- Учителю
- 9Сыныптың қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Асан қайғы
9Сыныптың қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Асан қайғы
С А Б А Қ №
Тақырып : Асан Қайғы.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік : оқушыларға Асан Қайғы өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу;
2.Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін мәтінмен жұмыс істеу арқылы дамыту.
3.Тәрбиелік: Асан Қайғы шығармаларын мақтан тұтуға, әдептілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: өткен тақырыптарға сүйене отырып, жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі:,сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Оқыту формалары: жеке, жұппен, өздік, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі мен техникалық жабдықтары: Асан Қайғы портреті, интерактивті тақта, презентация
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып кезекшісімен әңгімелесу, оқушыларды түгендеу, сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Үй жұмысын тексеру: «Күлтегін» мәнерлеп оқу, 6 бет 7 сұрақ
3. Жаңа сабақ:
Мұғалім:
- Оқушылар, өткен сабақтарда сіздер қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетімен таныстыңыздар. Осы сабақта біз ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімімізді толықтырамыз, тереңдете түсеміз. Сегізінші ғасырда өмір сүрген атақты ақын асан Қайғы туралы әңгіме қозғаймыз.
I. Ой туғызу - побуждение.
Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі.
-
Тақтадан не көріп тұрсыңдар? Қандай музыкалық аспап?
-
Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Асан Қайғы атамыз туралы әңгімелесеміз. (тақтадан Асан Қайғы ата портреті және жерленген кесенесі туралы бейнефильф көрсетіледі).
II. Мәнін түсіну (ұғу) - осмысление.
1. Өздік жұмыс - оқулық бойынша 16 бет. мәтінмен танысу
2. Топпен жұмыс:
1 топ - «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» өлеңі бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2 топ - «Еділ бол да, Жайық бол » өлеңі бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
III. Балардың ой-пікірлерін тыңдау, бағалау - рефлексия .
Сұрақ -жауап.
Үйге тапсырма: Асан қайғы бір өлеңін жаттап келу.