- Учителю
- Қазақ әдебиеті пәнінен Қыз Жібек' жырындағы негізгі кейіпкерлердің портреттері (9-сынып)
Қазақ әдебиеті пәнінен Қыз Жібек' жырындағы негізгі кейіпкерлердің портреттері (9-сынып)
САБАҚ: Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портреттері
Мектеп: Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББМ
Күні:
Мұғалімнің есімі: Т.К.Тлеуова
СЫНЫП: 9-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Жырдағы тұрмыс-салт көрінісі, сұлулық, адамгершілік қасиеттердің ер намысы, халық намысымен тұтастықта сипатталуын талдай отыра негізгі кейіпкерлер бейнесін ашу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
-
Төлеген образын ашып айтып, Жібек портретін жыр тілімен айта алады, сұрақтарға нақты жауап бере алады
Оқушылардың басым бөлігі:
-
Оқушылар бір-біріне түсіндіре отырып, образдарды салыстырып, талқылап өз ойын дәлелдей алады
Кейбір оқушылар:
-
Берілген сұрақтар бойынша зерттеу, суреттеу сұрақтарына жауап бере алады, ой толғау жазуда ойын жүйелі, тиянақты, тұжырымды етіп көркем тілмен жеткізе алады (ТжДО))
-
Жырдағы кейіпкерлердің образдарын топтастыра алады, кейіпкер бойындағы қасиеттерден нені үйренгенін, нені өзіне үлгі етуге болатынын өз ойымен айта алады (КҚЕО)
Тілдік мақсат
Оқушылар:
-
Зерттеу, суреттеу, салыстыру, қолдану, талқылау барысында жұппен, топпен диалогқа түсу арқылы пікір алмасып, өз ойын дәлелді жеткізе алады, түйінді ойларын ортаға сала алады
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Портрет, образ, бейне, негізгі кейіпкер, қосалқы кейіпкер, тасадағы кейіпкер, ғашықтық сезім, сүйіспеншілік, қастандық, сатқындық, жиіркену, т.б.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Мына суретте кімдерді көріп отырсыңдар?
Бұл әртістер сендерге қай кинофильмнен таныс?
Әртістер туралы не білесіңдер?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
«Мен Жібектен не үйрендім?», «Төлегеннен мен не үйрендім?», «Бекежаннан нені үйрене аламын?»
Жібектің Төлеген түскен үйге өз аяғымен келуі дұрыс па?
Сансызбайға қосылуына қалай қарайсың, оның түп тамыры неде жатыр?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
«Егер мен Төлеген болсам...»
«Егер мен Жібек болсам...»
Алдыңғы оқу
Талдай алу, салыстыру, сұрыптау, тұжырымдау, өз ойын дәлелдеу дағдылары
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
0-3 мин
Психологиялық ахуал:
1. «Бумба-юмга» сергіту жаттығуын жасату. Оқушылар қарама-қарсы тұрып бір-бірінің оң құлағын ұстап «сәлем» деп амандасады, мұрындарын түйістіру арқылы «қалайсың?» деп қалдарын сұрасады, содан соң арқаларын түйістіру арқылы «жақсымын» дегенді білдіреді.
2. Қоржындағы заттарды таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді. Яғни сырға, білезік, жүзік, моншақ, қапсырма, шашбау таңдағандар «Нәзіктік» тобы, айбалта, қалқан, садақ, жебе, қылыш, найза таңдағандар «Қорған» тобы, тақия, қамшы, киіз үй, домбыра, таға таңдағандар «Дәстүрлер-ай» тобы болып бөлінеді.
Қоржын, сырға, білезік, жүзік, моншақ, қапсырма, шашбау, айбалта, қалқан, кездік, жебе, қылыш, найза, тақия, қамшы, киіз үй, домбыра, таға
Ортасы
4-6 минут
СТО
АКТ
ОЖЕСО
7-12 минут
СТО
ОЖЕСО
ТжДБО
ОБжК
13-23 минут
СТО
ОүБжОБ
ТжДБО
ОЖЕСО
24-33 минут
СТО
АКТ
ОЖЕСО
ОБжК
34-37 минут
СТО
АКТ
ОЖЕСО
Білу:
1. Миға шабуыл. Интербелсенді тақтадан «Қыз Жібек» кинофильмінде түскен әртістер А.Әшімов, Қ.Тастанбеков пен М.Өтекешованың суреттері көрсетіледі.
- Мына суретте кімдерді көріп отырсыңдар?
- Бұл әртістер сендерге қай кинофильмнен таныс?
- Олар кинофильмде кімдердің рольдерін сомдады? - деген сұрақтарға жауап береді. (М.Өтекешова - Жібек, Қ.Тастанбеков - Төлеген, А.Әшімов - Бекежан ролін сомдаған)
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
Түсіну:
Тұжырымдамалық карта
Жырдағы кейіпкерлерді (Жібек, Төлеген, Бекежан, Сансызбай, Шеге, Қаршыға, Базарбай, Сырлыбай, Қамқа т.б.) топтастыру арқылы тұжырымдамалық картаға түсіреді. Кейіпкерлердің бір-бірімен байланысын сызбада көрсетеді. «Бағдаршам» арқылы сабақ бойында оқушылардың түсінбеген тұстарына көмектер көрсетіледі.
Оқушылар Жібек пен Төлеген - басты кейіпкер, Бекежан, Шеге, Қаршыға, Базарбай, Сырлыбай, Қамқа -қосалқы кейіпкерлер екенін немесе Жібек пен Төлеген, Шеге, Қаршыға - жағымды кейіпкер, Бекежан - жағымсыз кейіпкер екенін айқындайды.
Қолдану:
Бала қоржын сұрақтары. Жырдың негізгі ойы қай бейнелер арқылы көрінген? - деген сұраққа топтарға берілген тапсырмалар арқылы жауап алынады. Әр топқа шағын қоржындар таратылады. Қоржын ішіндегі кәмпиттерді бөлісіп алып, берілген тапсырмаларды орындауға кіріседі. Оқушылар жырдағы негізгі кейіпкерлердің бейнесін ашуда төмендегі тапсырмаларды орындап, постерге түсіреді.
«Нәзіктік» тобы: Оқулықтан Жібектің келбетін суреттейтін жерлерді тап. Жібектің сұлулығын беруде жыршы қандай көркемдегіш тәсілдерді қолданған?
«Қорған» тобы: Жырда Төлеген қандай кейіпкер ретінде суреттелген? Төлеген бейнесін беруде қандай тәсілдер қолданған?
«Дәстүрлер-ай» тобы: Бекежан бейнесі жырда қандай көрініс тапқан? Оны жыршы қалай суреттеген?
Бағалау критерийлері:
-
Кейіпкер бейнесінің ашылуы
-
Көркемдегіш құралдардың барынша көп табылуы
-
Идеялардың дәйектілігі
Талдау:
Сабақтың басында топқа бөлу барысында таңдап алынған заттардың ішінде білезік, қалқан, тақияның ішкі жағында тапсырма берілген. Әр топ сол тапсырманы ашып қарап, төмендегі тапсырмаларды орындайды.
«Нәзіктік» тобы: Қозы мен Төлегенді салыстыр.
«Қорған» тобы: Қодар мен Бекежанды салыстыр.
«Дәстүрлер-ай» тобы: Баян мен Жібекті салыстыр.
Берілген уақыт ішінде образдарды салыстырып, топтар кезекпен ортақ ойларын интербелсенді тақтада көрсетілген кестеге толтырып жазып шығады. Өзге топ мүшелері түсінбеген тұстарда сұрақтар қоя алады. Жоғары дәрежелі сұрақ қойған немесе тапсырманы жақсы орындаған оқушы уәж жасау арқылы мадақталады.
Жинақтау:
Слайдтағы бейнелерді көре отырып топ мүшелері оқиға желісі бойынша өз ойларын ортаға салады.
«Қорған» тобына «Жібектен мен не үйрендім?» тақырыбында, «Дәстүрлер-ай» тобына «Төлегеннен мен не үйрендім?» тақырыбында, «Нәзіктік» тобына «Бекежаннан нені үйренуге болады?» тақырыбында жыр бойынша түйген ойларын айтады.
Интербелсенді тақта, суреттер, таныстырылым
А4 қағазы, қалам, қарындаш, түрлі-түсті маркерлер, сызғыш, т.б.
Кәмпиттер пен тапсырмалар салынған бала қоржындар, флипчарт, маркер, қалам, қарындаш, скотч, қайшы, т.б.
Интербелсенді тақта, қалам
Аяқталуы
38-45 минут
СТО
ОүБжОБ
ТжДБО
ОБжК
ОЖЕСО
Рефлексия:
1.«Егер мен Төлеген болсам...», «Егер мен Жібек болсам...» ойды дәптерге жалғастырып жазу.
Бағалау критерийлері:
-
Сөйлемдердің дұрыс құрылуы, сауаттылығы.
-
Ойдың бірізділігі, жүйелілігі.
-
Көркем тілмен жазылуы.
2.«Баспалдақ» әдісі бойынша оқушылар өзін-өзі қандай деңгейде тұрғанын анықтап, бұл сабақты игере алған немесе игере алмағанын айтады.
парақшалары
Қосымша ақпарат
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
-
Қосымша көмек қажет ететін оқушыларға эссе жазуда аяқталмаған сөйлемдерді ұсынамын; жұппен, топпен жұмыс барысында бағыттап отырамын;
-
Қабілеті жоғары оқушылардан жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап аламын; постерге түсіруде ерекше идеялар ұсына алады.
-
Қошеметтеу, бас бармақ - уәж
-
«Бағдаршам»
-
Бағалау критерийлері
-
«Баспалдақ»
-
Өнер, қазақ тілі
-
АКТ - интербелсенді тақта
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшық сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау:
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім? (балаға, өзіңе қоюға болады)