7


  • Учителю
  • Өзін - өзі тану сабақ жоспарлары 1 сынып

Өзін - өзі тану сабақ жоспарлары 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<br>

«16» 02. 2016ж.

Сынып: 1

Пән: Өзін - өзі тану

Сабақтың тақырып: Шыншылдық - адамдықтың белгісі.

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік.Сабақ мақсаты:

Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету

Өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту

Шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: компьютер

үлестірме қағаздар



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті: Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



2.Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушыларды топқа бөлу

3.Дәйексөз

«Шыншылдық жақсылыққа жетелейді»

Халық даналығы

Дәйек сөздің мағынасын оқушылардан сұрау

Шындық неге жеткізеді? Ал өтірік ше? Мысал келтір.

ІШыншылдық дегенді қалай түсінесіңдер?

Шыншыл адам қандай болады?

Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді.

- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі - шыншыл болу, өтірік айтпау.

- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

Дәптермен жұмыс

Дәйек сөзді дәптерге жазғызамын



4.Әңгімелеу

Халық ертегісі: \мұғалімнің сыйлығы\

Бүркіт пен сұңқар

Бір күні бүркіт өзіне сенімді, адал, шыншыл дос іздеп, әлемге хабар беріпті. Құстар жиналып, бүркіттің алдына келіпті. Сонда бүркіт:

-Кімнің қандай қасиеті бар?-деп сұрапты.

Бірінші болып қаз сөйлеген екен:

-Мен суда да жүземін, жер де жүремін ұша да білемін, -депті

Жапалақ ортаға шығып:

-Менен басқа құстар түнде ұшып көрген емес,- деп мақтаныпты.

Құстардың көбі осылай өзін -өзі мақтаған екен.

Сонда бүркіт алыстау тұрған сұңқардан:

-Сен неге үндемейсің? Сенің қандай қасиетің бар?-деп сұрапты.

Сұңқар: -Менің үндемей тұрған себебім, өзімде түрлі қасиет те жоқ, бір ғана қасиетім бар. Ол өзіңіз сияқта шармамай ұшу,-депті

Бүркіт:

-Бір басыңа осы қасиет те жетеді. Маған сен ғана дос бола аласың. Асырмай, тек шындықты айттың ғой, -депті.

Содан бері биікте бүркіт пен сұңқар ғана самғайтын болыпты.

Сұрақтар:

- Бүркіт әлемге қандай хабар берді?

- Оған қаз не деді?

- Жапалақ не деді?

- Сұңқар неге үндемеді?

-Ал, сендер бүркіттің орнында болсаңдар қайсымен дос болар едіңдер?



5.Шығармашылық жұмыс:

Топпен жұмыс

Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.

Мысалы: Ш шана, А алма т. с. С



6.Топпен ән айту

«Көбелек»

Дала қандай керемет

Қойның гүлге толады

Қызыл жасыл көбелек

Бір ұшып, бір қонады 2 рет

Көбелек-ау,көбелек

Әдемісің керемет

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой 2 рет

7.Үй тапсырмасы Дәптерге «Шындық, шыншылдық, өтірік айтпау» туралы мақал-мәтелді жаттап келу

8. Соңғы тыныштық сәті.

Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын » деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу)

-Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр.

Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырайық.

Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.

Сендердің сабақтан қандай әсер алған жайында стикерлерді таңдап, тілек ағашына жабыстырамыз.

Бағалау: Баллдық жүйемен.







































Ата ақылы

Шындық деген -ар-ұят

Әділдік пен адалдық

Бол ісіңе мұқият,

Қалсын десең жамандық

Қайырмасы

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым ай

Айтпа, жаным, өтірік,

Болам десең үлгілі

Мәпелеген өсіріп,

Сен де еліңнің бір гүлі







«Көбелек»

Дала қандай керемет

Қойның гүлге толады

Қызыл жасыл көбелек

Бір ұшып, бір қонады 2 рет

Көбелек-ау,көбелек

Әдемісің керемет

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой 2 рет

Ақ қанатты көбелек

Көк қанатты көбелек

Қызыл қанат көбелек

Бақшамызға келе кет



Қайырмасы:

Көбелек-ау, көбелек

Бақшамызға келе кет



Көбелек-ау, көбелек

Бақшамызға келе кет



Ақ гүлдер де, көк гүлдер

Бақшамызға көп гүлдер

Көбелек-ау, көбелек

Қонбай қайда кеттіңдер?



Қайырмасы:

Көбелек-ау, көбелек

Бақшамызға келе кет



Көбелек-ау, көбелек

Бақшамызға келе кет



Гүлдер, гүлдер көктесін

Көбелектер көп келсін

Гүл қанатты көбелек

Бақшамыздан кетпесін



Қайырмасы:

Көбелек-ау, көбелек

Жақсы көрем не керек?



Көбелек-ау, көбелек

Жақсы көрем не керек?





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал