7


Тәрбие сағаты Ұстаз ұлағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Тәрбие сағаты Ұстаз ұлағатыҰстаз - ұлағаты



Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Ұстаздар күніне» орай 1 курс МД - 11 тобының студенттерінің қатысуымен «Еңбек - ерлікке бастайды!» атты Сыр сұхбатқа колледжіміздің ардагер ұстазы Гүлбағи Жадриновнамен кездесу ұйымдастырылды. Ұстаз сөзінің қасиетті ұғымдардың қатарынан орын алуының өзінде үлкен мән жатқандығын атап өтті.

Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұстаздың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алатындығын айтты. Кездесу ашық-жарқын өтті, білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, іс-шараға атсалысып отырды. Ұлы ұстазымыз студенттерге өмірлік тәжірибесін баяндап берді.

Сонымен қатар, ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.

Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.

Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесіне орай 1 және 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Даралар - асыл даналар!» атты мерекелік іс - шара өтті. Іс - шараға қарт ата- әжелеріміз шақырылды.

Студенттеріміз ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, соңында гүл шоқтарымен, сыйлықтар таратылып, ажелерімізге сөз берілді. Колледжімізде ұстаздарға арналған мереке өз деңгейінде өтті.



Н.Құлжанова атындағы

Торғай гуманитарлық

колледжінің оқытушысы Аубакирова Толкын Утешовна



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал