- Учителю
- 'Қыз сыны 2015' сайысы
'Қыз сыны 2015' сайысы
«Қыз сыны 2015»
Мақсаты:
Қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт-дәстүрді білуге, халықтық әдеп пен өнерді дәріптеуге үйрету. Жас қыз бабалардың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін, білімдерін, ептіліктерін жұрт алдына көрсете білулері керек. Соныменқатар, әдемілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:
Тақырыпты ашатын нақыл сөздер, презентациялар, мақал-мәтелдер.
Фанфары. Музыка № 1
На фоне этой музыки говорит ведущий 1 слайд
Армысыздар ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы
Құттықтаймыз бүгінгі мерекемен
аналар мен қыздарды осындағы
1-жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Көктемде жарқыраған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Фоновая музыка № 2. 2 слайд
1 мальчик
Ана-жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана-шуақ шашатын таң екенсің.
«Ана-өмір, ана-бақыт, ана-жүрек»
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.
2 мальчик
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейміз бәрімізде жарқылдап,.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.
3 мальчик
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
1-жүргізуші: 3-4-5-6 слайды медленно переключают
Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын, күн сәулесінің шапағын тілейміз!
БІРГЕ: Мереке құтты болсын құрметті аналар!
1-жүргізуші: 7 слайд. Құрметті қауым, бүгін біз 4 сыныптар арасында өтетін «Қыз сыны 2015» атты мерекелік сайысымызды бастағалы отырмыз.
Бұл сайыс қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт-дәстүрді білуге, дәріптеуге үйретіп қана қоймай, олардың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін, білімдерін, ептіліктерін жұрт алдына көрсете білуге тәрбиелейді.
1-жүргізуші: 8 слайд
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Аруларды әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділ қазы алқаларын.
Объявляют жюри под музыку № 4
Олар:
1.
2.
3.
1-жүргізуші: 9 слайд
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қыздарды қошеметпен қарсы алайық.
(ортаға қыздарды шақырамыз) аттарын атаймыз
Выход под музыку № 3
1.Менешева Эмилия 4 в сынып оқушысы
2.
3.
4.
5.
Жеребе арқылы қыздарымыздың кезегін анықтап алайық. (Сандар жазылған асықтарды (фишка) ұсынамыз. Номерлерін анықтаймыз. )
Рахмет!
1-жүргізуші:
Аруларымызды сайысымыздың шартымен таныстырайық.
- 1 сайыс. Өзін - өзі таныстыру, ұлттық киім. Представление, оценивание костюмов.
- 2 сайыс. Мақал-мәтел сайысы. Конкурс пословиц (Отан, Наурыз, Көктем туралы).
-3 сайыс. Үй тапсырмасы: Қазақ халқының ұлттық тағамын әкелу және сол тағам туралы айту. Представление казахского национального блюда с описанием.
-4 сайыс. Мына тақырыптар бойынша қазақ тілінде әңгімелеу. Обсуждение определенной тематики. (Наурыз - Эмилия, Отан ----------, Өз мектебім----------, Павлодар---------, Астана--------------)
- 5 сайыс.Өз өнерін көрсету. Творческий музыкальный номер. (тақпақ, ән, би., т.б)
1-жүргізуші: 1 сайыс 10 слайд
Бақ сынап кете жарысар,
Білімді көппен табысар.
Әр қызымыз бір дастан,
Ерекше келіп танысар, - деп, қыздарымызды өздерін таныстыруға шақырамыз.
(Қыздар бір-бірден шығып өздерін таныстырады.)
-
Жүргізуші - 2 сайыс 11 слайд
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, - деп мақал - мәтел сайысын бастайық.
Әділқазылар бағаларын шығарғанша, жанкүйерлер атынан музыкалық сәлемдемені қабыл алыңыздар!
Музыкальный номер----------------
-
Жүргізуші - 3 сайыс 12 слайд
«Әке көрген - оқ жонар,
Шеше көрген - тон пішер.
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір бірінен кем түсер» демекші, біздің қыздарымыз әзірлеген үй тапсырмасын тамашалайық.
Әділқазылар бағаларын шығарғанша, жанкүйерлер атынан музыкалық сәлемдемені қабыл алыңыздар!
Музыкальный номер----------------
1-жүргізуші: 4 сайыс 13 слайд
Қыз емес, қыздың аты- қызыл алтын,
Көрінер толғанайдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын, - демекші, мына тақырыптар бойынша қазақ тілінде әңгімелеу сайысын бастайық.
1 - жүргізуші: 5 сайыс 14 слайд
Домбырам екі шекті қолға алайын,
Қайырып он екі алуан ән салайын.
«Нұр жауар талапты ерге» деген сөз бар,
Мен неге бұл талаптан құр қалайын, - дегендей, сайысымыздың бұл бөлімінде арулар өз өнерін ортаға салып, көпшілікті қуанта отырып, өнерлерінің бағасын алады.
Әділқазылар бағаларын шығарғанша, жанкүйерлер атынан музыкалық сәлемдемені қабыл алыңыздар!
Музыкальный номер----------------
1-жүргізуші: 15 слайд
Ендігі сөз кезегі әділқазыларда!
Марапаттау және құттықтау сөздің кезегі ---------------------------------
Награждение под музыку № 4
1 место - Мисс Весна 2015 год
2 место - Мисс Очарование
3 место - Мисс ....
4 место ......
5 место ....
Осымен көктем мерекесіне арналған шағын сайысымыз, концертіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! (Соңы)
Музыка фоновая ............