- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему 'Қонақжайлылық' (4 класс)
Открытый урок по казахскому языку на тему 'Қонақжайлылық' (4 класс)
Салтанат Омарова
Петропавл қаласындағы
№9 орта мектебінің мұғалімі
Қазақ -қонақжай халық.
(4- сынып)
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: Ата-бабаларымыздан қалыптасып келе жатқан салт-дәстүрлерді ұғындыру.
2) дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
3) тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрлеріне сүйіспеншіліктерін арттыру. Құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тыңдау, салыстыру, ойын, жеке-дара жұмыс, топпен жұмыс, оқу, жазу, әңгімелесу, іздендіру.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, септіктер таблицасы, карточкалар, суреттер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Өткенді қайталау.
4. Кіріспе.
5. Мәтінмен жұмыс.
6. Грамматикалық жұмыс.
7. Дағдыландыру жұмыстары.
8. Бекіту
9. Қорытынды
10. Үйге тапсырма
11. Бағалау
Сабақтың барысы: 1. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.
-Сыныпта кім кезекші?
Кезекшімен сұрақ - жауап.
-Бүгін біз 2 топқа бөлініп жұмыс істейміз. 1-ші топ «Тұлпар», 2-ші топ «Сұңқар».
- Мен сендерге алдын ала үйге тапсырма бердім. Үйде әр топ бір ұлттық тағамды қорғауға тиіс. 1-ші топ «бауырсақ» туралы айтады, ал 2-ші топ «құймақ» туралы айтады.
Әр топ өз үй жұмысын оқиды.
-
Жақсы балалар, үй жұмысын жақсы істепсіңдер.
-
Ал тақтаға қараңдаршы нелер жазылған? Осы сөздердің ішінде қандай артық сөзді көріп тұрсыңдар?(Қонақжай)
-
Қазақ халқы - өте қонақжай халық. Қонақтарға кең дастарқан жайып, сый құрмет жасап қана қоймай, көңілдерін көтеру үшін ойын-сауық құрған. Олардың бірі - ұлттық ойындар. Ұлттық ойындардың түрлері көп. Қазақтың «тоғызқұмалақ», «алтыбақан», «қазақша күрес», «арқан тарту», «асық», т,б. ұлттық ойындары қайрат-жігерді, сезімталдық пен байқампаздықты, ойлау қабілетін арттырады.
Ал олай болса, бүгінгі сабақта ұлттық ойындардың шартын пайдалана отырып, тапсырмалар орындаймыз. Сондықтан білімімізді ортаға салайық! Мен сендерге сәттілік тілеймін!
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бауырласқан жанымыз,
Бұзылмасын антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
1-ші сайыс - мәтінмен жұмыс. Мәтінге назар аударыңдар, мәтін ерекше. Әр сөйлемде сиқырлы сөздер бар. Сол сөздерге назар аударайық.
Мәтінмен жұмыс: Қазақ - қонақжай халық
Қазақ халқы - қонақжай халық. Ол табиғатынан қонақ күткенді ұнатады. Қонағына ұлттық тамақтар дайындап береді. Мысалы, ет асып береді.
Қазақша ет - қазақтың ерекше ұлттық тамағы.
-
Мұғалім оқиды.
-
2,3 оқушы оқиды.
-
Мәтінді аудару.
-
орысша баяндау.
-
Сұрақтар құрастыру.
2-ші сайыс - мәтінге сұрақтар құрастыру.
3-ші сайыс - сөздерді септеңдер: 1-ші топ ет, 2-ші топ халық
1топ 2топ
А.с. ет халық
І.с. ет халық
Б.с. ет халық
Т.с. ет халық
Ж.с. ет халық
Ш.с. ет халық
К.с. ет халық
4-ші сайыс - фонетикалық талдау.
1-ші топ «қонақ», 2-ші топ «тағам» дәптермен жұмыс.
5-ші сайыс - мақалдар жарысы. Қай топ көп мақал біледі тағамдар туралы.
6-шы сайыс - сөздерден мақалдарды құрастыру.
Мысалы, Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Сыйлап берсе, суын іш.
Той тамағы тәтті.
Қонақ келсе-құт.
Қонақ аз отырып,
Көп сынайды.
7-ші сайыс «үстел жасау». Сөздерді қолданып, сөйлем құрастыр үстел жаса.
Қорытынды: -Сендерге сабақ ұнады ма? Қазақ халқы қандай халық? Қандай ұлттық тағамдар білесіңдер? Саған қандай ұлттық тағам ұнайды?
Үй жұмысы: Мәтінді мазмұндау.
Бағалау.