7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Ұл ұятымен, қыз қылығымен қылықты' (8 класс)

Тәрбие сағаты 'Ұл ұятымен, қыз қылығымен қылықты' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, жаман әдеттен  аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным білімділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.            Көрнек
предварительный просмотр материала

Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, жаман әдеттен аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным білімділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

Мұғалім: Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» деп аталады. Ортаға біздің қыздарымызды шақырып екі топқа бөлейік. Бүгін 8 «а» сынып қыз балалар арасында білім өнер сайысы өткелі тұр. Қыз өсіру аяулы аналарымыз бен асыл әжелерімізге үлкен сын болған. Қыз баланы тәрбиелейтін адамның өзі де, айналасы да тәрбиелі болуы керек. Оның жүріс- тұрысы, сөйлеу мәнері, әдептілігі бәрі- бәрі, біріншіден, қоршаған ортаға қарап қалыптасады. Халқымыз «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» деп осындай тәрбиелі қыздарын бетке ұстап, келер ұрпаққа үлгі еткен.

Бүгінгі біздің қатысушыларымызды ортаға шақырайық. Ал енді әділқазыларымызбен танысып өтейік:

1. Али

2. Ғабиден

3. Жандос

4. Алтынбек

І бөлім. «Таныстыру» Әр топ өздерінің топ басшысын таңдап, топқа атау беріп таныстырады.

ІІ бөлім. «Жалғасты» ойыны деп аталады. Бұл бөлімде мен бір сөзді айтамын, сендер ойланып жалғастырып айтуларын керек.

1-топқп берілетін сөздер: Үлкен кісіні - ... (сыйлау керек)

Аналарды, әкелерді - ... (сыйлау керек)

2-топқа берілетін сөздер: Үлкеннің - ... (тілін алу керек)

Үлкендерге - (сәлем беру керек)

ІІІ бөлім. Жұмбақ шешу.

Су ішінде өскен тау,
Су бетінде көшкен тау. (Айсберг)

Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді-өзіңе. (Айна)

Ешкім ілмеген шымылдық,
Көкжиекте көлбейді.
Бүктеуіңе көнбейді,
Сипауға да келмейді. (Сағым)

Төңкерілмейтін күбі,
Көтерілмейтін күбі.
Шүпілдеп-ақ тұрса да,
Көрінеді түбі. (Құдық)

Тұрады көтеріп
Жеңілі ауырды…
Ғұмыры өтеді
Қарық қып қауымды (Ошақ пен қазан)

Жауып алсам қақпамды,
Орнатамын ақпанды.
Ашық қойсам қақпамды,
Дей бер шілде боп қалды. (Тоңазытқыш)

Ұзын-ұзын, ұзын жіп,
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ілби басқан ыбылжып,
Ұшына шықпас жалғанда. (Жол)

4- бөлім Мақал мәтел

Көп сөйлеген мылжың емес,
Көкіп сөйлеген-мылжың.

Елдікті баяндау,
Ерлікке даярлау.

Тәтті жеміс бұтақта,
Құттың құты кітапта.

Отауың тар болса да,
Отаның кең болсын.

5 бөлім «Өнерлерін» көрсету

Ортаға екі топтан 2 оқушыларымызды шақырамыз.

Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,

Өмір жолы еңбекпенен шешілер.

Шыңға шығар шынар болып шынайы,

Кездеспесін ешқашан да кесірлер.

Барлығы да ортаға сап өнерін,

Көрсетті ғой қолдарынан келерін.

Әділқазы айтсын соңғы шешімін,

Қайсы жігіт асырды екен өнерін.

Мұғалім: Ал енді бідің Әділқазыларымызды тындайық

Әділқазылар сөз сөйлеп, шешімін айтады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал