖ
3
5
KZ
2
ECTS
2
90
30
-
-
30
30
Емтихан
Негізгі бөлім
1 ПӘН МАЗМҰНЫ
1.1 Семинар / Практикалық сабақтардың тақырыптары
Тақырыптар мен қысқаша мазмұны
Грамматикалық тақырыптар
Апта
Сағат саны
І модуль
Кәсіби саладағы дағдылар мен машықтарды қалыптастыру,
жазбаша сөйлеу технологиясын жетілдіру
1
Мамандығым -мақтанышым.
Заңгер мамандығының бірегейлік ерекшелігі мен маңызы. Бүгінгі қоғамдағы заңгерлердің рөлі. Заңгер тұлғасы.
Кәсіби қазақ тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Кәсіби тіл, оның басты лингвистикалық белгілері. Кәсіби тіл қызметі. «Кәсіби сөйлеу» ұғымы. Кәсіби тілдің базистік концептілері (белгілері)
1-апта
2
2
Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары. Мемлекет пен құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары. Мемлекет пен құқық мәні мен қатынас. Мемлекет пен құқық формалары. Құқық нормалары ұғымы, оның құрылымы. Құқық нормаларының түрлері. Құқықтық қатынастар мазмұны
Кәсіби сөйлеудің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері (мамандық бойынша мәтіндер мысалында)
2-апта
2
3
Қазақ заңдарының түп-төркіні.
Халықтық үлгідегі билер соты. Есім ханның ескі жолы. Қасым ханның қасқа жолы. Тәукенің жеті жарғысы.
Құқықтық дискурс қызметінің ерекшеліктері. Заң мәтіні. Заң мәтінін (заң, бап, ескерту) логикалық құру
3-апта
2
4
Конституциялық құқық негіздері.Конституциялық құқық ұғымы. Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет. Мемлекет билігінің жоғары органдары.
Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Сот және сот төрелігі, Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар.
Заң мәтінінің тілдік ерекшеліктері. Заң мәтіндеріндегі орфография және пунктуация. Заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормалары. Заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормалары.
4-апта
2
5
Азаматтық құқық негіздері.Азаматтық құқық ұғымы. Азаматтық заңнама ұғымы мен оның жүйесі. Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері. Мәміле ұғымы мен түрлері.
Функционалдық стильдер, кітаби стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдері. Заң шығарушы ресми стиль. Клише (тілдік стандарттар). Ғылыми стильдегі мәтіндермен жұмыс (аңдатпа, рефераттау, конспектілеу). Ғылыми мәтінді мазмұндау құрылымы және рәсімдеу ережелері. Ресми іскерлік заң құжаттары (айыптау қорытындысы, талап арыз және т.б.)
5-апта
2
ІІ модуль
6
Әкімшілік құқық негіздері.Әкімшілік құқық ұғымы, пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы мен түрлері. Атқарушы билік органдары.
Мәтіннің лексикалық деңгейі. Лексика түрлері: жалпы қолданыстағы, жалпы ғылыми, терминологиялық лексика, маргиналдық лексика (жаргон, арго). Жалпы және арнаулы құқықтық терминология. Заң мәтініндегі терминдер. Заң терминдерінің жіктелімі. Құқықтық ұғымдар мен категориялар, олардың ғылыми анықтамалары.
6-апта
2
Аралық бақылау 1
ІІІ модуль
Кәсіби саладағы коммуникативтік дағдылар мен сөйлеу машықтарын дамыту,
ауызша сөйлеу технологиясын жетілдіру
7
Отбасы құқығы негіздері.Отбасы құқығы ұғымы мен қағидаттары. Некеге тұру. Некені бұзу тәртібі мен шарттары. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылардың алименттік қатынастары. Бала асырап алу. Қамқорлық және қорғаншылық. Патронат.
Тіл мәдениеті ұғымы. Кәсіби мәдениет. Бәсекелестікке қабілетті маманның қалыптасуындағы кәсіби қазақ тілінің рөлі. Қазақ тіліндегі мәтіндерді бағамдау, кәсіби мазмұндағы монологтік айтылым. Типтік жағдаяттар
7-апта
2
8
Қаржылық құқық негіздері. Бюджеттік құқық негіздері. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Қазақстан ақша жүйесінің құқықтық негіздері. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері. Бюжеттік құрылым. Бюджеттік процесс.
Тіл мәдениеті ұғымы. Кәсіби мәдениет. Кәсіби мазмұндағы монологтік айтылым. Заңгердің кәсіби сөйлеуіне қойылатын талаптар: жүйелілік, логикалылық,
дәлдемелік, тазалық, сөз байлығы, мәнерлілігі. Типтік жағдаяттар
8-9
апта
4
9
Құқықтық дискурс түрлері.Соттағы сөйлеу түрлері: айыптау және қорғау сөзі. Соттағы сөйлеудің құрылымдық ерекшеліктері, композициясы. Соттағы сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінің ерекшеліктері.
Сөйлеуге дайындық әдістемесі. Дәлелдемелердің басты түрлері, материалды іздеу әдістері. Заңгердің сөйлеу техникасы (дикция, интонация, сөйлеу ырғағы мен қарқыны және т.б.) Типтік жағдаяттар
10-апта
2
10
Салық құқығының негіздері.Қазақстандағы салық жүйесі. Салық салу қағидаттары. Салықтық бақылау.
Заңгер мен аудитория қарым-қатынасының тілдік әдістері. Заңгердің сөйлеу имиджі. Сөйлеу кезіндегі пікір алмасудың рөлі. Дауласу мәдениеті. Дауды жүргізудің негізгі формалары. Типтік жағдаяттар
11-апта
2
11
Еңбек құқығының негіздері.Еңбек құқығы ұғымы және еңбек қатынастары.Еңбек құқығының қайнаркөздері. Еңбек құқығының қағидаттары. Жеке еңбек келісімшарты. Жұмыскерлердің жекелеген категорияларының еңбек қатынастарын реттеу. Ұжымдық келісімшарт. Еңбекақы және еңбекті нормалау.
Кәсіби қатынастың психологиялық негіздері. Типтік жағдаяттар
12-апта
2
12
Қылмыстық құқық негіздері.Қылмыс ұғымы, оның элементтері. Экономикалық қылмыстар.
Аудитория назарын аудару тәсілдері. Типтік жағдаяттар
13-14 апта
4
13
Экологиялық құқық бұзушылық. Әлемдік экологиялық мәселелер. Арал
тағдыры - әлем тағдыры. «Семей-Невада» полигоны.
Пікірсайысты жүргізу ережелері. Пікірсайыстың басты тәсілдерінің сипаттамасы.
Қарсыласпен қарым-
қатынас. Типтік жағдаяттар
15-апта
2
Аралық бақылау 2
Емтихан
30
-
Студенттің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ)
СОӨЖ тақырыбы мен мазмұны
Бақылау түрі
Ұсынылатын әдебиеттер
Апта
Сағат саны
1
«Ең қиын мамандық» тақырыбында эссе жазу
Жазбаша:
эссе
[4]-14-22;
[6]-30-34;
[2]-180-186;
1
2
2
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы мәтін бойынша пікір алмасу /презентация дайындау/
Практикалық:
ойталқы, презентация
[6]-34-39;
[4]-32-46;
[7]-20-23;
[3]-7-18;
2
2
3
Әз Тәукенің Жеті Жарғысын бүгінгі ҚР конституциясымен байланыстырып баяндама жасау
Ауызша:
баяндама
[6]-39-43;
[4]-53-61;
[3]-19-24;
3
2
4
Заң тіліндегі актив (пәрменді) сөздерді теріп жазу, олармен мысал келтіру
Картотека
[6]-43-46;
[8]- 19-30;
[2]-176-179;
[4]-204-229;
[7]-64-68;
4
2
5
Қоғам. Адам. Заң.
Құжат тіліндегі тұрақты тіркестер
Жазбаша:
реферат
Картотека
[4]-74-91; 107-132;
[2]-206-207;
[6]-58-60;
5
2
6
Заң терминдерін ерекшеліктеріне қарай топтастыру, жасалуын көрсету.
Картотека
[3]-132-141;141-174;
[4]-70-73;
6
2
7
Аралық бақылау
8
Абай жазған Қарамола ережесі.
Ойталқы, пікірталас
[2]-216-224; 225-230; [6]-79-80;
7
2
9
Тіл туралы Заңның бір бабын алып, оның өмірде іске асырылуы туралы ауызша пікіріңізді білдіріңіз.
Ауызша:
баяндама
[4]-142-151; [2]- 230-238;[6]-81-85;
[5]-3-79;
8-9
4
10
«Билер айтқан екен.... » шешендік сөздерді оқу, мазмұндау
Практикалық:
ойталқы
[2]-239-245;
[4]-183-185;
10
2
11
Бір тақырып таңдап алып, оны әр түрлі стильде жеткізіңіз. Өзара талқылаңыз.
Жазбаша:
шығарма
[2]-245-252; 252-258;[4]-192-199
11
2
12
Ресми стильдегі іс-қағаздар түрлерімен танысу
Жазбаша:
талдау жұмыстарын жүргізу
[7]-322-376;
[2]-258-280;
[6]-97-104
12
2
13
1. ҚР қылмыстық кодексінің баптарын оқып, салыстырып, грамматикалық тұлғалар категорияларына талдау жасау.
2. «Қылмыстық жазаның берілуі байланысты телехабар материалдарына шолу
Практикалық:
топпен пікірталас ұйымдастыру
Жазбаша:
талдау
[4]-4-12;
[6]-30-34;
[7]-3-8;
13-14
4
14
«Сөз әдебі» тақырыбы аясында оқушыларға алдын-ала мынадай тақырыптардың ішінен өздері қалаған біреуіне танымдық материал дайындау:
1. Этикет - мәдениеттіліктің негізі.
2. Этикеттің тарихы.
3. Әр елдің салты басқа... (өзі қалаған
ұлттың этикет нормалары туралы
тұсаукесер).
4. Әлемде талай қызық бар...
5. Ым-ишараларды қолданудағы әдептілік нормалары.
6. Ұлттық салт-дәстүрлердегі әдептілік көріністері.
7. Әлем халықтарының амандасу әдептері,
т.б.
Презентация:
топтық жұмыс
[6]-34-39;
[4]-32-46;
[7]-20-23;
[3]-7-18;
15
2
15
Аралық 1, 2
Емтихан
Барлығы
30
1.3 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
СӨЖ тақырыптары
Бақылау түрі
Апта
Сағат саны
1
Қазақ даласының заңгерлері (хронологиялық реттілікпен)
Презентациялық жоба
1
2
2
Халықаралық полиция (интерпол)
Презентациялық жоба
2
2
3
Заң ретінде қалыптасқан салт-дәстүрлер
Презентациялық жоба
3
2
4
Функционалдық стильдер тілінің сөз бедері
Презентациялық жоба
4
2
5
Қазақстан заңдары (өзге мемлекеттермен салыстырмалы түрде)
Презентациялық жоба
5
2
6
Заң актілері мен нормативтік құжаттардың тілдік-стильдік ерекшелігі
Презентациялық жоба
6
2
7
Абай - құқықтанушы
Презентациялық жоба
7
2
8
Отбасы - тәрбиенің тамаша мектебі
Презентациялық жоба
8-9
4
9
Қорғаушы сөзінің тілдік ерекшеліктері
Презентациялық жоба
10
2
10
Кез келген құқық бұзушылық жағдаятына сот отырысын ұйымдастыру
Топтық жоба
11
2
11
Сот отырысына қатысушылардың позициясы
Презентациялық жоба
12
2
12
ҚР Еңбек кодексінің маңызды тұстары
Презентациялық жоба
13
2
13
Қылмыс сипаты. Қылмыскерді сипаттау
Презентациялық жоба
14
2
14
Арал тағдыры - әлем тағдыры
Презентациялық жоба
15
2
15
Аралық 1, 2
16
Емтихан
17
Барлығы
30
-
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2.1 Негізгі әдебиеттер:
-
Ресми-іскери қазақ тілі, т.1 / ақанова Д.Х. және т.б. Алматы: 2002. - 408 б.
-
Қазақ тілі: оқу құралы / З.Күзекова және т.б. - Алматы: 2008. - 216 б.
-
Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: оқу құралы. - Алматы, 2005. - 168 б.
-
Күзекова З. Қазақ тілі: оқу құралы. - Алматы, 2005. - 168 б.
-
Күзекова З.С. Қазақ тілі. Практикалық курсы: оқулық. - Алматы, 2009. - 160 б.
-
Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі: оқу құралы / А.Алдашева және т.б. - Алматы, 2004. - 152 б.
-
Жалмаханова Ш.Ш. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. - Астана, 2005. - 148 б.
2.2 Қосымша әдебиеттер:
-
Әлісжанов С. Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе: оқу құралы. - Алматы, 2005. - 131 б.
-
Күзекова З.С. Қазақ тілі. Практикалық курсы: оқулық. - Алматы, 2003. - 152 б.
-
Ресми-іскери қазақ тілі, т.2 / Ақанова Д.Х. және т.б. - Алматы: 2002. - 192 б.
-
Бизақов С. Синонимдер сөздігі. - Алматы, 2007. - 640 б.
-
Орфографиялық сөздік / Н.Уәлиұлы және т.б. - Алматы, 2007. - 480 б.
2.3 Нормативтік актілер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз, 1998 ж.
-
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң 16,12,1991
-
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық Заң күшіндегі Жарлық 26.12.1995 ж. // Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Ведомостары 1995 ж. №24 б. 172
-
«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңы 10.12.1993 ж.
-
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 08.12.1993 ж.
-
«ҚР нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 24.03.1998 ж.
-
«ҚР-дағы азаматтық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 20.12.1991 ж.
-
Закон Республики Казахстан «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 19.06.1995 ж.
-
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 17.06.1997 ж.
-
1990 ж. 25 қазандағы «Қазақ КСРО мемлекеттік егемендігі туралы» декларация // Казахстан: этапы государственности. Алматы, 1997 ж.
-
Еңбек туралы Кодекс, 2007 ж.
-
Азаматтық Кодекс (Жалпы бөлім, ерекше бөлім).
-
Қылмыстық Кодекс (Жалпы бөлім, ерекше бөлім).
«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы, п.ғ.к.,ассис.проф.
_______________ Д.Э.Гаипов
«_____» _________ 2015 ж.
СИЛЛАБУС
Пән: - KZL 337 «Кәсіби қазақ тілі»
Кредит: 2
Семестр: 5
Оқытушы туралы мәлімет
Аудиториялық сағат саны мен өтетін орны, уақыты
Офис сағаттары өтетін орын мен уақыты
Байланыс ақпараты
з.ғ.к., ассоц.проф. К.Адилова
МА, ассис.оқытушы Ж.Дүйсебекова
Барлығы - 90 сағ.
Сейсенбі:
сағ. 12.00 - 14.00
5 блок, 1 қабат
Бейсенбі:
сағ. 13.00 - 15.00
5 блок, 1 қабат
7 блок
3 қабат
№ Е 312
Сәрсенбі: сағ: 09.00-10.00
жұмыс тел.
3079565 (360)
8 707 971 13 77
zhainagul.duisebekova@sdu.edu.kz
Қаскелең, 2015
1 ПӘННІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
Пәннің атауы:KZL 337 «Кәсіби қазақ тілі»
Кредит саны: 2 (90 сағат)
Пән оқытушысы: МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова, з.ғ.к., ассоц.проф. К.Адилова
Пәннің жалпы сипаттамасы: Жалпы тілдік дайындық, сондай-ақ құқық пәндері бойынша қазақ тіліндегі базалық білімдерінің болуы бағдарламада көрсетілген материалды табысты меңгерудің шарты болып табылады. Бағдарлама мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби саладағы коммуникативтік қажеттіліктерімен, қазақ тілін кәсіби қызмет құралы ретінде оқытудың мақсат, міндеттерімен, кәсіби заң тілін жақсы меңгерген бәсекелестікке қабілетті маманға деген қоғамның сұранысымен анықталады.
«Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілін оқыту курсы оқу пәні ретінде коммуникативтік-кәсіби бағытты ұстанады және мынадай сипаттарға ие:
-
пәнаралық (қазақ тіліндегі кәсіби сөйлесімде лингвистикалық біліммен қатар конституциялық құқық, азаматтық құқық және т.б. сияқты заң саласының ғана емес, басқа салалардың, мысалы, экономика, тарих ғылымдарының мәліметтері де қолданылуы мүмкін);
-
көпдеңгейлік (сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тілдік құралдары мен дағдыларын игеру қажеттілігі);
-
қызметінің алуантүрлілігі (оқыту мақсаты ретінде де, білімнің түрлі салалары бойынша мәлімет алу құралы ретінде де қолданыла алады);
-
тілді оқыту кәсіби құқықтық дайындықтың құрамдас бөлігі ретінде кәсіпке оқытумен байланыстырылады.
Кәсіби тілдің ауызша және жазбаша түрлері, заң тілінің барлық деңгейлерінің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) құрылымдық ерекшеліктері, заң мәтіндерінің құрылымдық-семантикалық және логикалық құрылуының, сондай-ақ кәсіби бағытталған шығармаларды құру ерекшеліктері, болашақ заңгердің құқықтық, нормативтік құжаттармен жұмысы кезіндегі сыни ойлауын қалыптастыру оқытудың пәні болып табылады.
Кәсіби қазақ тілі курсының мазмұны бағдарламада коммуникативтік, тілдік және тілдік-кәсіби құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін үш тақырыптық модуль түрінде ұсынылған. Кәсіби қазақ тілін оқыту мазмұны құзыреттік әдісі негізінде құрылған. Осымен байланысты коммуникативтік, тілдік, кәсіби бағытталған (алған білім негізінде өз кәсіби қызметін ұйымдастыра алу қабілеті) құзыреттер дамытылады және жетілдіріледі.
Пәннің мақсаты мен міндеттері: Болашақ заңгер студенттердің тілдік қатысымын дамытудың қажеттілігімен анықталған «Кәсіби қазақ тілі» пәнініңмақсаты-қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру, сөйлеу әрекетінің оқылым, жазылым, айтылым, естілім түріндегі коммуникативтік қарым-қатынас дағдылары мен машықтарды дамыту, қоғам өмірінің құқықтық саласы глоссарийін еркін қолдану, әдеби тілдің нормаларын және кәсіби қызметтің феномендерін бейнелейтін арнаулы мақсаттарға арналған тілді игеру. Жоғарыда айтылғанды назарда ұстай отырып, пән мынадай міндеттерді көздейді:
-
студенттерде өз қызмет саласында кәсіби қарым-қатынасқа түсу үшін жеткілікті
кәсіби қатысымдық тілдік және сөйлеу құзыреттері туралы түсінік қалыптастыру;
-
кәсіби қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті тілдік, сөйлеу және дискурстық
құзыреттерін жетілдіру;
-
білім алу және оны шынайы жағдаяттарда туындайтын кәсіби бағытталған проблемалық міндеттерді шешу үшін қолдану барысында студенттерде өз бетінше іздену-зерттеу қызметінің дағдылары, машықтары мен құзыреттерін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
-
тілдің жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру;
-
сөз мәдениетінің сатыларын таныту;
-
тілдің эстетикалық табиғатын таныту;
-
жаңа тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;
-
стиль түрлеріне сай тілдік талғамдарын жетілдіру;
-
жұрт алдында сөйлеуге төселдіру, көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын
меңгерту;
Күтілетін нәтижелер:
-
мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзара қарым-қатынас пен мәдениетаралық қатысымда қолдана алады;
-
мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін құрметтеу және толеранттық негізінде тұлғааралық және мәдениаралық қатысымға қабілеттілік, ұлтаралық, мәдениетаралық қарым-қатынас ережелерін сақтай отырып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтатын ресми шараларға қатысуға, қолдануға, іске асыруға қабілетті болады;
-
қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесі арқылы ойды жеткізу, әңгімелесушіге әсер ету, қазақ тілінде мәтінді сипаттау, хабарлау, талқылау үшін пайдаланады;
-
тілдер мен әдебиет үдерісін Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, мәденитарихи, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен үйлестіреді;
-
сөз мәдениетінің сатыларын меңгереді;
-
сөйлеу тілінің ерекшелігі мен стильдік бедерін ажыратады;
-
сөйлесім әрекеті түрлеріне қатысты сөз мәдениеті дағдыларын біледі;
-
сөйлеу тіліндегі ықшамдылық, үнемділік қағидаларын біледі;
-
жұрт алдында сөйлеуге дайындық сатыларын меңгереді;
-
көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын біледі;
-
пікірталас түрлерін меңгереді;
-
ғылыми көпшілік алдында сөйлеудің шарттары мен міндеттерін меңгереді;
-
әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, ғылым-білім мазмұнды мәтіндерді құрайды.
-
жаңа тілдік жағдаяттарда таңдаған кәсібіне байланысты тілдік құралдарды орынды пайдаланады;
-
сөйлеуде көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін қолданады;
-
пікіралмасуда этикеттік орамдарды пайдаланып, сөйлесушілердің әлеуметтік белгілеріне қарай қарым-қатынас жасайды;
-
ғылыми, ресми стиль түрлерінде тілдік талғамға сай ауызша және жазбаша ойын жеткізеді;
-
мамандыққа қатысты басылымдарда жарияланған мәтіндерге тілдік, стильдік тұрғыда түзетулер жасайды;
-
таңдаған кәсібіне байланысты тақырыптарда пікірталасқа түседі;
-
пікірталас мәдениеті талаптарына сай пікірталас түрлерін ұйымдастырады.
Пәннің пререквизиттері: Практикалық қазақ тілі
Пәннің постреквизиттері: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы
ГЛОССАРИЙ - СӨЗДІК
Академиялық сағат - білім алушының оқытушымен бірге бекітілген кесте бойынша оқу сабақтарының барлық түрінде (аудиториялық жұмыс) немесе жекелей өткізетін жұмыс уақыты;
Белсенді үлестірмелі материал (БҮМ) (Hand-outs) - оқу сабақтарында білім алушының тақырыпты табысты меңгеруіне шығармашылығын арттыратын үлестірмелі көрнекі иллюстрациялық материал (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс тапсырмалары);
Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) - аралық бақылау нәтижелері бойынша белгіленетін білім алушының пәннің оқу бағдарламасын меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
Білім алушының аралық аттестациясы - емтихан сессиясы кезінде оқу пәні мазмұнының бір бөлігін немесе оны оқып болғаннан кейін оқу пәнінің барлық көлемін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін амалдар;
Білім алушының қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемі мен оларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар;
Білім алушының оқудағы жетістіктері - оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;
Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;
Білім алушының оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өзіндік жұмысы (ары қарай - БОӨЖ) - білім алушының бекітілген кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен өткізілетін аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына байланысты ол мынадай түрлерге бөлінеді: студенттің оқытушының жетекшілігімен өткізетін өздік жұмысы (ары қарай - СОӨЖ), магистранттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай - МОӨЖ) және докторанттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай - ДОӨЖ);
Білім алушының өзіндік жұмысы (ары қарай - БӨЖ) - өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай - СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай - МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;
Білім алушының үлгерімін ағымдық бақылау - академиялық кезең үрдісінде оқу бағдарламасына сәйкес оқытушының өткізген аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білім алушының білімін жүйелі тексеру;
Демонстрация (лат. Demonstpatio - көрсету) - барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.
Диалог - екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.
Дискуссия (лат. Discussion - қарастыру, зерттеу) - мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.
Жағдаяттық тапсырма - білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.
Жазылым - сөйлесім, тыңдалым, оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу, көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.
Жеке оқу жоспары - типтік оқу жоспары мен таңдау пәндері каталогының негізінде әр оқу жылына эдвайзердің көмегімен білім алушының өзі құрастыратын оқу жоспары;
Жұмыс оқу жоспары - білім беру ұйымдары мамандықтың типтік оқу жоспары мен білім алушының жеке оқу жоспары негізінде жасайтын құжат;
Кезеңдік бақылау - оқу пәнінің бөлігін (модульді) аяқтағаннан кейінгі білім алушының оқу жетістігін бақылау;
Кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі;
Қорытынды бақылау - аралық аттестаттау кезеңінде емтихан түрінде өткізілген оқу пәнінің бағдарламасын меңгеруін бағалау сапасы мақсатында білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау, егер пән бірнеше академиялық кезеңде оқытылса, онда қорытынды бақылау белгілі академиялық кезеңде оқытылған бөлімі бойынша өткізіледі;
Монолог - бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.
Оқудағы жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингілік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибедегі әріптік жүйеге сәйкес қабылданған және білім алушының рейтингісін анықтайтын оқудағы жетістіктері деңгейін баллмен бағалау жүйесі;
Оқу пәнінің саясаты (грек. Politike - мемлекетті басқару өнері) - оқытушының пәнді оқыту барысында студентке қоятын талап деңгейінің жүйесі.
Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.
Пәннің бағдарламасы (Syllabus) - пәннің қысқаша бағдарламасы, оның құрамында оқытылатын пәннің сипаттамасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, оның қысқаша мазмұны, тақырыптар мен оларды оқу мерзімі, өздік жұмыс тапсырмалары, кеңес беру уақыты, білім алушының білімін тексеру кестесі, оқытушы талаптары, білім алушының білімін бағалау ұстанымдары және әдебиет тізімі беріледі;
Пәннің сипаттамасы (Course Description) - пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады), онда пәннің мақсаты, міндеттері және мазмұны сипатталады;
Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) - жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.
Силлабус (лат. Syllabus - қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.
Семинар - (лат. Seminarum - орда) - жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты - оқу пәнін тереңдетіп оқыту.
Сөйлесім - белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.
Типтік оқу жоспары - білім берудің кәсіби оқу бағдарламасының оқу пәндерінің көлемі мен тізбесін, олардың оқытылу тәртібі мен бақылау формасын белгілеп беретін құжат;
Тыңдалым - меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.
Тьютор - нақты пәнді меңгеруде білім алушының академиялық кеңесшісі рөліндегі оқытушы;
Тренинг - студенттің өзін-өзі танудағы білімі мен дағдысын қалыптастырудың, топтағы адамдармен қарым-қатынастық әдіс жиынтығы. Тренингтің негізгі құралдары топтық дискуссия және рөлдік ойындар болып табылады.
Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - таңдалған бағдарлама бойынша білім алушының бір оқу жылындағы оқудағы жетістіктер деңгейінің орташа есептелген бағасы (барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау бағаларының сандық эквивалентінің кредиттерін ағымдық оқу кезеңіндегі кредиттердің жалпы санына шаққандағы есебі).
2 КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
2.1 Семинар / Практикалық сабақтардың тақырыптарына сипаттама
Тақырыптар мен қысқаша мазмұны
Грамматикалық тақырыптар
Апта
Сағат саны
І модуль
Кәсіби саладағы дағдылар мен машықтарды қалыптастыру,
жазбаша сөйлеу технологиясын жетілдіру
1
Мамандығым -мақтанышым.
Заңгер мамандығының бірегейлік ерекшелігі мен маңызы. Бүгінгі қоғамдағы заңгерлердің рөлі. Заңгер тұлғасы.
Кәсіби қазақ тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Кәсіби тіл, оның басты лингвистикалық белгілері. Кәсіби тіл қызметі. «Кәсіби сөйлеу» ұғымы. Кәсіби тілдің базистік концептілері (белгілері)
1-апта
2
2
Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары. Мемлекет пен құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары. Мемлекет пен құқық мәні мен қатынас. Мемлекет пен құқық формалары. Құқық нормалары ұғымы, оның құрылымы. Құқық нормаларының түрлері. Құқықтық қатынастар мазмұны
Кәсіби сөйлеудің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері (мамандық бойынша мәтіндер мысалында)
2-апта
2
3
Қазақ заңдарының түп-төркіні.
Халықтық үлгідегі билер соты. Есім ханның ескі жолы. Қасым ханның қасқа жолы. Тәукенің жеті жарғысы.
Құқықтық дискурс қызметінің ерекшеліктері. Заң мәтіні. Заң мәтінін (заң, бап, ескерту) логикалық құру
3-апта
2
4
Конституциялық құқық негіздері.Конституциялық құқық ұғымы. Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет. Мемлекет билігінің жоғары органдары.
Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Сот және сот төрелігі, Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар.
Заң мәтінінің тілдік ерекшеліктері. Заң мәтіндеріндегі орфография және пунктуация. Заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормалары. Заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормалары.
4-апта
2
5
Азаматтық құқық негіздері.Азаматтық құқық ұғымы. Азаматтық заңнама ұғымы мен оның жүйесі. Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері. Мәміле ұғымы мен түрлері.
Функционалдық стильдер, кітаби стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдері. Заң шығарушы ресми стиль. Клише (тілдік стандарттар). Ғылыми стильдегі мәтіндермен жұмыс (аңдатпа, рефераттау, конспектілеу). Ғылыми мәтінді мазмұндау құрылымы және рәсімдеу ережелері. Ресми іскерлік заң құжаттары (айыптау қорытындысы, талап арыз және т.б.)
5-апта
2
ІІ модуль
6
Әкімшілік құқық негіздері.Әкімшілік құқық ұғымы, пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы мен түрлері. Атқарушы билік органдары.
Мәтіннің лексикалық деңгейі. Лексика түрлері: жалпы қолданыстағы, жалпы ғылыми, терминологиялық лексика, маргиналдық лексика (жаргон, арго). Жалпы және арнаулы құқықтық терминология. Заң мәтініндегі терминдер. Заң терминдерінің жіктелімі. Құқықтық ұғымдар мен категориялар, олардың ғылыми анықтамалары.
6-апта
2
Аралық бақылау 1
ІІІ модуль
Кәсіби саладағы коммуникативтік дағдылар мен сөйлеу машықтарын дамыту,
ауызша сөйлеу технологиясын жетілдіру
7
Отбасы құқығы негіздері.Отбасы құқығы ұғымы мен қағидаттары. Некеге тұру. Некені бұзу тәртібі мен шарттары. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылардың алименттік қатынастары. Бала асырап алу. Қамқорлық және қорғаншылық. Патронат.
Тіл мәдениеті ұғымы. Кәсіби мәдениет. Бәсекелестікке қабілетті маманның қалыптасуындағы кәсіби қазақ тілінің рөлі. Қазақ тіліндегі мәтіндерді бағамдау, кәсіби мазмұндағы монологтік айтылым. Типтік жағдаяттар
7-апта
2
8
Қаржылық құқық негіздері. Бюджеттік құқық негіздері. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Қазақстан ақша жүйесінің құқықтық негіздері. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері. Бюжеттік құрылым. Бюджеттік процесс.
Тіл мәдениеті ұғымы. Кәсіби мәдениет. Кәсіби мазмұндағы монологтік айтылым. Заңгердің кәсіби сөйлеуіне қойылатын талаптар: жүйелілік, логикалылық,
дәлдемелік, тазалық, сөз байлығы, мәнерлілігі. Типтік жағдаяттар
8-9
апта
4
9
Құқықтық дискурс түрлері.Соттағы сөйлеу түрлері: айыптау және қорғау сөзі. Соттағы сөйлеудің құрылымдық ерекшеліктері, композициясы. Соттағы сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінің ерекшеліктері.
Сөйлеуге дайындық әдістемесі. Дәлелдемелердің басты түрлері, материалды іздеу әдістері. Заңгердің сөйлеу техникасы (дикция, интонация, сөйлеу ырғағы мен қарқыны және т.б.) Типтік жағдаяттар
10-апта
2
10
Салық құқығының негіздері.Қазақстандағы салық жүйесі. Салық салу қағидаттары. Салықтық бақылау.
Заңгер мен аудитория қарым-қатынасының тілдік әдістері. Заңгердің сөйлеу имиджі. Сөйлеу кезіндегі пікір алмасудың рөлі. Дауласу мәдениеті. Дауды жүргізудің негізгі формалары. Типтік жағдаяттар
11-апта
2
11
Еңбек құқығының негіздері.Еңбек құқығы ұғымы және еңбек қатынастары.Еңбек құқығының қайнаркөздері. Еңбек құқығының қағидаттары. Жеке еңбек келісімшарты. Жұмыскерлердің жекелеген категорияларының еңбек қатынастарын реттеу. Ұжымдық келісімшарт. Еңбекақы және еңбекті нормалау.
Кәсіби қатынастың психологиялық негіздері. Типтік жағдаяттар
12-апта
2
12
Қылмыстық құқық негіздері.Қылмыс ұғымы, оның элементтері. Экономикалық қылмыстар.
Аудитория назарын аудару тәсілдері. Типтік жағдаяттар
13-14 апта
4
13
Экологиялық құқық бұзушылық. Әлемдік экологиялық мәселелер. Арал
тағдыры - әлем тағдыры. «Семей-Невада» полигоны.
Пікірсайысты жүргізу ережелері. Пікірсайыстың басты тәсілдерінің сипаттамасы.
Қарсыласпен қарым-
қатынас. Типтік жағдаяттар
15-апта
2
Аралық бақылау 2
Емтихан
30
-
Студенттің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ)
СОӨЖ тақырыбы мен мазмұны
Бақылау түрі
Ұсынылатын әдебиеттер
Апта
Сағат саны
1
«Ең қиын мамандық» тақырыбында эссе жазу
Жазбаша:
эссе
[4]-14-22;
[6]-30-34;
[2]-180-186;
1
2
2
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы мәтін бойынша пікір алмасу /презентация дайындау
Практикалық:
ойталқы, презентация
[6]-34-39;
[4]-32-46;
[7]-20-23;
[3]-7-18;
2
2
3
Әз Тәукенің Жеті Жарғысын бүгінгі ҚР конституциясымен байланыстырып баяндама жасау
Ауызша:
баяндама
[6]-39-43;
[4]-53-61;
[3]-19-24;
3
2
4
Заң тіліндегі актив (пәрменді) сөздерді теріп жазу, олармен мысал келтіру
Картотека
[6]-43-46;
[8]- 19-30;
[2]-176-179;
4
2
5
Қоғам. Адам. Заң.
Құжат тіліндегі тұрақты тіркестер
Жазбаша:
реферат
Картотека
[4]-74-91; 107-132;
[2]-206-207;
[6]-58-60;
5
2
6
Заң терминдерін ерекшеліктеріне қарай топтастыру, жасалуын көрсету.
Картотека
[3]-132-141;141-174;
[4]-70-73;
6
2
7
Аралық бақылау
8
Абай жазған Қарамола ережесі.
Ойталқы, пікірталас
[2]-216-224; 225-230; [6]-79-80;
7
2
9
Тіл туралы Заңның бір бабын алып, оның өмірде іске асырылуы туралы ауызша пікіріңізді білдіріңіз.
Ауызша:
баяндама
[4]-142-151; [2]- 230-238;[6]-81-85;
[5]-3-79;
8-9
4
10
«Билер айтқан екен.... » шешендік сөздерді оқу, мазмұндау
Практикалық:
ойталқы
[2]-239-245;
[4]-183-185;
10
2
11
Бір тақырып таңдап алып, оны әр түрлі стильде жеткізіңіз. Өзара талқылаңыз.
Жазбаша:
шығарма
[2]-245-252; 252-258;[4]-192-199
11
2
12
Ресми стильдегі іс-қағаздар түрлерімен танысу
Жазбаша:
талдау жұмыстарын жүргізу
[7]-322-376;
[2]-258-280;
[6]-97-104
12
2
13
1. ҚР қылмыстық кодексінің баптарын оқып, салыстырып, грамматикалық тұлғалар категорияларына талдау жасау.
2. «Қылмыстық жазаның берілуі байланысты телехабар материалдарына шолу
Практикалық:
топпен пікірталас ұйымдастыру
Жазбаша:
талдау
[4]-4-12;
[6]-30-34;
[7]-3-8;
13-14
4
14
«Сөз әдебі» тақырыбы аясында оқушыларға алдын-ала мынадай тақырыптардың ішінен өздері қалаған біреуіне танымдық материал дайындау:
1. Этикет - мәдениеттіліктің негізі.
2. Этикеттің тарихы.
3. Әр елдің салты басқа... (өзі қалаған
ұлттың этикет нормалары туралы
тұсаукесер).
4. Әлемде талай қызық бар...
5. Ым-ишараларды қолданудағы әдептілік нормалары.
6. Ұлттық салт-дәстүрлердегі әдептілік көріністері.
7. Әлем халықтарының амандасу әдептері,
т.б.
Презентация:
топтық жұмыс
[6]-34-39;
[4]-32-46;
[7]-20-23;
[3]-7-18;
15
2
15
Аралық 1, 2
Емтихан
Барлығы
30
1.3 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
СӨЖ тақырыптары
Бақылау түрі
Апта
Сағат саны
1
Қазақ даласының заңгерлері (хронологиялық реттілікпен)
Презентациялық жоба
1
2
2
Халықаралық полиция (интерпол)
Презентациялық жоба
2
2
3
Заң ретінде қалыптасқан салт-дәстүрлер
Презентациялық жоба
3
2
4
Функционалдық стильдер тілінің сөз бедері
Презентациялық жоба
4
2
5
Қазақстан заңдары (өзге мемлекеттермен салыстырмалы түрде)
Презентациялық жоба
5
2
6
Заң актілері мен нормативтік құжаттардың тілдік-стильдік ерекшелігі
Презентациялық жоба
6
2
7
Абай - құқықтанушы
Презентациялық жоба
7
2
8
Отбасы - тәрбиенің тамаша мектебі
Презентациялық жоба
8-9
4
9
Қорғаушы сөзінің тілдік ерекшеліктері
Презентациялық жоба
10
2
10
Кез келген құқық бұзушылық жағдаятына сот отырысын ұйымдастыру
Топтық жоба
11
2
11
Сот отырысына қатысушылардың позициясы
Презентациялық жоба
12
2
12
ҚР Еңбек кодексінің маңызды тұстары
Презентациялық жоба
13
2
13
Қылмыс сипаты. Қылмыскерді сипаттау
Презентациялық жоба
14
2
14
Арал тағдыры - әлем тағдыры
Презентациялық жоба
15
2
15
Аралық 1, 2
16
Емтихан
17
Барлығы
30
-
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Негізгі әдебиеттер:
-
Ресми-іскери қазақ тілі, т.1 / ақанова Д.Х. және т.б. Алматы: 2002. - 408 б.
-
Қазақ тілі: оқу құралы / З.Күзекова және т.б. - Алматы: 2008. - 216 б.
-
Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: оқу құралы. - Алматы, 2005. - 168 б.
-
Күзекова З. Қазақ тілі: оқу құралы. - Алматы, 2005. - 168 б.
-
Күзекова З.С. Қазақ тілі. Практикалық курсы: оқулық. - Алматы, 2009. - 160 б.
-
Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі: оқу құралы / А.Алдашева және т.б. - Алматы, 2004. - 152 б.
-
Жалмаханова Ш.Ш. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. - Астана, 2005. - 148 б.
-
Қосымша әдебиеттер:
-
Әлісжанов С. Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе: оқу құралы. - Алматы, 2005. - 131 б.
-
Күзекова З.С. Қазақ тілі. Практикалық курсы: оқулық. - Алматы, 2003. - 152 б.
-
Ресми-іскери қазақ тілі, т.2 / Ақанова Д.Х. және т.б. - Алматы: 2002. - 192 б.
-
Бизақов С. Синонимдер сөздігі. - Алматы, 2007. - 640 б.
-
Орфографиялық сөздік / Н.Уәлиұлы және т.б. - Алматы, 2007. - 480 б.
-
Нормативтік актілер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз, 1998 ж.
-
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң 16,12, 1991 ж.
-
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық Заң күшіндегі Жарлық 26.12.1995 ж. // Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Ведомостары 1995 ж. №24, 172 б.
-
«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңы 10.12.1993 ж.
-
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 08.12.1993 ж.
-
«ҚР нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 24.03.1998 ж.
-
«ҚР-дағы азаматтық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 20.12.1991 ж.
-
Закон Республики Казахстан «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 19.06.1995 ж.
-
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 17.06.1997 ж.
-
1990 ж. 25 қазандағы «Қазақ КСРО мемлекеттік егемендігі туралы» декларация // Казахстан: этапы государственности. Алматы, 1997 ж.
-
Еңбек туралы Кодекс, 2007 ж.
-
Азаматтық Кодекс (Жалпы бөлім, ерекше бөлім).
-
Қылмыстық Кодекс (Жалпы бөлім, ерекше бөлім).
4 БІЛІМ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Жұмыс түрлері
Бағалау (балл)
1
Сабаққа қатысу және белсенділік
3
2
Қысқа тестілер мен бақылау жұмыстары (аудиторияда)
10
3
Үйге берілетін практикалық тапсырмалар
17
4
СОӨЖ: топтық жоба, аудиторияда орындалатын практикалық тапсырмалар
10
5
Аралық бақылау
15
6
Қорытынды емтихан
40
Барлығы
100
5 БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ
Әріптік жүйемен
Балдың сандық
баламасы
Балы
Кредиттік жүйе бойынша бағалау
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
A
4,0
95-100
4
өте жақсы
A-
3,67
90-94
B+
3,33
85-89
3
жақсы
B
3,0
80-84
B-
2,67
75-79
C+
2,33
70-74
2
қанағаттанарлық
C
2,0
65-69
C-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
1
D
1,0
50-54
F
0
0-49
қанағаттанарлықсыз
Баға қою саясаты: Семестр соңында бүкіл семестрдегі жұмыстың кумулятивті көрсеткіші болатын ортақ жалпы баға қойылады. Қорытынды баға СДУ-да қабылданған бағалар шкаласына сәйкес қойылады.
Практикалық үй жұмыстарын бағалаудың шарттары: орындалған тапсырма мазмұнының дұрыстығы мен толықтығы, орындау техникасы, баяндау логикасы, уақытында тапсыру.
Емтихандық бағаны қоюдың шарттары: жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы, баяндаудың стилі мен логикасы.
Курс саясаты:
-
кешікпеу және сабақтардан қалмау;
-
сабақ кезінде ұялы телефондарды сөндіру;
-
барлық тапсырмаларды уақытында орындау.
Академиялық тәртіп пен этикалық саясат:
- толерантты болу, басқа адамның пікірін сыйлау;
- қарсылықты дұрыс формада жеткізу;
- адал әрі әділ болу;
- жауапкершілікті сезіну.
Көмек: Өзіндік жұмыстарды орындау бойынша консультация туралы, оларды тапсыру және қорғау, сонымен қатар өтілген материал бойынша қосымша мәліметтер алу үшін және оқытылатын курс бойынша пайда болған барлық сұрақтармен оқытушыға офис-сағаттары кезінде келу.
6 ПӘНДІ ОҚЫП БІЛУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ тілінің стилистикасы ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімнің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезендік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегінде өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз.
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Студенттің оқытушымен өздік жұмысының (СОӨЖ)
мақсаты мен міндеттері
Оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысы кредиттік жүйедегі аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. СОӨЖ кеңес беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. СОӨЖ бұл оқытушымен студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, тұсаукесер, кейс құрастыру, жеке, топтық жобаларды өңдеу және т.б.
Әрбір СОӨЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет (кейстер, ойындар, тестер, сөзжұмбақтар, т.б.). Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды шешуге, талдауға негізделеді.
СОӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық.
Кеңес беру қызметтері:
-
әрбір пән бойынша студенттердің өздік жұмысына көмек беру;
-
материалдарды меңгеруге қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға студентке көмек беру;
-
студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;
-
оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;
-
ғылымилықпен айналысудағы студенттердің өздік жұмысына көмек беру.
СОӨЖ бақылаушылық қызметі білім алуда студенттің ынтасын жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен студенттердің білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. СОӨЖ барысында студент тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).
Стилистика және тіл мәдениеті пәні бойынша СОӨЖ түріне реферат, баяндамалар, конспект, сондай-ақ мысалдар теріп карточка жасап өткізуді жатқызуға болады.
Оларға дайындалу негізінде студенттің ізденуі, алдын-ала қажетті әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, өзіндік көзқарасын білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы студенттің өз бетімен жұмыс жасай білуіне көмегі зор.
Жұмыс түрлері студенттердің ойлау қабілетін дамытады және оқыған материалдарына талдау жасай білуіне көмектеседі.
Тақырыптар бойынша конспект жасау
Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
Конспектте жұмыстың авторының аты-жөні толық жазылады, жұмыс атауы, шыққан баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс.
Тақырып бойынша әдебиеттерді пайдалану
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізуде, олардың тізімін беруде автордың аты-жөнін немесе оқулық атын алфавиттік тәртіпте қадағалау қажет.
Әрбір әдебиет жазылғаннан кейін автордың аты-жөні, оқулықтың шыққан жері, баспасы, жылы мен беттері көрсетіледі. Ал журналдағы мақаланың авторы, мақала тақырыбы, журналдың атауы, нөмірі мен жылдары, баспасы жазылады.
Реферат дайындау
Реферат - баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.
Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.
Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет.
Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Рефератты орындауда баяндама 10-15 минутты қамтиды. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. Берілген сұрақ бойынша өзіндік пікірлерін басқа да топ студенттері білдіруі мүмкін.
Баяндаушыны бағалауда орындаудағы сенімділік, дәлелді нақты таныта білуі, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өзінің көзқарасын білдіруі қадағаланады.
Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.
ҚОСЫМША АҚПАРАТТАРМЕН ЖҰМЫС
1. Студенттер сабақ бағдарламасында қарастырған тақырыптар бойынша күнделікті өз білім-біліктерін дамытып отыруы тиіс. Сондықтан газет, журнал, түрлі әдебиеттерден, ғаламтор материалдары бойынша қосымша ақпараттар жинап, аудиторияда қысқаша баяндап беруге дағдылануы тиіс;
2. Жинақталған қосымша ақпараттар өздік жұмыс папкасында жинақталуы тиіс.
ЭССЕ ЖАЗУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР
Эссе - студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші мезетте студенттің өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе - ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі. Ол студенттердің әр сабақта болған-болмағандығын тексерусіз айқындайтын құрал (сабақтың аяғында студент эссені жазып, оқытушыға тапсырса ғана сабақта болды деп есептелінеді), студенттердің сабаққа белсенді түрде қатыстырудың тиімді құралы (басқа жағдайда студенттің сабақта талқыланған тақырып пен проблема бойынша өз ойларын эсседе келтіруі екіталай).
Эссенің кейбір модификациялары
1) Көршінің сұрағына жауап
Сабақ аяғында студенттер параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Жазып болған соң, студенттердің өз сұрақтары мен жауаптарын жұптасып талқылағаны тиімді.
2) Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе
Эссе студенттің тақырып бойынша бір сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Бұл жерде сұрақтардың адресаттары сан-алуан болу мүмкіндігін ескертіп кеткен жөн: сұрақтарды өзіңе, көршіңе, бүкіл аудиторияға, жеке адамға, оқытушыға, авторға, т.б. қоюға болады. Сұрақтар тіпті ешкімге де бағышталмауы мүмкін (риторикалық сұрақтар).
3) «Үшбу хат»
Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір студентке де жазуға болады.
ЖОБАЛЫҚ /ПРЕЗЕНТАЦИЯ/ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Презентация өткізу жоспары:
/Презентациялар силлабус тақырыптары негізінде болуы қажет/
Кіріспе/өзін таныстыру, тақырыбын атау, бұл тақырыпты алу себебі/.
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Талаптар:
-қызықты өткізуге аса мән беру;
-презентация барысында \қолды шамадан тыс көп сермемеу;
-аудиторияның назарын өзіне қарата алу, аудиториямен байланыс орната алу;
- киім киісіне назар аудару;
-өзін салмақты ұстау;
-сұрақтарды қашан қою керектігін ескертіп кету;
-үлестірме материалдардың болуы/қажет болса/;
- орыс тілін араластырмау;
-презентацияға қойылатынерекшеталаптыңбірі - сандық мәліметтерден басқа материалдарды баяндау барысында қағазға көп қарауға болмайды.
Презентацияға берілетін уақыт: бір студентке 5-7 минут.
7 ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ГРАФИГІ
Бақылау түрі
Апталар
Қорыт.
балл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16-17
1
Сабаққа қатысу және белсенділік
2
Тест тапсырмалары
3
СӨЖ: Үй тапсырмалары
4
Топтық жоба және презентация
5
Аралық емтихан
6
Қорытынды емтихан
Барлығы
*
100
8 Пәнді оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы
KZL 337 «Кәсіби қазақ тілі»
№ р/с
Пән атауы
Студент саны
Әдебиеттер (аты, авторы, жылы)
Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (аты, авторы, жылы)
Дана
1
KZL 337 «Кәсіби қазақ тілі»
40
Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
Кәсіби қазақ тілі [Текст] : оқу-әдістемелік кешені 5В030200-халықаралық құқық мамандығына арналған: 2 курс, 3 семестр / құраст. Б. М. Айтбаева [и др.]. - Электрон. текстовые дан.(475 Кб). - Қарағанды : ҚарМУ басп., 2012. - 66 б.
25/19
Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
Орфографиялық сөздік / Н.Уәлиұлы және т.б. - Алматы, 2007. - 480 б.
15/30
Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз, 1998 ж.
20/50
Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін)
Еңбек туралы Кодекс, 2007 ж.
16/20
Сыздық Р. Ауызша дамыған әдеби тіл. Алматы: Дайк пресс, 2014. - 242 б.
Азаматтық Кодекс (Жалпы бөлім, ерекше бөлім).
10/18
Қылмыстық Кодекс (Жалпы бөлім, ерекше бөлім)
20
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
1-тақырып. Мамандығым -мақтанышым.
Сабақ мақсаты: Кәсіби қазақ тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Кәсіби тіл, оның басты лингвистикалық белгілерін, кәсіби тіл қызметі, «Кәсіби сөйлеу» ұғымын, кәсіби тілдің базистік концептілерін (белгілері) ұғындыру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Жалпы тілдік дайындық, сондай-ақ құқық пәндері бойынша қазақ тіліндегі базалық білімдерінің болуы бағдарламада көрсетілген материалды табысты меңгерудің шарты болып табылады. Бағдарлама мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби саладағы коммуникативтік қажеттіліктерімен, қазақ тілін кәсіби қызмет құралы ретінде оқытудың мақсат, міндеттерімен, кәсіби заң тілін жақсы меңгерген бәсекелестікке қабілетті маманға деген қоғамның сұранысымен анықталады.
«Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілін оқыту курсы оқу пәні ретінде коммуникативтік-кәсіби бағытты ұстанады және мынадай сипаттарға ие:
-
пәнаралық (қазақ тіліндегі кәсіби сөйлесімде лингвистикалық біліммен қатар конституциялық құқық, азаматтық құқық және т.б. сияқты заң саласының ғана емес, басқа салалардың, мысалы, экономика, тарих ғылымдарының мәліметтері де қолданылуы мүмкін);
-
көпдеңгейлік (сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тілдік құралдары мен дағдыларын игеру қажеттілігі);
-
қызметінің алуантүрлілігі (оқыту мақсаты ретінде де, білімнің түрлі салалары бойынша мәлімет алу құралы ретінде де қолданыла алады);
-
тілді оқыту кәсіби құқықтық дайындықтың құрамдас бөлігі ретінде кәсіпке оқытумен байланыстырылады.
Кәсіби тілдің ауызша және жазбаша түрлері, заң тілінің барлық деңгейлерінің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) құрылымдық ерекшеліктері, заң мәтіндерінің құрылымдық-семантикалық және логикалық құрылуының, сондай-ақ кәсіби бағытталған шығармаларды құру ерекшеліктері, болашақ заңгердің құқықтық, нормативтік құжаттармен жұмысы кезіндегі сыни ойлауын қалыптастыру оқытудың пәні болып табылады.
Кәсіби қазақ тілі курсының мазмұны бағдарламада коммуникативтік, тілдік және тілдік-кәсіби құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін үш тақырыптық модуль түрінде ұсынылған. Кәсіби қазақ тілін оқыту мазмұны құзыреттік әдісі негізінде құрылған. Осымен байланысты коммуникативтік, тілдік, кәсіби бағытталған (алған білім негізінде өз кәсіби қызметін ұйымдастыра алу қабілеті) құзыреттер дамытылады және жетілдіріледі.
Келесі сабақ тапсырмасы:«Ең қиын мамандық» тақырыбында эссе жазу.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін)
2-тақырып. Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары.
Сабақ мақсаты: Кәсіби сөйлеудің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерімен (мамандық бойынша мәтіндер мысалында) таныстыру.
Сабақтың қысқаша мазмұны:Болашақ заңгерлердің кәсіби қазақ тілі пәнінен алар білімі нені қамтиды, нені оқыту керек мәселесі бірнеше деңгейлі тілдік топтардың болуын қарастырады. Кәсіби қазақ тілін меңгеру үшін алдымен қазақ тілінің қарапайым деңгейінен жоғары деңгейге сатылай оқытылу қажеттілігі туындайды. Ауызша және жазбаша қатысымнан тыңдалым, оқылым, кәсіби-іскерлік деңгейге өту көзделеді.
Қазіргі кезеңде мемлекеттік тілді барлық мамандық бойынша білім алушыларға үйретумен қатар кәсіби бағытта тілді үйрету мәселесі басты өзектілікке айналып отырғаны баршаға мәлім. Қазақ елінің әлемдік қауымдастықта беделінің артуы мен шетелдік мамандар арасындағы халықаралық байланысының нығаюы білім алушы жастардың кәсіби тілді толық меңгеруіне жол ашуда. Мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде меңгерту мәселесі - бүгінгі таңда аса өзектілікке ие болды. Кәсіби тілді мемлекеттік саясаттан бөліп қарастыруға болмайтынын осыдан көруге болады.
Кәсіби бағытта тілді меңгертуге арнайы бағдарламалар жазылмаса да жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді меңгеруге бағытталған типтік бағдарлама негізінде мәселе жүзеге асырылады.
Кәсіби қазақ тілі пәнін заңгерлер тобында өту барысында жалпы теориясыз үйрету мүмкін емес. Ол үш бөлімнен тұрады: жоғары деңгейдегі қазақ тілінің грамматикасын оқытудан, ресми-іскери және ғылыми стильден, қолданбалы лингвистикалық арнайы мәтіндермен жұмыс түрлерін меңгерту әдістемесінен, яғни, мәтіндер мен затындар (материалдар) мамандығына бағытталады.
Заңгер мамандығы тек қана заңдарды білумен шектелмейді, ол сондай-ақ сөз құрауын сөйлеу және жазу түрінде дұрыс қолданудан тұрады. Кез келген заңгер құжатсыз жұмыс істеуі мүмкін емес, ол мейлі сот, прокурор, тергеуші, қорғаушы, құжат құрастырушы қызметінде жүрсе де көптеген құжаттар қалыптастыратын тұлға болып табылады. Өз кезегінде заңгерге көп сөйлеуге тура келеді, түсіндіру, баяндау, жеткізу шеберлігі де қажет. Кеңес бергенде, түсіндіргенде, ұсыныс айтқанда заңгер көбінесе ауызша сөйлескенде де кәсіби тілді қолданады. Ал талап арызы, келісім-шарт, шағым, өсиет, қаулы, шешім, хаттама, айыптау қорытындысы, үкім, ұйғарым, қадағалау хаты, наразылық құжаты сияқты арнайы заңгерлік құжат түрлерін жасау барысында заңгер-маман арнайы тілдік стандарттарға сүйенеді. Тілдік стандарттар орыс тілінде жасалғанымен қазақ тілінде енді қалыптасып келеді. Парламент қабырғасындағы заң шығару ісімен айналысушы депутаттар парламенттік жарыссөздерде, заң шығару ісінде көптеген қиындықтарды мемлекеттік тілде дайын тілдік стандарттардың қалыптаспауынан кездестіреді.
Тіл - жанды құбылыс, ол үнемі даму, өзгеру үстінде жүзеге асырылатыны мәлім. Шешендік сөз арқылы жарыссөзде, сотта шындыққа жету мүмкіндігі ғасырлар қойнауынан жеткен билер шығармашылығынан көрінсе, әсер ету тілі арқылы нақты шешімге қол жеткізу мүмкіндігі дәлел, айғақ, жауапкершілікті сезінуде эмоциялық құралдың қатарына да тіл жататынының айқын дәлелі болады. Міндеттеу, тыйым салу, өкілеттік ету, құқық түрлеріне қатысты түсіндіру тілдік бірліктері де заңгерлердің кәсіби тілін жетілдіреді.
Баршамызға белгілі болғандай, заңгерлер тілі бір ғана күнде қалыптаспайды. Алайда, орыс тілінің функционалдық қызметі әлі де үстем болып тұрған мемлекеттік-әлеуметтік саланың бірі - заң болады. Студенттердің көптеген ғылыми әдебиеті де орыс тіліндегі басылымдардан, шетелдік ғалымдардың орыс тіліне аударылған оқу-әдістемелік құралдарынан тұрады. Осыдан келіп, мемлекеттік тілде заң шығарудан бастап іс жүргізудегі қиындықтар орысша ойлау мәселесімен астасып жатады. Мәселен, отобрать лицензию, приобщить к делу, составить протокол, причинить вред, доказать виновность, осуществлять надзор тіркестері орыс тілінде взять лицензию, присоединить к делу, сделать протокол, делать вред, показать виновность, проводить надзор түрінде қолданылмайды. Ал, ендеше неге ол тіркестер қазақ тілінде әр түрлі қолданыста болуы керек? Отобрать лицензию - рұқсаттаманы (лицензияны) кері шақыру - алып қою; приобщить к делу - іске қоса тіркеу - іске қосымша тіркеу; доказать виновность - кінәсін дәлелдеу - кінәсін мойындату; осуществлять надзор - қадағалауды жүзеге асыру - қадағалауды іске (іс жүзіне) асыру деп қалыптаспай отырған тілдік стандарттарды көрсетеді.
Сөйлеу тілінде орыс тілінде убить, лишать жизни - прикончить; мошенник - проходимец; лицо - рожа, морда; кушать - жрать, хавать, слопать; замолчать - заткнуться; толкаться - пихаться; доносить - настучать; влюбиться - втюриться; обманывать - врать, надувать; деньги - бабки, капуста; подделка - липа, фальшивка; аферист - проходимец, жулик, прохиндей; расторжение брака-развод; умышленно-нарочно; командировать - послать; уведомить - сообщить т.б. сөздер жарыспалы қолданылса да жазба тілде ресми-іскери стильде тек алдыңғысы ғана қолданылады. Бұл қалыптасқан үрдіс. Ал қазақ тіліндегі заң әдебиеттері мен заңнамаларда тіпті келеңсіз қолданыстардан көз сүрінеді. Мұның өзі заң саласында лексикалық стандарттардың әлі қалыптаспағанын көрсетеді.
Кітаби, бейтарап және сөйлеу тілі лексикасы арасында жаргондардың алар орны ерекше. Қай халықтың болмасын өзіндік сөз қолдану ерекшеліктеріне сәйкес жаргон сөздері болады. Студенттер де тілдік ортаның белсенді мүшесі болғандықтан өзіндік жаргондарға, олардың қалыптасуына үлес қосады. Хвост, завалить экзамен, шпоры, окно, задолженник, училка, летник, повторник т.б. сөздер орыс тілінде қалыптасқан студенттік жаргондардың бір үлгісі десек, қателеспейміз. Ал осы сөздерді қазақша жаргон ету мүмкін емес, сол себепті де олар орыс тіліндегідей қолданылады. Бұл жаргондарды қазақша қолданудың еш қажеттілігі жоқ, ол тура аударылса, мағынасын дәл жаргон түріндегідей бермейді. Әр түрлі маман иелерінің өз кәсіби сөздерімен қатар жаргондары да болады. Мәселен, оқытушы - мұғалімдердегі «окно» - сабақ кестесіндегі бос уақытты айтса, дәрігер - хирургтер көптеген жарақат алған науқасты «сложный череп» (күрделі бас қаңқасы) дейді. Мұндай жаргондар заң бұзушылар арасында жиі кездеседі. Мысалы, перо - пышақ, конверт - қап немесе киім-кешек салынған дорба, фара - көз, поперхнуться - ұрлығын істеп үлгермей қалу, пацан - түрмеде беделге ие адам; пахан - қылмыстық топ басшысы, бригада - қылмыстық іспен айналысушы топ мүшелері, западло-түрме ішкі тәртібін бұзу; легавый - заң орындарына айтып қоюшы; писарь - қалтаны не сумканы кесіп тонаушы; телка - қыз; дело - қылмыстық іс; лох - қолынан іс келмейтін бос адам; базар - әңгіме; наезжать - сөзбен тиісіп кірісу т.б. Заң мәтіндерінде, баспасөз бетіндегі қылмыс әлемі туралы мақалаларда бұл сөздер аудармасыз беріледі, олар өз бояуын аударма тілмен жеткізе алмайды. Мент, мусор, счетчик, крыша, танк, разборка, кинуть, беспредел, бардак, терпила сөздері де қылмыс әлемінің өзіндік жаргондары. Бұл сөздерге қоса заң қызметкерлері арасында қолданылатын кәсіби жаргондар да баршылық. Мысалы, износ (износилование) - әйел зорлау ісі; подснежники - қар ерігенде табылатын қысқы мәйіттер; важняк - аса қауіпті әрі ауыр қылмыстарды тергеу ісімен айналысушы заң қызметкері; висяк, глухарь - ашылуы қиын немесе мүлде ашылмайтын қылмыстық іс, громкое дело - атышулы іс, ксива - қызметтік куәлік; проходить по делу - тергеуден өту; пришить дело - қорқыту арқылы істі басқа адамға жабу; замочить - жою; вещдок - заттай айғақ т.б. Бұлардың бірсыпырасы орыс тілінде воровское арго деп аталады, қазақша қылмыс әлемінің сөздері, яғни кез келген адам түсіне бермейді.
Келесі сабақ тапсырмасы:Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы мәтін бойынша презентация дайындау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін)
3-тақырып. Қазақ заңдарының түп-төркіні.
Сабақ мақсаты: Құқықтық дискурс қызметінің ерекшеліктерін түсіндіріп, заң мәтінін (заң, бап, ескерту) логикалық құруға баулу.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Заң мәтіндері, өз кезегінде, жаргондарды баспасөзден аударып беруге тырысады, алайда, одан оның эмоциялық бояуы бәсеңдеп, түсіндіруі тиіс көп сөзділікке барады.
Майталман, кәнігі, құныққан, әдетке айналдырған, кәсіби, баукеспе сөздері қолданылады. Осы сөздер арқылы заң тіліне ерекше бояулар беріледі. Құқық қорғау органдарына нелер жатады? деген сауалға қатысты сот органдары, прокуратура органдары, әділет органдары мен мекемелері, тергеу және алдын ала тергеу органдары, салық және қаржы, кеден органдары деген сөз тіркестері арқылы кәсіби тіл байлығы қоры толықтырады. Өкілетті мемлекеттік органдарға заң мекемелері, заң шығару органдары, жергілікті өзін өзі басқару органдары мен жергілікті басқару органдары жатады. Ал заңдық күші бар нормативтік актілерге: Президент жарлықтары мен үкімет қаулылары жатады. Тәртіптік жазалау түрлері: ескерту, сөгіс, жеке еңбек келісімшартын бұзу кіреді. Қызметтік қару түрлеріне шолақ қару, тапанша, ұзын дүмді тегіс және кесілген қару; сот сараптамасына енетін түрлерге алғашқы, комиссиялық, кешенді, қосымша, қайта сараптамалар кіреді. Жылжымайтын мүлік түрлері: жер телімдері, ғимараттар, көп жылдық өсімдіктер, жермен байланысты басқа да мүліктер; құнды қағаздарға: облигация, коносамент, акция, заем, пай т.б. жатады. Аталған мысалдардан заңгерлердің кәсіби тілінің ерекшеліктерін көреміз. неге не қатысты, не неге қатысты сауалдарын қою арқылы ойлау жүйесін кәсіппен байланыстыра отырып сөз тіркестерін аламыз. Аталмыш сөз қолданыстары мәтіндерді мазмұндауда жүзеге асырылады, іс тоқтатылады, жауапқа тартылады т.б. сөз тіркестері жүйелі қолданылады.
Етістікті және есімді сөз тіркестерімен жұмыс істеу үшін мәселені талдау, талқылау, парламентке жолдау, іс қарау, құжат толтыру, іс қозғау, күш көрсету, біржолғы жәрдем, өкілеттік беру, қос азаматтық, кеден алымдары т.б. қолданылады. Бұл тіркестердің әрқайсысымен сөйлем құрастыра отырып, студентпен белсенді жұмыс жүргізуге болады.
Кәсіби қазақ тілін үйретуде басшылыққа алар қағидат - мектеп пен жоғары оқу орнындағы қазақ тілі пәнінің жалпыға міндеттілігі. Алайда, үстіміздегі оқу жылында заң факультетінің орыс бөлімінде 1-курс студенттерінің оқу бағдарламасында қателік орын алды. Өйткені, жалпыға міндетті қазақ тілі пәнімен қатар кәсіби қазақ тілі пәні таңдау ретінде қатар 1-семестрде жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде студенттің кәсіби тілді меңгеруіне көптеген қиындықтар әкеледі. Мәселен, тілдің грамматикалық бөлімін, сөздердің байланысу тәртібін , сөйлем түрлерін оқып-білмейінше, өз мамандығына қатысты мәтіндермен, кәсіби құжаттарды жасаумен айналысу ауыр тиетіні белгілі. Ендеше, оқу жоспарын алдымен міндетті қазақ (орыс) тілдерін оқытуға, кейіннен кәсіби қазақ тілін оқыту дұрыс болар еді.
Соңғы кезде қазақ тіліндегі заңдардың қоғамда қолдануға қолайлы, тиімді болуы үшін олардың бірінші кезекте сапалы жазылуы талап етіледі. Кейбір заңдардың мәтіндеріндегі ойды түсіну қарапайым халыққа қиын түсетіні де рас. Заң саласында орыс заңгерлері С.С.Алексеев, И. Грязин, С.А.Боголюбовтің еңбектерімен қатар Н.А.Власенконың «Құқық тілі» (1997), А.С.Пиголкиннің редакциясын басқаруымен «Заң тілі» (1990) атты іргелі зерттеулері арнайы заң мәтіндерінің, заңнамалық актілердің тілін, қылмыс әлемі лексикасын қарастырды.
Қылмыс туралы мәтіннің тілдік қабылдану, пайымдау ерекшелігі тұрғысынан сөз ете отырып, оның көпшілік қолданысына негізделіп жасалған мәтін болғандықтан, күнделікті құқық саласының өмірінде жиі пайдаланатындықтан, екіншіден, қабылдауға икемді, жеткізу жағы сапалы болғаны орынды. Бұл тұрғыдан осы қылмыстық құқық мәтіндері арқылы ойлау мен тіл бірлігін екінші қырынан қарастыра отырып, яғни, ойдың тілде берілу деңгейін оның қабылдаушы тарапынан қабылданушы деңгейін қарастыра отырып дәлелдеуге болады. Тіл қандай да бір ойды жеткізу құралы екені белгілі. Бұл оның негізгі қызметі болып саналады. Тілші-ғалым З.М.Шаляпина «тілдің белгілі қызметті атқарып, ойды жеткізуі барысында «мағына мәтін» моделдерінің арасындағы байланыс қатаң сақталады», - дегені осы орайда орынды айтылған.
Тіл арқылы берілген ойды беруге негізделген мәтіннің қабылдануы оның түсініктілік деңгейіне байланысты. Түсініктілік деңгей туралы Г.Е.Крейдман, А.К.Поливанова еңбектерінде айтылады. «Бір мәтіндер жеңіл түсініледі, екінші мәтіндер қиындықпен түсіндіріледі, ал үшіншілері «түсініксіз мәтіндерге» жатады», - дей келе, ішкі құрылымдық тілдік құралдардың орналасу тәртібімен байланысты екенін айтады.
Заң мәтіндері, оның ішінде, қылмыстық кодекс мәтіндері ойды беру тұрғысынан суық қабылданатын ерекшеліктерге толы келеді. Заң мәтіндері жекелеген салаларға қатысты құқықтар мен ерекшеліктерді анықтап берумен шектеледі. Жеке сала мәтіндермен салыстырғанда қылмыстық құқық кодексінде тікелей барлық қылмыс түрлерін қамти отырып, сол қылмыс түрлері жасалған жағдайда соларға қатысты қарым-қатынасты реттеп беретін болғандықтан қылмыстық кодекс мәтіндерінің тілі барынша суық үдерісте жазылып, тыңдаушы немесе оқушы тарапынан да сол бағытта қабылданады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 56-бабының 4-тармағында: «Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оңталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды», - деген бап мәтінінде болымсыздық мағынада жазылған сөйлемнің өзі суық қабылданады.
Қамау, оқшаулау, мәжбүрлеу, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру, өзіне-өзі қол салу, әскери қызметтен жалтару, ұрып-соғу, психикалық зардап шегу, зорлау, науқасқа көмек көрсетпеу т.б. суық стильді сөздер мен сөз тіркестері халық арасында «жаман» ұғымын түсіндіруге бағытталады.
Заң мәтіндері ресми мәтіндер қатарына жатады, сондықтан да лексикалық тұлғалар қайталанып келе береді. Бір мәтіннің бойындағы ұдайы қайталанатын тұлғаларды «сериялық қолданыстар», «стандарттар», «біртектілік, штампы» деген атаулармен беруге болады. Бұл ресми-іскери стильдің басты сипаты болса, заң мәтіндеріндегі міндеттеуші пайымдау да осы қайталанба сөздерді басшылыққа алады. Айқындау, қолдану, жүзеге асыру, шектеу, болып табылады, босатылады, құқылы, жауапқа тартылады т.б. сөздер мен сөз тіркестері заң мәтіндеріндегі «жауаптылық» пайымдауын көрсету үшін қолданылады. Немқұрайдылық, салғырттық сөздерінің заң мәтіндерінде қолданылуы қазақ тіліндегі салақтық сөзінің орнына қолданылып, «жауапсыздықпен қарау» мағынасының прагматикалық мәнін аша түседі, бұл небрежность, халатность сөздерінің мағынасын толыққанды түсіндіреді.
Қылмыс-қоғам айнасы болса, адам қоғамы қылмыссыз болмайды. Қылмыстан жирендіру мақсатында суық қабылданар сөздер көп ретте тәрбиелік мәнге ие болады. Зинақорлық, жезөкшелік, жеңгетайлық, әлімжеттік т.б. сөздер жай сөз емес, терминге айналған. Заң мәтіндері тым қарапайым жазылуы мүмкін емес, өйткені ол ойдағы дәлдік пен нақтылықты басқаша түсіндіре алмайды, эмоция-экспрессиясыз жинақы жеткізу үшін де қабылдау ерекшелігі керек.
Келесі сабақ тапсырмасы: Әз Тәукенің Жеті Жарғысын бүгінгі ҚР конституциясымен байланыстырып баяндама жасау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
4-тақырып. Конституциялық құқық негіздері.
Сабақ мақсаты: Заң мәтінінің тілдік ерекшеліктері, заң мәтіндеріндегі орфография және пунктуациясын, заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормаларын, заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормаларын үйрену.
Сабақтың қысқаша мазмұны:Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік. Қазақ әдеби тілінің белгілері. Әдеби тілдің стильдік тармақтары. Кітаби тілдің ерекшеліктері, ауызша және жазбаша түрлері. Кітаби тіл мен сөйлеу тілінің ортақ белгілері. «Заңдастырылған нормалар».
Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері. Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары. Сөйлеу тілінің мақсаты. Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері. Сөйлеу тілінің фонетикалық-морфологиялық ерекшеліктері, синтаксистік ерекшеліктері.
Кітаби тіл және оның айырым белгілері. Кітаби тілдің өзіндік белгілері. Кітаби тілдің стильдік тармақтары. Монологтың түрлері: сипаттау,баяндау,пайымдау олардағы кітаби тілдің қолданылу сипаты.
Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Көркем шығарма жанрларының тілдік ерекшеліктері. Жеке суреткердің стильдік қолтаңбасы.
Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильдің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты,стильдік сипаты, тілдік амал тәсілдері. Публицтистикалық шығармалардың тілдік белгілері.
Ресми іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар стилінің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал тәсілдері. Іс қағаздарының тілдік ерекшеліктері.
Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің негіздік белгілері: қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Ғылыми еңбектердің тілдік ерекшеліктері.
Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары. Орфографиялық нормалар. Фонетикалық қағидат. Тарихи -дәстүрлік қағидат. Айырым қағидаты. Орфоэпиялық нормалар:сөз үндестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар. Орфоэпиялық нормалардың орнығуының алғы шарттары.
Тілдік жүйе және норма. Тілдік норманың анықтамасы. Әдеби тілдің «заңдастырылған» нормасы. Тілдік норма-әдеби тілдің ең маңызды элементі. Тілдік норма мен тілдік жүйенің өзара байланысы.
Тілдік норма және дағды. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының өзара үйлесімі мен қайшылықтары. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының тілдік нормаға айналуы. Объективті нормаға тән қасиеттер.
Қатаң норма. Қатаң норманың тіл жүйесімен бұлжымас бірлігі. Қатаң норманың қалыптасуы. Фонетикалық, лексикалық қатаң нормалар.
Босаң норма. Босаң нормалардың қолданылуының себептері. Босаң норма -тілдің түлеуінің көрінісі. Босаң нормалардың тіл мәдениетіне қатысы. Аналитизм құбылысының артықшылығы мен кемшілігі.
Тілдік норма және стиль. Вариант сөздердің тіл нормасымен қатысы. Жарыспалы қолданыстардың стильдік реңктері. Терминдер мен терминдік ыңғайдағы сөздердің экспрессиялық баламалары, олардың тілдегі рөлі.
Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі, олардың қоғамда қабылдануы. Жарыспалы сөздерді саралап қолдану шарттарының сөз мәдениеті мен байланысы.
Тіл мәдениетінің тірегі - әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен байланысты болғандықтан, тіл мәдениетінің ұғымы кең.
Әдеби норма дегеніміз - тілдің таңдамалы, қолайлы, ойпікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.
«Әдеби тіл - белгілі нормалары бар жүйелі тіл. Тілдің әдебилігі сол тілде сөйлейтін адамдардың баршасына түсінікті және олардың бір-бірімен ортақ қарым-қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуы оның (сол тілде) орныққан жүйелі нормалар негізінде ғана жүзеге аспақ» (С.Исаев). Демек, әдеби тіл болуы үшін оның жалпыға ортақ тілдік нормалары болуы сөз мәдениетінің басты белгілерінің бірі.Тілдік норма - ауызекі және әдеби тілдің қалыптасқан үлгісі, халықтың бәріне түсінікті тілдік амалдардың жиынтығы. Әдеби тілдің әр түрлі даму кезеңдерінде тілдік құралдарды дұрыс қолдану тәртібі, ережесі. Әдеби тілдің нормасы: жалпыға ортақтығымен, түсініктілігімен, міндеттілігімен, тілдік жүйеге, тілдік модельдерге сәйкестігімен ерекшеленеді. Норма әдеби тілдің ауызша, жазбаша түріне міндетті бола отырып, тілдің барлық жақтарын (салаларын) қамтиды.
Келесі сабақ тапсырмасы:Заң тіліндегі актив (пәрменді) сөздерді теріп жазу, олармен мысал келтіру.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
5-тақырып. Азаматтық құқық негіздері.
Сабақ мақсаты: Функционалдық стильдер, кітаби стиль және ауызекі сөйлеу стилімен таныстыру. Заң шығарушы ресми стиль, клише (тілдік стандарттар), ғылыми стильдегі мәтіндермен жұмысқа (аңдатпа, рефераттау, конспектілеу) бейімдеу. Ғылыми мәтінді мазмұндау құрылымы және рәсімдеу ережелерімен таныстыру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Функционалды стилистикада дау тудыратын көптеген мәселелер бар екені сөзсіз. Ғалымдар көркем сөйлеудегі лингвостилистиканың статусы қандай, функционалды стильді бөліп қарастырудың критерийлері қандай, сөйлеу стилі мен тіл стилін бөлу қаншалықты дұрыс, сөйлеу типтері, сөйлеудің функциональды нұсқалары (типтер, түрлер), тілдің, сөйлеудің функционалды стильдері, сөйлеу стильдері, регистрлер т.с.с. Тұжырымдар мен пікірлердің көптігіне байланысты бір ғана ғылыми жұмыс ішінде олардың барлығын қарастыру мүмкін емес.
Ауызекі сөйлеу - жалпы ұлттық тілдің еркін қарым-қатынаста кодталған кітаби сөйлеумен қарама-қарсы қойылған жағдайда қолданылатын функционалды түрі. Ауызекі сөйлеу стилі көбіне ауызша-диалогты формада жүзеге асады. Бірақ ол жазбаша мәтіннің ауызекі сөйлеу белгілеріне тән емес деп айтуға болмайды. Ауызекі сөйлеу ерекшелігі әдетте тұрмыстық жағдайда, диалог құрғанда және көркем сөз шығармашылығында қолданылады. Функционалды стилистиканың шегі мен мазмұнын айқындаушы тұжырымдарды анықтауға болады: бірі-біріне қарама-қарсы қойылған және өзара диалектикалық әрекетте болатын ауызекі сөйлеу мен кітаби дәстүрлі тілдік қолдануда жалпыұлттық тілде функционалдық жоспарда екі кіші жүйе бөлінеді: ауызекі сөйлеу және кітаби. Тілдің әртүрлі функционалдық реңктерде болатыны, адам іс-әрекеті осы әрекетті жүзеге асырушы құрал ретінде тілді қолданатыны, «тіл жүйелердің жүйесі» формуласын «Тіл функционалдық стильдердің жүйесі» деп айтуға болатыны көптеген тілдер материалдарымен дәлелденіп, көрсетілген.
Сөйлеудің екі түрін қарама-қарсы қою барлық дамыған әдеби тілдерде болады. Осыған байланысты функционалды-стилистикалық саралау үдерісі әр түрлі тілдерде бірдей жүреді деуге болады. Бұл - тілдің әлеуметтік табиғатын және ауқымды түрде стильдердің экстралингвистикалық шартталатынын дәлелдейтін бір дерек. Қорытындылай келе, мынадай тұжырым айтуға болады: белгілі бір тілдің функционалды-стилистикалық бөлінуі нақты бір тарихи кезеңде құрылуына қарамастан, оған тән сипаты мен іргелі белгісі ретінде кітаби және ауызекі сөйлеудің бірі біріне қарама-қарсы қоятын қасиеті айқын көрініп тұрады. Тілді зертетушілер бірқолдан өзге функционалдық типтерде белгіленбеген ауызекі сөйлеу жүйесіндегі мына экстралингвистикалық стиль түзуші факторларды атайды: шартталған ситаутивтілік, дайындалмағандық, қарым қатынастың бейресмилігі, нақты адресатқа бағытталғаны. Сонымен қатар жалпы лингвистикалық белгілерде белгіленіп көрсетіледі: акцентуация мен интонация құралдарының жоғары белсенділігі; айтылымның рема - темалық (тема үнемі түсіп қалады) ұйымдастырылуы бұзылатын имплициттік; вербальды емес құралдың белсенділігі; нақты лексиканың көп болуы; есімдіктердің белсенділігі; сөйлемдердің толық құрылымдығының болмауы; сөз тудырудың ерекше модельдері; демеуліктердің, одағайлардың, модаль сөздердің, жалқы есімдердің белсенділігі; фразелогизмдердің, мақал-мәтелдердің кең қолданылуы; лепті және сұраулы сөйлемдердің жиі қолданылуы т.б.
Келесі сабақ тапсырмасы:«Қоғам. Адам. Заң.» тақырыбында реферат дайындау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
6-тақырып. Әкімшілік құқық негіздері.
Сабақ мақсаты: Мәтіннің лексикалық деңгейі, лексика түрлерімен, заң терминдерінің жіктелімімен таныстыру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) - ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты, айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады.
Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.
-
Арнайы кәсіп сферасында қолданылуымен;
-
Ұғымдарды білдіруімен;
-
Өзіндік грамматикалық жасалу жүйесімен ерекшеленеді.
Қазақ тіліндегі кірме терминдер қазақ терминологиясының, лексикасының едәуір бөлігін құрайды.
Қазақ терминологиясының қорына негізгі екі бағытта кірме терминдер енеді:
-
Орыс тілі терминдері.
-
Халықаралық терминдер.
Еуропалық кірме терминдері қазақ лексикасында өте көпкездеседі. Онда екі бағыт байқалады.
-
Бірінші: шетел терминдерін неғұрлым қазақшалап қабылдау.
Мәселен, метод - әдіс, баланс - тепе - теңдік, анализ- талдау, интеграция - бірігу т.б.
-
Екінші: өзге тілден баламасы табылмаған жағдайда тіліміздің
дыбыстық жүйесін ескере отырып қабылдау: солярка-сәләркі,(орфэпиясы) керосин-кірәсін (орфроэпия) резинка-резеңке т.б.
Кірме күрделі терминдерді құрылымына қарай екі топқа жіктеп
қарастырылды:
1. Екі компоненті де өзге тілден енген терминдер. Біріншітопқа: биосфера, кронблок, метаморфоза, термометр,гидростатистика, вискозиметр, борометр.
2. Бір компонентті кірме сөзден екіншісі төл сөзден тұратынтерминдер. Екінші топқа: автокөтергіш, гидросоққыш,автотұрақ т.б.
Бір компонентті төл сөзден, екіншісі кірме сөзден тұратын тіркесті терминдер: бензин буы, газ қондырғылары, цемент ертіндісі, герметикалық құрылғы, бұрғылау мастері, нақтылы диаметр, бұрғы станогі, құбыр муфтасы, бұрғылау технологиясы т.б. Енді осы терминдердің тағы бір ерекшелігі көп жағдайда екінші компонентіне тәуелдік жалғауының үшінші жағында келетін терминдер: газ қысымы, жуу секторы мотор майлары, бұрғылау рейсі, ротор ішпектері, газ торабы т.б. Төл терминдер мен кірме терминдер деп қараудың нәтижесінде ол терминдердің ара салмағы айқындалып, кірме терминдер шығу төркіні жағынан қай тілдің сөздері екені белгілі болады.
Қазақ тілінде калька жолменжасалған терминдер қатарын екігебөлуге болады. Жалпы, калька (фр.</<font color="#252525"> calque - көшірме) - өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер арқылы дәлме-дәл көшіріп алу. Әрбір шет тілдік негіздегі бірліктерін аударушы тілдің төл тәсілдерімен көшіріп суреттеу ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі қазақ тіліндегі калька негізінен 6 түрлі болады.
-
Дара терминдер: жарылыс(взрыв), шөгінді (осадки), ілмек
(крюк), талдау (анализ), түйісу(контакт), түп (забой), араластыру(смещение), қабат (слой), қатпар(складка), дабыл (сигнал) т.б. тілде
бар сөздер негізінде туындағандербес сөздер. Дара терминдер орыс
тіліндегі мұндай терминдердіңморфологиялық құрылымынмеңгере отырып, тілде бұрыннан барсөздерінің негізінде пайда болғандербес терминдер.
-
Күрделі терминдер (тіркесті терминдер): сығу дәрежесі (степень сжатия), бұралқы су (сточная вода), құбыр басы (трубная
головка), түпті бекіту (креплениезабоя), айдау қақпағы(нагнетательный клапан), қысымөлшегіш (манометр), тоқ сызығы
(линия тока), аумалы қысым(критическое давление).
Ана тілі мүмкіншілігін пайдаланудың жолы калька тәсілі десек,
ғылыми лексикадағы, яғни орыс не шет тілдерден енген сөздерді тұлғалық(құрылымдық), мағыналық жағынан сөзбе-сөз аударуды былайшыкөрсетуге болады:
Мағыналық калька
Көтергіш - лифт
Табиғи - натурально
Қойнау - недро
Өңдеу - переработка
Қозғалтқыш - двигатель
Сынама - проба
Тұлғалық/құрылымдық калька
Автотұрақ - автостоянка
Автожуғыш - автомойка
Автожол - автодорога
Құрғақ газ - сухой газ
Қыздырғыш - подогреватель
Дайындау - подготовка
Тұтынушы - потребитель
Құрылым - структура
Жылу алмасу - теплообмен
Жылу тасығыш - теплоноситель
Калькалау тәсілі арқылы жасалған аударма туралы не айтар едіңіз?
Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Араб тілінен: карз-қарыз, акы, хәзинә-қазына, саясат, шарт, файда-пайда, олжа, өсім, процент,кәсіб-кәсіп, ұтыс, ұтып алу, мирас, маалумат-мәлімет, мулк-мүлік, сафат-сапа.
Ағылшын тілі арқылы кірген нарықты экономикаға байланысты шетел терминдері өзгеріссіз алынады. Төменде солардың біразын мағыналарымен берейік:
Аванс- бірінші,материалдық игілік, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдағы төленетін төлем есебінен берілетін ақшалай сома. Екінші, есеп айырысу тәсілдерінің бірі, онда кредитор (несие беруші) келісім шартта көрсетілген банкіден өзіне тиесілі төлемді келісім шарт жасасқан жақтар белгілеген шарттармен және мерзімінде алады. Үшінші, есеп айырысатын құжат немесе ақша құжаты, ол жөнелтілген тауар үшін тауар-көлік құжаттарын арнайы қалдырылған қаражат есебінен немесе аккредитивті ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын беру жөнінде бір кредит мекемесі басқа бір мекемеге жүктейтін тапсырма.
-
Кірме терминдер дыбыстық құрамы, тұлғалануы мен дыбысталуы жағынан төл терминдерден ерекшеленіп, оқшауланып тұрады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемделінбей қабылданғандықтан олар үндестік заңына бағынбай жұмсалады. Интернационалдық терминдерді өзгертпей қабылдау - өз тіліміздің мүмкіндігін шектеу деген сөз. Ол туралы академик Ә.Қайдаров «Тіл-тілдердің арасында ортақ интернационализмдер болмаса немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік ұғымдарының бәрін шет тіл сөздері арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытып отырған. Бұл салада біз Қытай, Жапон, т.б. халықтарды жақсы білеміз», - дейді. Қазақ тілінің экономикалық терминдері де өз бастауын халықтың өмір сүру, күн көрісіне байланысты байырғы, қарапайым сөздерден алған: айырбас, төлем, өнім, қүн, қор, несие, мұра, қарыз т.б.
-
Термин - әр елдің өз тіліне аударылып алынса да, мысалы, «еңбек», «ақша» немесе халықаралық сөзбен алынса да, мысалы, «биржа», «банк» «терминал», «валюта», «банкомат» сияқты сөздер бәрібір халықаралық болады, себебі олар халықаралық деңгейде қолданылатын ортақ ұғымдарды білдіреді.
Келесі сабақ тапсырмасы:Тіл туралы Заңның бір бабын алып, оның өмірде іске асырылуы туралы ауызша пікіріңізді білдіруге дайындалып келу.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
7-тақырып. Отбасы құқығы негіздері.
Сабақ мақсаты: Бәсекелестікке қабілетті маманның қалыптасуындағы кәсіби қазақ тілінің рөлін айқындау.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Адам о бастан қарым-қатынас жасауға икемді, басқалармен өзара әрекеттесуге мүдделі. Коммуникация тек қауымның ғана емес, құқықтың да өмір сүру шарты мен формасы.
Еліміз тәуелсіздік алып, азаматтық қоғамның қалыптасуы құқықтың маңызын арттыра түсті. Қазіргі таңда заңгердің көмегіне жүгінбейтін әлеуметтік саланы табу мүмкін емес. Олар заң шығару, орындаушы және сот билігінде, прокуратура мен адвокатурада қызмет етеді. Кәсіпорындарда, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелерінде, коммерциялық құрылымдарда, қоғамдық бірлестіктерде құқықтық бөлімдер, бюролар ашылған, заңгер қызметіне арнайы штат бөлінген. Заңгерлер заңнамалық және заң шығару органдарының басқа да комитеттерін басқарады. Олардың барлығы да қызмет барысында қарым-қатынасқа түседі. Заңгерлердің кәсіби қатысымы басқа сала мамандары қатысымынан өзгеше, қызмет сипатына қарай өзіндік ерекшеліктерге ие.
Құқық саласындағы тілдік қатысым мәселесі ғалымдар назарына ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап іліккен. Мәселен, құқықтық мәтіндер мәселесін И.Н.Грязин, құқықтанудың семиотико-лингвистикалық аспектілерін Н.А.Власенко зерттеген. Ал В.П. Сальников, С.В. Степашин, Н.И. Хабибулина еңбектерінде коммуникация саяси билік ретінде қарастырылса, И.Н. Гомеров коммуникацияны қоғам мен мемлекеттің өмір сүруіне қажетті шарт деп тұжырымдады. Заңгерлік диалог А.О. Солодухин, О.А. Солодухина еңбектерінің нысаны болды. А.В. Поляков құқықтың коммуникативтік концептісі жайлы жазды. Оның пікірінше, құқықтық коммуникация дегеніміз субьектілер арасындағы құқықтық мәтіндердің әлеуметтік интерпретациясы негізінде туындайтын құқықтық өзара әрекет.
Соттағы коммуникация П. Сергеич, А.Ф. Кони, Н.Н. Ивакина, Н.С. Алексеева және З.В. Макарова еңбектерінде зерттелсе, сот шешендігі А.А. Волков еңбегінен көрініс тапқан. Отандық ғалымдар ішінде сот шешендігіне байланысты Г.Гиздатов, С.Негимов, К.Халиков, Е.Серімов қалам тербеген.
Заңгерлік жұмыс - өте күрделі және ауқымды қызмет. Оның мазмұны бір жағынан Конституциямен бекітілген азаматтардың құқығын қорғауды, ал екінші жағынан әр азаматтың құқықтық нормаларды қалтқысыз сақтауын қамтамасыз етуді, кез келген қоғамға қарсы және заңға қайшы әрекеттермен, қылмыспен күресуді қамтиды.
Мазмұнына қарай заңгерлік қызметтің мынадай түрлері бар: төрелік ету, прокурорлық қадағалау; азаматтар мен ұйымдарға құқықтық көмек көрсету (адвокаттық қызмет), нотариалды әрекеттер жасау; мемлекеттік органдардағы, кәсіпорындардағы және ұйымдардағы құқықтық жұмыс. Құқықтық қызметтің аталған түрлеріне құқықтық мамандықтар да сәйкес келеді: тергеуші, прокурор, сот, адвокат, нотариус, құқықтық кеңесші.
Заңгердің кәсіби қызметіне ең алдымен, құқықтық іс жүргізу жатады. Құқықтық істерге қылмыстар, азаматтық даулар, еңбек құқығының бұзылуына байланысты туындаған дау-жанжалдар, құқықтық нормаларға сәйкес қарастырылатын және шешілетін басқа да жағдайлар жатады.
Құқықтық іс жүргізу құқықтық мәні бар әрекеттер (куәгерлерді шақыру, айыптау, сот шешімін шығару, іс бойынша шағымдану және т.б.) жасауды талап етеді. Бұл жұмыс көбінесе «өндіріс» деп белгіленеді.
Заңгердің кәсіби әрекетіне заңды күші бар әрекеттер бекітілетін және көрініс табатын құқықтық құжаттар жасау, сондай-ақ құзыретті органдарда ауызша сөйлеу, мәселен, істі қарау барысында заңды талаптар, өтініштер, қатынас-қағаздар тұжырымдалатын және негізделетін сотта сөйлеу, төрелік ету жатады.
Кеңес беру де маңызды орынға ие, яғни кеңес беру, түсіндіру, ұсыныс беру және т.б. Сот, прокурор, адвокат әрекетінде кеңес беру көбінесе маңызды орынға ие. Демек, заңгер өзінің кәсіби қызметін атқаруда «сөйлейді», «жазады» және «кеңес береді».
Заңгердің кәсіби әрекеті тікелей адамдармен байланысты, тұлғааралық қатысым үдерісінде жүзеге асады, сондықтан «адам - адам» жүйесіне жатады. Мысалы, тергеуші қылмыстық істі дұрыс ашу үшін маңызы бар жағдайларды анықтау барысында адамдардан өзіне қажетті сенімді ақпараттарды ала білуге тиіс.
Заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырушы өкілеттілігіне ие прокурор үнемі басшылармен және министрлік, ведомстволар өкілдерімен, жергілікті басқару органдарымен, әкімшілік органдармен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекет етеді, арызданушы, шағымданушы азаматтарды қабылдайды. Прокурор сот отырысына қатысады. Ол сот талқылауы кезінде туындайтын сұрақтар бойынша қорытынды жасайды; сотқа қылмыстық жазалау шараларын қолдану туралы өз пікірін білдіреді; талап арыз түсіреді; қылмыстық істер бойынша сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды; соттың заңға қайшы шешіміне, үкіміне, қаулысына, сот орындаушыларының заңсыз әрекеттеріне шағымданады. Прокуратура қызметкерлері құқықтық сауаттылыққа үндейді, азаматтар мен еңбек ұжымдарының жиналыстарында баяндама жасайды.
Қылмыстық істі тергегендегі прокуратураның міндеті: фактілердің дәлдігін, қылмыстың жасалуын, обьективтік негіздер бойынша сотталушының кінәлілігін дәлелдеуге келіп сайса, адвокат қызметінің негізгі желісі: қылмыстық жауаптылыққа тартылған кісіге оның азаматтық құқығын қорғау үшін заң тұрғысынан қолдау, білікті ақыл-кеңес беруден тұрады. Екеуі де өздерінің көзқарастарын сот алдында ауызша сөйлеу түрінде жалпыға паш етеді. Адам тағдыры таразыға салынар жүргізіліп жатқан сот процесінде бұл бөліктің қылмыстық істі қарап, шешім шығарардағы алатын орны алабөтен ерекше [1.78].
Адвокаттың міндетіне азаматтар мен ұйымдарға құқықтық көмек көрсету кіреді. Ол құқықтық сұрақтар бойынша кеңес және түсінік, заңнамалар бойынша ауызша және жазбаша анықтама береді, арыз, талап арыз жазуға және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды толтыруға көмектеседі, жалпы юридикциялық, төрелік сотта және басқа да мемлекеттік органдарда азаматтық, еңбек істері, экономикалық дау, әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өкілеттілік танытады. Адвокаттардың алдын ала тергеу органдарының әрекетіндегі қызметінің маңызы зор. Ол сотта жәбірленушінің, азаматтық арызданушы немесе азаматтық жауап берушінің өкілі, қорғаушысы болады. Клиентімен жақсы қарым-қатынас орнату, оның сеніміне кіру - адвокаттың кәсіби міндеті.
Әділеттілік орнатуда маңызды қызметті судьялар атқарады. Ол азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және т.б. сот отырыстарына төрағалық етеді. Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік биліктің, органдардың азаматтардың құқығын шектейтін заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдарды қарайды. Мұның барлығы төзімділікті, адамдардың психологиясын жақсы білуді, олармен қарым-қатынас жасай білуді талап етеді. Сот процесі дауласқан екі жақтың жасындай жарқылдаған пікір-таластарынан, қисынды дәлелдерден, нақ та дәл, көрікті де көркем сөйлуден тұратын кеңстікті құрайды.
Ішкі істер органдарының бөлімшелерінің қызметкерлері құқық қорғау қызметімен бірге басқару қызметін, бөлімшелерді, аппараттарды басқару қызметін де атқарады, халыққа құқықтық тәрбие беру ісін де жүзеге асырады. Демек, заңгер өз қызметінде тек заңды пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар, түсіндіреді, дәлелдейді, иландырады. Сондықтан ол «кәсіби коммуникант» болуы тиіс, яғни уақыты мен күш-қажырын үнемдей отырып, коммуникативті мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін адамдарға әсер етудің арнайы дағдыларын белсенді түрде пайдалана білуі қажет. Заңгердің тұлғааралық қатынасының деңгейі неғұрлым жоғары болса, ол кәсіби міндеттерін де соғұрлым тиімді шешеді.
Зерттеушілер тілдесімнің негізгі мынадай қызметтерін көрсетеді:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпаратты қабылдау және жеткізу);
2) реттеушілік-коммуникативтік (бірлескен әрекет үдерісінде әрекеттерді өзара түзету);
3) аффективті-коммуникативтік (эмоционалдық қатынастың жеткізілуі) [2.78]. Заңгердің кәсіби қатысы осы үш қызметті толығымен атқарады.
Құқықтық саладағы коммуникацияның негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылады:
-
Тілдік әрекеттің ауызша формада дамуы. Ауызша форма заңгердің сөз болып отырған жағдайды тікелей, неғұрлым толық қабылдауына мүмкіндік береді.
-
Тілдік әрекеттің құрылымдық жағынан құқықтық құралдардың көмегімен нақты өмірдегі қарастырылып отырған, шешілуге тиіс жағдайға байланысты ұйымдастырылуы.
-
Заңгерлік тілдік қатысымның нормативті түрде реттелуі және тілдік құралдардың құқықтық реттеудің пәні мен әдісіне қарай таңдалуы.
-
Заңгердің тілдік әрекетінің құқықтық ережелермен анықталатын кеңістіктік-уақыттық шектеулілігі.
-
Кәсіби тілдік қатысымның міндеттілік сипаты (заңгердің белгілі бір құқықтық мәселені шешуде міндетті әрекеті арқылы қамтамасыз етілетін қатысым).
Құқықтық тәжірибедегі тілдік қатысым - бұл үлкен диалог, оның барысында ой бөліседі, ақпарат беріледі және сөздің көмегімен бірлескен әрекет үйлестіріледі. Заңгер мамандығы тек кәсіби шеберлікті ғана емес, білімінің, дүниетанымының кең құлашты болуын да талап етеді. А.Ф.Конидің пікірінше, "юрист должен быть человеком, у которого общее образование идет впереди специального" [3.67].
Заңгердің бүкіл қызметі заң шығару, тергеу жүргізу, үкім шығару, айыпталушының құқығын қорғау, құқықтық ережелерді жүзеге асыру, түсіндіру бәрі де адамдар арасында қарым-қатынасты дамыту үдерісінде жүзеге асады. Ол бірлескен әрекет қажеттіліктерінен туындайды, сондай-ақ ақпарат алмасуды, бір адамның басқаны қабылдауы мен түсінуін, кәсіби заңгерлік әрекетте өзара әрекет етудің бірыңғай стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруды қамтиды.
Заңгердің тілдік қатысымының құрылымына мыналар кіреді 1) субъектілер; 2) обьекті; 3) субъективті жағы; 4) объективті жағы. [3.17] Сәйкесінше, заңгерлік тәжірибеде тілдік қатысым мынадай тұлғалардың арасында болуы мүмкін: а) лауазымды тұлға - лауазымды тұлға (судья - адвокат); б) лауазымды тұлға - жеке тұлға (адвокат - клиент ).
Зерттеушілер заңгерлік қызметтегі коммуникацияның бұқаралық, интерперсоналды (тұлға - қызметкер), интраперсоналды (ішкі диалог) түрлерін көрсетеді. Заңгерлік қатысымға түсу үдерісінің негізгі төрт себебін көрсетуге болады: а) экспрессия (қарым-қатынасқа түсуші серіктесінен ықпал іздеу); ә) эвристика (сұрақ қою арқылы жаңа ақпарат алуға талпыну); б) үйлестіру (коммуникация арқылы өзіне пікірлес адамдар табу); 4) реттеу (қарым-қатынаста нұсқаулар, тапсырмалар, өкім беріледі).
Заңгер қатысымының коммуникативтік сипаты:
-
Нормативтілік немесе тілдесімнің дұрыстығы, яғни ойын әдеби тіл нормасына сәйкес жеткізе білу шеберлігі.
-
Нақтылық. Заңгер қатысымы процессуалдық ережелердің талаптарына сай болуы тиіс. Мәтіннің процессуалды заңға сәйкестігі құжатты дұрыс атау, тұжырымдар мен заңгерлік терминдерді заңда жазылған мағынасына сәйкес қолданудан байқалады. "Трудно назвать какую - либо другую область общественной жизни, где неточность слова, разрыв между мыслью и словом были бы чреваты такими иногда тяжелыми последствиями, как в области права, - подчеркивает А.А. Ушаков. - Неточное слово в праве - большое социальное зло. Оно создает почву ... для произвола и беззакония" [3.48].
-
Логикалығы - ой құрылымы тілдік элементтердің семантикалық байланыста болуынан байқалатын қатысымның коммуникативтік сипаты. Баяндау логикасының сақталуы немесе бұзылуы тілдесімді қабылдаушылардың жағдайды түсінуіне тікелей ықпал етеді.
-
Тіл тазалығы. Заңгер қатысымында әдеби тілге жат элементтері қолданылмайды, сондай-ақ сөздер орынды қолданылады.
-
Анықтық және түсініктілік. Анықтыққа құжаттың нақты композициясы, баяндаудың логикалық жақтан дұрыс құрылуы, аргументтердің дәлелділігі арқылы қол жеткізіледі. Сондай-ақ құжаттарда күрделі ойды жеткізу үшін күрделі синтаксистік құрылымдарды пайдалануды көздейді.
-
Тіл байлығы. Бұл коммуникативті мақсатқа қол жеткізу үшін әртүрлі тілдік құралдарды пайдалану. Қатысымда сөздер неғұрлым дұрыс қолданылса, соғұрлым онда ақпарат мол болмақ.
-
Көркемдік. Тіл көркемдігіне мына құрылымдық элементтердің көмегімен қол жеткізіледі: тілдік фигура, көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, ирония және т.б.) және эстетикалық жағынан жетілген стиль. «Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол қолданылады. Сөйлеу айшықтары дегеніміз - тыңдаушыға әсерлі болып, сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивті мәнін күшейтіп беретін синтаксистік құрылымдардың ерекшеленген формаларына шендестіру (антитеза), градация (дамыту), қайталау, параллелизм, риторикалық сұрау, риторикалық қаратпа сөздер, дауыс ырғағы т.б. жатады. Шешендік сөздерде бейнелі эпитеттер, образды теңеулер, аллитерация, ассонанстар молынан қолданылады» [4.70].
Сөз өнерiн шебер пайдалануды қажет етпейтiн мамандық бүгiнде жоқтың қасы. Тiптi адам қызметiнiң кейбiр салаларында сөйлей бiлу шеберлiгiн меңгермей жұмыс iстеу мүмкiн емес. Соның бірі - құқық қорғау органдары десек, асыра айтпаймыз. Сондықтан да заңгер қатысымының теориялық негіздерін қарастыру өзекті болып қала бермек.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Халиков К.Х., Серімов Е.Е. Сот шешендігі. // Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2006. - 218 б.
-
Шарков Ф.И. Основы теории коммуникации. // Москва, 2003. - 248 с.
-
Ивакина Н.Н. Основы судебного красноречия. //Москва: Юристь, 2003.
-
Дәулетбекова Ж., Раев Қ., Қадырбаев Ө. Қазақ тілі // Алматы, 2002.
-
Грязин И.Н. Текст права. // Таллинн, 1983.
-
Власенко Н.А. Язык права. // Иркутск, 1997.
-
Солодухин А.О., Солодухина О.А. Юридический диалог: Теория и практика, круг проблем. // Москва, 1998.
Келесі сабақ тапсырмасы:Заң терминдерін ерекшеліктеріне қарай топтастыру, жасалуын көрсету.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
8-тақырып. Қаржылық құқық негіздері.
Сабақ мақсаты: Заңгердің кәсіби сөйлеуіне қойылатын талаптар: жүйелілік, логикалылық,
дәлдемелік, тазалық, сөз байлығы, мәнерлілігін түсіндіру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Тіл мәдениетінің басты мәселесі - тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ықпал ету. Әрине, мұндайда тілдің эстетикалық, әдемілік жағынан әсер етуі басты назарға алынады. Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен сапалар болады. Олардың бастылары мыналар: дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық, мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық. Орыс тіліндегі материал бойынша болсын, қазақ тілінің материалында болсын, тіл мәдениетінің сапалары туралы сөз болып та жүр.
Сөздің дәлдігі. Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз - сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі. Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. Дегенмен, олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің қал-жағдайын сұрағанда, «жаман емес» деген жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап - сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар - әдеби тіл нормасына сәйкес айтылып тұр және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап берушінің халінің жағымды екеніне көзіміз жетеді. Ал, сөздің нақтылығы талабынан келетін болсақ, бұл жауап қанағаттанджырмайды, өйткені сол «жаман емес»-тің мағынасы көп: оған «орташа», «жақсы», тіпті «өте жақсы» деген ұғымдар да сияды. Объективті баға беру ыңғайында әлгі «жаман емес»-тің не орташа, не жақсы, не өте жақсы екендіктерінің біреуін дәлелдесек, сөйлеу мәдениетіндегі дәлдікті, айқындықты падаланғанымыз болып шығады.
Сол сияқты, терезе алдында ағаш өсіп тұр дегенде де, сөйлеудегі дұрыстыққа нұқсан келтіріп отырғанымыз жоқ, ал дәлдік жағынан келген де (терек пе, қайың ба, емен бе) жетімсіз жағдай байқалады.
Әлбетте, тұрмыста, көпшілік алдында сөйлеуде, ресми құжатта орын алатын сөз қолданудағы дәлдік пен көркем әдебиеттегі дәлдікті қатар қоюға бола бермейді. Әрине, бұл ретте де сөз шеберлері жалпы халық тілінде бар сөздерді орнымен жұмсайды. Дегенмен, көркем шығарманың эстетикалық қуатын, бейнеліліктің дағдылы дәлдіктен біршама өзгешелігі барын ескермеске болмайды. Мәселен, Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деген өлең жолдарын сауатты қазақтардың бәрі біледі деуге болар. Осындағы сыр мен сымбат сөздерінің дәл орнында пайдаланылып тұрғанына ешкім күмәнданбайды. Демек, сөзді нақтылы қолдану дегеніміз, сайып келгенде, синонимдік қатардың ішіндегі автор ойын дәл бере алатын сөзді таңдау болып табылады. Сонда ұлы ақынның айтқалы отырғаны адамның ішкі дүниесі мен сыртқы бітімі жайында екенін ескерсек, сырға да, сымбатқа да синоним болатын сөздер жеткілікті. Ал, ол сөздерді данышпан ойшыл білмеді деуге ешкімнің аузы бармайды.
Сөздің айқындығы көп реттерде жаңа сөз жасау айналасында байқалып отырады. Әрине, жаңалықтың қай-қайсысы сияқты сөздердің жаңа түрлері де бірден көпшіліктің бірауызды қолдауын туғыза қоймауы әбден мүмкін. Қазіргі тілімізге сіңісті болып кеткен аялдама, көрермен, балмұздақ сөздерін де кезінде күмәндана, тосырқай қабылдағандар болған.
Сөздің дәлдігі кей реттерде халықтың, ұлттың қалыптасқан дағдысынан да шығып жатады. Тек атаулар мен қимыл-әрекетке байланысты ғана емес, сын, белгіні білдіруде де нақтылықтың мысалдарын қазақ сөздерінен табуға болады. Мәселен, қызыл сиыр деген ұғым бар, бірақ осы түстес биені жирен бие дейді; сол сияқты, қоңыр сиыр дегенге ешкім таңданбас еді, ал осы жылқыға қатысты болғанда торы сөзі айтылады, екеуі де ақ түстес болса, сиырға (қойға, түйеге т.б.) қатысты сол сын есім сақталады да, жылқыға келгенде, мәселен, көк бие дейді. Сөз мағынасындағы осындай айқындықты, нақтылықты сақтаудың маңызы, әсіресе, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, көпшілік алдында сөйлегенде зор маңызға ие болады, тыңдармандардың назарын аударуда барынша арта түседі.
Сөздің логикалығы. Логикалылық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз. Бұл сапа ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болып келеді. Сөз арқылы қарым-қатынас жасағанда, фармальдық логика заңдарының сақталуы талап етіледі. Ал, мұндай қателер көп реттерде ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі. Жазба тілде де логикалық қателердің ұшырасып отыратыны бар. Ол қателіктердің орын алуының бір себебі логикалық екпінді қай сөзге немесе қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанына тиісінше мән бермееушіліктен болып жатады. Айталық, бір таныс екінші біреуден Қаладан келдіңіз бе? Деп сұрағанда, келдім деген жауап алса, ол жауапқа қанағаттанбауы мүмкін, өйткені сұраушы адам жауап берушінің келгенін біліп, көріп сұрап тұр; оған керегі - алдындағы адамның келгені, демек, қимыл-әрекеті емес, қайдан келгенін жауап берушінің түсінуі қажет еді . Сол тәрізді Сен менің кітабымды алдың ба? дегенде де, ой екпінінің қай сөзге түскенін білген жөн. Айталық, бір жағдайда әңгімеге орай басқа нәрсені емес, кітапты алған не алмағанын білу керек болар, екінші жағдайда орнында жоқ кітапты әңгімелесушінің не басқа біреудің алғанына не алмағанына екпін түсері рас.
Сөздің логикалылығының сақталмауына көптеген себептер болады. Былайша айтқанда, жекелеген сөзге немесе сөз тіркесіне логикалық екпінің түсіре айтылуы - сол себептердің бірі ғана. Логикалылықтың сақталмауы көп жағдайда синтаксистік құрылымға да баланысты болып келеді. Сөйлем ішінде есімдіктердің орнымен қолданылмауы ойдың түсініксіздігін туғызады: Көп адам соңғы жылдары кітап дүкендерінен қажетті кітаптарын таба алмай жүреді. Олардың қажеттігін сауда орындары тиісті есепке ала бермейтін сияқты (газеттен). Бір қарағанда, түсінуге қиындық келтірері рас: кітап дүкендерінің қажеттігін бе, әлде кітаптардың қажеттігін бе - қасысын есепке алу керектігін күңгірттеу сезіледі.
Сөздің тазалығы. Сөздің тазалығы дегеніміз - сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.
Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас жерлері кездеседі. Тіл мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытатын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн. Ал, тілдің тазалығын бұзатын, оған нұқсан келтіретін факторлар аз емес. Оларға, мәселен, ана тіліндегі баламасы бола тұра, басқа тілдерден енген сөздерді қалай болса солай жұмсау (варваризмдер), жергілікті мәні бар сөздерді (диалектизмдер) талғамсыз қолдану, мамандыққа байланысты шағын ортада кездесетін сөздер (профессионализмдер), сондай-ақ құрбы-құрдастардың, әзіл-қалжыңы аралас адамдардың арасында сөзге кірістірілетін тілдік құралдар (жаргонизмдер) сияқты жайлар жатады. Тіл тазалығына кедергі келтіретін ілгеріде айтылған жайлардың бірі - варваризмдер. Қазақ тілінің қазіргі қолданылуы жағдайында басқа шет ел тілдерінен тілімізді шұбарлап жатқан құбылысты байқау қиын. Айталық, өткен ғасырларда орыс тілін француз тілі шұбарлағаны белгілі. Біздегі кемшіліктердің біріне кейбір қазақ қыздары мен жігіттерінің орыс сөздерін оңды-солды жұмсай беретіндігін жатқызуға болар еді. Бұдан, қазіргі, әсіресе, соңғы жылдары мерзімді немесе кәсіби баспасөздерде жиі атылып жүргеніндей, орыс тілін жат тіл немесе зиянды тіл деп атауға негіз жоқ.
Тіліміздің байлығының көрінісі бола тұра, диалектизмдердің қолданылуында белгілі заңдылықтың сақталғаны дұрыс. Атап айтқанда, жергілікті ерекшелігі бар сөздерді бірден әдеби тіл ретінде қолданудың біршама қиындығы бар, себебі тыңдарманға немесе оқырманға бірден түсінікті бола бермейді. Тіпті әңгіме диалектизмнің түсінікті немесе түсініксіздігінде ғана емес, дағдыдағы қолданыста болмаған соң, тіл шұбарлаушылық көзге ұрып тұрады. Кейбір жағдайда күлкі туғызуы әбден мүмкін.
Тіл мәдениетіне біршама нұқсан келтіретін тағы бір жай ілгеріде айтылғандай, жаргонизмдер. Бұлар жолдас-жораның, қатар-құрбының арасында немесе үлкен-кіші болса да, әзілдері жарасқан адамдардың бір-бірімен тіл қатысқанда айтатын қалжың-оспақ сөздері болып табылады. Бір-бірін түсінетін мұндай адамдар ондай сырт көзге байқалатын оспадар, дөрекі сөздерге мән бере қоймауы мүмкін, бірақ ондай сөздерді қалың қауымға, көпшілік ортасына арнап айтудың қисыны жоқ. Демек, жаргонизмдер шағын ортада пайдаланылады, сондықтан да оларды көпшілік орындарда қолданудың әдепсіздігі өзінен-өзі белгілі болып отырады.
Сөздің мәнерлілігі. Мәнерлілік сөздің эмоциональдық және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз - сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті. Мұндай жағымды қасиет көпшілік алдында лекция оқитын оқытушылардың, баяндамашылардың, жазушының, қоғам қайраткерлерінің сөздерінде, баспасөз беттеріндегі материалдарда міндетті түрде болуы керек. Сөздің мәнерлілік қасиетін бойына сіңіре білген адам шешендік өнердің өкілі деп саналуға лайық. Таптаурын болған, баршаға талайдан таныс сөз оралымдарын орынсыз қайталап, мезі етпей, сөйлеуші немесе жазушы әр сөздің жаңа қырын, соны тіркесті таба білсе, мақсатына жетері анық. Классиктер мен көрнекті жазушылардың шығармаларын оқығанда эстетикалық ләззат алуымыздың бір себебі сөз мәнерлілігін авторлардың қисынды пайдалануында жатыр.
Сөздің байлығы. Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі. Сөздің байлығы туралы сөз болғанда екі жайды ескеру қажет болады: біріншіден, қай-қайсысымыздың да ана тіліміздің байлығын игеріп, пайдалана білуіміздің маңыздылығы; екіншіден, сол байлықты игере отырып, өз тарапыңнан ана тілінің баюына үлес қосудың қажеттігі туралы мәселе. Біріншісі - қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал, екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес, өйткені ол - дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс.
Сөздің қисындылығы. Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады. Сөздің қисындылығын функциональдық стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функциональдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілімен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдалану табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымның болғаны жөн. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегіде сөздің стилистикалық бояу қолданудың еш қисыны болмайды. Сөздің қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына да тікелей байланысты болып келеді. Айталық, бір лекцияның студенттерге арналған ғылыми пән бойынша оқылуы мүмкін. Мұндағы қолданатын сөздерді, әлбетте, балабақша тәрбиеленушілерге лайықсыз екені өзінен-өзі түсінікті. Енді бір баяндама ғылыми жұмыстың жылдық есебі туралы болса, оны жұмысшылар арасында жасау да ақылға қонымсыз болар еді.
Келесі сабақ тапсырмасы:Абай жазған Қарамола ережесімен танысу.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
9-тақырып. Құқықтық дискурс түрлері.
Сабақ мақсаты: Соттағы сөйлеу түрлері: айыптау және қорғау сөзімен, соттағы сөйлеудің құрылымдық ерекшеліктері, композициясы, сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Шешендік сөзге қойылатын талаптар. Шешендік сөз - жұрт алдында сөйлеудің интеллектуалдық, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі. Шешендік сөздегі стильдер тоғысы. Шешендік сөздің сапалары.
Шешендік сөздің сазы. Сөйлеу мәнерлілігі. Сөз мазмұны мен сазының бірлігі. Шешенніңсөйлеу техникасы, оның құрамдас бөліктері. Дауыс сазы, сөз мақамы, сөз ырғағы, кідіріс. Сөздің орфоэпиялық нормалары. Сөз әуезі мен әуені.
Шешендік сөздің көріктеуіш құралдары. Шешендіктегі ой - сезім - сөз бірлігі. Сөз мазмұны мен формасының үйлесімі. Тілдің бейнелеуіш құралдары: айшықтау, риторикалық сұрау, қайталау, градация, метафора, салыстыру, эпитет, теңеу, т.б. Қазіргі шешендіктегі дәстүр жалғастығы мен жаңа сипаттар. Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдердің, дәйексөздердің, қаратпа, қыстырма сөздердің орны.
Шешендік сөздің тектері мен түрлері. Дәстүрлі шешендік пен қазіргі шешендіктің ерекшеліктері. Шешендік сөздердің тектерге бөлінуінің белгілері: сөз мақсаты, айтылу орны, тақырыбы мен мазмұны, тілдік құралдары.
Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз. Әлеуметтік - тұрмыстық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздергетән стильдік сипаттар. Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің тілдік құралдары.
Әлеуметтік-саяси шешендік сөз. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің тілдік құралдары.
Академиялық шешендік сөз. Академиялық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Академиялық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Академиялық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Академиялық шешендік сөздердің тілдік құралдары, сапалық белгілері.
Соттағы шешендік сөз. Соттағы шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Соттағы шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты соттағы шешендік сөздердің түрлері. Жаңа замандағы соттағы шешендік сөздердің ерекшеліктері. Соттағы шешендік сөздердің тілдік құралдары.
Діни (Уағыз) шешендік сөз. Діни шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Діни шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық ерекшелікке қатысты діни шешендік сөздер. Жаңа замандағы діни шешендік сөздердің ерекшеліктері. Діни шешендік сөздердің тілдік құралдары.
Шешенге қойылатын талаптар. Шешендікке нәр беретін арналар: талант, білім, дағды. Шешен адамға қажетті табиғи сапалар. Шешеннің интеллектуалдық қасиеттері мен болмыс мәдениеті. Шешенге тән қасиеттер мен қабілеттер: тілдік, білімдік, шыншылдық, жинақылық, аңғарымпаздық, т.б.
Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті. Шешендік сөздің әсерлігін арттыратын сыртқы факторлар: шешеннің өзін-өзі ұстау, әдебі, сыртқы келбеті, бет-жүзі, дене құбылыстары мен дене қимылдары. Шешендік сөздің «көмекші құралдары». Ым-ишаралардың түрлері, ұлттық сипаттары олардың сөз әсерлігін арттырудағы мәні.
Пікірталас мәдениетін меңгеру - жаңа заман талабы. Демократиялық қоғам - пікірталасының өрістеуінің басты кепілі.
Келесі сабақ тапсырмасы:Тіл туралы Заңның бір бабын алып, оның өмірде іске асырылуы туралы ауызша пікіріңізді білдіруге дайындалу.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
10-тақырып. Салық құқығының негіздері.
Сабақ мақсаты: Заңгер мен аудитория қарым-қатынасының тілдік әдістерімен, заңгердің сөйлеу имиджін, дауласу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың қысқаша мазмұны:Ғылыми стильдің негіздік белгілері: қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Ғылыми еңбектердің тілдік ерекшеліктері.
Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары. Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың сатылары. Шешендерден үйренудің, топ алдында сөйлеп жаттығудың, есте сақтау қабілетін шындаудың қажеттілігі.
Психологиялық дайындық. Психологиялық дайындықтың рөлі, қажеттілігі. Психологиялық дайындықтың шарттары. Шешеннің өзіне сенімділігін қалыптастырудың жолдары.
Нақты сөзге дайындық. Нақты сөзге дайындықтың кезеңдері. Тақырыпты анықтаудың шарттары. Сөз мақсатын тұжырымдау. Сөдің жоба-жоспарлары. Әдебиеттермен жұмыстың жолдары. Көпшілік алдында сөйлеудің тәсілдері.
Күнделікті дайындық. Күнделікті дайындықта қажетті дағдылар. Арнайы папкілердің, күнделіктің, пікірдің, хаттың дайындықтағы рөлі, қажеттілігі. Өз сөзіне талдау жасау мен басқа шешендердің сөзіне талдау жасаудың шешендік қабілетті шыңдаудағы мәні.
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Көпшілік алдындағы сөздің бөліктері, олардың орны мен өзара сабақтастығы. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымының бөліктерін жоспарлау.
Кіріспе бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Кіріспе сөз, оның ерекшелігі,жеке міндеттері. Кіріспе сөзде қолданылатын тілдік құралдар. Сөзді бастаудың түрлі тәсілдері.
Негізгі бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Негізгі бөлім, оның ерекшелігі, жеке міндеттері, ұстанымдары. Тақырыпқа қатысты ой -тұжырымдардың логикалық байланысы. Талдаудың логикалық тәсілдері мен материялды түсіндірудің негізгі әдістері. Сөздің логикалық, психологиялық сипаттары. Тыңдаушылардың назарын аударудын тәсілдері. Сөздің жүйелігіне кері әсерін тигізетін факторлар, оларды болдырмаудың жолдары.
Қорытынды бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Қорытынды сөздің ерекшелігі, жеке міндеттері. Ойды қорытындылау тәсілдері. Қорытынды сөздің тыңдаушыға әсері. Қорытынды сөздегі тілдік құралдар.
Сөз бөліктерін байланыстыру әдістері. Сөз мазмұнын біріктіруші тілдік құралдар. Шешеннің субъективтік көзқарасын, реттік қатынастарды білдіретін сөз орамдары. Сөздегі ойларды сабақтастырудың құралдары, ой желісін күшейтетін тәсілдер. Шешендік сөздің композициясының элементтері.
Келесі сабақ тапсырмасы:«Билер айтқан екен.... » шешендік сөздерді оқу, мазмұндау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
11-тақырып. Еңбек құқығының негіздері.
Сабақ мақсаты: Кәсіби қатынастың психологиялық негіздерімен таныстыру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Сөз әсерлілігі тыңдаушыны ұйытып өзіне тартуы екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтуға байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірінді мағынада жұмсаумен ұштасады.
Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «сөзі мірдің оғындай екен», «сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр» деп сынайды. Кейбіреулер маңғазданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік- шынайылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.
Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара алу - сөйлеушіге (мұғалімге, баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.
Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс.
1.Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айтып беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.
2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.
3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмалы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын.
4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруі қажет.
5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан көзін алмай қатып қалма, тыңдаушылардың жеке тобына, жеке кісілерге көз жіберіп отырғаны мақұл. Сонда тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады.
6. Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі де қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. Сөз арасында мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ.
7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа, тұжырымды болсын. «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген мақалды басшылыққа алған мақұл.
8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болады. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен оййдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.
Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты - дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.
Жоспар бойынша баяндауға керекті материалдарды толықтыру, ретке келтіріп қағазға түсіру үшін конспект жасалуы қажет. Конспект - болашақ баяндаманың ықшам түрі.
Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына орай дұрыс қолдану мен қатар оны әсем де, әсерлі, көркем образды етіп айту (жазу) мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Ал бейнелеу тәсілдері тілімізде сан алуан. Тіліміздің көркемдегіш тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық баяу - нышанымен, сыр-сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. Метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, поэтикалық тіркестер, мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер айтылайын деген ойды анық беру, баяндап отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсету сөйлеушінің негізгі қаруы.
Мәселен, «Жел соқты, қар жауып, боран болды» деп айтуда ешбір әсер жоқ. Ал сөз зергерлерінің қолдануында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады. «Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Аң, дала меңіреу болып түкіруде. Қайғысы сары бел борап әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата берді». (М.Әуезов)
Мұнда асау сөзінің ерекше сипат алғандығын бірден аңғаруға болады. Сондай-ақ сөз арасында бір бірімізге сары бел киімін қымтады десек, жансызға жан бітіріп болмысы нақты, дәл бейнелеудің айрықша тәсілі.
Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздің ауыспалы мағынада қолдануы метафора, метонимия және сенекдоха тәсілдері арқылы жасалады.
Келесі сабақ тапсырмасы:Бір тақырып таңдап алып, оны әр түрлі стильде жазып келу.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
12-тақырып. Қылмыстық құқық негіздері.
Сабақ мақсаты: Аудитория назарын аудару тәсілдерін меңгеру.
Сабақтың қысқаша мазмұны:
Шешендік сөздің табиғаты.
Шешендік сөзге қойылатын талаптар. Шешендік сөз - жұрт алдында сөйлеудің интеллектуалдық, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі. Шешендік сөздегі стильдер тоғысы. Шешендік сөздің сапалары.
Шешендік сөздің сазы. Сөйлеу мәнерлілігі. Сөз мазмұны мен сазының бірлігі. Шешенніңсөйлеу техникасы, оның құрамдас бөліктері. Дауыс сазы, сөз мақамы, сөз ырғағы, кідіріс. Сөздің орфоэпиялық нормалары. Сөз әуезі мен әуені.
Шешендік сөздің көріктеуіш құралдары. Шешендіктегі ой - сезім - сөз бірлігі. Сөз мазмұны мен формасының үйлесімі. Тілдің бейнелеуіш құралдары: айшықтау, риторикалық сұрау, қайталау, градация, метафора, салыстыру, эпитет, теңеу, т.б. Қазіргі шешендіктегі дәстүр жалғастығы мен жаңа сипаттар. Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдердің, дәйексөздердің, қаратпа, қыстырма сөздердің орны.
Келесі сабақ тапсырмасы:ҚР қылмыстық кодексінің баптарын оқып, салыстырып, грамматикалық тұлғалар категорияларына талдау жасау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
13-тақырып. Экологиялық құқық бұзушылық.
Сабақ мақсатыПікірсайысты жүргізу ережелерін, пікірсайыстың басты тәсілдерінің сипаттамасын үйрету.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Пікірталасының қоғамдағы орны, маңызы, қажеттілігі. «Шешендіктің анасы - демократия». Пікірталас - адамның ақыл - ой қабілеті дамуының тетігі. Пікірталасында қажетті іскерліктер. Пікірталастың сипатын анықтайтын факторлар.
Пікірталас мәдениетінің талаптары. Пікір таласына қатысушы адамға қажет қасиеттер, тілдік біліктіліктер, сөз сайысына тән іскерліктер. Пікірталасқа қатысушы анықтауы тиіс сауалдар. Айтыскерге қойылатын талаптар.
Пікірталас түрлері. Диалогті, полилогті пікірталастар. Пікірталастарына тән ортақ белгілер мен ерекшеленеді.
Әңгіме және «Дөңгелек үстел». Әңгіме мен «Дөңгелек үстелдің» мақсаты. Олардың жүргізудің талаптары. Талданатын тақырыптың ерекшелігі. Қатысушыларға қойылатын талаптар. «ДҮ»-дің тиімділігін арттыру шарттары.
Пікір алмасу (дискуссия). Пікір алмасудың мақсаты мен рөлі. Пікіралмасудың түрлері, оларды ұйымдастырудың шарттары. Пікіралмасуға қатысушыға қойылатын талаптар. Пікір алмасуға кері әсер ететін факторлар. Пікір алмасудағы жүргізушінің рөлі. Тілдік нормалар.
Ойталқы (дипут). Ойталқының мақсаты мен рөлі. Ойталқыны ұйымдастырудың шарттары. Ойталқыға қатысушыға қойылатын талаптар. Ойталқының пікір алмасудан ерекшелігі.
Ойкөкпар (дебат). Ойкөкпардың мақсаты, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі, мәні. Ойкөкпарды ұйымдастырудың ерекшеліктері, кезеңдері. Ойкөкпарға қатысушылардың сөз әдебі. Ойкөкпардағы сарапшылардың рөлі.
Сөзталас (спор). Сөзталастың ерекшелігі, оның өзіндік сипаты. Сөзталастың тұрмыстық қатынасқа тән екендігі. Сөзталастың түрлері.
Пікірсайыс (полемика). Пікірсайыстың өзіне тән ерекшеліктері. Пікірсайысты ұйымдастырудың шарттары. Пікірсайысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты ықтырудың шарттары.
Айтыс. Көпшілік алдындағы айтыстың тарихы. Айтысу өнері мен мәдениеті туралы талаптар. Ежелгі Греция, Үндістан, Қытай елдерінде қалыптасқан үрдістер.
Қазақ айтыс өнерінің ерекшеліктері. Айтысты ұйымдастырудың шарттары. Айтысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты жеңудің шарттары. Айтыстағы дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық.
Пікірталасында жиі қолданылатын тәсілдер. Пікірталасына тән әдіс-тәсілдер: «қақпан құру», сынау, әзіл, мысқыл, қарсыластың ойын жоққа шығару, «сұрақпен төпелеу». Олардың ұтымды қолданудағы тапқырлық. Тыңдарманмен байланыс жасаудың шарттары, әлеуметтік, табиғи шарттар, олардың байланысқа әсері. Оқушы сөздерді мақсатқа қарай пайдалану жолдары.
Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары. Қарсыласқы тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері. Ойдың айқын, әсерлі жеткізудегі синоним, антоним сөздердің мәні. Дәлелдеме, оның турлері, тілдік ерекшеліктері. Пікірдің өтімділігін арттыратын тілдік құралдар.
Қарсыласқа тойтарыс жасаудың пікірталас мәдениетімен сабақтастығы. Пікірталастарда сұрақтарға жауап беру өнері. Сұрақтың түрлері, одан қолданылатын сөздердің ерекшеліктері. Жауаптың түрлері, қажетті сөз орамдары. Қарсылықа тойтарыс берудің шарттары: «қарсы соққы», «көпшілік бағындыру», «қарсыластың қорытындысы сынау», «деректермен дәлелдеу».
Пікірталас шеберлігіне үйренудің жолдары. Сөз шеберлігіне үйренудің жолдары. Өз ой-пікірін жеткізудің тілдік сапалары. Сөздің грамматикалық құрылысы, сөз дәлдігі мен дәлелділігі, мақал-мәтелдердің, троптың турлерін орынды пайдалану. Белгілі көркем образдарды сөз мақсатына орай кіріктіре алу т.б. Пікірталасының түрлеріне қарай қолданылатын ұтымды сөз орамдары. Ой мен сөздің бірлігі. Өз көзқарасын сыпайы, нақты айта білу шеберлігі. Ұғымдар мен терминдерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді орынды қолдану жолдары. Пікір айтудағы сөз мәнері, Интонация. Пікірталастағы ұлттық дәстүрдің көрінісі.
Қарсыластың шабуылдарынан қорғанудың шарттары.
Пікірталасындағы дәлелдеме мен сынды сауатты қолдан.
Пікірталасын ұйымдастыру жолдары. Пікірталасындағы қателіктердің алдын-алу жолдары. Дискуссия сабақтарын жоспарлау. «Саяси айқас» іскерлік ойындарын ұйымдастыру сатылары, оған дайындық жолдары. «Сұраққа жауап» практикумы.
Келесі сабақ тапсырмасы:«Сөз әдебі» тақырыбы аясында оқушыларға алдын-ала мынадай тақырыптардың ішінен өздері қалаған біреуіне танымдық материал дайындау:
1. Этикет - мәдениеттіліктің негізі.
2. Этикеттің тарихы.
3. Әр елдің салты басқа... (өзі қалаған
ұлттың этикет нормалары туралы
тұсаукесер).
4. Әлемде талай қызық бар...
5. Ым-ишараларды қолданудағы әдептілік нормалары.
6. Ұлттық салт-дәстүрлердегі әдептілік көріністері.
7. Әлем халықтарының амандасу әдептері, т.б.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.
2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
I Нұсқа
1 Тапсырма.
а) Анықта оның түрлері
ә) Қолхаттың үлгісін жазыңыз.
2 Тапсырма.
а) Стиль оның түрлеріне тоқталыңыз. Іс қағаздар стиліне анықтама беріңіз
ә) Өмірбаян оның жазылу ерекшеліктері
3 Тапсырма.
а) Бұйрық дегеніміз не? Бұйрықты шығаруға кім құқылы
ә) Хабарлама хатына анықтама баріңіз. Ол қандай жағдайларда жазылады.
АНЫҚТАМА
Анықтама - белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын кұжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленеді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2
Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан "Анықтама" деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады.Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Анықтама не үшін беріледі?
-
Онын құрылымы қандай болады?
2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілгені, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, мөр басылады, жарамдылық мерзімі.
3-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз.
1. Арман Бақытұлының 3 курста оқитыны расталды.
2. Бүгін 150 анықтама берілді.
3. Келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылды.
4. Оның әкімшілікте жұмыс істейтіні анықталды.
5. Қызметкерлердің өтініші қаралды.
4-жаттығу. Анықтама үлгілерімен танысыңыз
Анықтама № 34/1
2 мамыр 2006 ж.
Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді.
Ахатова Назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.
Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін берілді.
Анықтама 10 күн өз күшінде.
Мөр орны
Оқу бөлімінің бастығы Ж.Сабырова
5-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Анықтамалар кімге берілген?
-
Не үшін берілген?
-
Қайда тапсыру үшін берілген?
6. Анықтама кімнің атынан берілген?
6-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, 15-пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, тұрғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде.
7-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.
Анықтама
Осы анықтама жолдас Жақыпов Жандос берілді. Жақыпов Жандос шын мәнінде Заң академиясының 3 курс оқиды. Анықтама Ғылым Академиясы берілді.
Оқу бөлімі бастығы А. Назарова
8-жаттығу. Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.
-
Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау
үшін әскери комиссариатқа керек. -
Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-сі, 45-үй,12-пәтер.
-
Анықтама ұлттық кітапханаға Бақытова Айнұрдың әл-Фа-
раби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде (3-курс)
оқитынын растау үшін керек.
ҚОЛХАТ
Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бірі. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және қолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері көрсетіледі. Қолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Қолхат - қандай құжат?
-
Қолхатта қолхат беруші мен колхат алушы туралы қандаймәліметтер көрсетілуі тиіс?
-
Қолхат неше дана етіп жасалады?
-
Олар кімде сақталады?
2-жаттығу. Қолхат үлгілерін оқыңыз.
ҚОЛХАТ
Алматы қаласы, 2007 жылғы он төртінші қазан
(қолхат берілген орын мен мерзімі /дата / қолмен жазылады)
Мен, азамат, Асқар Жұманұлы, мекенжайым Алматы қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 2000 жылғы 16 ақпанда берген жеке куәлігімнің № 88855214, Алматы қаласы Құрманғазы көшесі, 56-үй, 21-пәтерде тұратын азамат Оспан Қанатұлынан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 14 тамызда берген жеке куәлігінің № 554498411, бес жүз мың (500 000) теңге алдым.
Мен алынған ақшаны 2007 жылғы 14 тамызда қайтаруға, қайтармаған жағдайда 25 % көлемінде айып төлеуге;
- мекен - жайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Осы қолхат үш дана етіп жасалған, бір данасы № 1 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Асқар Жұманұлында, үшінші данасы Оспан Қанатұлында сақталады.
2006 жылғы 14 қазан _____________ тараптардың қолы
3-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қолхат беруші кім ? _______________________
2. Қолхат алушы кім ? _______________________
3. Қолхат беруші қанша теңге алған ? __________
4. Қолхат беруші не істеуге міндеттенеді ? ______
5. Қолхат неше дана етіп жасалған ? ___________
4-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Келісімшартқа сәйкес, үш күн мерзім ішінде, үш дана, кеңседе тіркелген, мекенжайы өзгерген жағдайда, ақшаны қайтару, қайтаруға міндеттену, пайыз төлеп тұруға, мерзімінде қайтару, қолхат беру, келісімшарт талаптары.
5-жаттығу. Қолхат үлгісімен танысыңыз.
Қолхат
Мен, Жазықова Дариға, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 10 (он) дана "Қазақ тілі" оқулығын алдым. Оқулықтарды 2007-2008 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының ІІМ 2006 жылғы 23 мамырда берген жеке куәлігімнің № 111344032
Жазықова Дариға 11.01.2007ж.
6-жаттығу. Сұрақтардың жауабын кестеге толтырыңыз.
-
Қолхат беруші кім?
-
Ол қайда жұмыс істейді?
-
Ол кітапханадан қандайоқулықтар алған?
-
Оқулықтарды қашанқайтаруға міндеттенеді?
7-жаттығу. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.
-
Жасалған 2006 жылы келісімшартқа сәйкес төлеп тұруға пайыз міндеттенемін.
-
Міндеттенемін 2006 жылы жасалған сәйкес келісім- шартқа пайыз төлеп тұруға.
-
2006 жылы жасалған келісімшартқа сәйкес, пайыз төлеп тұруға міндеттенемін.
-
Келісімшартқа сәйкес, 2006 жылы жасалған пайыз төлеп тұруға міндеттенемін.
8-жаттығу. Жағдаяттар бойынша қолхат жазыңыз
1. Қарызға ақша алу
-
Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу
-
Мекеме бухгалтериясынан (есеп бөлімінен) несие алу
Іс қағаздарының стилі.
Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағазадарын жазу - жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.
Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар:
1.Қызметтік құжаттар бейтарап (нейтральный) қалыппен ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.
2. Адресаттың сізден қызмет дәрежесі төмен я жоғарылығына қарамастан "Тез арада орындаңыз", "Кідіртпей жауабын я қорытындысын хабарлаңыз" "Қысқа мерзімде жауап беріңіз" деген сөздерді қолданбаған абзал. Оның орнына хаттың жауабын я мәселенің шешімін білгіңіз келетінін "Осы күнге дейін жауап беруіңізді сұраймын" деп белгілі бір күнді көрсетсеңіз немесе "Өз шешіміңізді хабарлауыңызды сұраймын" деген сөздерді қолдану арқылы білдіріңіз.
3. Өз өтініш, талаптарыңызды орынды көрсете білуге тырысыңыз. Қызмет бабындағы кез келген оқиға, жағдай, мәселеге баға беріп, оны ресми құжатта көрсету, баяндау я хабарлау барысында барынша салқынқандылық танытыңыз. Көп эмоцияға бой ұрмаңыз. Фактілерді объективті түрде көрсетіңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдану түрін анықтау барысында адамгершілік танытуға тырысыңыз. Кез-келген мәселе бойынша шығарылатын қорытынды барынша нақты болуы керек.
4. Егер қызметтік хатта ол мекеменің, я қызметкердің өтінішін я болмаса тапсырылған ісін орындау мүмкін емес екенін айтқыңыз келсе хатты бірден "Ол мәселенің орындалуы я қабылдануы мүмкін емес" деген сөздерден бастамаңыз. Алдымен аталған мәселеге тоқталып, содан кейін өз шешіміңіздің себебін негізді етіп түсіндіріп, содан кейін барып бұл өтініштің, я болмаса істің қазіргі жағдайда орындалуы мүмкін болмай тұрғанын айтыңыз. Қажет болған жағдайда, бұл мәселенің қайта қаралуы да мүмкін екенін айта кетуге болады.
5. Егер өтініштің, я тапсырылған істің немесе қойылған мәселенің дұрыс шешілгені туралы жазатын болсаңыз, бұл мәселенің дұрыс шешілуі үшін сіздің өз басыңыздың, я мекемеңіздің қосқан үлесін я еткен еңбегін атап кеткеннің артықтығы жоқ.
6. Сізге, я сіздің мекемеңізге келіп түскен қызметтік құжаттармен танысқанда, ол құжат бойынша мәселе көтергенде, я қоластыңызда істейтін қызметкерлерге тапсырма берерде, құжаттағы мәселе бойынша жауап жазарда, бұл мәселе менің я болмаса біздің мекеменің міндетіне кіре ме деген мәселені де ойлау керек.
7. Сіздің хатыңыз заңды, мазмұны айқын болуы керек. Бұл әсіресе қаржы, кадр құжаттары үшін міндетті.
8. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізіе қоймайды.
9. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек.
10. Қызметтік құжаттың қай түрін жазсаңыз да көп ойды аз сөзбен жеткізуге тырысыңыз.
11. Іс қағазадарын жазарда орныққан сөз тіркестері мен қалыптасқан терминдерді қолданыңыз.
12. Бастауыш сөйлемнің басында баяндауыш соңында, анықтауыш анықталған сөздің алдында тұратынын да естен шығармаңыз.
13. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.
14. Жазылған құжатты қайтара оқып шығып, сөйлемдегі басы артық сөздерді алып тастау керек.
15. Сөйлемнің баяндауышы я ашық райда (пайдаланылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді) я бұйрық райда тұру керек (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т.б.)
Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар:
-
Ескерту мәтін беру үшін қолданылатын құрылымдар:
- Ақпанның 20 - сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге саламыз.
- Мына мәселе барысында хабардар еткіміз келеді.
- ... туралы ескертуді қажет деп санаймыз.
- ... туралы тағы да есіңізге салғымыз келеді.
- ... туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертеміз.
-
Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:
- ... сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр.
- ... мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты...
-
... туралы шешімнің қабылдануына байланысты...
-
... жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты...
-
... алдын - ала қол жеткізген келісімге сәйкес.
-
Сіздің талабыңызға орай...
-
... қарамастан әлі де орын алып отыр.
-
... экономикалық жағдайдың қиындығына орай...
-
Өтініш білдіру үшін қолданылған синтаксистік құрылымдар:
-
Менің мекен - жайыма жолдауыңызды сұраймын.
-
Аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын.
-
Осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз...
-
Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар
-
мүмкіндікті қарасатыруыңызды сұраймыз.
-
... анықтауыңызды сұраймыз.
-
... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.
-
Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіруүшін қолданылатын құрылымдар:
-
... байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады.
-
... Өкінішке орай сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі...
-
... Мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ.
-
Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар:
-
Іске қосылсын.
-
Жарамсыз деп табылсын.
-
Жауапты адам тағайындалсын.
-
Бұл мәселеге байланысты жауапкершілік (аты-жөні) - оқытушыға жүктелсін.
-
Мәселені қарау (аты -жөні) - оқытушыға тапсырылсын.
-
Шара қолданылсын.
-
Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын.
-
... жолға қойылсын.
-
Бақылауға алынсын.
-
Өзгерістер енгізілсін.
-
Жол берілмесін.
-
Кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін қолданылатын құрылымдар:
-
Қатысты мәлімет қолма - қол жіберіледі.
-
Құжаттар сіздің мекен - жайыңызға жіберіледі.
-
Шара қолданылуда.
-
Мәліметтер құпия сақталады.
-
Орын алған кемшіліктер жойылды.
-
... қосымша қаржы бөлінді.
-
... байланысты іс - шаралар өткізу жоспарланып отыр.
- қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
-
қысқа мерзімде ұйымдастырылады.
-
Күнделікті қатаң бақылау қойылады.
-
Хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар:
-
... туралы сізді хабардар етеміз.
-
... ұйым хабарлайды.
-
... сізге хабарлаймын.
-
... туралы сізге мәлімет жеткіземін.
-
... туралы баяндаймын.
-
... туралы мәлімдеймін.
-
Қалыптасқан құрылымдар:
-
көмек көрсету.
-
тексеріс жүргізу.
-
тез арада хабарлаңыз.
-
қажетті жағдай жасаңыз.
-
ұсыныс қабылданды.
-
жөнелтуге дайындаңыз.
-
шешім қабылдаңыз
-
ақпарат беріңіз.
-
қоғамдық пікір.
-
Тәуліктің қай уақыты екендігі құжаттың кез - келген түрінде 24 сағаттық уақыт өлшемімен көрсетілуі керек. Қажет болған жағдайда жергілікті уақыт екендігі атап көрсетіледі. Мысалы, жергілікті уақыт бойынша 20 сағат10 минутта.
-
Мекемеге немесе жеке қызметкерге келіп түскен хатқа жауап қайтарған кезде бірінші жолдың ортасына «Сізден 12. 07. 2006 ж. № 1970 нөмірмен келіп түскен хатқа орай» деп атап көрсетілуі керек.
-
Ресми қабылданған қаулы я шығарылған жарлық т. б. ресми құжаттардың негізінде, оның орындалу орындалмауы жөнінде немесе сол құжат бойынша іске асырылып жатқан шаралар жөнінде дайындалған іс қағаздарында немесе ұйым, мекеме басшысы нұсқауларының орындалу барысына орай жазылған іс қағаздарында алғашқы құжат туралы айтылуы керек. Мысылы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 12. 07. 2006 ж. ... туралы шығарылған Жарлығына сәйкес» немесе «Білім және ғылым министрінің 15. 10. 2006 ж. ... жөніндегі нұсқауына сәйкес» т. с. с.
Іс құжаттары - қарым - қатынас жасаудың тәсілі.
Бізге белгілі, әдеби тілдің бес негізгі стилі бар: ғылыми, ресми - іс қағаздары, публицистикалық, көркем әдебиет (кітап стильдері) және ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
Бұлай бөлудің бірнеше негізі бар. Біріншіден, бұлар тілдің қоғамдық қызмет аясына жатады. Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясында құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Бірақ мұнда құқықтық қатынастар мемлекетаралық қатынастарда, мемлекеттің өз адамдарымен және олардың бірлестіктерімен, сондай - ақ мекемелер мен оқу орындары ішіндегі азаматтар мен оқытушылар арасындағы ресми қатынастар және шаруашылық субъектілерінің арасындағы ресми қатынастарда орын алады. Осыған байланысты іс - құжаттары стилінің үш түрі ажыратылады. Олар: дипломатиялық, заң шығарушылық және күнделікті іс жүргізу стильдері.
Ресми іс жүргізу стилі
Дипломатиялық стиль
Заң шығарушы стиль
Күнделікті іс жүргізу стилі
Екіншіден, ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы - құқықтық санамен сәйкеседі. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы, мысалға отбасы қарым - қатынасындағы міндеттемелерімізбен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдарды басқару, заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай - ақ моральдық - этикалық ұйғарымдар мен тыймдар негізінде жүргізілгендіктен, басқарушы үшін құқықытық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады.
Іскерліқ қатынастың өзіндік мәні, әсіресе, нақты түрде жазба мәтінде, құжаттарда көрінеді. Сондықтан қандайда бір қызметтің өзі белгілі бір құжаттарды толтыра білу міндеттерін және түрлі жанрдағы қызметтік қарым - қатынастарды кәсіби түрде игеру қажеттігін талап етеді.
ӨМІРБАЯН
Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол таза қағазға қолмен, кейде арнайы бланкке бірінші жақта жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және тағы басқа қосымша мәліметтер көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Өмірбаян қандай құжат?
-
Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады?
-
Өмірбаянды қайда жазады?
-
Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?
Конституциялық құқық негіздері
Конституция - мемлекеттің Ата заңы. Конституция (лат. Constitutio - құрылу, өкім) - қоғамдық құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың қызметін, азаматтардың құқығы мен міндеттерін айқындайды. Ол - мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияны жасауға түрлі мамандық иелері және қарапайым халық қатысады. Ол - бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын заң, Конституцияға өзгеріс енгізу өте қатаң және жиі қайталана бермейді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, екі рет Конституция қабылданды.
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы қабылданды. Ол өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын толық атқарды...
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы - халық. Халық Конституцияны қабылдады және әрі қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Конституцияның маңызды ерекшелігі - ол бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы болып табылады. Конституция - бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады, яғни барлық Заң салаларының заңдық базасы болып табылады.
Конституцияның құрылымы мен мазмұны.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.
І бөлім. "Жалпы ережелер" деп аталады. Онда Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси қатынастар, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған.
ІІ бөлім. "Адам және азамат" деп аталады. Адамның құқығы мен бостандығы, міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер жинақталған.
ІІІ бөлімде Президенттің, IV бөлімде парламенттің, V бөлімде үкімет құрамының сайлану, тағайындалу мерзімі, атқаратын қызметтері, өкілеттіктері, ел экономикасы, ішкі-сыртқы саясат т.б. мәселелер баяндалған. VI бөлімде Конституциялық кеңестің қызмет бағыты, VII бөлімде Соттар мен Сот төрелігі қызметінің мазмұны, VIII бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері тұжырымдалған. ІХ бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.
1-тапсырма. Негізгі тірек сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз. Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма. Мәтіндегі ойды бірнеше сөйлеммен білдіріңіз.
3-тапсырма. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.
"Тегі ---, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы ---, жынысы ---, нәсілі ---, ұлты ---, тілі ---, дінге көзқарасы ---, нанымы ---, тұрғылықты жері ---, байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемітуге болмайды". (14-бап, 2-тармақ).
4-тапсырма. Мәтін бойынша мына сөздердің синоним қатарын анықтаңыз:
1. мекен-жайы, тұрағы
2. басқа, бөтен, бөгде -
3. төмендету, қорлау -
4. негізгі -
5. барлығы -
6. айқындау -
5-тапсырма. У-ына, у-ға сөздердің мағынасына көңіл бөліңіз, аударыңыз.
"Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмау-ы-на, өзінің және отбасының құпиясы болу-ы-на құқығы бар". (18-бап, 1-тармақ).
6-тапсырма. Конституцияның өзге баптарынан у-ына, у-ға тұлғасымен келген басқа да сөз орамдарын анықтаңыз.
7-тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз, тиісті тұлғасына қойыңыз.
1. Әркім (Республики Казахстан) Конституциясын және заңдарын (соблюдать), басқа адамдардың (право, свободу) абыройы мен (честь и достоинства) құрметтеуге (обязан).
2. Әркім Республиканың (государственную символику) (почитать) міндетті. (34-бап, 1,2 - тармақ).
8-тапсырма.Сәйкес қатарын анықтаңыз.
1. қабылданды А. каждый
2. мемлекеттік құрылыс Ә. Права граждан
3. өтпелі кезең Б. Переходной период
4. заң салалары В. Определяет
5. азаматтардың құқығы Г. Вмешательство
6. қол сұғу Д. должностное положение
7. әркім Е. Отрасли закона
8. кемсіту Ж. принято
9. лауазымдық жағдайы З. Государственный строй
10. айқындайды И. Оскорбление
9-тапсырма.Анықтаңыз, толық жауап беріңіз.
Үлгі: Иә, шын .........
Жоқ, жалған.......
А.Мемлекеттік нышандардың сипаттамасы Конституциялық заңмен
белгіленеді.
Ә.Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.
Б. Мұрагерлік құқыққа заңмен кепілдік берілмейді.
В.Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы жоқ.
Г.Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
Д. Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады.
Е. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - үш жыл.
Ж. Парламент депутаты Қазақстан халқына ант бермейді.
З. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Шын
Жалған
Тіл дамыту жұмысы
1-тапсырма. "Қазақстан Республикасының Ата заңы - маңызды құжат" деген тақырыпқа сұхбат құрыңыз.
2-тапсырма. Ситуативтік тапсырмаларды заң баптарын пайдалана отырып орындаңыз.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы бұзылған жағдайда қалай әрекет етесіз? (хат-хабар құпиялылығы сақталмаса).
2. Сіздің туысыңыздың үйін соттың шешімінсіз алып қойса, не істейсіз? (25-бап)
3-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.
- Мен зейнеткермін, әрі ІІ топтағы мүгедекпін, медициналық жәрдемді қайдан, қалай аламын?
- ?
- Солай ма, біздерге кез-келген дәрігерлік мекеме тегін көмек көрсете ме?
- ?
- Кепілді медициналық көмек республика азаматтарының бәріне көрсетіле ме?
- Иә, ..........
- Өз құқығымызды бәріміз біле бермейміз-ау!
Талдауға ұсынылатын сұрақтар:
1. Қылмыс дегеніміз не?
2. Қылмыс неге байланысты өзгеріп отырады?
3. Қылмыстың басты белгілері қандай?
Қылмысты саралаудың негіздері
Қылмыс дегеніміз - заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет дегеніміз - қылмыскердің адамға немесе қоғамға қарсы жасаған зиянды қимылдарының жиынтығы. Әрекетсіздік дегеніміз - азаматтың қылмыстың дайындалып немесе жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, сонымен қатар заңда көрсетілген азаматтық міндетін орындамауы. Мысалы: полиция қызметкері жасалған қылмысты көре тұрып, оны тоқтату үшін шара қолданбаса...Тағы бір мысал: Дәрігер еш себебі болмаса да, ауыр науқасқа көмек беруден бас тартса...
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Мына сөз және сөз тіркестерінің мағынасына көңіл бөліңіз. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.
2-тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз.
Қоғамға қауіпті әрекет (умышлено либо нечаено) жасалуы мүмкін. Қауіпті әрекет (в уголовном законе) міндетті түрде көрсетілу тиіс. Ол белгілі бір (общественным отношениям) зардап келтіреді.
3-тапсырма. Төмендегі пікірлермен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Ол үшін мына үлгілерді пайдаланыңыз.
(әрине, сіз дұрыс айтасыз, сіздікі жөн, тіптен олай емес, пікіріңіз қате).
1. Қылмыстың бәрі бірдей қасақана жасалады.
2. Жазықсыз зиян келтіру жауаптылыққа жатады.
3. Қылмыстың жасалған уақытын білу өте маңызды.
4. Абайсызда жасалған қылмыс жазаланбау керек.
Үлгі: Пікіріңіз қате, қылмыстың бәрі бірдей қасақана жасалмайды.
7-тапсырма. А) Ситуация құрыңыз.
Қылмыскер: - Көрген оқиғаны тісіңнен шығарма!
Куәгер: - Жақ ашпаймын!
Қылмыскер: -
Куәгер: -
ә) Мына фразеологизмге ситуация құрыңыз. Фразеологизм мағынасын ашыңыз, оны сөйлеуде қолданыңыз.
Қылмыскер бармағын шайнады (өкінді) (қажетті сөздер: қап!, әттеген-ай, осылай боларын білсемші, енді не істеймін, құдай кешірсін, масқара болдым-ау...).
8-тапсырма. Ситуация бойынша сұхбат құрыңыз.
Белгісіз біреулер үй иелері жоқ кезде пәтерді тонап кетті. Куәгерлер не дейді? Кімдерді көрген екен, адамдарды қалай сипаттайды?
Үлгі:
- Сіз бейтаныс біреулерді көрдіңіз бе?
- Иә, ұзын бойлы, мұртты жігітті екі рет кездестірдім.
- Бұрын көріп пе едіңіз?
- Жоқ, ...
- ? ...
9-тапсырма. Мына нақылды қалай түсінесіз?
"Арым - жанымның садағасы".
Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. Қылмысты саралаудың ғылыми негіздерін есте сақтаңыз:
Қылмыс тұрпаттары (Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері):
1. Жеке адамға қарсы қылмыстар
2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
3. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
5. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
6. Меншікке қарсы қылмыстар
7. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
8. Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
9. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
10. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
11. Экологиялық қылмыстар
12. Көліктегі қылмыстар
13. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
15. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
16. Әскери қылмыстар
2-тапсырма. Қылмыскер қашып кетті. Іздеу салыңыз, сыртқы белгісін сипаттаңыз.
Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
Алдын ала тергеу жүргізілетін жер.Алдын ала тергеу қылмыс жасалған жерде (ауданда, облыста) жүргізіледі.Алдын ала тергеу жедел және толық болу мақсатында қылмыс анықталған орында жүргізілуі мүмкін немесе сезікті, айыпталушы, куәлардың көпшілігі тұрған жерде де жүргізілуі мүмкін.
1) Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шыққан соң ғана жүргізіледі.
2) Тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша тергеуге дереу кірісуге міндетті. Егер қылмыстық істі тергеуші өзі қозғаса, және тергеуді өзінің іс жүргізуіне қабылдаса, іс қозғау, іс жүргізу туралы бірыңғай ортақ қаулы жасалады. Осы қаулылардың көшірмелерін 24 сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді.
Қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімінен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Алдын ала тергеу мерзімі ұзартылуы мүмкін:
- істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор - үш айға дейін ұзартуы мүмкін;
- іс аса күрделі болса, облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор (олардың орынбасарлары) - алты айға дейін ұзартуы мүмкін.
- алдын ала тергеу мерзімін одан әрі (әріқарай) ұзарту тек айрықша жағдайда, істің күрделілігіне байланысты болуы мүмкін. Оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
2-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.
3-тапсырма. Мына сөз тіркестерін кеңейтіңіз.
басталды
қозғалды
Алдын ала тергеу жүріп жатыр
жалғасты
аяқталды
Үлгі: Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған соң басталады.
4-тапсырма. Тиісті қосымшаларды анықтаңыз, сұрақ қойыңыз.
1. Егер тергеуші қылмыс[] іс[] өз[] қозғаса, немесе тергеу[] өзі[] іс жүргізу[] қабылдаса, бірыңғай қаулы жасалады.
2. Тергеу мерзімі[] ұзарту іс[] күрделілігі[] байланысты.
3. Алдын ала тергеу қылмыс[] іс қозғау туралы қаулы шық[] соң жүргізіле[] .
Үлгі: қылмыс+ты, нені?
6-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыз.
1) жібереді, сағаттан, қаулылардың, жиырма төрт, прокурорға, көшірмелерін, кешіктірмей, осы.
2) алдын ала, екі ай, тиіс, мерзімнен аяқталуға, тергеу, қозғалған, кешіктірілмей, қылмыстық, бастап, іс, күннен.
3) алдын ала, Прокуроры, тергеу, Бас, Республикасының, мерзімін, айрықша, Қазақстан, жағдайда, ұзартады, тек.
7-тапсырма. Сұхбатқа сұрақ қойып, кеңейтіңіз.
- ?
- Қаулы шыққан соң ғана жүргізіледі.
- ?
- Тергеуші істі қозғаса, өзінің іс жүргізуіне қабылдаса.
- ?
- Қаулылардың көшірмелерін.
- ?
- 24 сағаттан кешіктірмей.
- ?
- Екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс.
8-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді айқындап тұрған есімшелерді анықтаңыз.
Үлгі: тапсырылған іс, анықталған орын...
9-тапсырма. Жақшаны ашып, сөздерді аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз.
1. Алдын ала тергеу (где совершено преступление) ауданда (производится).
2. (По уголовным делам) алдын ала тергеу (со дня возбуждения уголовного дела) екі ай мерзімнен (не позднее) аяқталуға тиіс.
3. Алдын ала тергеудің (дальнейшее продление срока) тек (в исключительных случаях), істің (сложности) байланысты болуы (возможно).
10-тапсырма. Сәйкес қатарын анықтаңыз.
А. ұзарту 1. проводится
Ә. толық 2. приравненный к ним
Б. бірыңғай қаулы 3. обвинительное заключение
В. кешіктірмей 4. срок следствия
Г. жүргізіледі 5. полный
Д. тергеу мерзімі 6. исключительный случай
Е. айрықша жағдай 7. продлить
Ж. күрделі 8. не позднее, без задержки
З. оған теңестірілген 9. единое постановление
И. айыптау қорытындысы 10. сложный
11-тапсырма. 1) Сөйлемдерді аударыңыз. 2) Сөйлемдердегі ойды негізге ала отырып, сұхбат құрыңыз.
1. Тергеуші мамандығының бір қыры - қылмыскерлердің өзге де заң бұзушылыққа баруына тосқауыл болу.
2. Тергеуші тергеу жұмысын шұғыл түрде жүргізбесе, қылмыскерді ұстау қиынға соғады.
3. Тергеуші бір-екі күн кешіксе, қылмыскер ізін суытады.
4. Ел тыныштығын бұзушыларға бұғау салу - жауапкершілігі мол іс.
5. Тергеу барысында қылмыстық топқа ҚР Қылмыстық кодексінің 235-бабы бойынша қылмыс жасады деген айығып тағылып отыр.
6. Олар Қылмыстық топ құрған және оған басшылық жасаған.
Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. Ойды ой қозғайды. 1. Мына пікірді қалай түсінесіз, баяндап беріңіз.
"Қылмыскер кейде жазадан құтылса да, үрейден құтылмайды"
(Сенека, рим философы).
2. Мына пікірді ситуацияға айналдырып, сұхбат құрыңыз.
"Көп қашсаң да, бір тұтыласың". ("тұтылу" - ұсталу, қолға түсу мағынасын білдіреді).
Үлгі:
а) - Осы нақыл сөзді сіз қалай түсінесіз?
- Меніңше, қылмыскер әйтеуір бір қолға түседі.
- ?
- ?
ә) - Ауыр қылмыс жасаған қылмыскер бірнеше жыл ұстатпай жүр екен.
- Әйтеуір бір жазасын алады ғой.
- ?
- ?
б) - Былтыр БАҚ-та бір қылмыстық оқиға туралы жарияланып еді, сол оқиға биыл ашылыпты.
- Иә, қылмыскер қайда қашса да, әйтеуір бір тұтылады.
- ?
- ?
Айыпталушыдан жауап алу
Айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ал айыпталушы келуден жалтарған жағдайда немесе оған іздеу салынған жағдайда ол айдап әкелінгеннен немесе ұсталғаннан кейін дереу жүргізеді.
Жауап алу басталар алдында тергеуші айыпталушыға оның айғақ беруден бас тарту құқығын түсіндіреді және айыпталушының айтқандары оның өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін хабарлайды. Айыпталушы айғақ беруден бас тартқан жағдайда жауап алу хаттамасында бұл туралы белгі қойылады.
Бір іс бойынша шақырылған айыпталушылардан жеке-жеке жауап алынады, бұл орайда тергеуші олар өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады.
Осы Кодекстің 71-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті болады.
Жауап алудың басында тергеуші оған тағылған айыптың мәнісін түсіндіре отырып, ол тағылған айып бойынша өзінің толық немесе ішінара кінәлі екенін мойындайтынын не өз кінәсін теріске шығаратынын анықтайды. Егер айыпталушы жауап бермесе, онда ол өзінің кінәлі екенін мойындамады деп есептеледі.
Айыпталушының тағылған айыпқа көзқарасын анықтағаннан кейін, оған тергеуші тағылған айып пен іс үшін маңызы болуы мүмкін басқа жағдайлар бойынша айғақтар беруді ұсынады.
Қалған жағдайда айыпталушыдан жауап алу осы Кодекстің 213-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.
(ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі, 217-бап)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
2-тапсырма. Мәтіннен таныс сөздерді белгілеңіз.
3-тапсырма. Есімшенің қызметін еске түсіріңіз.
Есімше 1. етістік (қимыл-әрекетті білдіреді)
(-ған,-қан,-кен 2. сын есім (зат, құбылысты айқындайды)
-ар,-ер,-р 3. зат есім (қимыл-әрекет иесін білдіреді)
-атын,-етін,-йтін) 4. үстеу (мезгіл мәндес тұлғада қолданылады)
1. оқиға туралы естіген (қайткен?)
естіген 2. естіген адам біледі (қандай адам?)
3. естігеннен сұрау керек (кімнен?)
4. естіген соң, естігеннен кейін (қашан?)
4-тапсырма. Есімшелерге сұрақ қойыңыз, қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіріңіз.
1. Шақырылған айыпталушылардан жеке-жеке жауап алынады.
2. Тағылған айыптың мәнісін түсіндірді.
3. Көзқарасын анықтағаннан кейін тергеуші айғақ беруді ұсынды.
4. Ол айғақ беруден бас тартқан жағдайда хаттамаға белгі қойылады.
Үлгі: Жауап берген сезікті қол қойды. Қандай сезікті? (анықтауыш)
5-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
білген соң айту, келгеннен бері хабарсыз, ойланғаннан кейін орындау.
6-тапсырма. Есте сақтаңыз. Сіздің пікіріңіз қандай?
"Өз тілін, мәдениетін білмеген, қадірлемеген адамды толық мәнді интеллигент емес деуге болады. (М.Әуезов).
7-тапсырма. Мына ойға қатысты ситуация құрыңыз.
"Аузына келгенді сөйлеу - наданның ісі,
аузына түскенді жеу - хайуанның ісі". (Науаи, шығыс ақыны).
аузына келгенді -
аузына түскенді -
8-тапсырма.Сөйлемді әрі қарай толықтырыңыз, күрделендіріңіз.
1. Айыпталушыдан жауап алу үшін көп уақыт кеткенімен, ... .
2. Айыпталушыдан жауап алу үшін түрлі әдіс-тәсіл қолданылғанымен, ... .
3. Айыпталушыдан жауап алу үшін ... .
4. Айыпталушыдан жауап алу үшін ... .
Үлгі: Айыпталушыдан жауап алу үшін ... , болған оқиғаны толық білу керек. Куә, сезікті адамдардың пікірін салыстыру керек.
9-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз, етістіктің өткен шақ формасын қойыңыз.
1. Айыпталушыны оқиға болған жерде ...
2. Айыпталушы өз құқығын ...
3. Айыпталушы жалған жауабы үшін ...
4. Айыпталушы тергеушінің сұрағына...
Үлгі: Айыпталушының ісі сотта қаралды.
10-тапсырма. Мына мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұхбат құрыңыз:
1. Жәбірленуші - Тергеуші
2. Айыпкер - Тергеуші
1964 жылы туылған К. есімді азамат пәтерінен жалпы құны 77 мың теңге ("Панасоник" бейнекамерасы, "Нокиа" ұялы телефоны) болатын заттарының жоғалып кеткендігі туралы хабарлайды. Тексеру барысында бұл заттар 1978 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын Ф. Есімді азаматтан тәркіленді. Күдікті пәтерлерге кілт үйлестіру арқылы ұрлық жасауды кәсіп еткен екен.
Үлгі:
Жәбірленуші: - Менің пәтерімнен бағалы заттар жоғалды.
Тергеуші: - Қашан жоғалды? Қандай заттар?
Жәбірленуші: - Кеше жұмыстан келгенде, "Панасоник" бейнекамерасы мен ұялы телефонымды таба алмадым.
Тергеуші: - Кімнен күдіктенесіз?
Жәбірленуші: -
Тергеуші: -
11-тапсырма. Сұхбаттағы сөйлемдерді ретімен жүйелі орналастырыңыз.
- Әрине, қылмыскерлерге жан-жақтан тосқауыл керек.
- Бағалы заттар, көп мөлшерде ақша және бейнетаспа ұрланыпты.
- Жәбірленушінің көршісі қырағы адам екен, соның көмегі тиді.
- 121-пәтерге "тәжірибелі", әккі ұрылар түскен екен.
- Көп заттар қолды болған ба?
- Қылмыскерлер тез ұсталыпты. Куә бар ма?
- Жалғыз полиция органы не істейді? Осылай көмектесу керек.
- Ізі суымай қылмыс ашылды.
12-тапсырма. Сұхбаттағы сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
- ?
- Иә, бұл іс тергеуге жіберілді.
- ?
- Куәдан, жәбірленушіден, айыпкерден жеке-жеке жауап алды.
- ?
- Әрине, айыпкер кінәсін мойындады.
- ?
- Сот процесі прокурордың шешіміне байланысты.
Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. Мына мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрыңыз (Айыпталушы - Тергеуші).
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов аудандық ішкі істер бөліміне Галина есімді әйел кінәсін мойындап келген. Оның айтуынша, өзімен бірге тұратын ер адамды балаларына ішіп келіп тиіскендігі үшін балтамен шауып өлтірген. ("Сақшы" газетінен, 2004 ж.).
2-тапсырма. Сөйлемді аударыңыз. Асты сызылған сөздерді басқа мәндес синоним сөзбен ауыстырыңыз.
Адамдарға залымдық ойлама, адамдарды ренжітпе, адамдардың жанын ауыртпа, мазасын алма, тыныштығын кетірме. (В.А.Сухомлинский, педагог).
3-тапсырма. а) 16-тапсырмадағы бұйрық райдың ІІ-жағын, ІІІ жаққа алмастырыңыз. ә) сөйлемдегі етістіктерді етістіктің жедел өткен шақ формасына өзгертіңіз.
Үлгі: а) білме - білмесін, ә) білмеді
4-тапсырма. Хаттама үлгісімен танысып, оны толтырыңыз.
АЙЫПКЕРДЕН ЖАУАП АЛУ ХАТТАМАСЫ
Жауап алу орны__________________________________________________
(қала, ауыл)
Жауап алу "_" ___________2005 ж. ______сағат______минутта басталды.
"__"___________2005 ж. _______сағат______минутта аяқталды.
_______________________________________________________________
(тергеу бөлімінің (басқармасының) аты)
_______________________________________________________________
(қызметі, офицерлік атағы, аты-жөні)
Қазақстан Республикасы ҚІЖҚ-нің 206-219 баптарының талаптарына сәйкес, төмендегі аты аталған адамнан айыпкер ретінде жауап алдым.
Аты-жөні_______________________________________________________
Туған жылы___________________Туған жері_________________________
_______________________________________________________________
Мекен-жайы_____________________________________________________
_______________________________________________________________
Партияда барлығы__________________Ұлты_________________________
Білімі__________________________________________________________
Жұмыс орны, қызметі____________________________________________
Жанұя мүшелері_________________________________________________
Үкімет сыйлықтары______________________________________________
Әскерге міндеттілігі______________________________________________
Қолы___________________________
Жауап алуды жүргізудің жалпы ережелері
1. Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тілді білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауап бергісі келетіні анықталады.
2. Жауап алуға шақырылған адамға одан кім ретінде, қандай қылмыстық іс бойынша жауап алынатыны хабарланады, осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға белгі қойылады.
3. Жауап алу жауап алынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертілуге тиіс.
4. Еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкін. Жетектеуші сұрақтар қоюға тыйым салынады.
5. Егер айғақтар цифрлық деректермен немесе есте сақтау қиын өзге мәліметтермен байланысты болса, жауап алынатын адам өзінің өтініші бойынша немесе оның келісімімен хаттамаға қоса тіркелуі мүмкін құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы.
6. Жауап алу барысында тергеуші жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсете алады, ал еркін баяндау аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдарындағы айғақтарды жария ете алады, дыбыс және бейнежазбаларды немесе кино түсіру материалдарын тыңдатып, көрсете алады.
7. Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу оның белгілерін түсінетін және онымен белгілер арқылы сөйлесе алатын адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі.
8. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болғанда одан жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.
9. Тергелетін істің мән-жайлары бойынша бұрын берілген айғақтарды нақтылау немесе толықтыру қажеттілігі пайда болған жағдайда қайтадан (қосымша) жауап алу жүргізілуі мүмкін.
(ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 213-бап).
1-тапсырма. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.
2-тапсырма. Әрбір бөлікке тақырып қойыңыз.
3-тапсырма. Сөздік-минимум даярлаңыз.
Куә мен жәбірленушіден жауап алу
Бір іс бойынша шақырылған куәлардан, жәбірленушілерден, басқа куәлардан және жәбірленушілерден бөлек жауап алынады. Тергеуші бір іс бойынша шақырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады.
Жауап алу алдында тергеуші куәнің, жәбірленушінің айыпталушыға немесе сезіктіге қандай қатысы бар екенін анықтайды, оларға іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, айғақ беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертеді. Бұл ретте тергеуші куәгерге, жәбірленушіге өзінің, ерінің (зайыбының), жақын туыстарының қылмыс жасағанын ашатын, сондай-ақ, діни қызметшіге - тәубе үстінде оған ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқығы бар екенін түсіндіруге міндетті. Бұл құқықты пайдаланбаған куә, жәбірленуші көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі.
Басқа жағдайда куә мен жәбірленушіден жауап алу осы Кодекстің 213-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.
(ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 214-бап).
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтін бойынша негізгі сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
2-тапсырма. Екінші абзацтың әрбір сөзіне нақты сұрақ қойыңыз, қайталап жауап беріңіз.
Үлгі: ненің зардабынан? - қылмыстың зардабынан.
3-тапсырма. Мәтіннен таныс сөздерді белгілеңіз.
4-тапсырма. Сәйкес қосымшаларын анықтаңыз.
1. Айыпталушы (-дың, -ның) жауаб (-сы, -ы) шындық (-ға, -қа) сәйкеспейді.
2. Жәбірленуші соққыға жығыл(-ған, -қан), әрі ауыр дене жарақат (-ны, -ын) алған.
3. Куә мен жәбірленуші (-дің, -нің) жауаптар (-ы, -сы) бір-бірі (-ге, -не) ұқсайды.
4. Бұл оқиға (-на, -ға) байланысты тергеу жұмыстар (-сы, -ы) жүргізіліп жатыр.
5. Кеше болған қылмыс (-ға, -қа) қатысы бар бірнеше сезікті (-ден, -мен) жауап алынды.
5-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз. Рольге бөліп оқыңыздар.
- Сәлеметсіз бе, сіз тергеуші Асқаровсыз ба?
- Иә, қандай мәселемен келдіңіз?
- Мен бір оқиғаның куәсі болдым. Сол туралы баяндайын деп едім.
- Қандай оқиға? Қашан болған? Айта беріңіз. (әуелі өзіңізді таныстырыңыз).
- ?
- ?
6-тапсырма. Аударыңыз. Есімшеге көңіл аударыңыз.
1. Допрос обвиняемого проводится по правилам статьи 213 Уголовно-процессуального Кодекса РК.
2. Обвиняемые, вызванные по одному и тому же делу допрашивается порознь.
3. Допрос обвиняемого следователь обязан провести не позднее двадцати четырех часов после предъявления обвинения.
7-тапсырма. Сөйлемдегі ойды аяқтаңыз.
1. Жалған куәлік қылмыстарды тез ашуға кедергі болады, өйткені ...
2. Куәгердің жауабы анық болмады, себебі ... .
3. Куәгер болған оқиғаны толық көріпті, сондықтан ... .
Үлгі: Жалған айғақ берген куә жауапқа тартылады, өйткені істің тез ашылуына бөгет болады.
8-тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз.
1. (Перед допросом) тергеуші куәнің, жәбірленушінің (к обвиняемому) немесе (подозреваемому) қандай (отношение) бар екенін анықтайды.
2. Бұл (правом) пайдаланбаған куә (ложное показание) бергені үшін қылмыстық (ответственности) туралы (предупреждается).
9-тапсырма. Сіз көлік-жол оқиғасының куәсі болдыңыз. Сол туралы баяндап беріңіз.
1-тапсырма. Ойды ой қозғайды. Мына ойды қалай түсінесіз, өз пікіріңізді білдіріңіз.
"Жану мен жарық шашу қолыңнан келмесе, тым болмаса көлегейлеме" (Л.Толстой, орыс жазушысы).
(көлегейлеме, бүркеме - не прикрывай, не препятствуй).
2-тапсырма. Хаттама үлгісімен танысып, оны толтырыңыз.
КУӘДЕН (ЖӘБІРЛЕНУШІДЕН) ЖАУАП АЛУ ХАТТАМАСЫ
_____________________ "___" ____________200__ж.
(жауап алынған жер)
Жауап алу ________сағат __________ минутта басталып
сағат __________ минутта аяқталды.
_______________________________________________________________
(тергеу бөлімінің (басқармасының) аты)
_______________________________________________________________
(қызметі, офицерлік атағы, аты-жөні)
ҚР ҚІЖК-нің 212-214, 218 баптарының талаптарына сәйкес, төменде аты аталған куә (жәбірленуші) ретінде жауап алдым.
Аты-жөні__________________________________________________________
Туған жылы, айы_______________Туған жері________________________
_______________________________________________________________
Ұлты____________Партияда барлығы__________Білімі________________
Отбасы жағдайы_________________________________________________
Төлқұжат және басқа құжаттары туралы_____________________________
Мекен-жайы____________________________________________________
Жұмыс орны, қызметі_____________________________________________
Жауап беруден бас тартсам Қазақстан Республикасы ҚК-нің 353-бабы бойынша және біле тұра өтірік жауап берсем Қазақстан Республикасының 352-бабы бойынша қылмысты жауапкершілігім маған ескертілді _________
Қолы__________________________
Жауапты_____________________тілінде беремін, тілмаш қажет етпеймін.
Қолы__________________________
Куәнің (жәбірленушінің) жауабы:__________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________
Қасымханның қасқа жолы
Қазақ хандығының кемелденген тұсы - "Қасқа жолды" Қасым ханның мемлекет басқарған кезеңі (1511-1523 жылдар аралығы). Ол - өзінің хандық билігі кезінде саяси дипломатияда, мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатта және әскери соғыс ісінде зор табысқа жеткен ең көрнекті мемлекет қайраткері. Тарихымызда, әсіресе, қазақ сотының билер ережесінде "Қасым ханның қасқа жолы" деп ерекше аталуы да осындай өресі биік дара тұлға екенін танытады. Қасым хан ішкі-сыртқы саяси жағдайды, халық бұқарасы мен билер сотының іс жүргізу байыбын қарап, ежелден келе жатқан әдет-ғұрып, ереже-тәртіпке елеулі өзгерістер енгізді. Оны сол замандағы елге әйгілі билер кеңесіне салып, "Жарғы заңын" мақұлдатты. Қасым хан исламның "Шариғат заңын" қазақ сотының билер ережесіне енгізбеген, жаңашыл бағыт ұстанған. "Қасым ханның қасқа жолы" делінуі де сондықтан. Мұндағы басты-басты деген бес қағида-ереже мыналар:
-
Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).
-
Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал тонау, ұрлық қылмыстарына жаза).
-
Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат).
-
Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік).
-
Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті).
Құр тақырып атауынан басқа ереже баптары қалмаған бұл заңдардың әр сөзіне байыппен ой жүгіртсек, мемлекеттік маңызы зор, толыққанды жарғы үлгісі болғанын байқаймыз.
Осы бес түзілімнен тұрған жарғыны Қазақстан Республикасының сот құрылымындағы іс жүргізу инстанцияларының атқарып отырған міндеттерімен салыстыра қарасақ, бір-бірінен алшақ кетпейді. Мәселен, қылмыс заңын алайық. Мұндағы қамтылып отырған жаза түрлері қылмыстық алқа қарайтын істер мен жаза түрлеріне, осы алқа қарайтын сот істерінің жүйесіне дәл келіп тұр.
Мүлік заңы мен жұртшылық заңы өзінің тақырыбынан-ақ азаматтық істер мен шаруашылық істеріне тән дау-жанжал, азаматтық ар-ождан, ел бірлігі, халық дәулетін еселеу сияқты нағыз қоғамдық тәртіп, тәрбиеге сүйеніп заң жарлықтарын, іс қарайтын баптарын түзгені әбден аңғарылады.
Әскери заңның құрамына енген жарлық-жарғылар да қазіргі әскери істер жөніндегі сот алқасының атқарып жүрген міндеттерінен онша алыс кетпейді. Отан қорғау, оның жауынгер ұлы болып, елдің шетін, тұтастығын көздің қарашығындай сақтау - адал борыш, азаматтық парыз екенін танытады. Оны орындамау - ер азаматтың абырой-беделіне түскен үлкен кінә, опасыздық деп түсіндірілген.
"Қасым ханның қасқа жолы" заң жарғысындағы ерекше көзге түсіп тұрған ереже - елшілік жоралары. Бұл Қасым ханның өзге мемлекет қайраткерлерінен оқ бойы озық, терең ойлы ел билеуші екенін танытады. Оның халықаралық қатынастарда елшілердің ерекше рөл атқаратынын, алғыр ой, шешендік сөз, сыпйыгершілік пен әдептіліктің ел мен елдің арасында ерекше маңызға ие екенін сұңғылалықпен түсіне білгенін жоғары бағалау керек. Қазақтың "Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан" деген халық мәтелінде осындай өрелі істің ой орамы жатыр емес пе!? Мұндай елшілікке тән ереже-баптың халықаралық дәрежеде өркен жаюы - біздің халық үшін ерекше мәртебе деп есептеген жөн.
Ал "Есім ханның ескі жолы" деген ауыздан-ауызға көшіп бізге жеткен мәтел - қағидаға айналып кеткен азын-аулақ ереже қалдығы ғана. Мұндағы "Қасқа жолға" қосылған жаңа ереже түзілімі: "Хан болсын, ханға лайық заң болсын; Би болсын, би түсетін үй болсын; Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын; Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын",- деген хандық құрылым жүйедегі саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істерін жөнге салып отыратын басты-басты төртке бөлінген төрт тірек екенін танытады. Мұны қазіргі сот алқаларының мәжілісіндегі іс қарау ауқымымен шендестірсек, еш айыбы жоқ.
М.Нәрікбаев. "Ұлы билерімізден жоғарғы сотқа дейін".28-30 бет
-Алматы: Атамұра, 1999. -192 бет.
1-тапсырма. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.
2-тапсырма. Әрбір бөлікке тақырып қойыңыз.
3-тапсырма. Сөздік-минимум даярлаңыз.
4-тапсырма. «Есімханның ескі жолы» қандай мағына беретінін ашып айтыңыз.
5-тапсырма. Осы тақырып бойынша монолог әзірлеңіз.
Қазақ даласындағы әдет-ғұрыптар (дала құқығы, отбасы заңдары)
Отбасына қатысты құқықтар
Неке - қарама-қарсы екі жыныстың (ер мен әйел) шариат талаптарын сақтай отырып, бірге тұрмыс құру мақсатында өзара келісіммен жасасқан міндеттемесі. Некелесу - кәмелетке толғандардың іс-әрекеттері ішіндегі ең жақсысы. Әлбетте, ұрпақ өсіру, адамзат баласы өмір жалғасын тоқтатпауы әркімге парыз.
Неке түрлері - үшеу; тұрақты неке, уақытша неке және кәнизек неке. Біз имам Ағзам ағымында болғандықтан, көбіне осы ағым ережелерін оқушыларға беруге тырысамыз. Имам Ағзам уақытша некені қолдамайды.
Тұрақты неке
Алдын ала талап етілетін ережелер:
- қалыңдық таңдау (бұған тегі, пәктігі, ақыл-есі, діні, туыстығы, денсаулығы т.б. кіреді).
- келісім сұрау (келісімін беруші қыз не әйел - кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін, өз құқы өзінде болуы тиіс).
Некеге кедергі келтіретін жәйттер:
- жақын туыстық;
- емшектестік;
- сүйек жақындық;
- әйел санының белгілі мөлшерден асуы;
- дінсіздік;
-талақ айту.
Жақын туыстық. Шариат жақын туыстығына орай 6 жағдайда некелесуге тыйым салады. Олар:
- анасы және онан тікелей өрбігендер;
- қызы және онан тікелей өрбігендер;
- ұлының қызы және онан тікелей өрбігендер;
- әпкесі және онан тікелей өрбігендер;
- әке және ана жағынан тікелей өрбігендер;
- аға-іні қыздары.
Сол секілді заңсыз (некесіз) тұрмыс құрып, туылғандармен некелесуге де тыйым салынады.
Емшектестік. Шариат бойынша бойынша 1 жасқа дейінгі нәресте басқаның емшегін 15 рет емсе емшектес деп саналады. Имам Ағзам қағидасы бойынша бір рет тойып емсе де жетеді. Емшектес болғандар арасында неке қиылмайды. Арабтарда жас нәрестелерді басқаға асырауға беру дәстүрі бар. Мұхаммед пайғамбарды да нәресте кезінде басқаға асырауға берген.
Сүйек жақындық. Шариат бойынша әйелінің анасына, бірден апалы-сіңлілі екеуіне үйленуге тыйым салынады. Тек бірінен ажырасқанда ғана екіншісіне үйленуге рұқсат етіледі.
Әйел санының белгілі мөлшерден асуы. Шариат бойынша ер адамға 4 әйелмен некелесуге рұқсат етеді. Некелеспей тұрып әйелге жақындау - арам. Шариат күндермен некелесуге тыйым салмайды. Олармен некелесуге шек те қоймайды. Имам Ағзам қағидалары кітап түсірілгендерге (яғни, Таурат, Забур, Інжілді тән алушыларға) үйленуге рұқсат береді. Тек әйелдерге өз діндегілерден өзгелерге тұрмысқа шығуға тыйым салады.
Талақ айту. Шараит бойынша 3 рет талақ айтылған әйелімен некелесу арам. Ашу үстінде, мас кезінде айтылған талақ заңсыз. Шариат жолымен ажырасу өте күрделі талаптардан өтіледі.
Некелесу кезіндегі ережелер
Некеге тұрушылар:
- кәмелетке толған;
- ақыл-есі бүтін;
- өзара келісілген;
- маһр беру (ақша не мал-мүлік);
2 куә (ер адам) қатысуы міндеттеледі.
Құл мен күң қожасының рұқсатынсыз некелесе алмайды.
Некені асығыс, шариат қағидаларын қысқартып, жол-жораларын бұзып қиюға болмайды. 1 еркек, ә әйел куәлік ете алады.
Жеккөрінішті жәйттер:
- әйелді жиі қоя беру (ажыраса беру);
- әйелді жөнсіз ұра беру;
- әйелдерге сұқтана қарау;
Некенің жойылуы
- 3 рет талақ айтса;
- ері не әйелі діннен безсе;
- ері 4 жыл 10 ай хабарсыз кетсе;
- қыз келісімін бермесе (ер адамның құқы жоқ);
- кемшіліктері анықталса (мысалы, жақын туыс, есі ауыс, ауру т.б.);
- неке заңсыз қиылса;
- ері өлсе.
Шариат заңдары етек кірі келгенде немесе екіқабат әйел босанып, тазаланғанша талақ айтуға тыйым салады.
Тақырыпты пысықтау, бекіту тапсырмалары
1. Негізгі мәтіннің мазмұнын ашатын белсенді лексикалық бірліктерді еске түсіріңіздер.
2. Мәтін мазмұнын қысқаша баяндаңыздар (жазбаша).
3. Мәтін бойынша кез келген диалог-сұхбат құрыңыздар.
4. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін афоризмдерді (мақал-мәтел, цитата) жатқа айтыңыздар.
5. Жолдасыңыздың білімін тексеріңіз, өзіңіз бағалаңыз. Ол үшін мына тапсырманың бірін ұсынуға болады (тестік ыңғайдағы сұрақтар; сөйлемді әрі қарай жалғастырыңыз, проблемалық сұрақ қою, сөздік қорын тексеру т.б.).
Еңбек құқығы
Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылардың, қызметшілердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданды. Ол "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заң болып табылады.
Еңбек туралы заңдардың негізгі міндеттері мыналар:
1) еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін нығайту;
2) еңбек бостандығы мен еңбек туралы шарттар бостандығын бекіту;
3) еңбек қатынасындағы қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтық мәртебесін белгілеу;
4) әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;
5) қызметкерлердің (жұмысшылардың), оның ішінде, уақытша жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнықтыру.
Еңбек құқықтық қатынастарының мынандай үш маңызды белгілері бар:
1) жеке еңбек шарты негізінде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына қызметкердің жұмысқа тұруы;
2) еңбек құқықтық қатынасы бойынша қызметкер (жұмысшы) өзінің мамандығы, біліктілігіне қарай нақты бір жұмысты атқаруды өз міндетіне алады. Кәсіпорын немесе мекеме аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті жағдай жасайды.
3) еңбек құқықтық қатынасының екі тарабы - қызметкер де, жұмыс беруші де ішкі еңбек тәртібіне бағынады.
Ескерту: "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы желтоқсанның 23-і күні ол заңға қол қойды.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркесіне көңіл бөліңіз.
2-тапсырма. Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркесін белгілеңіз.
3-тапсырма. Жоғарыдағы етістіктерді ырықсыз етіс формасына келтіріп, өткен шақта беріңіз.
Үлгі: нығайт - нығайт-ыл, нығайт-ыл-ды, нығайт-ыл-ғын.
4-тапсырма. Мәтіннен -лық, -лік жұрнақты туынды сын есімді анықтаңыз, сөйлем құраңыз.
Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі заңда көрсетілген.
Үлгі: нарықтық қатынас, құқықтық мәртебе.
5-тапсырма. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.
1. Жұмыскер өз міндеті... орындау... , қауіпсіз... техника... ережелер... қатаң сақтау... міндет... .
2. Егер ҚР еңбек заңы... көрсетілген жағдайлар... байланысты шарт бұзыл... , онда жұмыскер өз міндетін атқара алмай... .
3. Жұмыскер... жылдық ақы... демалыс беріле... және ақы төлене... .
6-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырыңыз, сөйлем құраңыз.
1. жеке, шарты, осы, жасалды, еңбек, қыркүйектің, 2004, бірінде, жылы.
2. еңбек ақысы, әр, бесінде, айдың, қызметкердің, төленеді.
3. қызметкерге, жыл, еңбек, сайынғы, демалысы, демалыс, беріледі, сәйкес, кестесіне.
7-тапсырма. Сәйкес келетін тұлғаны қойыңыз..
1. Жұмысшы уақыт(-ша, -ше) бос тұр(-ған, -ар) орын(-да, -ға) қабылдан(-са, -сын), келісім шектеулі мерзім(-ге, -де) жасалады.
2. Жұмысшы ішкі еңбек тәртіб(-і, -сі) ережесі(-ге, -не) бағыну(-ен, -ға) міндетті.
3. Демалыс(-тың, -қа) берілу мерзімі(-ді, -н) әкімшілік анықтай(-ты, -ды).
8-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз, ойды әрі қарай жалғастырыңыз.
Екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартты, сондықтан келісім тоқтатылды. Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде жасалады және бұйрық шыққан соң жүзеге асады.
9-тапсырма. Сәйкес қатарын анықтаңыз.
1. Еңбек келісімі А. белгіленді
2. жұмыстың сипаты В. Анықталды
3. еңбек ақы мөлшері С. Ұзартылды
4. екі жақтың міндеті Д. жасалды
5. келісімнің мерзімі Е. Толық атауы
10-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз.
1. Жұмыскер (трудовую дисциплину) сақтауға міндетті.
2. Жұмыскер ( к правилам внутренного распорядка) бағынуға міндетті.
3. Жұмыс беруші осы еңбек шартында (установленную заработную плату) төлеуге міндетті.
4) Жұмыскер (имущественную ответственность) иеленеді.
11-тапсырма. Мына сөйлемдерді аударыңыз.
1. Работник обязуется: добросовестно выполнять трудовые обязанности, соблюдать дисциплину труда и добросовестно исполнять распоряжения руководителя.
2. Обеспечить Работнику условия труда в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
3. Повышать свою профессиональную квалификацию.
12-тапсырма. Сөз тіркесін кеңейтіңіз: 1) мамандығына сәйкес жұмыс; 2) сыйақы берілді; 3) материалдық залал.
Үлгі: Сапалы орындау. Өз жұмысын сапалы орындауға міндетті. Жұмыскер өз жұмысын сапалы орындауға міндетті. Жұмыскер осы шартта көрсетілген өз жұмысын сапалы орындауға міндетті.
Тілдік дамыту жұмыстары
1-тапсырма. Мына келісім-шартпен танысыңыз. Әр бөлігі туралы кеңірек әңгімелеңіз.
К Е Л І С І М - Ш А Р Т
Астана қаласы "__" _________2004 ж.
І. Келісім-шарттың заты
1. Қызметкер _______________________________________________
_______қызметіне тағайындалады.
ІІ. Келісім-шарттың қолдану мерзімі
-
Келісім-шарттың күші "__"____________ "__"___________дейін.
____________ 2004 ж.
-
Келісім-шарттың мерзімі біткеннен кейін келісуші тараптар оны тағы да сол мерзімге ұзартуына болады.
ІІІ. Қызметкердің міндеттері
-
Жұмыс осы шарт бойынша _________________ болып табылады.
2. Жұмыскер өзінің лауазымына сәйкес еңбек шарттарын адал атқаруға, ___________________ қабылданған жұмыс тәртібіне бағынуға міндеттеледі.
3. Жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауға, өндірістік, коммерциялық, тағы басқа құпияларды жария етпеуге міндеттенеді.
IV. Жұмыс берушінің міндеттері
1. Жұмыс беруші жұмыскерге оның мамандығы мен біліктілігіне сәйкес жұмыс беруге міндеттенеді.
2. Қажетті еңбек жағдайы және жалақымен қамтамасыз етуге, еңбек пен демалыс уақытының заңға сәйкес нормасын сақтауға міндеттенеді.
V. Еңбекақы төлеу
1. Жұмыскерге келісімді еңбекақы _________________ белгіленеді.
2. Жұмыскерге көтермелеу және сыйақының барлық түрлері мен мөлшерін қолдану тәртібі сыйлық беру Ережесімен белгіленеді.
VI. Материалдық жауапкершілік.
1.Жұмыскер жұмыс берушіге келтірген материалдық залалы үшін толық материалдық жауапкершілікке ие.
VII. Қорытынды ережелер
1. Келісуші жақтардың келісімімен келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға болады.
2. Егер осы келісім-шарттың ІІІ.2., ІІІ.3 тармақтарына сәйкес міндеттер бұзылса, жұмыс беруші шартты біржақты бұзуына болады.
3. Келісім-шарт 2 дана жасалады, бірі жұмыс берушіде, екіншісі жұмыскерге беріледі.
Жұмыс беруші _____________________________________________
Жұмыскер__________________туған жылы_____________________
Мекен-жайы_________________________________________
Куәлік № _________________20______жылы берілген
(кім берген)
2-тапсырма. Ата заңға жүгінейік. Оқыңыз, біліңіз.
ҚР Конституциясы 24-бап.
1-тармақ: "Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар...".
2-тармақ: Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3-тапсырма. 1) Жаттап алыңыз, жадыңызға тұтыңыз!
"Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық... ..Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады". (Абай, 38-қарасөз).
2) Негізгі ойды сақтай отырып, аударыңыз.
"Существуют три вещи, способные унизить весь челоневежество, леность, злодеяние...
...Леность - злейший враг искусства: бесталантность, безволие, бессытдство, бедность - порождение лени". (Абай. 38-слово).
4-тапсырма. Асты сызылған сөз тіркестеріне мәндес синонимдер қатарын құраңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.
Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ,
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.
5-тапсырма. Мына ойды кәсіпкердің іскерлігіне қатыстыра кеңейтіңіз.
"Ерте тұрған жігіттің, ырысы артық
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық".
ырыс - прибыль, іс - дело (Кто рано встает, тому бог дает).
6-тапсырма. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастырыңыз.
7-тапсырма. Жұмбақты шешіңіз. Бұл әрекеттен сақ болайық!
Жұмыспен жоқ шатағы,
Батпаққа аунап жатады.
Ол кім?
(маскүнем)
Айтар сөзі - Мен,
Кеңірдегі кең.
Мұндай жаннан, асылы,
Аулақ жүрген жөн.
Ол кім? (парақор)
Қазақстан Республикасының заңдары.
Қазақстан Республикасының Конституциясынан
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңнан
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі
Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.
10-бап. Құжаттама жүргізу тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.
11-бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.
13-бап. Сот ісін жүргізу тілі
Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
14-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу тілі
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының (30.01.01 №155-11)
әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен
21-бап. Іс жүргізу тілі
1. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда іс жүргізуде орыс тілі немесе басқа да тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
2. Судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) өз қаулысымен қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілін белгілейді. Белгілі бір іс бойынша іс жүргізу соттың, құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысымен белгіленген тілдердің бірінде жүзеге асырылады.
3. Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе жеткілікті дәрежеде білмейтін іске қатысушы адамдарға ана тілінде немесе өзі білетін тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтініштер жасау, шағым беру, істің материалдарымен танысу, оны қарау кезінде сөз сөйлеу, аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған заңға байланысты қажетті іс материалдарын іс жүргізілетін тілге тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.
5. Құқық бұзушы мен жәбірленушіге тапсырылуға тиісті іс жүргізу құжаттары олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аударылып берілуге тиіс.
6. Аударма жөніндегі шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметі мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.
81-бап. Тіл туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Лауазымды адамның тіл білмеймін деген сылтаумен құжаттарды, сауал салуды, өтініштерді немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәні бойынша қарамауы.
Айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сабақтың негізгі нысанына көңіл бөліңіз.
Құқықтану - құқықты ерекше нормалардың жүйесі ретінде зерттейтін ғылым. Мемлекет құрылысы мен қоғам өмірі өте күрделі және қилы болғандықтан, құқық нормалары оларды ерекшеліктеріне байланысты реттейді. Сондықтан құқықтану бірнеше салаларға бөлінеді. Конституциялық құқықтану ілімі - Конституцияны, оның нормаларының ерекшеліктерін, мемлекеттік құрылысты, мемлекетті басқару нышанын, т.с.с. конституциялық құрылысқа байланысты мәселелерді зерттеп, қарастырады. Азаматтық құқық ілімі - мүліктік қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды, олардың ерекшеліктерін анықтайды. Қылмыстық құқық ілімі - қылмысқа, қылмыстық жазаға байланысты заңдарды, мәселелерді зерттейді. Қазақстанда құқықтанудың басқа да салалары қалыптасуда. Оларға жататындар: отбасы құқығы, еңбек құқығы, әкімшілік құқық, т.б.
І-тапсырма. Заң баптары бойынша пікір білдіріңіз.
Экология құқығы
Экология құқығы қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Ол қоғамдық қатынастар - қазіргі және болашақ ұрпақ үшін табиғи ортаны тиімді пайдалануға және қорғауға байланысты қатынастар.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану конституциялық қағидаларға енгізілген. Біздің мемлекетімізде "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы", "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заң және "Экологиялық сараптама" заңдары мен басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.
ҚР-ның Конституциясы және басқа да экологиялық заңдар азаматтарға қоршаған табиғи ортаға байланысты белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейді. ҚР Конституциясы 38-бабына сәйкес азаматтар табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңда қоршаған ортаны қорғаудың басты қағидалары көрсетілген. Қоршаған ортаны қорғау келесі басты қағидаларды негізге ала отырып жүргізіледі. (солардың кейбіріне тоқталсақ).
1) ... халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
2) экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
3) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау - оларды бұзғаны үшін жауапкершілікте болу;
4) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу...
5) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркесін есте сақтаңыз.
2-тапсырма. Мәтіннен таныс сөздерді белгілеңіз.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, бірнеше сөйлеммен негізгі ойды білдіріңіз.
4-тапсырма. Мына анықтаманы басқа сөйлеммен беріңіз. Мағынасын есте сақтаңыз.
Экология ( гр. oikos - мекен, logos - ілім, сөз) организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қатынасын зерттейтін ғылым.
5-тапсырма. Төмендегі хабарлама туралы пікір білдіріңіз. Экология мәселесіне неліктен халықаралық деңгейде көңіл бөледі?
70-жылдардан бастап экология мәселелері түрлі халықаралық кеңестер мен мәжілістерде талқыланып келеді. Ол халықаралық ұйымдар - "Римдік клуб" пен ЮНЕСКО - түрлі семинарлар өткізіп жүр. [ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Gultural Organization), Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы] (Қ.М.Жүкешев, Ғ.С.Сапарғалиев. Адам. Қоғам. Құқық. А., Мектеп, 2001. -288 б. (61-62 бет).
6-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырыңыз.
38-бабына, Республикасы, сақтауға, азаматтар, және, табиғат, ұқыпты. Қарауға, міндетті, байлықтарына, табиғатты, азаматтар, сәйкес, Конституциясы, Қазақстан.
7-тапсырма. Сұхбатты әрі қарай дамытыңыз.
А. - Біз ішіп жүрген шырындар өте дәмді, денсаулыққа пайдалы, құрамында витаминдері (дәрумен) көп.
Б. - Жоқ, қателесесің, олар - жасанды, табиғи емес, құрамында концентраттар, бояғыштар бар.
А. -
Б. -
А. -
Б. -
8-тапсырма. Сәйкес келетін тұлғаны қойыңыз.
1. Қазақстан Республикасы (-нде, -ның) Конституциясы (-сы, -м) және басқа да экологиялық заң (-да, -дар) азаматтар (-да, -ға) қоршаған орта (-мен, -ны) қорғау (-ды, -ға) міндеттей (-ді, -мін).
2. Қоршаған орта (-ны, -ға) нұқсан келтіру (-мен, -ге) жол берме (-се, -у) керек.
3. Экология (-лық, -сы) жағдай (-ы, -сы) қолай (-лы, -сыз) аймақтарда (-дан, -ғы) бұзылған табиғи жүйелер (-ден, -ді) қалпы (-ға, -на) келтір (-у, -се) керек.
9-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау (...) заңдарға мемлекеттік (...) мен мемлекеттік (...) қажет, оларды (...) үшін әркім (...) болу керек. (реттеу, туралы, бұзғаны, бақылау, жауапкершілікте).
Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. 1) "Адамдар табиғатқа жауапсыз қарайды" дегенді қалай түсінесіз. "Иә", "жоқ" деген бағытта екі топқа бөлініп пікір таластырыңыз.
Үлгі: Иә, табиғат байлығын сақтамайды, бүлдіреді...
Жоқ, олай емес кездейсоқ жағдай кесірінен болады...
2) Мына көзқарасқа дәлелдеріңіз бар ма? Ой бөлісіңіз. "Кейде адамдар өз мүддесі үшін табиғатқа зиян әкеледі (шектіреді)".
Мысалы:
1) Жаңа жылдық шырша даярлау...
2) Орманда алау (от) жағу т.б.
3) ? -
4) ? -
2-тапсырма. Мақалды жаттап алыңыз.
1. "Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім".
2. "Жер - адамның бесігі, Ел бақыттың есігі".
3-тапсырма. Төмендегі пікірді табиғат экологиясымен байланыстыра қолданыңыз. Ой қорытыңыз.
"Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан қаттырақ" (Сенека, рим философы).
Азаматтық құқық
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Сол салалардың бірі - азаматтық құқық. Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары, өзге де мүліктік қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысты емес жеке қатынастар реттеледі.
Мүліктік қатынастар - қоғамдық қатынастардың негізгісі. Ол азаматтық құқықпен реттеледі. Олар - кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар. Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туатын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді:
1) мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар;
2) мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Біріншісіне мыналар жатады: Мысалы, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысатын өнер адамдары, өнертапқыштар өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғау үшін қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.
Екіншісіне мыналар жатады:азаматтың есімі, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қолсұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Жоғарыда көрсетілгенді қорыта келіп, азаматтық құқыққа сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады: Азаматтық құқық дегеніміз - бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарға байланысты (байланысты емес) мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.
("Мемлекет және құқық негіздері", 353-355 бет).
Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. Ойды ой қозғайды. Танымдық сұрақтар.
1. Сіз - сазгерсіз. Сіздің әніңізді басқа біреу иеленіп жүр екен. Өз құқығыңызды қалай қорғайсыз?
2. Жеке көлігіңізді айдап әкетті. Қалай әрекет етесіз?
2-тапсырма. Мына бапты оқып, талқылаңыз.
ҚР Конституциясы 18-бап, 1-тармақ: "Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар".
3-тапсырма. "Азаматтық құқық" мәтінін барынша кеңейтіп, мазмұндаңыз. Тіл дамыту мақсатына қатысты тапсырмаларды пайдаланыңыз.
1-тапсырма. Аталған жарлықтардың біріне кеңірек тоқталыңыз. Онда не жайында айтылады деп ойлайсыз?
Үлгі: "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықтарын қорғау туралы" Жарлық, меніңше, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған Кәсіпкерлік-экономика дамуына өз үлесін қосады - деп ойлаймын. Олардың қызметі заңмен қорғалу керек.
2-тапсырма. "Студенттер мәртебесі туралы" "заң күші бар" қаулы шығарыңыз.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ
Аралық бақылау тапсырмалары
№ 1 аралық бақылау тапсырмалары
Бақылау түрі: коллоквиум
1. Негізгі мәтіннің мазмұнын ашатын белсенді лексикалық бірліктерді еске түсіріңіздер.
2. Мәтін мазмұнын қысқаша баяндаңыздар (жазбаша).
3. Мәтін бойынша кез келген диалог-сұхбат құрыңыздар.
4. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін афоризмдерді (мақал-мәтел, цитата) жатқа айтыңыздар.
5. Жолдасыңыздың білімін тексеріңіз, өзіңіз бағалаңыз. Ол үшін мына тапсырманың бірін ұсынуға болады (тестік ыңғайдағы сұрақтар; сөйлемді әрі қарай жалғастырыңыз, проблемалық сұрақ қою, сөздік қорын тексеру т.б.).
6. Алдын ала тергеу қай жерде жүргізіледі?
7. Тергеу барынша толық болу үшін тағы қай жерде жүргізілуі мүмкін?
8. Тергеу қашан жүргізіледі?
9. Бірыңғай ортақ қаулы қай кезде шығады?
10. Алдын ала тергеу қашан аяқталуы мүмкін?
11. Алдын ала тергеу не себпті ұзартылуы мүмкін, қанша мерзімге, оны кімдер ұзартады?
12. Алдан ала тергеуді айрықша жағдайда кім ұзартады?
№ 2 аралық бақылау тапсырмалары
Бақылау түрі: коллоквиум
1. Негізгі мәтіннің мазмұнын ашатын белсенді лексикалық бірліктерді еске түсіріңіздер.
2. Өздеріңізге ұнаған бір бөлімдегі мәселені топ болып талқылаңыздар.
3. Қылмыс неге байланысты өзгеріп отырады?
4. Конституциялық қағидаларға не жатады?
5. Еңбек туралы Заң нені реттейді?
6. Кімдердің құқықтық мәртебесі белгіленеді?
7. Конституциялық қағидаларға не жатады?
8. Азаматтық заңдармен қандай қатынастар реттеледі?
9. Мәтін бойынша кез келген сұхбат құрыңыздар.
10. Куәгерлермен болған сұхбат үлгісін беріңіздер.
11. Құқықтық кепілдіктер не үшін керек?
12. Мүліктік қатынастарға не жатады?
Емтихан сұрақтары
1. «Сезіктіден жауап алу». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
2. «Айыпталушыдан жауап алу». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
3. «Куә мен жәбірленушіден жауап алу». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
4. «Жауап алудың орны мен уақыты». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
5. «Экология құқығы». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
6. «Жауап алуға шақыру тәртібі». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
7. «Қылмыстық жаза, оның түрлері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
8. «Экология құқығы» мәтінін мазмұндаңыз. Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
9. «Қылмыстық жаза, оның түрлері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
10. «Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
11. «Қылмыс жасауға қоғамдық ортаның әсері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
12. «Азаматтық құқық». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
13. «Қылмыстық саралаудың ғылыми негіздері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
14. «Азаматтық заңдар». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
15. «Еңбек құқығы. Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
16. «Азаматтық заңдар». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
17. «Қоршаған ортаны қорғау қағидалары». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
18. «Азаматтық құқық». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
19. «Еңбек құқығы». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
20. «Қылмыстық жаза». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
21. «Қылмысты саралаудың негіздері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
22. «Қылмыстың тұрпаттары». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
23. «Конституциялық құқық негіздері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
24. «Қылмыстың сипаты». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
25. Жағдаяттық тапсырма: «Қылмыс жасауға қоғамдық ортаның әсері».
26. Жағдаяттық тапсырма: «Көрген оқиғаны тісіңнен шығарма».
27. Жағдаяттық тапсырма: «Экологиялық таза тағам».
28. Жағдаяттық тапсырма: «Астана - менің сүйікті қалам».
29. Жағдаяттық тапсырма: «Адамдар табиғатты аялап, күтеді».
30. Жағдаяттық тапсырма: «Қылмыскерге іздеу салыңыз».
31. Жағдаяттық тапсырма: «Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан қаттырақ».
32. Жағдаяттық тапсырма: «Белгісіз біреулер дүкенді тонады».
33. Жағдаяттық тапсырма: «Жеке көлігіңізді айдап әкетті қалай әрекет етесіз».
34. Жағдаяттық тапсырма: «Арал тағдыры - әлем тағдыры».
35. Жағдаяттық тапсырма: «Ана тілі - айбыным менің».
36. Жағдаяттық тапсырма: «Неке - ер мен әйелдің арасындағы тең құқықты».
37. Жағдаяттық тапсырма: «Қылмыскер кейде жазадан құтылса да, үрейден құтылмайды».
38. Жағдаяттық тапсырма: «Қазақ елінің Ата заңы».
39. Жағдаяттық тапсырма: «Ұры ұрлығын қойса да ұры аты қалмайды».
40. Жағдаяттық тапсырма: «Жұмысқа қабылдау».
41. Жағдаяттық тапсырма: «Қазақстан менің Отаным»
42. Жағдаяттық тапсырма: «Үйлену өз құқығының жартысын шектеу».
43. Жағдаяттық тапсырма: «Ана тілің - арың бұл».
44. Жағдаяттық тапсырма: «Семей-Невада» қозғалысын құру.
45. Жағдаяттық тапсырма: «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрейді».
46. Жағдаяттық тапсырма: «Өзіңіз туралы ауланың тазалығы».
47. Жағдаяттық тапсырма: «Адамдар табиғатқа жауапсыз қарайды».
48. Жағдаяттық тапсырма: «Көліктегі қылмыс».
49. Жағдаяттық тапсырма: «Экологиялық таза тағам».
50. Жағдаяттық тапсырма: «Қоғамда қылмыстың жойылуы мүмкін бе?».
«5В010100 - Құқықтану» мамандығының Типтік оқу бағдарламасы