7


  • Учителю
  • Самопазнание на тему Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!1-сынып

Самопазнание на тему Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Мектеп: Үстірт орта мектебі

Мерзiмі: 06.09.2016ж

№ 1 -сабақ

Мұғалiм: Н.Уразниязова

Сыныбы: 1 «а», «ә», «б», «в»

Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: қарапайымдылық, шыншылдық,адалдық

Сабақтың мақсаты оқушыларға адалдық пен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу

Тәрбиелік: оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.



Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына мән беру , оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Қажетті заттар: А-4 ақ қағаз, стикер қағаздар мен түсті қарындаштар

2.Үй тапсырмасын тексеру

Ескертулер

3. Дәйексөз

Ақиқат - адалдықтың бастауы

Шындық, ақиқат бір ұғым. Барлық уақытта адам шыншыл, адал болуы керек. Сонда ғана сенің ісің алға өрлейді.

Ескерту: даналық сөздің мағынасын аштыру

4.Әңгімелеу

Елеместің адамгершілігі

Ертегі

Елемес мейірімді адал еңбекқор еді. Ол жәрмеңкені аралап келе жатып, алдында жатқан бір әмиянға көзі түседі. Әмиянды жерден көтеріп алып:

  • Мынау кімнің әмияны? Кім жоғаалтты?- деп жар салады.

Бұл сөзді естіген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі қоршаған адамдар арасынан бір қария шығып:

-Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп берген орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянды ашып көрші,- дейді.

Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың алдында ашып қараса шындығындаи да ішінен гүлді орамалға түйілген алтын тенгелер шығады. Жоғын тапқан шал қатты қуанып Елемеске алғысын айтып жөн сұрайды.

Балам, өзің кім боласың? Қайдан келесің? Қайда барасың?

Елемес мән жайды қарияға айтып береді. Мән жайды естіген қария өзің адал, ейірімді жан екенсің, менің үш ұлым бар қарсы болмасаң сен төртіншісі бол -дейді.

Елемес келісіп қарияға еріп оның үйіне келеді Қарияның балалары мен еріп бірге жер қазып, еңбек етеді. Бір күні жер қазып жатып Елемес жердің астынан ат басындай алтын тауып алады. Оны әкесіне әкеп береді. Қария оған шексіз риза болып:

- Мен бұл алтынды не істеймін.Қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің, өзіңше үй бол, өніп-өс дейді. Бұл сенің адалдығыңның арқасында тапқан байлығың -деп кеңес береді.Елемес алғысын айтып алтынның үштен бірін қарияға береді. Қалғанын сатып үйленіп, үй болады.Ешқандай қара жұмыстан қашпай күні-түні тынбай еңбек етеді.

Елемес қандай адам?

Елеместің өмірі қалай жалғасты?

Қарт Елемеске қандай кеңес берді?

Оның адалдығын қандай ісінен көруге болады?

Адал болу не үшін қажет?

5. Шығармашылық іс- әрекет, топтық тапсырма

1-тапсырма

Дәптердегі суреттерді бояйды. Ондағы балалардың іс-әрекеттеріне сәйкес адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелеп береді.

2-тапсырма

Балалар адал адамға тән қасиеттерді бекіте түсу мақсатында дәптердегі берілген көп нүктенің орнына қажетті құндылықтарды айту тапсырылады

Үлгі: Аюға бал керек ,ал саған ше?

Маған ақиқат керек.

6.Топпен ән айту

Әдептілік әліппесі

Өлеңін жазған: Ә. Асылбеков

Әнін жазған: М. Әубәкіров

  • Атам менің әмәнда,

Кішіпейіл бол деген.

Ақыл сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

  • Атам менің әмәнда,

Бол дейтұғын бауырмал,

Мынау байтақ ғаламда

Қаншама дос, бауыр бар.

  • Атам менің әмәнда

Ынтымақшыл бол деген

Бірлік болса адамда,

Шын бақыт қой ол деген.



7.Үйге тапсырмасы.

«Түлкі мен ешкі » ертегісін оқып мазмұндап келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал