7


  • Учителю
  • Урок по самопознанию на тему: Жалынды жастық шақ

Урок по самопознанию на тему: Жалынды жастық шақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: Телжан орта мектебі Мерзімі:

Мұғалім: Тлеукабылова Жанар Бахытжановна

Сынып: 10 Оқушылар саны: 3

Тақырып: Жалынды жастық шақ Сабақ: №19

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: тәртіп, адамгершілік, әділеттілік



Сабақ мақсаты: жалынды жастық шақтағы ізгі қарым-қатынас жасау туралы түніктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Жалынды жастық шақта тәртіп, адамгершілік, әдептілік қасиеттерін дамыту;

  2. Жастардың қарым-қатынастарындағы сыйластық, әділеттілік, әдептілік қасиеттерінің дамуына ықпал ету;

  3. Оқушыларды әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: әдістемелік құрал, оқулық, жұмыс дәптері,ватман, маркер, , презентация





</ Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.

Орманға саяхат.

Урок по самопознанию на тему: Жалынды жастық шақ

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныпқа келіп, өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

Оқушылардан пікір алу.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

18 сабақ «Мен білетін ең әдiл адам» тақырыбында эссе жазу

- оқушылар эссе оқып шығады (2-3 оқушы)



3.Дәйексөз.

Жастық шағың - жарқын жаздың бейнесі,

Құтты жаздың ала аласың, жоқ бермесі.

С.Мұқанов

3.1. Дәйексөзді оқыту.

3.2. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеcіңдер?

-Нақыл сөздің тағылымы қандай?

-Еліміздің болашағына қандай үлес қоса аласың?

3.3. Дәйексөзді дәптерге жаздыру

3.4. Қорытынды



  1. Әңгімелеу.

Жастарға хат. I. Омаров

Біздің заманымыз адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Мұндай жағдайда адамның қоғам өміріндегі орны өз басының тіршілігіне,еңбегіне байланысты. Былайша айтқанда, бақыт кілті - әр адамның өз қолында.

Өмір жолы оңай емес. Әркімнің өз сүрлеуі бар. Бірақ сол сүрлеу жалпы адамдардың салған сара жолына ұласуы керек. Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп-жұлып күн көру - адамгершілік жол емес.

Адамның қоғамдық еңбегі алдымен оның адамшылық қасиеттеріне байланысты. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қоя білуі керек. Сосын уақытты бағалауы басты шарт. Шығыстың ұлы ақыны Саади «Адам әрбір секундта бір дем алады...» деген екен. Ал сол дем алудың өмірде санаулы екенін ұмытпау керек.

«Мен әлі бұғанам қатпаған жаспын ғой», - деу балаларға келіспейді. «Болар бала он екісінде жастығын сылтау етпес, жүз жасында кәрімін деп қапа шекпес», - дейді халық.

Жас кездегі басты міндет - білім алу. Ілімге төте жол жоқ. Оған тек ұзақ еңбек жолы ғана апарады. Сондықтан да білімде шек жоқ дейді. Қанша білімді да, оған қанағат етпей, білген үстіне біле берген жөн.

Өмірдегі ең жаман әдеттердің бірі - табысқа масаттану, менменсу. Халық әр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділіктен адам кем болмайды, қайта тұлғана түседі. Кішіпейілділік - адам көркі.

Бейіпілауыз жаман сөздерге әуестену, темекі тарту, арақ ішу сияқты жарамсыз қылықтар адамды тұпайылыққа, тәртіпсіздікке, қылмысқа апарады.

Адам сыншыл, көңілі ашық, жігерлі болуы керек. Әрине, бұл қасиеттер жасанды бояулы болмай, табиғатына біткенде ғана сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман жоқ. Кішіпейіділік пен жағымпаздықтың арасы жер мен көктей.

Адамның қасиеттерін нәрлендіре түсетін нәрсе - өзін эстетикалық тәрбиеге бейімдеу. Музыкаға әуестену, музыканы сүйіп тыңдау, жақсы суреттердің мәніне түсіну білу, өлеңге, әдебиетке құлықтану, өткен тарихты білу - адам мәдениетін өсіре түседі. Мұндай адамдармен сөйлесудің өзі бір ғанибет әрі қызықты.

Өмір жолы жеңіл жол емес. Бұл жолда кедір-бұдыр аз болмайды. Табысқа мақтанбай, қайғыға бағынбай, қиыншылықта мойымай, өзіңді-өзің ілгеріге тарту - адамшылық парызың.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болу қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, -

деген Абай сөзін естен шығармаңдар!

Сұрақтар:

1.Мәтін не туралы?

2. Жазушының жастарға арнап бұндай хат жазудың себебі неде?

3 Хат жазарда жазушының қандай сезім жетеледі деп ойлайсыңдар?

4. Болашақ жас ұрпаққа қандай хат жазар едім?



  1. Шығармашылық жұмыс, ұжымдық жұмыс.

5.1.«Жастық жігерім - жақсылыққа» тақырыбына пікірталас

- тапсырманы ортаға салу;

- тапсырманы талдау;

5.2.Мұғалімнің қорытындысы.

















  1. Топпен ән айту

Урок по самопознанию на тему: Жалынды жастық шақ«Өмір сыры»

Өмір деген - Жанымның шуағындай жарқырайды. Көңіл деген - Бар кезде шарықтап шалқымайды. Арман деген - Жүректің жұбанышы үзілмейтін. Үміттің серігің ғой көз ілмейтін. Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы Бұл дүниені Жарығым қайта оянып көрер болсам, Өмірге қайта айналып келер болсам, Сезер - ек бақыттың шын бағасын.

Бақыт деген - Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы. Уақыт деген - Өзгермес сұрапыл соқса тағы. Арман деген - Жүректің жұбанышы көз ілмейтін. Үмітің серігім ғой көз ілмейтін. Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ-сы















7.Үй тапсырмасы

№ 19 сабақ «Қоғам мүшесі болу жастарға қандай жауапкершілік жүктейді» деген тақырыпқа эссе жазу.

№ 20 сабақ Ж. Аймауытұлы «Неге арналсаң, соны істе!» мәтінің оқу.









  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Бояу музыка ойнайды.

Урок по самопознанию на тему: Жалынды жастық шақ



Көзімізді жұмып тыныштықты сақтай отырып, бүгінгі сабағымызды еске түсірейік. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл-күйіміз көтерілді. Бүгіңгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Сау болыңыздар!





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал