7


  • Учителю
  • ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Сан есімнен өткенді қайталау.

Мақсаты: білімділік - сан есімнен алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру ; дамытушылық - өтілген тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімін саралап, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылық ізденістерін арттыру; тәрбиелік - әр түрлі тапсырмалар арқылы адамгершілікке, ізгілікке, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу. Типі: өткен сабақты бекіту. Түрі: қайталау сабақ Әдістері: деңгейлеп оқыту, сұрақ- жауап, талдау, шығармашылық жұмыс. Көрнекілігі: интер тақта, кесте, қима қағаздар, слайд. Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІ. Білгенге - маржан.

Ертегі құрастыру. «Сан есімнің алты ұлы»

Оқушылар сан есімнің алты баласының рөліне еніп, құрастырған ертегілерін оқиды.

168- жаттығуды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сан есімнен өткенді қайталау. Оқушы назарын сабаққа аудару үшін жеті санына қатысты ұғымдарды сұрай отырып, тапсырмаларды түсіндірдім.

. І. деңгей. «Біліміңді байқап көр»

ІІ. деңгей. « Ойлан, ізден, тап».

ІІІ деңгей. « Ізденген жетер мұратқа».

ІV. деңгей. « Білімдіден шыққан сөз».

І деңгей. «Біліміңді байқап көр». 1.Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

2. Сан есім мағынасына, құрамына қарай неше түрге бөлінеді? Кестеге жаз..

3. Төмендегі цифрмен берілген сан есімдерді дара және күрделі түрлеріне қарай топтастырып жаз. 45, 7,13 , 100, 365, 40.

ІІ деңгей. «Ойлан, ізден, тап».

  1. Сөйлемдердегі реттік сан есімдердің тыныс белгілерін қойып жаз. Мен 6 сыныпта оқимын. Ол 7 қатарда отырады. Үйге 12 есеп берді. ХХІ ғасыр көшбасшысы

  2. Мақал- мәтелдердің сыңарын тауып, сөйлем мүшесіне талда.

Білекті бірді жығар....

Жүз теңгең болғанша...

Алтау ала болса ауыздағы кетеді...

Жігітке жетпіс...

  1. Берілген халықтық өлшемдерге лайықты сөздерді теріп жаз.

Бір шымшым , бір жайым, бір шөкім, бір қайнатым, бір асым, бір жұтым, бір ұрттам, бір ауыз, бір уыс.

Керекті сөздер. Мақта, сөз, су, ет, айран, шай, бұлт, тұз, қамыр.

ІІІ деңгей. «Ізденген жетер мұратқа»

  1. Ай, күн, жыл атауларының жазылу емлесін түсіндір.

  2. Төмендегі сан есімдердің жазылуын тексеріп, қатесін тап.

Төрт жүз - отызбес, 2ден- 1, 6 сынып, ІІ-сынып, 30 -дәптер, жетіау, үш үштен, 2015-жыл, ХХІ - ғасыр.

  1. Сыңар, жалқы, жалғыз сөздері қай сан есіммен синонимдес?

  2. Асты сызылған сөздерді түсіндір.

Ұл он беске келгенше,

Қолға ұстаған қобызың.

Ұл он бестен асқан соң ,

Тіл алмаса доңызың...

( Үмбетей жырау) ІV деңгей. « Білімдіден шыққан сөз» 1« Менің туған өлкем», «Біздің сынып» тақырыптарының біріне ойтолғау жаз. 2. Құрамында сан есімі бар өлең жаз.

ІV. Бекіту. «Менің сабақтан алған әсерім» Оқушылар сабақтан алған әсерін стейкерге жазып, тақтаға іледі.

V. Үйге тапсырма: І деңгей. Сан есімді қатыстырып 7 сөйлем жазу.

ІІ деңгей.

Құрамында сан есімі бар ұлтық ойын атауларын жазып,түсінік беру.

ІІІ деңгей. Би-шешендердің даналық сөздерінен сан есімі бар сөйлем жазып, морфологиялық талдау жаса.

ІV деңгей. «Мен сиқыршы болсам»тақырыбында эссе жазу.

VІ. Білімдерін бағалау.

Северный орта мектебі








Сабақтың тақырыбы:

«Сан есімнен өткенді қайталау»

6-класс



Өткізген: Б. Ибраева

қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал