7


  • Учителю
  • Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып

Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Пәні:

Әдебиет

Сыныбы:

5-сынып

Уақыты:

03.12.2015

Сабақтың тақырыбы:

Әбділда Тәжібаев «Толағай»

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық

Оқушыларға ақпарат көздері арқылы әдеби ертегілер жайында мағлұмат беру, Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылық жолын, «Толағай» ертегісінің сюжеттік желісін меңгерту.

ә) коммуникативтік

«Толағай» әдеби ертегісі бойынша алған ақпаратты өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

б) проблеманы шешу:

Оқушыларғатақырып бойыншасұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Сөздік әдісі, көркемдеп оқу әдісі, салыстыру, көрнекілік

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, СТО

Сабақтың көрнекілігі:

Ә.Тәжібаевтың портреті, интерактивтік тақта, плакат, кубик

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, қазақ тілі















Мұғалімнің қызметі:

Оқушының қызметі:

Күтілетін нәтиже:

I.Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?



Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабаққа дайындалу.

-Кезекшінің есебі...





Сәлемдесу арқылы оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық қатынас орнатылады.

II.Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, біздер өткен сабақта «Сымайыл» және «Зәмзәм» әңгімелерімен танысқан болатынбыз. Үйге сол діни әңгімелердің мазмұнын баяндауға және «Алланың мейірімі» тақырыбында эссе жазып келуге берілген болатын.

-Үй тапсырмасына кім дайын?



«Кубизм»стратегиясы

Кубикті иіріп, қай сан түссе, сол санның тапсырмасына жауап береді.

  1. «Құран Кәрім» дегеніміз не?

  2. Құранда қанша сүре бар?

  3. Мұхаммед деген кім?

  4. «Хафиз» бен «қари» атаулары кімдерге беріледі?

  5. Алла тағала әлемді неше күнде, адам атаны неден жаратты?

  6. Ибраһимнің әйелі мен күңінің есімдері кім?

Оқушылар үй тапсырмасына жауап беріп, жазған эсселерін оқиды.







«Кубизм» стратегиясы

Кубикті иіріп, қай сан түссе, сол санның тапсырмасына жауап береді.

  1. Құран - ислам дінінің негізгі ережелері, уағыздары жазылған діни кітап.

  2. Құранда 114 сүре бар.

  3. Мұхаммед-Алланың елшісі және жер бетіндегі үмбетіне (пенделерге) шарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар.

  4. Хафиз-құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адамдар. Қари - құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.

  5. Алла тағала әлемді алты күнде, Адам атаны балшықтан жаратты.

  6. Ибраһимнің әйелі Сара, күңі Ажар.

Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергендігін үй тапсырмасын тексеру арқылы бақылайды.

III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

«Ой қозғау» стратегиясы

-Балалар, біздер өткен сабақтарымызда халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстық. Соның бір түрі - ертегілер.

-Ертегі дегеніміз не?

-Ертегілердің қандай түрлерін білеміз?

-Дұрыс айтасыңдар. Балалар, ертегілердің сонымен бірге әдеби ертегі деген де түрі бар екен. Енді бүгінгі сабағымызда Ә.Тәжібаевтың «Толағай» атты әдеби ертегісімен танысамыз.

Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жады мен тақырыпты жазамыз.

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеруге дайындалады.

«Ой қозғау» стратегиясы

-Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.



-1) жануарлар туралы ертегілер;

2) қиял-ғажайып ертегілер;

3) шыншыл ертегілер.



Желтоқсан айының оны.

Әдеби ертегілер.

Әбділда Тәжібаев (1909-1995)

Толағай

«Ой қозғау» стратегиясы арқылы оқушылар жаңа материалды меңгеруге дайындалады.

IV.Жаңа материалды түсіндіруді ұйымдастыру

-Ертегілердің бір саласы әдеби ертегілер. Әдеби ертегілердің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді. Әдеби ертегілер де еңбек адамын қадірлеуді, туған едін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды уағыздайды.

-Енді Әбділда Тәжібаевтың өміріне тоқаталайық. Ә.Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты Нартай ақын Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. «Сыр елі - жыр елі» атанған Сырда туып өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр-додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек. Ол «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер» аталатын дастандардың, лирикалық поэмалардың, зерттеу еңбектердің авторы.

-Енді «Толағай» ертегісінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап көрейік.Мен мазмұнын түсіндіріп берейін.

Сонау Ертістің жағасында Саржан деген даңқы шыққан мерген болған. Оның ақылына көркі сай Айсұлу деген жұбайы болыпты. Бір күні Айсұлу ұл тауып, оның атын Толағай деп қояды. Толағай тым ерекше бала болып өседі. Алып денелі,

он баланы көтерсе да қабырғасы

қайыспайтын, мықты болады. Бірде Толағай әкесімен бірге аң аулауға шығады. Түн ортасы болғанда оған әкесі: «Ұйықтай ғой, қозым»- деп, баласын ұйқыға жіберіп, өзі ұлының қасында отырады. Сол кезде жем іздеген жолбарыс тап болады. Саржан баласын оятайын десе, оның тәтті ұйқысын қимайды. Сол арада жолбарыс Саржанға жақындап қалып, аузын арандай ашып, бас салғалы тұр екен. «Өлдім, балам, Толағайжан» деген дауыстан Толағай ұйқыдан атып тұрады.Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді. Әкесін ажалдан құтқарып қалады. Бір күні жаздыгүні жауын жаумай, егін шықпай, елдің басына ауыр күн туады. Толағай «қайтсем жауын жаудыруға болады» деп ойланып, анасынан :-«Апа, білсең айтшы, қайда жауын көп жауады?» - деп сұрайды. Апасы Тарбағатай өңірінде жыл сайын үзілмей жаңбыр жауатынын айтады. Толағай қуанып кетіп, Тарбағатай өңіріндегі тауды аң-құсымен, басындағы қарымен қосып, арқасына салып алады.

Енді оқиға немен аяқталғанын оқулықтан оқып көрейік.

«... Арқалады ауыр тауды» (125-бет) деген жерден бастап тізбектеп оқимыз.



Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып





Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып

Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып



Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып

Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып

Оқушылар Әбділда Тәжібаевтың өмір жолдары, шығармашылығы туралы түсінікалады.



















«Әдеби ертегі» туралы түсінікті меңгереді.















«Толағай» ертегісінің мазмұнын меңгереді.

















































«Толағай» ертегісін тізбектей оқу арқылы оқиғаның қалай аяқталғанын түсінеді.



V.Жаңа материалды бекітуді ұйымдастыру

Сөздікпен жұмыс

Отыз күндік мереке-

Жай оты-

Сұсы басты-

Еткен еңбек ұшты желге-

Егілмеген-

1. 1-қатар: Ертегі бойынша жоспар құру

2-қатар: а) Ертегінің идеясын анықтау;

ә) Толағайдың мінезі мен дене бітімі суреттелетін тұсты ертегіден тауып оқу

3- қатар: а) Айсұлудың портретін ертегіден тауып оқу.

Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып

2. Венн диаграммасын толтыру

Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып



Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып

Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып







5. Ертегідегі үзінділерден теңеулерді табыңыз:

1) Жұбайы да өзіне сай,

Аты Айсұлу ақ маралдай.

2) Үштен төртке жетті жасы,

Туған айдай екі қасы,

Ақ тістері ақ меруерттей.

Қос жұлдыздай көз жанары,

Қос бетінің тамып қаны,

Жалындайды жанған өрттей.

3) Айналады, толғанады,

Көбелектей от айналған.

4) Аждаһадай аузын ашқан,

Жолбарысты көрді бала.

5) Тал шыбықтай майыстырып,

Теңбіл шұбар алған мініп,

Күйрететін қабырғасын.





6.Сөзжұмбақтың тапсырмалары:

1)Толағай жырындағы айтылатын жаңбырлы өңір

2)Толағай қандай аңды жеңді?

3)Ә.Тәжібаевтың туған жері

4)Толағайдың әкесі

5)Сабақ айтқанда не қойылады?

6)Әдеби ертегінің авторы кім?

7)Ә.Тәжібаевтың анасының есімі







Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып

2. 1-қатар: Жоспар:

1. Толағайдың дүниеге келуі

2. Толағайдың өсуі

3. Аң аулағанда немесе жолбарыспен кездесу

4. Анамен әңгіме немесе Толағай шешімі

5. Толағай ерлігі

2-қатар: а)Ертегі идеясы - елі үшін, Отаны үшін сондай ерлер туса екен деген тілек, ниет.

Ә)Балғын бөбек жетті бірге...

Түндік жерге жеткізеді.

Ел осыны етті кеңес. (121-122 беттер)

3-қатар:Жұбайы да өзіне сай...

Сүйсіндірген қылығымен. (120-бет)

3. Венн диаграммасын толтыру

Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып



3. Сырдария- Әбділданың туған жері.

Толағай-ертегідегі басты кейіпкер.

Саржан - Толағайдың әкесі.

Айсұлу - Толағайдың анасы.







Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып







5. Ертегідегі үзінділерден теңеулерді табыңыз:

1) Жұбайы да өзіне сай,

Аты Айсұлу ақ маралдай.

2) Үштен төртке жетті жасы,

Туған айдай екі қасы,

Ақ тістері ақ меруерттей.

Қос жұлдыздай көз жанары,

Қос бетінің тамып қаны,

Жалындайды жанған өрттей.

3) Айналады, толғанады,

Көбелектей от айналған.

4) Аждаһадай аузын ашқан,

Жолбарысты көрді бала.

5) Тал шыбықтай майыстырып,

Теңбіл шұбар алған мініп,

Күйрететін қабырғасын.

Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып



Оқушылар сөздікпен жұмыс жасай отырып, мағынасы түсініксіз сөздерді түсініп, сөздік қорларын байытады.







Деңгейлік тапсырмалар орындай отырып, «Толағай» ертегісіне жоспар құрады, Толағайдың мінезі мен дене бітімін сипаттайтын тұсты ертегіден тауып оқиды, Айсұлудың портретін оқиды.







Венн диаграммасын толтыру арқылы өткен «Керқұла атты Кендебай» ертегісін естеріне түсіріп, «Толағай» ертегісімен салыстыруды үйренеді.





«Кім жылдам» ойыны арқылы сөздер құрай отырып, шапшаңдыққа, тез жауап беруге үйренеді. Ертегінің кейіпкерлерін біледі.

Семантикалық картаны толтыра отырып, ертегінің мазмұнын меңгереді.

















Ертегідегі үзінділерден теңеулерді таба отырып, ертегінің көркемдік ерекшелігіне назар аударады.



























</<font face="Times New Roman, serif">Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа материал бойынша алған білімдерін бекітеді.

VI.Үйге тапсырма

Әбділда Тәжібаев Толағай 5 сынып

Үй тапсырмасын тыңдап, түсініп алады.

Сұрақтары болса қояды.

Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге үйренеді.

Қорытындылау

Оқушыларды білімдеріне сай бағалау.

-Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары сендерсіңдер, балалар. Бүгінгі тәуелсіздік тұғыры биікте тұрған заманда елін сүйетін Толағай сияқты жандар көп болғай!

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойғызады.

Оқушылар мұғалімнің сабақты қорытындылауын тыңдайды.





Оқушылар кемшіліктері,

жетістіктері туралы біле

отырып бағаланады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал