- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему 'Дауысты дыбыстардың жүйелерін меңгерту. ' (5 класс)
Открытый урок по казахскому языку на тему 'Дауысты дыбыстардың жүйелерін меңгерту. ' (5 класс)
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы
Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мктептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Исаметова Элмира Ханалиевна
5- сынып
Сабақтың тақырыбы : Дауысты дыбыстардың жүйелерін меңгерту.
Сабақтың мақсаты: дауысты дыбыстардың жүйеленуін меңгерту.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу, талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Басқаның еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сыныпты үш топқа бөлу. Топтарға ат қою. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Топтардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын
өлең шумақтарын жазып келу
ІІІ.Жаңа сабақ:
Тапсырма: өздігінен білім алу. Ол үшін топтарды оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдарымен қамтамасыз ету.
«Білімділер» тобы: жуан және жіңішке дауыстыларды;
«Талаптылар» тобы: ашық және қысаң дауыстыларды;
«Алғырлар» тобы: еріндік және езулік дауыстыларды өз беттерімен ізденіп, талдап, бір-біріне интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып түсіндіреді.
«Талаптылар» тобының кестесі
«Алғырлар» тобы
«Білімділер» тобы
Тапсырма: Оқулықтағы жаттығуларды шарты бойынша орындау.
«Білімділер» тобы: 248-жаттығу
« Талаптылар» тобы: 240- жаттығу
«Алғырлар» тобы: 246-жаттығу
Тапсырма:
«Білімділер» тобы: 12 дауысты дыбыстың әрқайсысына аяқталған сөз жазып шық, оған дауыссыздан басталатын жалғау жалғаңдар.
«Талаптылар» тобы: дауыстыдан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын 12 сөз жазыңдар.
«Алғырлар» тобы: Ә дыбысынан басталатын 10 сөз жазыңдар
ІҮ.Бекіту. Тапсырма: жылдамдықты және есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін барлық оқушыларға бір тапсырма
- дауысты дыбыстарды 12 секундта жаз
- ашық дауыстыларды 3 секундта жаз
- жіңішке дауыстылардың саны
- еріндік дауыстыларды 3 секундта жаз
- қысаң дауыстыларды 3 секундта жаз
- жуан дауыстыларды 3 секундта жаз
- езулік дауыстылардың саны
Ү.Рефлексия «Дауысты дыбыстар» тақырыбын сатылай кешенді талдау үлгісіне түсіру
Дауысты дыбыстар
1.Тілдің қатысына қарай: жуан,жіңішке
2.Жақтың қатысына қарай: ашық, қысаң
3.Еріннің қатысына қарай: еріндік,езулік
4.Жалпы саны: 12
ҮІ. Үй тапсырмасы: Оқулықтағы 104- беттегі тапсырмаларды шарты бойынша орындау
ҮІІ. Бағалау: Топ басшылары бағалайды.