7


  • Учителю
  • Методическая разработка по морфологии казахского языка 'Жаттығу' 5-11 классы

Методическая разработка по морфологии казахского языка 'Жаттығу' 5-11 классы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7 Маңғыстау облыстық білім департаменті

№4 гимназия-орта мектебі

Морфология бойынша жаттығу жұмыстары



Алдаберген Қ. Е.



Ақтау қаласы

Түсінік хат



Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тілдің қарым -қатынастық жағына баса назар аудару десек те , грамматикасыз тілді үйрену де, үйрету де оңай емес. Осы орайда жыл сайын оқулық жаңарып шыққанмен, балаға терең граммтикалық материалды үйрететін, сөйтіп оның сөйлеу, түсіну қабілетін кеңейтетін жаттығу жұмыстары жоқтың қасы. Сондықтан морфологиялық тапсырмалар ретінде осы жаттығулар топтамасын ұсынып отырмын. Әрбір өткен материалды қайталау барысында болсын, жаңа тақырыпты өткен соң да тиісті жаттығуды мұғалім жасатып отырса, сол материал оқушының есінде қалып, грамматикалық материалды тереңірек меңгереді деп ойлаймын. Бұрын мұғалімдерге арнап, оқушы білімін тексеріп отыру үшін «Оқушы білімін анықтаудың ұтымды жолдары» деген көмекші құрал шығарып едім. Бұл соның жалғасы десек те болады. Әрі оқушы білімін күнделікті сабақта тексеріп, анықтап отыруға да мүмкіндік береді. Сол себепті грамматикалық материал бойынша түрлі жаттығу жұмыстары жүйелі жасалып, сөздіктер тексеріліп отырса оқушы біртіндеп сөз табын , оның жасалу заңдылықтарын меңгереді. Ал ауызекі қарым -қатынас қабілетін арттыру үшін диалогтар мен күнделікті қолданылатын фразаларды орысша - қазақша қайталап отыру керек. Мәтін бойынша көп нүктенің орнына сөздерді қою жаттығулары сол мәтінді еске сақтап, бір қайталаған соң мазмұнын айтуға мүмкіндік береді.

Мына жаттығулар мүмкіндігінше оқулықта қамтылмаған жаттығулар мен тапсырмалар орнын толтыруға көмектеседі. Әрі мемлекеттік аралық бақылауға және емтиханға дайындалуға арналған тапсырмалар бар. Кейбір тапсырмалар қазақ тілі тест жинағынан алынды. Жаттығу жұмысын күнде жасап отырған оқушы материалды теориялық және практикалық жағынан меңгереді. Мысалы: одағайдың түрлері аралас беріліп, «шақыру және жекіру одағайларын бағанға бөліп жаз » деген тапсырма беріліп ,ол және он күннен кейін қайталанса, бала одағай түрлерін меңгереді. МАБ-да немесе ҰБТ-де дұрыс жауапты қиналмай табады. Ал сөздіктер мен мәтін бойынша тестік жұмыстар түрлері берілген лексикалық материалды меңгеруді қамтамасыз етеді. Бір жаттығуға бірнеше тапсырмалар берілді. Сондықтан мұғалім оқушылардың жас ерекшелігіне қарай отырып,тапсырманы таңдап береді.



Сөз құрамы.

  1. жаттығу. Берілген мәтіннен туынды сөз бен күрделі сөздерді теріп жазып, мәтін бойынша сұраққа жауап жазыңдар.

Алтай соңғы кезде : «Мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдың жұмысы»дегенді шығарып алды. Құндыз жұмсай қалса, соны сылтауратып, безеріп отырып алады. Міне, бүгін сол қыңырлығына басып отыр.Таңертең шайдан кейін Құндыз :

-- Үстел үстін жинай салшы, мен сабағымды даярлайын, - деді.

-- Иә, саған! Мені қыз дейсің бе? Өзің жина,-- деп, далаға шығуға бет алды.

-Ешқайда бармайсың!-- деді Құндыз оның алдын кес-кестеп. -

Сабағыңды оқыдың ба , өзің?

--Оқыдым. Кеше оқығам. Тек еңбек сабағын орындағаным жоқ.

(Т.Дәуренбековтен.)

2. Сұраққа жауап беріңдер. 1. Бұл отбасында неше бала бар ?

2. Алтай үй ішіндегі жұмыстарды қалай бөледі?

3. Үй ішін тек қыздар жинауға міндетті ме?

4. Алтайдың әрекетін қалай бағалар едің?

2- жаттығу. Мәтінді оқып, күрделі сөздерді табыңдар.

Ақбота мен Нұрлыгүл есік алдында ойнап жүрген. Қастарына Бауыржан мен Болат келді. Бауыржанның қолында жап-жаңа ойыншығы бар екен. Үлкен, әдемі қара жүк көлігі.

--- Кеше атам Ақтөбеден іссапардан келді. Атам әкеп берді,-- деді ол қуанышы қойнына сыймай.

--- Біз де отбасымызбен бірге алысқа қыдырамыз. Қазір апам аурыңқырап емханаға барып жүр. Ертең емі біткесін жолға шығамыз,-- деді Болат.

--Әп- әдемі екен. Бірақ менің бозторғайым одан да әдемі,--деп Ақбота қолындағы құс ойыншығын көрсетті.

3- жаттығу. Тәуелдік, жіктік жалғауларын бөліп жазыңдар. 2. «Төмен», «нұқып» сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.

Шешем: -Менің екі ұлым --- анау Егізтөбе секілді. Оң жақтағысы -Нұрлан, сол жақтағысы --- сенсің, қара домалағым, -- деп мені нұқып қалатын.

Нұрлан ---менің ағайым. Трактор айдайды. Жиырмаға биыл шықты. Ағайым мені бір күні отынға ертіп барды. Біз қураған отын іздейміз деп таудың құзар басына шығып кеттік. Ауыл да ,Егізтөбе де төменде қалды. (О.Бөкей).

4 - жаттығу.Күрделі сөздерді тауып, жасалуын айтыңдар. 2. Жалқы есімнің астын сызыңдар.

«Ақбаевтың атарман-шабармандары ұстап алып, көк арбаға тіркеп, енді жүргізейін деп тұрғанда шешем Алқаның келе жатқанын көрдім. Әлпештеп өсірген анама әлі күнге бір қызмет ете алмай, оны үнемі қауіп -қатерде , жоқшылықта ұстап келгенім,.... ойыма түсіп, көзімнен бір тамшы жас шығып кетті. Сонда қайран шешем қасыма келіп: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық неме екен ғой туғаным. Кімнің алдында көз жасыңды шығарып тұрсың?!» - деп жағымнан шапалақпен тартып -тартып жіберді- деді Құрманғазы. (А.Жұбанов).

5 - жаттығу. Күрделі сөздерді түрлеріне қарай жіктеп жазыңдар.

Үлгі: тасбақа -біріккен сөз; сәресі - кіріккен сөз; көзбе-көз - қайталама қос сөз; ашу-ыза -- қосарлама қос сөз.

Талдықорған, тау -тау, Алматы қаласы, ҚазҰМУ, құрбақа, арық -тұрық, кедей-кепшік, ұсақ-ұсақ, жаздыгүні, ендігәрі, ғылыми -көпшілік, АҚШ, шай-пай, үйдей-үйдей, ірілі-ұсақты, етек-жең,жап-жас, ала жаздай, см,биыл,қолғанат,қайғы-мұң, ақсүйек, жаздыгүні ,еңбеккүн,га, ұжымшар,тастүйін,басы-қасы, ақсақалдар,мәре-сәре,саяжай,құлаққағыс.

6 - жаттығу. Түбір сөздерді бір бөлек, туынды сөздерді бір бөлек жазыңдар.

Достық, ән, бөлім, тау, қалашық, балалық,жақсы, жастық,биші,жыр,жазғы, түне, тазалық, білгір, сыпырғыш,үй, әдепті, сыпайылық, кем, артық, қысқы, сыбаға,құнарлы, қуаттылығын,ыдыстар, мекендеген.

7 - жаттығу. Қос сөздердің астын сызыңдар.

Осы отбасы - - балалы-шағалы үлкен бір шаңырақ. Үй ішінен үнемі бала -шағаның шуылдаған даусы үзілген емес. Өздері де, келін -балалары да әрдайым ұлттық дәстүрді ұстанып , халқымызға тән дәстүр -салттарды орындап келеді. Бірде келін- кепшік, көрші - көлемін шақырса, бірде ерулік беріп, бірде жақын -жуықты көңіл алу шайына шақырып жатқанын көремін. Үй. иелерінің пейілі кеңдігі болар, бай болмаса да, байлардан кем емес. Сенбі-жексенбіде той- думанға кетіп бара жатады, қаржысы мол болар деп ойласам, отағасы қарапайым ғана қызметте екен. Қазақтың « пейілімді алма» дегенін енді түсінгендей болдым.

8- жаттығу. . Орысша аударып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Шоқан жасында ауыл мектебінде оқып, кейін 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында дәріс алады. Осында оқып жүргенде ол туған өлке, Шығыс елдері тарихына құмартады. Кадет корпусында әскери сабақтарға қоса Ресей географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шет тілдері оқытылған.

Жазғы демалыс кезінде ол ел ішіндегі әңгімелерді ,халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған.

9- жаттығу. Күрделі сөздерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңдер.

Биыл жаз ыстық болатын шығар. Жаздыгүні ыссы болса да, қыстыгүні суық болғаны жаман. Сөйлей- сөйлей шешен боларсың, көре-көре көсем боларсың. Қатты жаңбырдан соң ағаш жапырақтарының бәрі су-су болып, тиіп кетсең су тамшылайды. Есік алдына қоқыс жинайтын мәшін салдыр-гүлдір етіп кеп тоқтады. Мамыр айында тасбақалар жиі кездеседі. Далалы жерлерде қарақұрт көп болады. Құрылыс алаңында тау-тау топырақ үйіліп жатыр.



Зат есім.

1-жаттығу. Мәтіннен зат есімдерді тауып, сұрақ қойыңдар. 2. Көптік жалғаулы сөздерді тауып, жалқы есімдердің астын сызыңдар.

Азамат қалада тұрады. Әкесі елтірі өңдеу зауытында жұмыс істейді.

Әкесі - өндіріс озаты. Анасы - трамвай жүргізушісі.

Азаматтың мектебі үйге жақын. Қарындасы Сәуле -- екінші сынып оқушысы. Олар -- оқу озаттары. Демалыс күндері олар ата - анасымен бірге демалады, қала бағында қыдырады.



2- жаттығу. Зат есімдердің септік жалғауын ажыратып, жай септеулі зат есімдерді бір бөлек, тәуелді септеулі зат есімдерді бір бөлек жазыңдар.

Ұлжан Абай жүзінен көз алмай, көп қарады. Әбдірахманды өз қолына алып иіскеді де, Ділдәға берді. Аз ғана күрсініп қалып Абайды да өз қасына тартып, бетінен сүйді.

Қуаң тартқан жүзінде ана жүрегінің терең бір толқыны сезіледі.

-- Қарағым, әжең марқұм сені жалғызым деуші еді. Айналасындағы өзге өрен -жараны бір төбе болғанда, сен оған бір төбе едің. Есіңде бар ма, жоқ па? Сырқаттанып жатқан шағында, зауал уақытында бір тілек айтып еді. Осы қарағыма өзгелердің тас бауыр, қатыбас мінезін бере көрме деген еді. Сол сөзді айтқан анаң да кетті!.. -- деп, тоқталыңқырап қалды. (М.Ә.)

3 - жаттығу. 1. Тәуелдік жалғаулы зат есімдерді теріп жазыңдар. 2. Деректі және дерексіз зат есімдерді тауып, сөз тіркесін құраңдар. Үлгі: жайлы өмір, әдепті бала.

Әкең мен анаң саған өмір сыйлайды. Олардың есіл-дерті -- сен бақытты болса екен деп тілеу. Екеуінің денсаулығын сақта, бабын тап. Көңілдеріне кейістік сала көрме.

Анаңның жүрегін сезе біл, анаңның көз жанарынан көңіл хошы мен әбігершілікті , қиналыс пен кейістікті көре біл. Ата -анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсатын, ырзалығын ал. Ұл мен қыздың шынайы еркіндігі дегеніміз - тіл алғыш бала болуы. (В. Сухомилинский)

  1. жаттығу. 1. Қазақшаға аударып, зат есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазыңдар. 2. Бір сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.

Я родился в городе Астане. В нашей семье пять человек: отец, мать, бабушка, старший брат и я. Я заканчиваю школу. Мне 16 лет. Отец работает архитектором. Мать - бухгалтер. Брат работает в городском акимате. Бабушка не работает , на пенсии.

Меня зовут-Бектас, брата -Мирас, отца -- Аскар, мать - Назым, бабушку -- Сара. Наша фамилия -- Алимжановы. Моя семья очень дружная. Я очень ее люблю и дорожу своей семьей. У нашей семьи много друзей.

Наш город расположен на берегу реки Есиль. Есиль - большая река. Летом жители города отдыхают на берегу реки и в парке. (Қазақ тілі 3-деңгейлі оқу құралы З.Ерназарова, т.б.).

5 -жаттығу. Сөйлемдерден бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді тауып жазып, тыныс белгісіне назар аударыңдар.

Қазақ музыкасының жұлдыздары сейтек пен сүгірдің ,мұрын жырау мен қызыл жыраудың ,біржан мен абайдың , жамбыл мен динаның, әміре мен елубайдың,, манарбек пен әбікеннің домбыралары, ықылас пен дәулеттің қобызы, шашубай мен нартайдың сырнайы қойылған зал жұртшылықтың айырықша ықыласына ие. (М.Тоқашбаев).

6 -жаттығу. Туынды және негізгі зат есімдерді бағанға бөліп жазып, асты сызылған сөзді сөз құрамына ажыратыңдар.

Апам сабаумен жүн сабайды. Өтініш- таныс емес адамдарға өте бір ілтипатпен айтылатын сөз. Облыстық ақындар айтысы өтпекші. Қазір жемқорлықпен күрес күшеюде. Бір қапшық картоп қанша тұрады екен? Айтылған сөз атылған оқпен тең. Қазақ халқа сөз өнеріне ерекше мән берген. Нанның үгіндісін жерге тастама. Ақылды кісінің белгісі -аз сөйлеп, көп тыңдайды. «Туу» десең түкірігің жерге түспейтін аяз екен. Терезе желдеткішін ашып тұру керек. Мұнай бұрғыларын жаңартты . Егіншінің еңбегі - ерен.

7 - жаттығу. Зат есімнен болған бастауыштарды тауып, астын сызыңдар.

Арада жеті жыл өтеді. Алпамыс еліне диуана кейпінде оралады. Келсе, елінде Ұлтан бек болып, әкесі Байбөрі мен бабасы Құлтайды мал соңына салып қойыпты. Өзі жоқта туған баласы Жәдігерді жалаң аяқ ,жалаң бас қозы бақтырып қойыпты. Ұлтанның өзі Гүлбаршынды алмақшы екен.

8--жаттығу. 1. Берілген зат есімдерді септеңдер. 2. Өз мектебің туралы әңгімеле.

Тәуелді септеу: Баласы, кітабың, оқулығым, досы, терезесі,

Жай септеу: Мектеп, мамандық , үйшік, ауыл, ата, әже.



9 - жаттығу. Зат есім жалғауларын бөліп жазыңдар. Асты сызылған сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

. Халқы мәңгі сағынып өтетін бір өзі дәуір, заман құбылысына айналған тұлғалар болады. Соның бірі - көмейіне мың сан бұлбұл ұя салған әйгілі әншіміз -Күләш Байсейітова. Қазақ ән,опера, драма өнерінің тарихына көз салсаңыз, оның аса бір жарқын белесін Күләштің сан қырлы таланты, терең шығармашылығы құрайды. Қазақ өнерін кеше де, бүгін де осы бір тұлғасыз көзге елестету мүмкін емес. Алғаш театр ашылғанда «Еңлік- Кебекте» - Еңлік, кейін музыка студиясы опера театрына айналғанда «Айман- Шолпанда»- Айманды ойнады. Ол алғаш «Қыз Жібекпен» кездескенде 21 жаста еді.

..... Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. «Әке -асқар тау» деп бекер айтылмаса керек.

Ана орны да ерекше. Әке де, бала да ананы сыйлайды. Отбасының татулығы әкеге де, анаға да байланысты. (Басылымдардан).

10-жаттығу. Тәуелді септеулі зат есімдердің астын сызып, олармен сөз тіркестерін құраңдар. Үлгі: Біздің үйімізден, үйдің қасындағы.

.. Басқа үйлер де ауылға келген соң,үйімізден дәм таттыруымыз керек қой деп күбінген. Көптен бері теңде жатқан, жаңа киімдерін киіп, топ -топ болып күтіп, бүгін келмейтін шығар деп ойлаған, Сүйінқара қасындағы екі серігімен бұлар тосқан жолдан емес, теріс жақтан шықты.Олар үш аттыны ауылға тіреліп келгенде ғана көрді....

...Осы кезде әлгі шал қайта бұрылып, әрігіректе тұрған екеуіне көзі түсіп кетті. Оның біреу Сүйінқара екенін шырамытып:

-- Уа, Сүйекем келді. Үйден шығыңдар,-- деп дауыстап жіберіп, өзі де лып етіп орнынан жеңіл көтерілді. (М.Әбдіхалықовтан).

11 - жаттығу. Төмендегі сөздерді құрамына ажыратып , олармен сөз тіркестерін құраңдар. Үлгі: оқы - оқу - оқулық. Кітап оқы, жақсы оқу, жаңа оқулық.

Оқулық, әдептілік, әділдік, жамандікі, құпиялау, адамдарымыз, кісілерін, тұмсығына, алақанымен, саусақтай, қапталына, көктегі,бағдарды, сулығын, қонысым, тірлігің, отаршылдықтың, жаста.

12 -жаттығу. Аударып, жалқы зат есімдердің астын сызыңдар. Қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табыңдар.

Орнамент на Флаге показывает своеобразие казахского народа. Время - дороже золота. Сильно радоваться. В Мангистау много святых мест. Дешевый вещ быстро портится. Подснежник расцветает под снегом. Она укоротила свои длинные волосы.

13 - жаттығу.. Тәуелдік және жіктік жалғаулы зат есімдердің астын сыз.

Үлгі: Қоңыр бел,

Қара мауыт қой тастар-ым- Т.ж.,

Саздауға арқа салып бой тастады -ң -Ж.ж.

Қоңыр бел ,

Қара мауыт қой тастаррым,

Саздауға арқа салып бой тастадың.

Сарытас,

Салқын самал Шақпақ атам,

Сар желіп

Сағым мініп ойқастадың.

Кеткендей

Мың алыптың байлап басын,

Еңкейіп

Тұра қалған сай жаққа шың.

Алланың

Ақ нұрына ғашық болған,

Ұстазы

Ұлылықтың қай жақтасың? (С.Адаев)



14 - жаттығу. Сөйлемдегі зат есімердің септік жалғауларын ажыратыңдар. «Жағы» сөзін септеп, септеудің қай түрі екенін айтыңдар. Бірнеше көмекші есімдерді жазыңдар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтың айналасында күн сәулесі сияқты уықтар бар. Екі жағында қанатты аттар бейнеленген. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Рәміздер туралы ғылымды «геральдика» дейді. (оқулықтан).



15- жаттығу. Көп нүкте орнына керекті жалғауды жазыңдар.

1) Барыс - мысық тұқымдасы... жататын аң. 2) Ол ымырт жабыла қорек іздеу... шығады. 3) Ол жабайы аңдар... қоректенеді. 4) Итбалық қорек....судан тауып жейді. 5) Оның артқы аяқтары балық.... құйрық.... ұқсас. 6)Қазір ол... саны күрт азайып кетті. 7) Апам қала... кеше келді.

8) Дала... жаңбыр жауды.

16- жаттығу. Сөйлемдерді аударып, зат есімдердің жалғауларын ажыратыңдар. «Әжем» сөзін септеп, «ас» сөзін тәуелдеңдер.

У меня есть бабушка. Она встает очень рано. И всем нам готовит завтрак. На завтрак она варит 6 яйц или рисовую кашу, хлеб с маслом и чай с молоком. В 7 часов она включает местное радио. В 7 часов 15 минут внимательно слушает сведения о погоде.

17 -жаттығу.

Дара зат есімді бір бөлек, күрделі зат есімді бір бөлек жаыңдар. Он жалпы есімді бөліп жазып, аударыңдар. Жалқы есімдердің жалғауларын ажыратыңдар.

Ахметден деген аққұба жігітті Мағжанның әкесі Бекен ізетпен қарсы алды. Қыркүйек айы жаңа басталды. Абай үйін өзінің көзі тірі кезіндегі қалпынан өзгертпей ұстау міндетін Күнжан алды. (М.Ә.)

Тасбақаның аузынан шөп алған адамды бақытты,жолы болғыш дейді. Аққұс туралы ертегіні Ш.Қалдаяқов айтып берген. (О.Бодықов). Бір құсбегінің орман ішіне құрып қойған торына қарға, торғай, көгершіндер түсіпті. ...Бәріміз қанатымызды бірдей қағып ұшып көрейік, мүмкін торды көтеріп кетерміз,-- деседі. Қанаттарын бірдей қағып ұшып еді, шышында да,торды көтеріп әкетті.Сөйтіп олар торды көтеріп әкеті. Мұны байқаған құсбегі ұшқан құстардың соңынан жүріп отырады.(Үнді ертегісі).

18 - жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар..

Үлгі: Ат, есім, ныспы.

  1. Есім, әлем, заман, ағайын, парыз, мұғалім, думан, апта, қария, мақсат, қоныс, сәби, тыныштық, жау, қас, өмір, тағам.

19- жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің синонимін жазып, құрамына ажыратыңдар.

Ауылдағы үлкен кісілер алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шығып, кері қайтқанда жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар ала келеді. Елеп - ескерудің нақты көрінісі ретіндегі бұл заттарды «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде де қабылданады.

(С.Кенжеахметұлы «Балдырған»№11)

20 - жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді құрамына ажыратып, бір сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Атасы мен Бекболат көрші өзбек еліне сапарлап барып қайтатын болды. Мақсаттары - сол елдегі тарихи жерлерді аралап, сонда жатқан бабалар рухына тағзым жасап қайту.

---Менің өмірімнің көбі кеңестік дәуірде өтті. Ол кезде Кеңестер Одағының құрамындағы он бес республиканың арасында шекара деген болмаушы еді.Енді Қазақстан да , Өзбекстан да өз алдына тәуелсіз мемлекеттер.Шекара бар, кеден бар. Құжаттарды реттеп алайық,-- депатасы екеуінің тиісті қағаздарын жөнге келтірді.

( №11«Балдырған».Н.Қадырбаев).

Сын есім. Табиғат.

  1. Жаттығу. Сын сімдердің сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.

Күн аяз еді. Суық ызғар бетті шымырлатады. Таудың бергі баурайында бетін мұз басқан Бурабай көлі бозарады. Жақындаған сайын оның сұлулығы көзге еркін шалынды. Батыс жағалауда қолдан орнатқан діңгектей, тіп- тік, сүп- сүйір Оқжетпес шыңы көз тартады.

Табиғат , сенің жұпар ауаң, аппақ қарың, мөлдір суың, жасыл кілемге көмкерілген ну қайыңды орманың, өскен аң мен құсың -- - бәрі - бәрі керемет.

2- жаттығу. Жақшаны ашып, сәйкес жұрнақты жазыңдар.

Дүкендегі қалаштың бағасы тоқаштан қымбат (-тау-теу) болды. Жігіт қызға алманың қызыл (-дау-деу) ын берді. Мен қабырғаға үлкен ( -ырақ-ірек) суретті ілдім. Кітаптың көлемі суреттен кіші (-лау- леу). Базарға таңертең кеткен айжан кеш (- теу- тау) келді.

3- жаттығу. Сапалық және қатыстық сын есімдерді бөліп жазып, сөйлем мүшесіне талдаңдар.

1. Бұл - қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткіші. 2. Ескерткіш қаланың ең бір көркем жерінде орналасқан. 3. Мынау - Ақжайық қонақ үйі. 4. Ол - қаладағы ең үлкен қонақ үй. 5. Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп. 6.Көкшетау жерін «Қазақстан Швейцариясы» дейді. Себебі оның биік таулары, тұнық көлдері, хош иісті гүлдері мен ормандары бар. Көкшетаудың оңтүстік- шығысында республикаға белгілі курортты аймақтары орналасқан. Бурабай шипажайы минералды суымен , балшығымен белгілі.

4 - жаттығу. Туынды сын есімдерді тауып, олармен салыстырмалы шырай түрін жасаңдар.

Күй - адамды толғандыратын қасиетті де құдіретті күш. Көне заманнан келе жатқан домбыра қастерлі аспап. Домбыра - халқымыздың тағдырын бейнелеуші. Домбыра - небір замандарды басынан өткерген куәгер. Оған Құрманғазы атамыздың күйлері айғақ.

5 - жаттығу. Етістіктен жасалған сын есімдерді табыңдар.

Ашық, жабық, қатал, төзімді, ажарлы, сарғылт, түртіншек, тырысқақ, алыстау, жібектей, жуас, көргенді, сұйықтау, сирек, сүріншек, өнегелі, шыдамды, білгіш, алғыр, білімді, қорқақ, ұрысқақ, жүргіш, жабысқақ, айтқыш, аспалы, жазғы, ұйқышыл, ілулі, ұялшақ.

6 - жаттығу. Аударып, сын есімнің астын сызыңдар..

Просторная прихожая, гостиная светлая, деревянная кровать ,японский телевизор, на заслуженном отдыхе, высокого роста, черноволосый, волосы покрашены в черный цвет, голубоглазый, светлый, смуглый, трудолюбивый, с седыми висками.

7 - жаттығу. Сөйлемдерді аударып, парталасыңды сипатта.

Моего друга зовут - Аскар. Ему 15 лет. Он учится в средней школе №19 в 9 классе. Он учится хорошо. Любит читать художественную литературу. Он высокого роста, худощавый, черноглазый, черноволосый, нос прямой, глаза маленькие черные, волосы кудрявые короткие.

8 - жаттығу.Тиісті жұрнақтарды жалғап,туынды сын есім жасаңдар. Өнер.. . кісі. Қайрат... жігіт. Әдеб.. шығарма. Халық.... мереке. Маңыз... құжат. Тәрбие.... бала. Ақыл... адам. Сабыр..... мінез. Ашу.... болма. Әдеп... оқушы. Қыс... кеш. Тарих.... оқиға. Мәден.. орталық. Тау... жер.

9 -- жаттығу.Өлеңді оқып, сын есімдерді табыңдар.

Көктем,

Қарды ерітіп өкпек жел , Күркіреп кеп көк аспан,

Қақты көктем қоңырауын. Ағыл-тегіл нұр төгіп.

Мұз аралас ақты сел, Көк соқта боп ұласқан,

Жуып жердің омырауын. Жаңбырдан қар күрт еріп.



Жер дегдіді, көгерді,

Жасыл барқыт жамылып.

Бәйшешегі түрленді,

Иіс майын жағынып. (Қ.Мұқышев)

10- жаттығу. Тиісті шырай жұрнағын қойып, көшіріп жазыңдар.

Апамның үстінде көк.... көйлегі бар. Мына кәмпит тәтті.... екен. Ана тау мына таудан аласа.... Менің жүгім сенікінен жеңіл..... Досымның машинасының түсі қоңыр..... Мына ағаштың тамыры жуан....

11 -жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқып, сын есімдерді атаңдар.

Әр күйді тыңдағанда көз алдыңа әр түрлі суреттер елестейді. Бірде көгілдір аспан астында жүйрік атпен шауып келе жатқан батыр елестейді, бірде шалқыған теңіз толқыны елестейді.

Елімізде орманды алқаптарға жақсы күтім керек. Жазғы шілденің ыстығында өрт тууы мүмкін.Жас бала ұйқышыл, сөзшең, ашушаң болмағаны жақсы. Шетінен кішкене шағын қоңырқай үйлердің орта тұсында тек сырты ғана бүтін жеңіл үй Базаралынікі.(М.Ә.) Сырттан жағымды қоңыр дауыс естілді. Серіктің асыранды иті тым қабаған екен.

12 -жаттығу. Сын есімдерді тауып, күшейтпелі шырай жасаңдар.

Шөл- жер шарының ыстық әрі құрғақ өңірі. Дүние жүзінде үлкен шөлдер бар. Олар : Африкадағы Сахара, Аустралиядағы Виктория, оңтүстік Америкадағы Атакама шөлдері.орта азиядағы ең үлкен құмды шөлдер: Қарақұм мен Қызылқұм. Шөл өсімдіктері мен жануарлары судың тапшылығына шыдамды,аптап ыстыққа да төзімді.

13 -жаттығу. Мына сын есімдердің антонимдерін жазыңдар.

Аласа ---- алыс ------

Ұзын ------ жуан-------

Қымбат------- ыстық------

Ұсақ-------- үлкен---------

Қараңғы ------- жас-----

Ескі -------- ауыр-----

14 - жаттығу. Антонимдік қатарды құрайтын сын есімді теріп жазыңдар.Үлгі: Мейірбан - қатал.

Айрықша- ерекше, майлы- семіз, мейірбан - қатал, қиын - оңай, тентек- ерке, жаңа- көне, биік- жоғары, ірі- ұсақ, ақымақ - ақылды, тентек- момын, асау - жуас, ұзын- ұзақ, әдемі- көркем, ауыр-жеңіл, ұзын-қысқа, ақырын - баяу, жылдам- тез.

15- жаттығу. Синоним болатын сын есімдерді топтастырыңдар.Үлгі: көне, ескі, ежелгі.

Көне, жаңа, ескі, ежелгі, адал, бай, құнды, сұлу, төзімді, сабырлы, ұзын, қысқа, әдемі, бағалы, күшті, арам, таза, лас, кір, мықты, берік, әлсіз, айлалы, өнерлі, шебер, жылы, суық, салқын, мұздай, жұмсақ, жуас, бойшаң, сұңғақ, қайратты, алыс, көркем, қажырлы.

16 - жаттығу. Сөйлемнен сын есімдерді тауып, қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.

Қырдағы қызыл -сары гүлдер көздің жауын алады. Ол кең бөлмеде жалғыз отыр. Сен өте ақылдысың. Ол ыстық - суыққа қарамайды. Білімді мыңды жығар. Олардың үлкенірегі алда келеді. Қорқақ түнде далаға шықпайды. Лаура домбырада шебер ойнайды. Біз таудағы аспалы көпірден өттік. Мен бұл туралы терең ойландым.

17- жаттығу. Негізгі сын есімдердің астын сызып, салыстырмалы және күшейтпелі шырай түрлерін жасаңдар.

Биік тау көрінді. Ол ұзын бойлы, қара мұртты жігіт екен. Ол менің жақсы досым. «Ұзын арқан, кең тұсауға» салмай, істі тез бітір. Бүгін аспан ашық. Кеше өте ыстық болды. Қартаңдау кісі суыт жүріп келеді. Ақтайдың үйі салтанатты. Отан оттан да ыстық. Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды. Досыңа адал, жауыңа әділ бол.

18- жаттығу. Сапалық және қатыстық сын есімдерді бөлек жазыңдар..

Қайырымды, қатал, адал, қорқақ, сұрамсақ, алыс,жылтыр, жұмсақ, қызықты, лас, кенді, күрең, ақшыл, таза, шыдамды, қаһарлы, батыл, саяз, білгіш, ашушаң, тұнық, терең, мөлдір, өткір, сүйкімді, көрікті, мақтаншақ, тапқыр, ұстамды, өзекті, қызық, қиын, жеңіл.

19 -жаттығу. Берілген сын есімдерді қатыстырып, сөйлем ойлаңдар. Туынды сын есімдерді құрамына ажыратыңдар.

Таулы ,сары, кішірек, сұлу, қой көзді, биік- биік, тамаша, ауыр, азу- азу,рухани, қызықты, мәдени, келбетті, жазық, әлсіз, терең, жұқа,көшпелі, қара торы, өнерлі,

Сабырлы, төзімді, оңай, жеңіл, суық, аласа, шалғай, ирек, түзу, тіке, қисық, қысқа, ұзын.



20- жаттығу. Туынды сын есімді тауып, сөз тіркестерін жасаңдар.

Үлгі: Күшті жел, тырысқақ адам, тапқыр бала.

Күшті, тәтті, киелі,қоңыр, жасыл, тырысқақ, тапқыр, бұлтты, көргіш, қонақжай, жақсы, кең, кеш, аласа, алғыр, зерек, білгіш, түзу, ыстық, жақын, көңілді, әсерлі, ашық, жас, ежелгі, мәдени, берік, әдеби, әлемдік, мақтаншақ, бәлеқор,кәрі.

21- жаттығу. Берілген сын есімдерді аударып, сөз тіркестерін құра. Мягкий , крепкий, легкий, ,открытый, длинный, далекий,корткий, глубокий, жаркий, теплый, высокий, твердый (камень).

22--жаттығу. Сын есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазыңдар. Мәтін мазмұнын жазбаша баяндаңдар..

Текше таудың бауырында, мөлдір бұлақ жағасында ұзын терек болатын еді. Бұл терекке жақын жерде, қалың шөптер арасында жылда жайнап шешек атып, айналаға жұпар иісін тарататын бір қызыл гүл өсетін еді.

Саяхатта жүрген жастар мөлдір бұлақ жағасына, көркем терек саясына кеп отырып демалатын, қызыл гүлдің жұпар иісін таза ауада еркін жұтып көңілденіп, шаттанатын.

Бір күндері бір қыз келіп, бұлақ жағасынан қызыл гүлді көрді-дағы, қасына кеп отырды....

Көкке мойнын созған терек тәкаппар боп өскен ғой. Ол іші күйіп қызғанады, қыз да қызыл гүл екенін қайдан білсін,сүзілген сұлу гүлге құмар болатынын қайдан білсін, қыз жүрегін ұрлап алған қызыл гүлді көп ойланып, мұқатпақшы болады терек. (Саттар Ерубаевтан).

23 -жаттығу. Сын есімдерді тап, мәтінді аудар.

Бір балапан торғайды енесі жылы ұяда мәпелеп өсіріпті.Балапанның жүні жетіліп,қауырсыны қатайған соң, енесі ұшуға баулиды. Бір күні ол балапанына:

---- Үлкейдің, ұшуды үйрендің, енді өз күніңді өзің көр,-- дейді.

---- Мен ұшпай-ақ ұямда жата берейін.

---- Неге?

--- Әлі жаспын. Қауіп -қатер қайдан келетінін, кімнің тұзақ құрып, қай жерде торып отырғанын қайдан білемін?

--- Айналаңа көз тігіп, жіті қара. Қауіпті жерге қонба.Әлдеқалай қатер төнсе, ұшып кет, ---- дейді де торғай ұшып кетеді. (Дәулет Қасеновтен).

24- жаттығу. Өлеңді жаттап алып, сын есімдерді атаңдар.

Шоқпардай кекілі бар ,қамыс құлақ.

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын ,салпы ерін, ұзын тісті,

Қабырғалы, жоталы ,болса күшті.

Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,

Тояттаған бүркіттей салқы төсті...

... Белдеуде тыныш тұрса, байлап көрсек,

Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем,

Иек қағып, еліріп жүрсе әсем.

Шапса жүйрік, мінсе берік,жуан, жуас.

Разы емен осындай ат мінбесем. (А.Құнанбаев Шығармалар жинағы).



Сан есім.

  1. Жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

Үйден мектепке сағат нешеде шығасыз?

Мектепке дейін қанша уақыт жол жүресіз?

Мектеп сенің үйіңнен алыс па?

Мектебіңнің қасында қандай ғимараттар орналасқан?

  1. Жаттығу. Мына сөздер мен сөз тіркестерін аударып, өздерің туралы ІІІ жақта сөйлем ойлаңдар. Үлгі: Сенің атың кім? Оның аты - Әлия.

Как тебя зовут? Сколько тебе лет? В каком году ты родился? В каком классе ты учишься?

В какой школе учишься? Ты где живешь? Где расположена школа? Твой дом далеко от школы? На чем (как) можно доехать до школы? У меня

есть два старших и один младший брат. Мы учимся в первую смену. Урок начинается в 8 часов.



3 - жаттығу.Мына мысалдар бойынша өзіңнің және досыңның отбасы туралы әңгімелеңдер.

Бұл - Тәукенің отбасы. Тәуке 53- те. Ол кісі- жазушы. Мына кісі - Бәтима. Бәтима - Тәукенің жұбайы. Ол кісі 46- да. Ол- дәрігер.

Мынау - Оспан. Оспан - Тәукенің ұлы. Оспан 15- те. Ол -оқушы. Мынау - Сәуле. Сәуле - Тәукенің қызы. Сәуле - студент. Сәуле 18-де. Мына кісі - Аман ата. Аман ата - Тәукенің әкесі. Ол - Сәуле мен Оспанның атасы. Аман ата 75- те. Ал мына әжей - Зере әже. Зере әже Оспан мен Сәуленің әжесі. Ол кісі 68-де. Олар - зейнеткерлер. Бұл отбасы - өте тату.



4- жаттығу. Берілген сан есімдерді сөзбен жазып, ауызша аударыңыз.

Бір жылда 12 ай бар. Олар 4 жыл мезгіліне бөлінеді: қыс,көктем, жаз, күз. 1 айда 30-31 күн болады. 1 ай 4 аптадан тұрады. 1 аптада 7 күн бар.Қалған 5 күн жұмыс күні деп саналады.

Жұма 5-күн, дүйсенбі 1- күн. 1 тәулікте 24 сағат бар. Бүгін 25 градус жылы. Мен биыл 18 ге толамын.

5- жаттығу. Сөзбен берілген сан есімдерді сан түрінде жазыңыз.

Сен үшінші жатақханада тұрасың ба? Достық даңғылымен төртінші трамвай жүрмейді. Зейнепте алма - алтау.Сәуле отыз бесінші бөлмеде тұрады. Биыл Ұлы Абайдың жүз алпыс жылдығы. Дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар. Ұлы Отан соғысы мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталып, мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы аяқталды. Тоқтар Әубәкіров мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы ғарышқа ұшты. Қазақстан Ата заңы мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы қабылданды.



6- жаттығу. Берілген сандарды сөзбен жазып, мақалдарды жаттап ал.

1 құмалақ 1 қарын майды шірітеді. 6- ау ала болса , ауыздағы кетеді, 4-еу түгел болса, төбедегі келеді. 100 досың болғанша, 100 сомың болсын. 100 - ден жүйрік, 1000 - нан тұлпар. Қызға 40 үйден тыйым. Жігітке 7 өнер де аз. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл. 7 өлшеп, 1 рет кес. 90 ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Білгенің ---бір 9, білмегенің - 99.

7- жаттығу. Сан есімдерді мағыналық түрлеріне ажыратыңыз.

Ол 1984 жылы туды. Үйде қырық шамалы адам бар екен. Біз қаладан сағат төрттерде шықтық. Баласының жасы алты- жетілерде. Бұл бағытқа он екінші автобус жүре ме? Қала халқының саны бір миллионнан асты. Үшеуі үнемі бірге жүреді. Бірінші байлық- денсаулық. Екі жарым кило конфет алдық. Сан есімнің мағынасына қарай алты түрі бар. Жер учаскесінің көлемі - 15 шаршы шақырым.



8- жаттығу. Мына сұрақтардың қасына санмен жауап жазыңыз.

Нешеу? Нешінші? Неше? Нешеден?

9- жаттығу.Уақыт көрсеткішін сөзбен айтыңыз.

Сағат 09.30 -да «Копия» фирмасына телефон соғамын. Сағат 10.00 -де мектеп оқушыларымен кездесу белгіленген. Сағат 11.15-те көрмеге барамын. Сағат 14.35-те заңгерлермен кездесіп, құжаттарды қараймын.

Сағат 16.45-те келіссөз жүргізуге барамын.

10- жаттығу. Берілген сандарға тиісті септік жалғауларын жалғап, санмен жазыңыз. Сұраулы сөйлем құраңдар.

Сағат тоғыз.... дейін; сағат он... кейін; сағат он екі... кетт;, сағат алты.. он бес минут қалды; сағат тоғыз жарым болды.

11- жаттығу. Қанша кісі?

Атам ,әжем, ағаммен

Әкем,інім және мен,

Анам және енесі

Енесінің бөлесі-

Отыр едікшай ішіп,

Жеңгем кірді майысып.

Арқасында кіші інім.

Саны қанша айта ғой,

Үйдегі бар кісінің?

(С.Қалиев).

12- жаттығу.Болжалдық сан есімдердің астын сызыңдар.

Жаңа жерге қоныстанған бай екі жігітке құдық қаздырады. Әуелі тоғыз тарау «Қосбасардың» екі- үш тарауын шертіп шықты. Жамал мен Олжабек қосылғалы он шақты жыл өтеді. Олар 20-30 күндей демалады. Шахмат бұдан бір жарым -екі мың жылдай бұрын пайда болған. 1994 жылы Болат Асанов тұңғыш гроссмейстер атағын алды.Ә.Қашаубаев 1925 жылы парижде ән шырқады.Алты жердегі алты - отыз алты. Семей полигонында 450- дей жарылыс өткізіліпті. Жиынға 200 шақты адам қатысты.

13- жаттығу. Сан есімдердің сөйлемдегі қызметін анықтап, мағыналық түрлерін ажыратыңдар.

Үйдегі 5- 6 малымыз жоғалып кетті. Сен менен кейін екіншісің. Ол сол әнді бір тырғанда үш айтты. Ән айтатын өнрпаздар- осы үшеуіміз. Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Олар үштерде келеді. Биыл оның жасы он бесте. Әр үстелдің айналасында үш-үштен отырып кітапқа үңілген оқушыларды көрді. Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген. Оның жасы қырықтарда. 1910 жылы Қазанда «Бақытсыз Жамал » романы басылып шықты.

14 - жаттығу.Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылады?

Далаға он оннан шықтық. Оның жиырма отыз малы бар. Төрт мыңға жуық жылқы бағады. 6-ны 3 бөл. Сағат үштерде келемін. Екі бүтін оннан үші кетті. Оның келгеніне екі үш күн болды.

15 - жаттығу. Сан есімді тіркестен жасалған баяндауышты табыңдар.

Екіншісі - тау жолы. Біз үшеуіміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз. Оның жасы - жиырмада. Ортадағы үйден төрт-бес жігіт шығып келеді. Оның қасиетті саны - бес. Қыста он күн демаламыз. Екеуіне сырыңды айтпа. Бір қатарға бес- бестен тізіле қалды. Біз екеу едік. Қырық бірінші жылды ұмыту мүмкін емес. Бар ақылдымыз- осы екеуі.

16- жаттығу. Жинақтық және бөлшектік сан есімдердің астын сызыңдар.

Алматы - Қазақстанның үшінші астанасы. Келе жатқан үшеу екен. Сыныпта сегіз парта бар. Бір - дегенім білім. Жетеуін де шақырдым. Бір ғасырда жүз жыл бар. Екі жолдас келеді. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы қабылданды. Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Осыдан екі жарым мың жыл бұрынғы жәдігерлер табылуда. Еліміздің жер көлемі - 2,7 млн. Шаршы шақырым. Бұдан жарты сағат бұрын кеткен. Алайын деген затымның тек төрттен бірін алдым.

17 - жаттығу. Сан есімнен болған сөйлем мүшелерін тауып, сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңдар

Менің туған күнім - 9- қаңтар. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады. Бес деген қандай жақсы баға.Бір жылда төрт мезгіл бар. Сыныпта жиырма бір оқушы бар. Үйден тоғыздан өте шықтым. Алты жүз қой сыярлықтай етіп қарды үңги алды ма екен?

18- жаттығу. Жинақтық және бөлшектік сан есімдердің астын сызыңдар.

Алматы - Қазақстанның үшінші астанасы. Келе жатқан үшеу екен. Сыныпта сегіз парта бар. Бір - дегенім білім. Жетеуін де шақырдым. Бір ғасырда жүз жыл бар. Екі жолдас келеді. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы қабылданды. Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Осыдан екі жарым мың жыл бұрынғы жәдігерлер табылуда. Еліміздің жер көлемі - 2,7 млн. Шаршы шақырым. Бұдан жарты сағат бұрын кеткен. Алайын деген затымның тек төрттен бірін алдым.



Есімдік.

  1. жаттығу. Сөйлемдерден есімдіктерді туып, сұрақ қойып, олардың мағыналық түрлерін анықтаңдар.

Үлгі:Бұл (қай?)түнді мен (кім?) бөлек бөлмеде өткіздім. Сол таза ,ақылды болатын балаңыз тазалыққа аяғын салуға бата алмай, кереуеттің шетінде ғана отыр. Сен мына оюыңды сатасың ба?

Міне, енді қар кетіп жер қарая бастады. Соның бәрін айтып жүргендіктен, аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Арнайы жолданған аз ғана сыйлықтың өзі адамды қуанышқа бөлейді. Бұл маңда ешкім жоқ. Оқшау тұрған қызыл үйге қарай біреулер келе жатыр.



2-жаттығу.Сөйлемнен жіктеу есімдіктерін тауып, түбірін табыңдар.

Қазақстан - менің атамекенім. Ол- тәуелсіз мемлекет. Оның өз рәмізі бар. Жер көлемі үлкен, бес Франция, он екі Бельгия сыяды. Мен далаға шықтым. Оған сәлем айта бар. Сіздің мұныңыз дұрыс емес. Саған доп алып беремін. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда сирек өсімдіктер мен жануарлардың бірнеше түрі бар. Біздің өлкемізде арқар, таутеке, киік көп.



3- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңдар.

1.Біз.... кітап оқып отырмыз. 2. «Ертесіне біз.... вагонды сүйреп алып кетті.(С.С.) 3.Ел де, жер де бұлар...... 4.Кітап се.... ақылгөйің, адал досың,өмірлік есті жолдасың.5. Шоқан өзі.... бес жарым ай уақытын Қашқарда өткізді. 6.Жігіт жылқышыларға осылар... айтуға уәде берді. 7. Мұ... ертеңге қалдырма. 8.Бұлар... ойы іске аспады. 9.Әкем әлдекім... бірдеңелер... айтып жатты. 10. " Өзің... бармен көзге ұрып, артылам деме өзге...(Абай). 11.Ешкім... қарсы сөйлеме.



  1. - жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңдар.

1.Бұл жерде ....... сырымды білмейді , айтып не етейін? 2.Асқар, Абай, Айгүл - .... біздің үйге келді. 3. Бұл жерде я ---- тұрасың, я .... тұрамын. 4. Меніңше, .... - өте адал адам. 5. Атаңа ... қылсаң, алдыңа .... келер. 6. Ауылдан ..... әжесі келді. 7. Бүгінгі мереке ..... ұнады. 8. Сен де келдің, .... да жетті. 9. Қыран құс баулитын адамды .... атайды? 10. Сабақтан соң .... театрға бардық.

11. Сенің .... жаңалықтарың бар? 12. ...... өлең айтқым келді. 13. .... құлағы естімейді.

Керекті сөздер: бәрі, ол,менің, ешкім,сен, не, қандай, оның,оның, маған, қалай, ол, біз.



5 -жаттығу.Анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңдар.

Кейбір адамдар қарсы шыққандай болып еді. Біздің дегеніміз болды. Жылы мен суықтың бәрін көрді. Олар жиналысқа түгел қатысты. Оған ешкімнің дауы жоқ. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Осының бәрі сенің көз алдыңда болған іс. Менің айтарым - сол. Біздің ойлағанымыз - сенсің.

  1. жаттығу.Есімдіктерді түрлеріне ажыратыңдар.

Барлық, кейбіреу, біздің. әлдеқашан, өзіміздің, қайда? мыналар, түгел, ешкім, күллі, осы, сонау, солар, маған, біреу, кімде- кім, өзді-өзіне, дәнеңе, ештеңе, әне, сонау, әркім, саған,барша, қанша, қайсы, бұл .



  1. жаттығу. Сөйлемнен есімдіктерді тауып, сұрақ қойыңдар.

Қадірлі достарым. Біз өзімізді қорғаған сияқты орманды да қорғайық. Орманның пайдасын бәріміз де білеміз. Біздің рахат өмір сүруіміз үшін орман ауаны тазалайды. Күн сайын миллиардтаған тонна оттегі бөледі. Ағаш тамырлары тереңге кетеді. Сөйтіп сел болғанда топырақтың жылжуына кедергі жасайды. Сондықтан бәріміз өз ормандарымызды , туған жерімізді қорғайық.

  1. Жаттығу. Сөздерді жұптастырыңдар.

  1. Олар орманды 1. Тыйым салынады.

  2. Сендер орманға 2. Аз жауады.

  3. Біз туған жерімізді 3. Ағаш егіңдер.

  4. Мен орманның 4. Көгалдандырамыз.

  5. Сізге ағаш кесуге 5. Ағаш ектің бе?

  6. Орман болмаса жаңбыр 6. Пайдаларын білмеймін.

  7. Орман 7. Ауаны тазартады.

  8. Сен өміріңде бір рет болса да 8. Қорғасын.



  1. жаттығу. Бос орынға керекті жіктік жалғауын қойыңыз.

Мен қорғай.....

Сен ойлана.....

Сіз тазалай....

Ол өмір сүре алмай.....

Біз орындай....

Сендер ағаш еге.....

Сіздер көгалдандыра ...

Олар тыйым сала....

10-жаттығу.Аударып , көршіңе сұрақ қойыңдар.

Меня зовут ----

Я учусь в .... школе.

Возле школы есть многоэтажные дома и три детских садов.

Классы с казахским и руским языком обучения учатся в две смены.

В школу иду вместе с другом.

После уроков иду домой, помогаю родителям.

Я взял книгу у Саши.

Саше зту книгу дал Андрей.

Родители Андрея живут в Караганде.



  1. жаттығу. Есімдіктердің қандай сөйлем мүшесі екенін сұрақ қойып анықтаңдар.

  1. Біздер олар туралы жақсы пікірдеміз. Маған айтып кетерсің.

Мұғалім сөзін бәрі үнсіз тыңдады. Ешкімге күліп, ешкімді сықақтап керек емес. Мен өзімнен үлкен адамдарды сыйлаймын. Сенің досыңның сүйікті пәндері қандай? Бұл өте қызық оқиға болды. Кейбіреу айтатын адамды тылсым күш басқарады деген рас болар.

  1. Әр адам өз қуатын білуі керек. Бұл оның дүниеден өз үлесін алуына себеп болады. Қуатына қарай іс істеп, қуатына қарай ас ішпеген адам ауруға шалдықпай тұрмайды.

Өлетінін білетін адам кеселден сақтанып жүруі керек. Ажалды ауру жақындатады.



13-жаттығу. Есімдіктерді мағынылық түріне ажыратып, бірінші жақ есімдіктерін екінші жаққа ауыстырыңдар.

Менің Рауза деген қарындасым бар. Мен оны өте жақсы көремін. Далаға жалғыз жібермеймін, Әрдайым қасыма ертіп, ойнатып жүремін. Оған түрлі ойыншықтар жасап беремін. Ол өзі сурет салуды жақсы көреді. Мен оған қағаз, қарындаш беремін. Ол әлденелерді сызып, не салғысы келсе, ақыры соны салып шығады. Раузада барлық аңдардың суреті салынған журналы бар. Ол соған қарап үйренеді. Біз екеуміз өте татумыз.



14-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, есімдіктерді түрлеріне ажыратыңдар.

Біздің еліміз - бай ел. Мына тау қандай биік! Бізде барлық халықтар еркін өмір сүреді. Кейбіреулер үй жұмысые орындамаған. Оның ағасы алыста тұрады. Әлдекім терезе алдынан өткендей болды. Бұл сөзді баршаңа айттым. Соған бола ренжіп қайтесің? Түгел сөздің түбі бір. Ешкімнің ештеңесі кетпес. Бүкіл әлем халқы осыны қалайды.

Етістік.



  1. жаттығу. Берілген естістіктерді болымсыз етістікке айналдырыңдар.

Ашты, оқыды, тазалады, сүртті, келді, жауап берді?талдады, жариялады, қабылданды, өтті, жасалды.

  1. жаттығу. Негізгі және туынды етістіктерді бөліп жазып, сөз тіркесін ойлаңдар.

Зерттелу, қысқару, әлсіреу,ойлану, келу, жату, тасу, жоғалу,көмектесу,жазу,айту, сөйлеу, аудару, қарау, тігу,күшею,бұрқырау, шаңдату,тазалану, пікірлесу,тарау,сарғаю.



  1. жаттығу. Көшіріп жазып, күрделі етістіктердің астын сызыңдар.



Бұл түнді мен бір бөлек бөлмеде өткіздім. Әуелі мені көбігімді бұрқыратып жуындырып алды. Мына тазалыққа қалай жақындасудың ретін таба алмай, қатты қысылдым. Төбеде тұрған шамды айнала бір қарап шықтым.Мен басымды жастықтан жұлып алып, Шегенің тізесіне салдым. (Ғ.Мүсірепов).

Ақшоқыда күзден бері жазу соңында болған. Мағаш Африкада ніл дария бойындағы бір үлкен істі жыр етіпті. Әйгерім мен Баймағанбетке ол да өзі білетін құпия бір жайын ең алғаш баян етті. (М.Ә.)

4- жаттығу. Сөйлемдегі етістіктерді өздік етіске айналдырып, бір етістікті ауыспалы осы шақта жіктеңдер.

Дәурен ваннаға барып, беті -қолын жуды.Ол беті-қолын сүлгімен сүртті. Ол ішкі бөлмеге барып,киімдерін киді.Айна алдына келіп шашын тарады.Ол кешегі жарыс туралы ойлады.

Мысалы: Дәурен ваннаға барып, жуынды.

5- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шақ жұрнақтарын жазыңдар.

Кітапханадан кітап ал...қ. Кішкентай Ерланның тілі шығ..., былдырла.. сөйле...ді. Әкем машина сатып ал.... Біз саяжайда демал...мыз. Күн суытып адамдар тон ки.... жүр.асқар өзі білетін ертегісін бізге айтып бер... Күн ыстық, жолда шөлде...сің.Қанша күткенмен олар бүгін кел...с. Достарыммен бірге мұражайға бар... едім, бірақ кітапханаға баруым керек. Олар саяжайға алма, алмұрт ағаштарын отырғыз...

6- жаттығу.Төмендегі етістіктерді өткен шақтың түрлеріне қарай бағанға бөліп жазыңдар.

Үлгі: тұрдым - жедел өткен шақ; алып келгенмін - бұрынғы өткен шақ; қыдыратынбыз-ауыспалы өткен шақ.

Тұрдым, алып келгенмін, қыдыратынбыз, айттық, келгенсіңдер, жазыпты, суреттелген, әңгімеледі, айналды, дамытты, үлес қосқан, өткен, болған, жүретін, сыйлайтын, таңдапты, сайлады, жырлаған, баяндалған, киінді, сайрады, күлдіңдер, жоғалып кетті, апарған.

7 - жаттығу. Көп нүктенің орнына ортақ етіс жұрнағын қойыңдар.

Әй, бала, көмекте..іп жіберші. Маған жүктерді көрші балалар тасы...ты. Мен апама үй жина...тым. Жиһазды жоғары қабатқа дейін жабылып көтер...тік. Ақындар үш күн айт..ты.

8- жаттығу. Тиісті жіктік жалғауын қойыңдар.

Біз Қожанасыр туралы кино көрді... Біз әжемнің ертегісін тыңдады... Біз үйге кеш қайтты...Мен базардан екі кило алма сатып алды... Сен есікті сырлады...Олар саяжайға жеміс ағаштарын отырғыза.... Серуенде біз тамақты далаға пісірді...Біз «Абай жолы» романын оқыдық. Сіздер үйде болмады....

9 - жаттығу. Бос орынға керекті қалау рай жұрнағын қойып жазыңдар.

Менің алма шырынын іш.....м келеді. Сенің кешке қыдыр...ң келе ме? Оның кино көрсет...сі келді. Олардың суда жүз...лері келеді. Сенің қандай маман бол...ң келеді?

Менің бар...м келмеді. Оның бізге бірдеңе айт...сы келді ме екен? Қыздың сурет сал... келіп тұр.

10- жаттығу. Екінші сөйлемді толықтырып жазыңдар.

Менің бүгін теңіз жағасына баруым керек, себебі менің жағада ---------- келеді. Бүгін дүкен аралауым керек , өйткені тойға киетін көйлек ------ келеді. Менің салт-дәстүр туралы кітап алуым керек, себебі қазақ дәстүрін ------- келеді. Абай шығармаларын сатып алуым керек, өйткені ақынның өлеңдерін қайта ----- келеді.

11- жаттығу. Берілген етістіктерді келер шақ түрлеріне жіктеңдер.

Айт, сөйле, қыдыр, тыңда, жатта, оқы, әңгімеле, тазала, баста, түсір, аяқта, бітір, жап, ұш.

12 - жаттығу. Оқып, рай түрлерін ажыратыңдар.

Кітап, дәптеріңді орнына салып қой. Қанат бүгін үйге ерте келсін. Балалар, әрірек ойнаңдар. Сөзіңе жығылдым, биеке. Өкпелі жігітке қой берейін, ---депті амалы құрыған бай. Ойыма келген нәрсені жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын (Абай). Ал, қырғилар ,аздап болса да өнер көрсетіп жіберейік. (Ғ.М.). Істі ерте бастасаң, тез бітіресің. Осы жерден бұрылсаңыз, алдыңыздан шығады. Мал да қорада тұрмай, жайылғысы келеді.

13 - жаттығу. Өзгелік етіс жұрнағының тиістісін қойыңдар.

Сен шетелдік азамататарға қаланы аралат(-тыр-тір). Қонаққа қой сой(-дыр-дір).Тәрбиеші балаларға гүлдің суретін сал(-дыр-тыр) ды. Жексенбіде апам маған еден жу(-дыр-дір)ды.Атасы немересін үйлен(-дір-дыр)іп, арманына жетті. Қонақтар Әлияны билет... ді. Бөлменің жарығын жан... ,---деді анам. Жуылған кірді Зейнепке жай....Ұзын бойлы жігітке үйдің төбесін сыр....Әжем автобусқа билет ал...ды.

14 - жаттығу. Сөйлемде етістіктердің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар.

Оқыған білімді болады. Сөзді босқа айтпаңыз.Мен биыл мектепті бітіремін. Біз енді жарысуға кірістік. Білімнің шегі жоқ. Торғай жерге жақындай ұшты. Білгенге маржан, білмеске арзан. Айжан мая қардың арасын едәуір аршып алған кезде түске тармасып қалып еді.(Ғ.Мүсірепов).

Серікбайдан бір-екі адымдай жерде Тұрлықожа жатыр екен. (М.Әуезов).

15-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, есімше, көсемше, етіс, тұйық етістіктерді бағанға бөліп жазыңдар.

Жақын мен алысты жортқан білер. Ол өз ойын айта салды. Ол онымен қатты тартысты. Ынтымақ халықты асырар. Жоғары- төмен үйрек -қаз, ұшып тұрса сымпылдап. Білім -таусылмайтын кен. Оқу - инемен құдық қазғандай. Жел басылып қалған екен. Апам асықпай таранды. Бала өзі киінді. Інімді мен киіндірдім. Жиналыс тоқсан сайын өткізілді. Ертең Атырауға ұшпақпын. Туған жерді көркейт. Бүгін жүргелі отырмыз.



18. Берілген етістіктерге түрлі категориялар жұрнақтарын жалғап, сөз тіркесін құрыңдар.

Жаз, тыңда, қыдыр, аудар, тап, анықта, көрсет,әңгімеле,сөйле.

Үлгі: Айтқан сөзім, айтқалы жүрмін, айтуым керек, саған айтарым, басқаға айтпа. Айт- у; -ып;-қалы;-атын;-пақ;-ар;-қан;-са;-па;-ты,т.б.

Үстеу.

Еске сақта: қимылдың түрлі белгісін, мезгілін, мекенін,себебін, мақсатын білдіреді.

Құрамына қарай: дара:кеше, былтыр,әрең; күрделі: бүгін, қыс бойы, жаздыгүні.

Тұлғасына қарай: негізгі: ертең,бұрын, ең; туынды: балаша, қазақша, зорға, текке.

Мағынасына қарай: мекен үстеу: қайда? Осында, ілгері; мезгіл үстеу: қашан? таңертең, кешке; себеп-салдар:неге? амалсыздан, босқа; қимыл-сын. қалай? әрең , шалқасынан; мөлшер: қанша? сонша, неғұрлым,қыруар; күшейткіш: қандай? ең, тым, аса,нағыз; мақсат: не мақсатпен?әдейі, жорта, қасақана.



1.Сөйлемдерден үстеулерді табыңыз.

Мені бүгін кешке Тоғжан қонаққа шақырған. Біздің үй өте ыңғайлы орналасқан. Мен Батыс Қазақстанға он күннен кейін жол жүремін. Ертең біз тауға серуенге шығамыз.Бұрын сүйген адамды жек көру қиын екен.

2. Мезгіл үстеулерді тауып, сұрақ қойыңыз.

Мен саяжайда демалғанды жақсы көремін. Біз кеше қызық кино көрдік.Туыстарыммен жиі көріскенді жақсы көремін. Биыл ауа райы өте ыстық болды. Таңертең сабаққа барарда радиоқабылдағышты іске қосамын. Былтыр біздің мектеп оқушылары ҰБТ- ны жақсы тапсырды.

3. Керекті сөздерді қойып, жақшаны ашып жазыңыз.

(Мезгіл үстеу) ауа райы суық болады. Оқушылар (мезгіл үстеу) (мекен үстеу) барып қайтты. Менің досым әрдайым (сын- қимыл үстеу)еңбек етеді. Біз ( мезгіл үстеу) (себеп үстеу) жарысқа бара алмадық. Жанат ( мекен үстеу) ( сын-қимыл үстеу) жүгіріп шықты.

(Мезгіл үстеу) айналадағы адамдар ( сын-қимылүстеу) жиналып қалды.

4. Сөйлемдерді көшіріп, үстеулерді түрлеріне ажыратыңыз.

Олар жоғары көтерілді. Түске шейін оның жанында болды. Ол Отаны үшін жанын қиды.Ол аптығып сөйледі. Оқу үшін қалаға келді. Кеше күн өте суық болды. Біз ілгері жүрдік.Бұл жерге босқа келіппіз. Ол кілең бес алады. Нағыз жігіт екенсің. Әдейі қалаға келдік. Таңертең күн тұман болды. Олар емін -еркін сөйлесе алмады. Не болса да алға жүрдік. Аз өмірінде қыруар іс тындырыпты.



5. Берілген етістіктерді сын-қимыл үстеуімен байланыстырыңыз.

1.Қарай-қарай а) сөйледі

2. Жылдам ә) шаршады

3. Ақырын б) қарады

4. Ойланбай в) жауап берді

5. Ашуланып г) жүрді

6. Күліп ғ) айтты

7. Асықпай д) келді



6. Аударып, жауап беріңіз.

Ты в какой школе учишься? Она новая или старая? Где она расположена? Школа далеко от твоего дома? Что есть возле школы? Что есть с правой стороны школы?



7. Сөйлемдерден үстеулерді тауып, түрлеріне ажыратыңыз.Сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңыз.

Кеше қар жауды. Еріншектің ертеңі бітпес. Олар лезде кетіп қалды. Мен онымен көзбе -көз сөйлесе алсадым. Бұл сапарға лажсыздае шықтық. Бала күн ұзаққа үйден шықпады. Ол амалсыздан үйге кетті. Біз бәріміз біргеміз. Талапты бала - талпынған құстай.



8. Туынды үстеулерді теріп жазыңыз.

Әрең, бұлбұлша, ілгері, лезде, тотыдайын, босқа, бірге, шикілей, айтпайынша, шалқасынан, жаздыгүні, биыл, ертең, қазір, нағыз, амалсыз, осында, ең, көзінше, осыншама, қыстай, текке, баяғыда, тосыннан.

9. Сөйлемдердені үстеулерді тауып, қай түрі екенін анықтаңыз.

Мысалы: Таңертең - күрделі үстеу.

Біз бүгін келдік. Мен қазақша білемін. Олар алға қадам басты. Сұңқардайын сыланған, тотыдайын таранған. Бұны жорта шақырыпты. Сыныпта ең алғыр оқушылар қалыпты.Есік шалқасынан ашылды.



10. Берілген үстеулерді аударып, мағыналық түріне ажыратыңыз.

Алға, әрең, қасақана, ертең, ілгері,әдейі, бүрсігүні,қыруар,өте,қолма- қол, нағыз,былтыр, орысша,кұндіз, шалқасынан, зорға, кеше,тездет,ала жаздай, ерте-кеші, таңертеңнен.

11.Көп нүкте орнына тиісті үстеуді жазыңыз.

Мен ....... сөйлей аламын. Әнші ...... сайрады. Шегіртке ..... ән салды. ...... күн ұзақ. Оқушылар ..... емтиханды өте жақсы тапсырды. Олар мұны .... жасапты. Пойыздан ..... түсіп қалдым. Ол ........ бері демалған жоқ.

( биыл, жорта, әдейі, бұлбұлша, таңсәріден, қазақша, ала жаздай)

Шылау.

Еске сақта: сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді. 3 түрі бар.

1. Жалғаулық шылау: бірдей сұраққа жауап беретін сөздер мен бірдей тұлғаларды байланыстырады. Мағынасына қарай 6 түрі бар:

А).Ыңғайластық. және, әрі, мен, бен, пен,да,де,та,те.

Ә) бірақ, дегенмен, сонда да, алайда, әйтседе, әйткенмен.

Б)Талғаулы мағына : я, я болмаса, немесе, әлде, не.

В)Кезектестік мағына : бірде, біресе, кейде.

Г)Себеп -салдарлық мағына: себебі, өйткені, сол үшін, сондықтан, сол себепті.

Ғ) Шартты мағына: егер, егер де.

2. Септеулік шылау белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана қолданылады.

А) Атау с. Туралы, сияқты, тәрізді,үшін, сайын, арқылы, жайлы, шамалы, шақты,жөнінде.

Ә) Барыс с. Қарай, таман, жуық, тарта, жақын,дейін ,шейін.

Б) Шығыс с. Соң, кейін, басқа, гөрі,әрі, бұрын, бетер, бері.

В) Көмектес с. Бірге, қатар, қабат.

3. Демеулік шылау сөздерді байланыстырмайды, тек қосымша мағына үстейді.

А) Сұраулық: ма, ме, ба, бе,па, пе,ше.

Ә) Күшейткіш : -ақ, -ау, -ай,да,де,та,те.

Б) Белгісіздік : -ау, -мыс- міс

В)Болымсыздық: түгіл, тұрсын, тұрмақ.

Г) Шектік: ғана, тек-ақ.

Ғ) Нақтылау: -ды,-ді, -ты,-ті, қой, ғой.



  1. Бос орынға керекті шылауды жазыңыз.

Мұрат -------- ойланады, ----жазады. Абай --- ақын, -----сазгер. Сәкен --- Ілиястың, Бейімбет ------ Жүсіпбектің , Мағжан --- Ахметтердің қалдырған мұралары ешқашан ұмытылмайды.

Отансүйгіштікті ---, ұлтжандылықты ---, сұлулықты --- Мағжан өлеңдерінен табуға болады. Мен өскенде --- суретші, ---- сазгер боламын. Мен бұл кітапты оқығанда ---- қайғырып, --- қуанып отырдым.

Керекті шылаулар: не, әрі, да-де , мен.

  1. Демеулік шылаулары бар сөйлемдерді табыңыз.

Енді үйді таба аласыз ба? Сапарың сәтті болды ма? Осы сен-ақ шаршатып бітірдің. Бұл туралы білеміз. Жібек жолы Самарқанд, Бағдат қалалары арқылы өткен. Қыста және көктемде күн суық болады. Үйге кірген сол-ау деймін. Жаңбыр жауып кетсе ше? Олар кеше ғана кетті. Ертеде бір әулие болыпты-мыс. Сен түгіл мен де білмедім. Бұл істі я сен істе, я мен істейін.



  1. Керекті септеулік шылауларды жазып, бұйрықты сөйлемдерді табыңыз.

Мен сенімен ---- барамын. Сабақтан --- теңізге барайық. Ә.Қашаубаев Париждегі концерттен --- Еуропаға белгілі болды. Мұның бәрін өзіміз --- жасайық. Ол Шоқан Уәлиханов ------ әңгімелесін. Қалаға ---- біраз бар. Сыныпта отызға ---- бала бар екен.

Жыл --- Астанаға барайық. Мен --- келсін.

Керекті шылаулар: сайын, үшін, туралы, бірге, соң, жуық, дейін.



  1. Шылауларды түрлеріне ажыратып жазыңыз.

Үшін, ғана, қой, сияқты, туралы, және, әрі, сайын, ше, мен,дегенмен, сондықтан, бірақ, түгіл, мыс, біресе, я болмаса, бұрын,гөрі, таман,қабат,қатар, бері,себебі, ба, ақ, ау,тұрмақ.



  1. Шылау қатысқан сөйлемдерді тауып оқыңыз.

Оның ойлағаны болды, бірақ мәселе шешіле қоймады. Екі күннен соң ауыл Шыңғысқа көшті.Балам-ау, қалың киіміңді кисеңші. Ол кеше көп ойнаған, сндықтан бүгін демалды. Бұл оқиға жазда болған. Бүгін ерте келдік. Асан мен Үсен ауылдан адасып қалды.



  1. Шылауларды емлесіне сай жазып, тыныс белгісін қойыңыз.

Шіркін, сыбызғы ай. Ақан серінің есіне Көкжендет түсті. Қаршығаның қыраны еді ау. Бірдеңеге асығыс жауап беру мұның әдетінде жоқ ты. Ол осылай айтыпты мыс.



  1. Жақшаны ашып, емлеге сай жазыңыз.

Күндізгі жаңбыр(мен) ернеуін керіп кетен өзен толқыны үңгірдің аузын етегі (мен) сипап кетіп жатыр. Талпынам(да), ұмтылам(да) , бірақ алдым тұйықтала береді. Інісі жақсы қандай(ды), дұшпаның көзін салмай(ды). Кешке( таман) барып қалармыз. Бұны жазған Самат (ау) деймін. Ертеректе бір әулие кісі болыпты(мыс). Жиналысқа қатыстың (ба?)



  1. Сөйлемдерді оқып, септеулік шылаулардың түрін ажыратыңдар.

Қалаға дейін атпен, одан әрі машинамен жүремін. Көптен бері ағамнан хаьбар жоқ. Мен сен туралы көп ойладым. Шынында, сен жайлы өте аз білемін екен. Бір нәрсе жасаудан бұрын ойлану керек. Кезекте сізден кейін тұрамын. Мына есік кіру үшін, ал ана есік шығу үшін. Өзеннен көпір арқылы өттік. Біз жарқабаққа қарай жүріп келеміз. Қалаға шейін әлі біраз жер бар.

9. Берілген сөйлемдерді шылау түрлеріне қарай топтап жазыңыз.

Одан бұрын хабарды жеткізіпті. Қайық аударылып, адамдары суға батады - мыс.

Асан мен Үсен ауылдан адасып қалды. Екі күннен соң ауыл Шыңғысқа көшті.

Жайдақ суды ит те, құс та ішеді.Бірде зәрлі, бірде назды нақышпен айтып шықты.Ол үйіне ерте келген-ді.Қоңырау соғылып қалса ше? Бүгін ерте келдік, бірақ жарыста қалып қойдық. Ертеңге дейін барып қалармын.

10. Сөйлемдер ішіндегі жалғаулықтарды бөлек, септеуліктерді бөлек, демеуліктерді бөлек теріп жазыңыз.

Сабақтан соң біз театрға бардық. Ертең сабақ не өз кабинетімізде, не қазақ тілі кабинетінде болады. Біресе қар аралас жаңбыр жауады, біресе жел көтеріледі.

Боран соқты, бірақ біз сапарымызды жалғастырдық. Сыпайы болу керек, өйткені ол мәдениеттің белгісі. Біз ертең демаламыз, сендер демаласыңдар ма? Ойпырмай, күннің суығын-ай. Қоңырау соғылды да, оқушылар үзіліске шықты.Қаланы айналдыра қорған салынған және оның ұзындығы үш шақырымдай болған. Сен түгіл, өзіме де жоқ.

Біз Мағжан туралы оқыдық. Күн сайын теледидардан жаңалық қараймын. Ол менен гөрі пысықтау. Бұдан әрі төзе алмаймын. Автобуспен қатар такси де тоқтады. Қазақстанда сақталған ежелгі қалалар -- Түркістан мен Тараз ғана. Бір кездері құм астында небір қалалар болыпты -мыс. Оңтүстік ауа райы жылы, сондықтан егіншілік кәсібі жақсы дамыған.



16. . Зат есімнен кейін тиісті шылауды жаз.

Емтиханнан --------- демалыс басталады. Такси үйге ---- апарады. Мектеп ---- керекті жабдықтар сатып алдық. Абай ----- көп оқыдым. Аялдамаға ---- жаяу жүрдім. Астан --- бата берілді. Бала теңізге ------ кетті. Алгебрадан ----- физиканы ұнатамын.



Еліктеу сөз.

Еске сақта: әр түрлі дыбысқа , құбылысқа еліктеу және олардың бейнесін(образ) елестету.

Құрамына қарай: дара: тарс, күмп, жалт; күрделі: қыбыр-қыбыр, ыржаң-ыржаң.

Тұлғаына қарай: негізгі: күрс, селк,мырс; туынды: қисаң, елпең, селпең, борбаң.

Мағынасына қарай: еліктеуіш - түрлі дыбыстарға еліктеу. Мысалы: сарт, сұрт, қарқ, гүрс, салдыр, шылдыр, түсір, дүсір, тасыр, тақ-тақ, шаңқ, қаңқ, баж, шырыл.

Бейнелеуіш- көру арқылы сипаттау. Мысалы: маң- маң, жалт- жұлт, жарқ-жұрқ, борс-борс, борбаң, маймаң, күрт, селтең-селтең, томпаң- томпаң.

  1. Сөйлемдерді жазып, еліктеу сөздердің сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын айтыңыз.

Алыстан бір суыл естілді. Сонда ірімшік жерге салп етті. Алдымыздан шаң бұрқ ете түсті. Шоқ қамыстың арасынан жасыл ұшқын жарқ етті. Ала мысық баж етіп, тұра қашты. Аюша маймаң- маймаң етіп жүреді. Жыланның үніндей ыс-ыс еткен дыбыс шықты.



  1. Бастауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.

Жақсы -- ісімен жақсы. Мұражай қашан ашылады? Мектеп жақтан біреу келе жатыр. Біз бірлікті ойлаймыз. Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар. Сегіз оқушы кешігіп келді. Мынау - жеке дауыс. Үшеуі жамырай сәлем берді. Бұл - үлкен табыс.

Ол Көкшетаудағы Бурабайда орналасқан. Балалар тез үйлеріне қайтты.



  1. Бейнелеуіш сөздерді бөліп жаз.

Тарс-тұрс, желп-желп, жымың-жымың, селк, салдыр-гүлдір,тық-тық,жыбыр-жыбыр, елпең-елпең,ақсаң-ақсаң, жалт-жұлт,қорс-қорс,зу-зу, қорбаң-қорбаң, маймаң, маң-маң.

4.Анықтауыш қызметінде тұрған еліктеу сөзді тап.

Үзеңгінің де сыңғыр-сыңғыр үні тыйылған.Қар жұлдыздары жылт -жылт етеді.

Пыш -пыштарыңды қойыңдар. Ығы -жығы адамнан ештеңе көрінбейді.Сылқ-сылқ күлкі естіледі. Ит дүрс сұлап түсті.

5. Еліктеу сөздерді табыңдар.

Мойны үзілген қаз тастай зымырап, өзенге гүмп береді. (М.М.) Жиренше күйініп қамшысын таянғанда,қамшының сабы шарт сыныпты. «Шешендік сөздер» кітабы.

Есік сыртынан шаң -шұң дауыстар естілді. Қарға қарқ етті. Қоңырау сылдыр -сылдыр етіп, балаларды мектепке шақырды. Қыз шолпысы сыңғыр етті.

Бұлт ашылып, күннің көзі жарқ етті. Ол мырс етіп күліп жіберді. Елбең -елбең жүгірген, ебелек отқа семірген. Желп - желп еткен ала ту, жырып алар күн қайда?



Одағай.



Еске сақта: дербес мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі болмайтын, адамның көңіл -күйін білдіретін немесе жануарларға қарай айтылатын сөз.

Мағынасына қарай: көңіл-күй : алақай,әттең,шіркін;

жекіру: тәйт,жә, тек;

шақыру: аухау-аухау, шөре-шөре.

  1. Қайсысы еліктеуіш, қайсысы одағай бөліп жазыңдар.

Ағараңдайды, мырс-мырс, тарс, паһ-паһ,қап, әттең, шұбалаңқы, жалт, шаңқ, пәлі, шіркін, шәйт, тәйт,алақай, құрау-құрау,моһ-моһ.

  1. Жекіру одағайын шақыру одағайынан бөліп жазыңыз.

Борт, гу, құрау-құрау, жә, тек, шөре, пұшайт, сылқ-сылқ, ажыраң, кәуіс, кә, тәйт, қой, бәрекелде.

3. Одағайы бар сөйлемнің астын сыз.

Құммен аршылған ескі күмістей жарқ-жұрқ етеді. Япырау, қайда сол күндер! Жылт -жылт етеді, жылғадан өтеді. Далада үп еткен жел жоқ. Паһ-паһ ,неткен дауыс! Мәссаған, мынаны қара. Алақай, апам келді! О, жоғары шық, бала. Әттең, ағам болса ғой. Қап, ойбай-ай, ұмытып кетіппін!

  1. Бастауыш қызметіндегі еліктеу сөзді табыңыз.

Қазақ дауылпаздарының дүңкілі кең дала үстінен қалықтай жөнелді. Төңірек тым-тырс болып тына қалды. Қазақ бұрқ-сарқ қайнады. Беу, қарағым-ай, айтпадың ба? Құлағына ат тұяғының дүрсілі естілді. -Сауға!- деді саңқ етіп. Ол е сіктен ақырын аттады.



  1. Көп нүктенің орнына тиісті одағайды жазыңыз.

  1. .........! Достар түгел жиналыпты. 2. ............., қасымда ағам болғанда ғой.

3. ........ ,қоңыр қозым. 4. ......, қандай тамаша гүл! 5. ....., ......! батыр болсаң Қабанбайдай бол!



6. Одағайды бөлек, қыстырма сөзді бөлек жаз.

Амал қанша, арадан ерте кетті. Шіркін, балам мені қуантса. Шынында, оның айтқаны дұрыс еді. Ойпырмай, бұл не істегені?! Қап, кетіп қалғаны-ай. Есік дүрс қағылды. Мен, бәлкім, қателескен шығармын. Ойбай!-деді Жарғақбас.

Япыр-ай, келсе болар еді. Қысқасы, енді мұны қою керек. Бүгін ,сірә, жаңбыр жауар. Меніңше, бәрі дұрыс сияқты. Бала тәрбиесі, біріншіден, бесіктен басталады. Пәлі, мұнда екенсіңдер ғой.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Н. Нығмет. Қазақ тілі хрестоматиясы.

2. Т. Әбдіғалиева

Н.Оралбаева Практикалық қазақ тілі.Алматы. « Ана тілі» 1993

Б.Шалабаев

3.. И.Кубаева Қазақ тілі. Алматы. 2007

4.. Шың кітап. Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық - тест.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал