7


  • Учителю
  • В.А. ШУЛЯТИКОВ - МЕНІҢ ӨЛКЕМНІҢ АРДАГЕРІ

В.А. ШУЛЯТИКОВ - МЕНІҢ ӨЛКЕМНІҢ АРДАГЕРІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

В.А. ШУЛЯТИКОВ - МЕНІҢ ӨЛКЕМНІҢ АРДАГЕРІ



Мақсаты: Білім алушыларға ҰОС ардагері, Шығыс Қазақстан облысының тумасы В.А.Шулятиковтың өмірі мен еңбек жолын насихаттай отырып, оқу кабинетіне есімін беру арқылы әрбір сабақта, тәрбие сғаттарында ұлы тұлғаны үлгі ету, білім алушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.

Соғыс - адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен 1945 жыл бұл әлем үшін қуанышты да , естен кетпес күн, бұл күні біздің ержүрек ата-бабаларымыз өздерінің жерлері үшін жанын құрбан етіп, қыстың анау ызғарына шыдап бағып, кеуделерінде «Бізқазақпыз» деген жалынды от өрледі. Сол елі үшін жанын берген аталарымыз, әпкелеріміздің есіміздің үнемі ұлықтап, бас иіп, тағзым етейік. Олар:

Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.

Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.

1941 жылы 22 - маусымда гитлерлік Германия КСРО - ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды...





</

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің

«В.А. Шулятиков» атындағы кабинет меңгерушісі:

Кабимолдина Айгуль Кайрбековна











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал