7


  • Учителю
  • Ақ тілеудің белгісі - бата ғылыми жоба

Ақ тілеудің белгісі - бата ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ ..........................................................................................................3



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. 1 Бата сөзінің шығу тарихына зер салу ......................................................5



  1. 2 Бата түрлерін ажырата білу және оның адам өміріне тигізер пайдасы мен зиянын түсіндіру ...................................................................................6



2. 3 Қарғыстың қаттысы, жазаның ауыры - «теріс бата»..........................9

ҚОРЫТЫНДЫ



Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер ....................................11



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................12

























Аңдатпа

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 4 «А» сынып оқушысы Маханова Әлия Сабыржанқызының «Ақ тілеудің белгісі - бата» атты ғылыми жобасы ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл қазына, салт-дәстүріміздің бірі - бата берудің халқымыздың тарихында алатын орны мен ұрпқ тәрбиесіндегі мән-маңызын ашуға арналған.

Бата беру мақсатына қарай әр түрлі болып келеді. Халық арасында орың «ақ бата» және «теріс бата» деген екі түрі бар. Аты айтып тұрғандай біреуі жақсылыққа, екіншісі жамандыққа бастайтын жол іспетті.

Бата - алғыс, тілек, ризалық деген ұғымдардың жиынтығы. Әйгілі тілші ғалым, ақын, аудармашы әдебиет теоретигі Ахмет Байтұрсынов: «Бата - біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады», - деп жазады.

Бұрынғы кезде батаға үлкен мен берген. «Баталы ер арымас, батасыз құл жарымас» деген қанатты сөздің қадір-қасиетін түсінген жастар үлкендерден бата алуға тырысқан. Оның ішінде ел-жұртқа даңқы шығып, абырой-атаққа бөлеген адамдардан, ел мен жерін жаудан қорғап, ерлік көрсеткен батыр - баһадүрлерден, сондай-ақ өнердің майталман жүйріктерін, би-шешендерден бата сұраған.

















Кіріспе



Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой-санымызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер - тәрбиенің бастау бұлағы. Аталардың қасиетті өсиеті - ғасырлар бойы мысқалдап жиналып, ақыл елегінен өткізіліп тексерілген өмір тәжірибесінің, тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспеттес.

Халқымыздың өзі «Жаңбырменен жер көрегеді, батаменен ер көгереді» деп тегін айтпаса керек. «Жақсы сөз - жарым ырыс» екеніне сенген халық батаны әрбір жақсылықтың бастауы деп есептейді. Оған терең мән береді.

Бата сөздер біздің күнделікті өмірімізде ісіміздің алға басуына, тұрмысымыздың оңалуына игі әсерін тигізіп қана қоймай, ол ұрпақ тәрбиесінде де айрықша рол атқарып келеді. Ол - халықтық тәрбиенің қайнар көзі, ол - заман таңбасы, әр дәуірдегі тәрбиенің пәрменділігін арттыру үшін қолданылған тәсіл деуге тиіспіз.

Бүгінгі таңда біз бата сөздердің мән-мағынасын жете түсініп, қасиетін пайымдап, ұлттық тәрбиеміздің ажырамас бір бөлігі, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың озық үлгісі ретінде қабылдап отырмыз. Соңдықтан, өскелең ұрпақты бата сөздерге мен берумен бірге бата алуға тырысуға үйретуіміз, баулуымыз қажет. Бата алу бақыт пен жақсылыққа жетудің ең ізгі жолы екеніне көздерін жеткізуіміз керек. Бұл жұмыстағы менің көздеген басты мақсатым да осы.

Өзектілігі:

Бұрынғы ата-бабаларымыз батаны тәрбиенің қайнар көзі деп танып, оған үлкен мән берген. Ал қазіргі кезде сол жақсы дәстүрдің қадір-қасиеті жете бағаланбай жүр. Оның үлкен тәрбие құралы екені ескерілмей барады. Сондықтан, мен сол дәстүрді қайта жаңғыртып, оны өз құрбыларымның түсінгенін қаладым. Екіншіден, елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған. Сол бағдарламада және Елбасымыздың Жолдауында халқымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамыту көзделген. Мен соған өз үлесімді қосу үшін осы тақырыпты таңдадым.

Мақсаты: Бата сөздердің қыр-сырын терең ұғына отырып, олардың халқымыздың өміріндегі мән-маңызын ашу, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын айқындау.

Міндеттері:

  1. Бата сөзінің шығу тарихына зер салу.

  2. Бата түрлерін ажырата білу.

  3. Адам өміріне батаның тигізер пайдасын түсіндіру.

  4. Бала тәрбиесіндегі батаның атқарар маңызына баға беру.





































Негізгі бөлім



2. 1 Бата сөзінің шығу тарихына зер салу



«Бата» ұғымының тек-төркініне барлау жасар болсақ, Құранның бірінші сүресінің аты «фатихадан» туындаған тәрізді. «Фатиха» сөзі арабша «басы, кіріспе, алғы сөзі» деген мағынаны білдіреді. Мұнда Жаратушы мен оның елшісі Мұхаммед пайғамбарға мадақ сөз айтиылады. Сонымен бірге «Адамзатты адасушылардың жолына емес, тура, дұрыс жолда жүрушілердің жолына бастай гөр» деген құлшылық тілектер айтылады. Бұдан біз батаны бар жақсылықтың басы деп түсінуге тиіспіз. Өйткені, халықтың ұғымында бар жақсылық Аллаға құлшылық жасаудан, оны мадақтаудан басталады. Мәселен, бұрыңғы ата-бабаларымыздың бата сөзіне үңіліп көрсек, онда барлық бата-тілектің басы бір Алланың атымен басталады. Мысалы,

Әуелі Алла оңдасын,

Қыдыр баба қолдасын! - деп басталатын бата түрлері көп.

Немесе,

Құдайым жарылқасын,

Бақ қарасын,

Қыдыр дарысын! - деген сияқты бата сөздері бар.

Алдымен, Алланы еске алып, одан кейін күнделікті тірлігіне жарылқау тілеген халық, батасының тек кетпейтінің, одан қандай да бір жақсылық болатының білген, оған сенген, бар жақсылықтың кілті Алланы ауызға алудан бастаған - батада деп ұққан. «Адамға сенгеннің екі көзі шығады, Құдайға сенгеннің екі бүйірі шығады» - деп, бар жақсылықты Алладан тілеген. Бата сөзін Алладан бастаудың жөні сондықтан болса керек.









  1. 2 Бата түрлерін ажырата білу және оның адам өміріне тигізер пайдасы мен зиянын түсіндіру



Бата беру мақсатына қарай әр түрлі болып келеді. Халық арасында орың «ақ бата» және «теріс бата» деген екі түрі бар. Аты айтып тұрғандай біреуі жақсылыққа, екіншісі жамандыққа бастайтын жол іспетті.

Бата - алғыс, тілек, ризалық деген ұғымдардың жиынтығы. Әйгілі тілші ғалым, ақын, аудармашы әдебиет теоретигі Ахмет Байтұрсынов: «Бата - біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады», - деп жазады.

Бұрынғы кезде батаға үлкен мен берген. «Баталы ер арымас, батасыз құл жарымас» деген қанатты сөздің қадір-қасиетін түсінген жастар үлкендерден бата алуға тырысқан. Оның ішінде ел-жұртқа даңқы шығып, абырой-атаққа бөлеген адамдардан, ел мен жерін жаудан қорғап, ерлік көрсеткен батыр - баһадүрлерден, сондай-ақ өнердің майталман жүйріктерін, би-шешендерден бата сұраған. Олар да батаны кез келген адамға бере бермеген. Адамды түр-түсінен, істеген, айтқан сөзінен танып барып, бата берген. Мысалы, Жидебай батырдың Қабанбай батырдан бата алуы ерекше құбылыс. Бірде Жидебай батырдың Алмұрат атасының ауылына Қабанбай батыр жолай соғып, қонақ болып жатады. Сол түні таңға жақын Жидебай батыр түс көреді. Түсінде үлкен атасы Дос батыр: «Балам орныңнан тұр. Қабанбай батырдан бата алып қал!» деп айтады. Сонда жас бала орнына ұшып түрегеліп, Алмұрат атасының үйіне жүгіре басып келеді. Сөйтсе, Қабанбай батыр атына мініп жүргелі жатыр екен дейді. Сонда жас бала тұрып Қабанбай батырдан бата сұрайды.

Қабанбай:

Жарайсың балам, жарайсың,

Дос батырдай болғайсың.

Төрт түрлі алмағайыптың,

Басым етіп бердім біреуін,



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!



9



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал