- Учителю
- ҚАзақ тілі Сабақтың тақырыбы: Синонимдер (5 сынып)
ҚАзақ тілі Сабақтың тақырыбы: Синонимдер (5 сынып)
Күні: 19.10.2015
Cыныбы: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
69-жаттығу. Омонимдерге мысалдар жазу.
Сұрақ -жауап:
1.Омонимдер дегеніміз не?
2.Көп мағыналы сөзбен омонимнің айырмашылығы?
3.Мысалдар келтіру.
ІІІ.. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
СИНОНИМДЕР
Ерте,ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты. Оның балалары өте көп болыпты.Бай отбасымен өте тату-тәтті өмір сүріпті.Олардың татулығы сондай,тіпті,балаларының барлығы бірігіп бір үйде тұрыпты.Бай баларының аттарын Күшті,Мықты,Қайратты,Қажырлы,Әлді Қарулы, Сұлу,Әдемі,Әсем, Көркем деп атапты.Бұл сөздердің мағынасы бір-біріне ұқсас екен,бәлкім,олар сол себепті тату шығар.Олай болса сергіту сәтін «Тату сөздер»деп атап, біз де бір үйде тұратын тату сөздерге айналайық.
Мағыналары бір - біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.
-
Сөздің дыбысталуындаөзгешелік болуы керек;
-
Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
-
Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.
Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін - бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы: са,тағам, дәм, ауқат дегендер бір ғана синонимдес сөздер. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, беретін ұғымы- адам баласының жейтін қоректік заты.
Қазақ тілі - синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.
Мысалы:
-
№
Сөз таптары
Мысалдар.
Мысалдар
1
Зат есім
Ас,тамақ,дәм, тағам,ауқат
Өң,түр,түс,келбет,пішін,ажар, көрік,кескін,рең, дидар,,шырай
Қонақтарға арналған ас өте дәмді болдды.
Асанға қарасам көркіне көз тоймайды.
2
Сын есім:
Салмақты сабырлы, байыпты, ұстамды.
Асанның мінезі салмақты.
3
Етістік
Амандасу, сәлемдесу, есендесу,қал жағдай сұрау,
Оқушылар апаймен сәлемдесті.
4
Үстеу
Тез,жылдам, шыпшаң,лезде,
Асан үйіне лезде барып келді.
ІV. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру: синонимін табу.
-
Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойыны.
Бұл кім?
Ұстаз, мұғалім, оқытушы
Адам, кісі. жан, пенде
Сәби,нәресте, шақалақ, бөпе , бөбек, бала, перзент
Тамақ, ас, тағам, дәм
Қуану, шаттану, мәз болу
Өкіну, опық жеу, бармағын тістеу
Сұрақтар:
-
адам-кісі ,
-
ел- халық ,
-
алыс-қашық,
-
әдейі- қасақана
-
үлкен-зор
-
надан-топас
-
нану-сену
-
жара-жарақат
-
ағын-ағыс
-
ық-ықтасын
-
қап-қапшық
-
келін-келіншек
-
ас -тамақ, дәм,тағам,ауқат,
-
көмек-жәрдем
-
құрдас-теңдес
-
таяныш-сүйеніш
-
жұмыртқа- тұқым
-
қысқашшымшуыр,кемпірауыз
-
кескін-пішін,бейне,мүсін
-
қайғылы-уайымды, мұңды, қасіретті, қапалы.
-
Айту-жеткізі,сөйлеу, хабарлау.
-
Шапшаң-тез,жедел,жылдам,лезде.
-
«Туысқан» сөзі /Туыс, тума, ағайын, туған - туыс, жекжат - жұрағат, жамағайын/
-
«Данышпан» сөзі /Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй/
-
«Азайту» сөзі /Алу, кеміту, шегеру, қысқарту/
V .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс.
70 - жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
-
Бағалы
Құнды ...
Қымбат ...
Семіру
Жуандау
Майлану
Тойыну қоңдану
Халық
Жұрт
Көпшілік
сағат, көйлек, етік, ат,
71 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ондағы ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синожб нимдерін табыңдар.
Ғажап
Шақ
Қараулық
Уәде
Айла
Жан
ғажайып, керемет, керім, таңғажайып;
кезінде, уақытында;
әділетсіздік;
уағда, серт, ант;
амал, тәсіл;
адам, кісі, пенде.
VІ Сабақты қорыту:
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма:
1 Синоним туралы түсінік
2.Ар - намыс туралы білетін қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді жазу