7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып 'Мәтін туралы түсінік. Мәтінге тілдік талдау жасау. '

ҚАзақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып 'Мәтін туралы түсінік. Мәтінге тілдік талдау жасау. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы түсінік. Мәтінге тілдік талдау жасау.

Сабақтың мақсаты:1:Білімділік: дидактикалық мәтін жайында кеңейтілген түсінік беру; 2.Дамытушылық: мәтіннің танымдық сипатын, белгілерін, құрылымдық бөліктерін байқай алатын нәтижеге жеткізу, оқып-түйгендері жайлы ой қортыныдысын айтқызып жаттықтыру;

3.Тәрбиелік: өз елін, өзі туып-өскен мекенін сүюге баулу.

Сабақтың түрі: әңгімелесу

Әдісі: эвристикалық

Сабақтың көрнекілігі: мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы, түрлері жайлы сызба слайдтар

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу,түгендеу,зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Бұрынғы білімді жандандыру (актуалдандыру)

  1. Тірек ұғымдар: сөз, сөйлем, абзац, мәтін.

  2. Проблеманы қою және оны шешу әрекеттері.

Проблемалық ситуация жасау:

Оқушы қызметі: тақтадағы слайдтарға назар аударады.

Мұғалімнің қызметі: тақтадағы мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы кестеге назар аудартқызады.

Мәтіннің тұтастық бірліктері

Айырықша белгілері

  1. Сөйлем

  1. Мағына жағынан тиянақталған бірлік.

  2. Мәтіннің бастапқы (төменгі) сатысы.

2.Күрделі синтаксистік тұтастық

  1. Абзац. Құрамында бірнеше сөйлемі бар, өзара мағыналық байланыстағы бірлік.

  2. Мәтіннің екінші (орта) сатысы.

  1. Күрделі синтаксистік бүтіндік

  1. Бірнеше абзацтан, бөлім, тарау, параграфтан құралатын бүтіндік.

  2. Мәтіннің үшінші (жоғары) сатысы.

Оқушының қызметі: Проблеманы тұжырымдау үшін:

Жеке сөздер мәтін бола алам ма? Сөйлем неліктен мәтінге жатады? Абзац деген не? Абзац неліктен сөйлемнен жоғары тұрады?

Мұғалімнің қызметі: оларда қандай сұрақ пайда болғанын сұрайды. Егер сұрақ туындамаса, мұғалім сұрақты өзі қоюы тиіс.

Болжамдар:

  • Жеке сөздер мәтін бола аламайды.

  • Сөйлемнің мәтінге жататын себебі: ол тиянақты ойды білдіреді.

  • Абзац дегеніміз- бірнеше сөйлемнен тұратын күрделі тұтас ой.

  • Абзацтың сөйлемнен жоғары тұратын себебі де сонда: бірнеше сөйлемнің жиынтығынан құралады.

  • Болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушылар мысалы:

  • Қазақстан,Астана, Ақмола бұрынғы қала. (Бұл сөздер жеке тұрғанда белгілі бір тиянақты ойды білдірмейді)

  • Қазақстанның астанасы-бұрынғы Ақмола қаласы. (Бұл сөйлем.қандай қала астана болғандығы жайлы хабарлап тұр)

  • Қазақстанның астанасы -бұрынғы Ақмола қаласы. Кейін атауы өзгертіліп, Астана деп аталды. Астана сөзі барлық тілдерге еркін аударыады. Мағынасы бәріне де түсінікті. (Бұл -абзац,4 сөйлемнен құралған, тұтас бір күрделі ойды білдіреді.)


Қарсылық:

-Жеке сөздер қандай жағдайда мәтін болады?

- Кез келген сөйлемдердің жиынтығы абзац құрай бере ме?


Мұғалім ойларын дәлелдеп шығуды тапсырды.

Қорытынды: Жеке сөздер мағыналық жағынан байланысып сөйлем болғанда, сөйтіп тиянақты бір ойды білдіргенде ғана мәтін бола алады. Сөйлемдер мағыналық жағынан өзара байланысып, тұтас бір абзац құрайды. Бірнеше абзацтың жиынтығынан бүтін мәтін құралады.

ІІІ. Жаңа білім мазмұнын меңгерту және жаңа әрекет тәсілдерін қалыптастыру.

Жаңа ұғымдар: сөйлем- мәтіннің төменгі сатысы;

Күрделі синтаксистік тұтастық- мәтіннің орта сатысы;

Күрделі синтаксистік бүтіндік- мәтіннің жоғары сатысы.

Мәтінге бір автордың, тіпті оқушының да жазған шығармасы, я шығарманың үзіндісі немесе музыкалық шығарманың жазылған сөздері, басылған мақаланың, ауызша жасалған баяндаманың тұтас мазмұны жататындығы әңгімеленеді.Бүтін мәтін( бүтін өлең, мақала, әңгіме т.б.) күрделі синтаксистік бүтіндік деп, мәтінді құрайтын абзацтар күрделі синтаксистік тұтастық деп аталады.

Шығармашылық тапсырма:

Марат Омаровтың орындауында «Астана» әні тыңдатқызылады. Ән сөзінің неше шумақтан (абзацтан), қанша сөйлемнен тұратындығы тапқызылып, оның күрдел синтаксистік тұтастық, не күрледі синтаксистік бүтіндікке жататындығы анықтатқызылады.

ІҮ. Шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Ән сөзінің мазмұнын жазып шығу оқушыларға тапсырылады.

Мәтінмен жұмыс.

7-жаттығу.

  1. Мәтіннің тақырыбы ретінде алынған сөздерге (мағынасы мен қолданылу мақсатына) талдау жасаңдар.

  2. Мәтін неге бір ғана абзацтан құралған?

  3. Мәтіннен өз тұсында норма болып, қазіргі кезде орфографиялық нормаға жатпайтын сөздік қолданыстарды тауып, талдау.

8- жаттығу(ауызша)

  1. Мәтінде не жайында айтылған?

  2. Мәтінді көркем етіп тұрған қандай дыбыстардың қайталануы?

9-жаттығу (ауызша)

1.Қай ғылымның саласына қатысты мәтін екеніні түсіндіріңдер.

2. Қазіргі тіл нормасында қолданылмайтын қндай сөздер бар?

Сабақты қорытындылау.

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтін қалай жасалады?

  • Кез келген сөздер тізбегін мәтін дей аламыз ба?

Ү.Үйге тапсырма.

1. 10-11 жаттығу.

2. Ережені оқу.

YII.Бағалау.








Тексерілді:__________ Досманова.И.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал