7


  • Учителю
  • Ы. Алтынсарин омири мен шыгармашылыгы

Ы. Алтынсарин омири мен шыгармашылыгы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» Сабақ мақсаты: білімділік: Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу. дамытушылық: оқушыларды өзінше ой түюге баулу, олардың танымдық түсінігін, тіл байлығын дамытып, сө
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»

Сабақ мақсаты:

білімділік: Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу.

дамытушылық: оқушыларды өзінше ой түюге баулу, олардың танымдық түсінігін, тіл байлығын дамытып, сөйлеу, жазу шеберліктерін арттыру.

тәрбиелік: оқушыларды еңбекті сүюге, жігерлі, төзімді болуға, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеп, «адал еңбек мұратқа жеткізеді» деген ой қорыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих





Сабақ барысы





І. Ұйымдастыру кезеңі:





1. Сәлемдесу





2. Сабақта жұмыс істеуге жағдай жасау





3. Оқушыларды психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау





4. Сабаққа дайындықты тексеру





5. Оқушылардың назарын ұйымдастыру





6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу





ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Шоқан мақалаларын оқу.





ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.





Слайд.





Ыбырай Алтынсарин1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған.

Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып қойды.

1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі - Ыбырай болған.Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан- жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.





Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі-»Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автордың өзі атап көрсетеді.





Сөздікпен жұмыс





Кезіп жүріп - аралап жүріп

Жер жырту - обрабатывать, пахать землю

Мал етті - меняли на скот

Шығыр салды -

Жарлы -жақыбайлар - бедняки

Таянды - достигло

Адал бейнет - честный труд

Табан ет - физический труд

Маңдай терімен - потом

Бір ауызға қарап бекінген халық - живший в согласии народ

Жәрмеңке реушті - подобно ярмарке

Табар - искаженное от «товар»





Жоспары:





1.Сейітқұлдың ойы;

2.Қабырға өзені бойына қоныстануы;

3.Егін егуі;

4.Артық астықты малға айырбастауы;

5.Сейітқұл елінің 450 үйге жетуі;

6.Қауіпсіздік шаралары;

7.Базар ашуы;

8.Сейітқұл жұртының бай болуы.





Әңгімені идеясы: Адал еңбек - мұратқа жеткізеді





Оқулықпен жұмыс.





1-тапсырма. Оқулықтың 33-34 бетінде, Жалпы Ыбырай Алтынсарин өмірі, «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі және сұрақтар мен тапсырмалар берілген.





ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Әңгімені оқып, мазмұнын баяндау.





V. Қорытындылау.





VI. Бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал