7


Баяндама:

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Білім саласындағы кез келген пән қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Сәндік-қолданбалы өнердің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып.Қазіргі
предварительный просмотр материала

Білім саласындағы кез келген пән қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық.

Сәндік-қолданбалы өнердің басты мақсаты - оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып.Қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады.Сондай-ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет элементерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.

Мен, осы бағытта «Сәндік-қолданбалы өнерді үйрету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» деген тақырыпта жұмыс істеп келемін. Шығармашылық тақырыбының мақсаты: «Жасөспірімдердің ұлттық өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайлы бастапқы түсініктерін қалыптастырып, үйірмеде шағын бұйымдар жасай білуге, үйренгенін тұрмыста пайдалануына бағыт беру, қолөнерді сүюге тәрбиелеу».

Міндеті: халық педагогикасы бойынша оқушыларға халық қолөнерін үйрету.

Бағыты:сәндік қолданбалы өнерді үйрету,шығармашылық қабілетін дамыту.

Оқушылырдың кең көлемде мәдениетін, рухани байлығын дамыта отырып халқымыздың өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Оқушыларды қолөнер шығармаларымен таныстыру, олардың өз туған жеріне,халқына,табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады,эстетикалық сезіміне әсер етіп, талғамын жетілдіреді, әсем дүниелер жасайтын зергерлердің немесе оюшының, шебердің, өзіндік қолтаңбасын, ғажап шеберлігін айыра білуіне көмектеседі. Өз шығармашылық жұмысына байланысты әр сабақтың тәрбиелік мәні болу үшін сабақтың мазмұнына тақырыбына байланысты халықтың педагогикалық міндеттерін жоспарға ала отырып өткізген тиімді деп ойлаймын. Олардың қатарына:

  1. Салт- дәстүр.

  2. Сөзжұмбақтар.

  3. Мақал- мәтелдер.

  4. Ұлағаты, нақыл сөздер.

  5. Ойын, өлеңдер.

  6. Аңыз әңгімелер.

  7. Ұлттық ойындар жатады.

Осы сияқты оқу тәрбие құралдары бүгінгі күнгі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда, халқымыз тән жақсы өсіп өнуіне үлкен ықпалын тигізеді.

Мұғалім оқушылардың жұмыс істеуі барысында өздері үшін көркем өнер мен шығармашылығын көрсетуге жағдай жасайды. Осыдан оқушының мамандыққа деген қызығушылығы туындайды. Іс машинасында тігу, жұмыста тамаша бір затты ойлап табу іскерлігі оқушының тігу мамандығына деген ұмтылысы мен қызығушылығына байланысты.

Сабақта киім тігу кезіндегі эстетикалық тәрбие мынадай сұрақтардан басталады:бойжеткен қыз балалар қалай киінеді, қазіргі сән үлгілерімен эстетикалық талғамды қалай байланыстыруға болады? Бұл жерде, ең бастысы,өзіңді сәнге бағындыру емес, сәнді өзіңе бағындыру, яғни өзіңе не жарасады, соны тағдау. Әңгімелеуге арналған тақырыптар: «Сән дегеніміз не?», «Сәндік қолданбалы өнер және матадағы бейнелер», «Көйлек қалай пайда болды?», «Менің әдемі киімім», бұл әрине оқушылардың ізденуін, шығармашылықты қалыптастырады. Бұйымды құрастыру және модельдеу сабағының алдында оқыту тақырыптарындағы әңгімелесу тақырыптарын өз тәжірибеме байланысты өткіземін.

Шығармашылықты дамыту- бұл оқушылардың өзіндік әрекетінің ең жоғарғы формасы.

Еңбек жағдайларына байланысты шығармашылық құрастыру, модельдеу және еңбек объектісін көркемдеп өңдеу кезінде байқалады.

Бұйымның сызбасын тұрғызбас бұрын оқушылардың қарапайым құрастыру әдістерімен таныстырамын, сонымен бірге оның бірнеше нұсқаларын айтып өтемін. Әрі қарай оқушылар өз үлгілерін, өз фантазиясын әр түрлі бағытта орындайды.

Өнерде өлшем жоқ. Өнердегі өлшем ептілік, үйрену және істеген ісінің көзге көрікті, әдемі болуы. Әрине қазіргі кезде сонау ерте кездегідей таспа тіліп, кесте тігудің қажеті шамалы болар. Өйткені заман басқа, ағым басқа, көп нәрсе техника көмегімен істеледі, жөнделеді, дегенмен де, бүгінгі күнің талабына сай сан алуан өнер түрлері бар.

Солардың бірі бисер өнері. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі жұмыстар жасауға болады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, даму сатысында.

Бисер өнері өте нәзіктікті, шыдамдылықты және шығармашылық пен шеберлікті талап етеді. Бұл өнерде де оқушылар жасған шығармашылық қол еңбектері баршылық.Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары оқушы әр істе сол қабілетін пайдалана алады.Халық ортасы сәндік қолданбалы өнердің қайнар көзі. Оқушылардың жұмыс барысында сәндік қолданбалы өнердің жалпы сипаттамасы және оның басқа өнер түрлерінен айырмашылығы, өзінің ерекшелігі туралы түсінік қалыптастырып, халықтың сәндік өнердің негізгі көркемдік тілі, бейнелеуші құралдары, қолданбалы бұйымды жасу мен әшекейлеудің негізгі көремдік принципі туралы жүйелі түсінік берілуі тиіс. Жұмыс барысында қазақтың киіз үйі, ою өрнек және оның кең таралған негізгі түрлерімен, символдық белгілерімен, бояу түстерімен, ағаштан жасалатын сандық, кебеже, қобдиша, ағашты өңдеу арқылы жасалатын ағаш қасық, тостаған, ожау бұйымдарымен таныстырып, оларды жасау және әшекейлеу жолдарын үйретім. Қазақ халқының тұрмысында кеңінен қолданған теріден жасалған торсық, кесеқап, сәндік белдіктер және оларды ою өрнекпен әшекейлеу әдістерін үйретіп, ер тұрман, қамшы, жүген, ноқта сияқты ат әбзелдерінің түрлерімен таныстырдым. Әр сабақта оқушылардың қабылдау мүмкіндігіне сәйкес эстетикалық тұрғыдан сапасы мен тәрбиелік мәні құнды сәндік өнер туындыларының суреттері мен слайдтарынтақырып мазмұнымен үйлесімді түрде пайдаланддым. Сәндік қолданбалы өнер туындыларын қабылдау сабақтарын әңгіме, сұрақ жауап, оқушылардың өнер шығармаларын өз бетінше талдай, зерттей білу, өз ойларымен әсерлерін тұжырымдап айта білу дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы жүргіздім.

Соның ішінде ағашты өңдеу, әрлеу және одан бұйымдар жасау әдістеріне тоқтала кетпекпін.

Ағаш адам баласы жер бетінде пайда болған кезде алғаш тұтынған материалдардың бірі болып саналады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор.

Дүние жүзінің көптеген халықтары ағашты киелі санаған. Африка елдерінде ағашты жықпастан бұрын түбіне пальманың майын құяды екн. Поляктар жай соққан ағашты, өзегі бар қарағайды құрылысқа пайдаланбайды. Орыс шаруаларында жөке ағашын қиған адам орманда адасып кетеді деген сенім болған. Сол сияқты қазақта да ағашты артық қиюға тыйым салынатын ырымдар болған.

Осыдан барып ерте кезден ақ адамзат санасында экологиялық тепе теңдікті сақтауға ұмтылушылық, табиғатты аялау, қорғау сияқты ізгі ниет болғандықтан байқаймыз. Қазақ шеберлері музыка аспаптарын жасауда төмендегідей ағаш түрлерін пайдаланады.Бұрын қол өнер шеберлігіне қажетті ағаштың бәрін ұсталар тікелей өз қолымен даярлаған. Өз маусымында кескен, мезгілінде кептірген.Ұсталар ағаш кесу жұмыстарына ара мен балтаны, шабу ісіне түрлі шорттарды, тегістеу үшін үстірікті, қырғыны, жоңғыны, түрпіні т.б. пайдаланған. Қазіргі заманда ағаш өңдеу механикаланған. Механикаланған құрал сайманға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары жатады. Жинақталған кескіш бәкілермен қатар метрлік өлшегіш, сығыш, деңгейлік рейсмус деп аталатын өлшеу белгілеу аспаптары да, ұста балғасы, ағаш балға, қысқыш, қашау тәрізді көмекші аспаптар да қажет.

Ағаш оюға тоқталсақ, оның бірнеше тәсілдері бар.

Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлемімен мүсіндеуді, яғни ағашқа бедерленетін баральефті атауға болады. Бедерлеп оюдың өзін орындалу әдіс тәсіліне қарай тарқатуға келеді. Егер тақтаға қашау ізін тік салсаң қиып ою деп, қашауқашау жүзін көлбеу салып нұқи ойсаң кертіп ою деп аталады. Ағаш оюға кірісу үшін не жағдай керектігіне тоқталсақ шеберхана температурасы тұрақты, жел соқпайтын, ауасы ылғалсыз, құрғақ болуы керек. Ағаш оюға жарықтыңда әсері бар. Жарық ағаш оятын орынға қарсыдан не сол жақтан орналасуы керек.Өткір құралдармен жұмыс істегенде қауіпсідік ережелерін орындаған жөн. Бедерлеп ою қолдың күшімен жасалатындықтан, бос қолды пышақ жүзі жүретін бағытқа апаруға болмайды.Ағашты әрлеу жұмыстарына келетін болсақ, кейбір өрнектер бірінен бірі саусақ бойы тереңдікте бөлектеніп тұратындықтан, оюлары даярланып, сәнді көрінеді де бояп әрлеуді қажет етпейді. Ағаш әрлеуді лактау, эмальдау, жалатпалау, тәрізді тәсілдері бар.

Қазіргі кезде жасөспірімдердің мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы төл мәдениетінің белсенді жасушасы, иесі, жалғастырушысы болуына зор мән берілуде. Сонымен қатар оқушылардың өз елінің, халқының мәдениетіне, дәстүрлеріне деген сезімдік эстетикалық қарым қатынасын қалыптастыру бейнелеу өнері пәнінің негізгі міндеттері болып отыр.

Педагогикалық тұрғыдан алғанда көркем шығармашылық қабілетін баланың психикалық органдарын дамытады, өнерге үйренуіне бейімдейді. Көркем шығармашылық қабілет оқушының мәдени тынығуын алдын ала анықтап, оларды теріс орта әсерлерінен сақтайды, біртұтас тұлға қалыптастыруға ықпалын тигізеді.Көптеген ғылыми еңбектерде баланың дүниені қабылдау процесінде бейнелеу өнерінің ерекше маңызды екендігін атайды, оны көркем қабылдаудың негізгі құралдарының бірі ретінде көрсетеді.

В.С.Кузин бейнелеу өнеріне оқытудың жүйесін зерттей келе, дидиактикалық принциптерін қарастырады:

1.Әрбір білім, ілім, дағды жүйесі бірі бірімен логикалық түрде жалғасып, оқушыларға үйретіледі;

2. Сурет салу барысында теориялық ережелерді ескеріп практикалық қолданылуының арасында тығыз байланыс орнату қажет. Мысалы, декоративтік сурет салу барысында оқушылардың көркем шығармашылық қабілеті жүйелі түрде дамуы үшін, халық өнерінің эстетикалық игеру процесі мен заттың көркем эскизін жасуға оқушылардың бір мезгілде тікелей қатысуымен жүргізіледі.

Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін қабілетін қалыптастыруда педагогилық ықпалдық тиімділігін анықтайтын үштік триада компоненттері даму үстінде. Олар, білім, дағды, шеберлік деңгейі мен мазмұндағы өзгерістер. Сонымен қатар, оқушылардың жас ерекшеліктері де ескеріле отырып жүргізіледі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал