7


Қ. Бекхожин (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қ. Бекхожин. Ақсақ Темір мен ақын.

Сабақтың мақсаты: Қ. Бекхожиннің өмірі мен шығармашылық

қызметі туралы "Ақсақ Темірдің тарихтағы орны жайында әңгімелеу, балладаның мазмұнын ашу, өткен тақырыптар бойынша білім-біліктілігін жетілдіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау,талдау, топтау, кубизм, ой белсенділігін

дамыту, венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, плакат

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу ә) түгендеу б) дайындықтарын тексеру

II. Үй тапсырмасын сұрау

1. Ә. Тәжібаевтың "Сырдария" өлеңі

2. Өлеңнің идеялық мәні неде?

3. Өлеңде әдебиет теориясының қандай элементтері кездеседі?

III. Жаңа сабақ.

</ Қалижан Бекхожин:Қ. Бекхожин (7 сынып)

1. 1913 жылы 25 қарашада Павлодар облысында туған;

2. 1942 жылы ҚазМу-дың журналистика бөлімін бітірген;

3. Ән-өлеңдердің авторы;

4. Қазақтың көрнекті ақыны;

5. Халық жазушысы;

6. Ұстаз;

7. "Жусан", "Ақсақ құлан" атты пөэмалары бар;

8. Қазақ әдебиетіне балладаны енгізуші.

Баллада - Орта ғасырда Француз, Испан, Итальян елдерінің поэзиясында пайда болған лириканың бір түрі.

Баллада - тарихи шындықты, ерлік әрекеттерді сипаттайтын шағын сюжетті өлең.

Баллада негіздерін әлем билеушісі атанған Әмір Темірдің сөз құдіретін бағалай білетін данышпан екендігін көрсетеді.

Әмір Темір тарих бетінен қандай орын алады?

Әмір Темір кім?

Осы сұраққа Болатов Аңсар қысқаша хабарлама жасаған екен.

Әмір Темір - моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Ол 1336-1405 жж арасында өмір сүрген. 35 жыл бойы - 1405 жылдары жеке-дара билік жүргізген. Ол Қазақстан мен Қырғызстан аумағына - Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісу мен Тянь-Шаньға басқыншылық мақсатын асқан қатігездікпен жүзеге асырады.

Әмір Темірдің Қазақстан жеріне ұзақ жылдар бойы жасаған жорықтары оның 1405 ж. Отырар қаласында қаза болуымен аяқталады. Бұл жорықтың Қазақстанда өмір сүрген тайпалар үшін ауыр зардаптары болды. 1-ден халықтардың шаруашылығы мүлде күйреді. Елдер арасында байланыс үзілді. Халық қырғынға ұшырап, құлдыққа айналды, Орта Азия қолындағы базарларда сатуға түсті. Қалалар қирады, өртелді. Әмір Темір шапқыншылығы қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді.

Балладаның негізгі оқиғасы - Әмір Темірдің кезекті Үндістан жорығынан келіп, түрік сұлтанына қарсы жорыққа аттанбақ болған шақта түрік қызына ғашық Хафиз шайырмен арадағы кездесуі.

Енді сахналық қойылымға көз жіберейік.

Қатысушылар:

Әмір Темір - Әлібек

Хафиз - Аңсар

Шабарман - Талғат

Жүргізуші - Баян

Күзетшілер - Қуаныш, Асхат

Бишілер - Қаршыға, Баян, Әйгерім

Күтушілер - Әсем, Жазира

Автор:

Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін,

Темірдің жыр еткендей жойқындығын.

Тажал ғып Азияға берген Тәңір,

Талқандап талай жұртты, келген Темір.

Тапталды раушан гүлдер, иран бақтар,

Өртелді сәнді сарай, ғимараттар.

Бастарын қырылғанның қыштай үйіп,

Қалады мұнараны құздай биік

Құл етіп тірілерін бұғаулады,

Сел болып көзден жастар былаулады.

Ал қазір долы Жейхун жағасында

Жөңкілді жортуылдар аласұра.

Қағылды даңғыралар, мыс кернейлер.

Даңғазаланды тобыр түскен жерлер

Бұл маңға жұрт жиналды шартараптан,

Татуға Әмір қойған бұл шараптан

Тігілді ақ шатырлар көк орайға,

Тәңірі машұрықтың - Темір қайда?

Ашынған жолбарыстай ақсаңдаған,

Темір ғой ақ ордаға басқан қадам.

Жиhангер шықты төрге керіп кеуде,

Туғаннан менмендікке жерік пенде.

Шулап жұрт, Сырнай-керней безелдеді,

Сақилар шараптарын әзірледі

Шайырлар қошеметпен жырын арнап,

Нәзіқой диуанадай кетті сарнап

Отырды бұзбай Әмір кәрлі жүзін,

Қыпшақтың жұтып қойып сары қымызын.

Темір:

Жан-жақты арыстандай бүріп келдім,

Түспейтін уысыма түріктер кім?

Үндінің ыстық жерін аяз еттім,

Басына қан жаудырам Баязеттің!

Шабарман:

Алдияр! Алдияр!

Темір:

Не гәп бар, Ширазымды жау шапты ма? -

Аптығып, неге келдің алшақ мұнда?

Шабарман:

- Жоқ, тақсыр, Ширазыңыз гүл бағында

Өзіңіз жасап кеткен тұр бабында

Кім батсын шаhарларға Сіз билеген,

Әмірсіз талай жұртты сазға илеген

Шираздан шықты қазір мүсәпір жан,

Сөйлесе, сөзі зәрлі мұсатырдан

Сайранды жұрт алдында, майханада,

Бейпіл жан у асаудан тайсала ма?

Қажет пе ондайларға асыл мекен?

Түріктің бір қызына ғашық екен

Сол бір қыз езу тартып күлген үщін,

Бетінде оймышталып бір мең үшін -

Садаға Самарқан да, Бұқара да,

Деді сол күстана жан бұлтара ма?

Темір :

Кәлләсін қақпадың ба ол кәззаптың,

Сыртымнан қалай соған тіл безеттің?

Шабарман:

Падишам! Айдап келдім, міне, бейбақ, САУ.

Хафиз - Әмір Темірмен тұстас өмір сүрген шығыс (парсы)

халқының ақыны.

Жейхун - Әмудария өзенінің ортасындағы атауы.

Шираз - Орта ғасырдағы парсы (Иран) мемлекетінің астанасы.

Фердауси - 940-1020 жж парсы-тәжік халықтарының әлемге

әйгілі "Шаhнама" дастанын жазған ұлы ақыны.

Идеясы: Құдіретті сөз өнерін бағалай білу, өлең сөздің қасиетін

асқақтату.

Аллитерация

Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін,

Темірдің жыр еткендей жойқындығын. Кейіптеу

Тажал ғып Азияға берген Тәңір,

Талқандап талай жұртты, келген Темір.

Метафора

Темір - ашынған арыстан, жолбарыс, барыс, қара бұлт, айдаhар

Хафиз - киік, сөзі - мүсәпір (у)

Эпитеттер

Ақ шатырлар, көк орай, сары қымыз, долы сөз, самал таң

Венн диаграммасы:Әмір Темір:



Ортақ қасиеттері:

Хафиз:

Билеуші



Орта ғасырларда өмір сүрген;

Ақын

қолбасшы



тарихта есімдері қалған

парсы

батыр



қайсар

дастандар мен өлеңдер авторы

қатігез

өжет мінезді

ақкөңіл

моңғолдың



ақылды

түркілерінің

барлас

тайпасынан

шыққан.







Қорытынды:

Кубизм әдісі:

1-қиықша

Қ. Бекхожиннің өмірі, шығармашылығы туралы әңгімеле.

2-қиықша

Шығармада Ақсақ Темірдің сойқанды жорықтары, қатал әмірші екендігі қалай суреттеледі?

Өлеңді жаттакелу, мағынасын ашу.

Хафиз Ақсақ Темірге қандай баға береді? Оны өзі қалай дәлелдейді?

4-қиықша

Мына үзіндіге морфологиялық талдау жаса.

Әмірдің ақын шықты шырмауынан,

Жыртқыштың құтылғандай тырнағынан.

5-қиықша

Ал Темір босағандай бүлік жаудан,

Қаhарын әрең тапты түрікке ауған...

6-қиықша

Баллада дер нені айтамыз? Идеялық мәні не?

Бағалау.

Үй тапсырмасын беру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал