7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскогому языку

Открытый урок по казахскогому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Досанова Балжан Жұмағұлқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

№ 3 мектеп-гимназиясы Қостанай каласы



Сабақтың тақырыбы : Ашық хат жазамын



Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: оқушыларға ашықхат жасау жолдарын түсіндіру, сауатты жазуды үйрету.

ә) Дамытушылық: оқушыларға ашықхат жазуда, жасауда ойлау қабілеттерін арттыру.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ұқыптылыққа, ептілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.



  1. Сабақтың түрі: аралас

  2. Сбақтың типі: дәстүрлі

  3. Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап, әңгімелеу

  4. Жұмыс формалары: Топтық, жұптық, жекелей.

  5. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

  6. Көрнекілігі: ашықхаттар, түрлі түсті қағаздар, қатты қағаз, қайшы, желім.



Сабақтың барысы:



I. Ұйымдастыру кезеңі: Кабинеттің сабаққа дайындығы.

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Оларды ұйымдастыру, амандасу.

Кезекшімен сұхбат:

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Қазір жыл мезгілі қандай?

-Қыс айларын ата.

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыста балалар далада не істейді?

-Қыста қандай мерекелер тойланады?



II. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Бүгін біз ашықхат дегеніміз біліп аламыз, оны жасаймыз және мереке күнімен құттықтау сөздерін жазуға үйренеміз.



III. Үй тапсырмасын тексеру. жаңа сөздерді жаттау, 4 тапсырманы оқу, есте сақтау, аударма жасау, параққа жазып келу.



Екі оқушы шығып, «дос» сөзіне фонетикалық талдау жасайды, «жазу» сөзін септеу. Осы сөздермен сөйлем құрастыру.



IV. Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөздік жұмыс

Мәтінмен жұмыс

Диалогпен жұмыс



Сергіту сәті: Сәлеметсіз бе ....



V. Жаңа сабақты пысықтау:

Сөздік жұмысын жүргізу

А) Жаңа сөздермен танысу



Ашық хат - открытка

Тілек білдіру - пожелание

Мереке - праздник

Бұрын шыққан - появился

Шын көңілден - от души

Алғашқы - первый

Жаңа сөздермен жұмыс жасау:

Хормен оқыту, үш қатарға бөліп оқу, жіңішке сөздерді оқу, жуан сөздерді оқу, қатаң дыбыстан басталған сөздерді оқимыз, үнді дыбыстан басталған сөздерді оқимыз.

Сөйлем құрастыру, жаңа сөздерді сөздік дәптерге дауыстап



Б) Мәтін оқыту «Ашық хат»

Мәтінді мәнерлеп тізбелеп оқу, аудару.

Мәтін не туралы? (ашық хат туралы)

Ал, балалар, жұмыс дәптерді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз, тақырыпты жазамыз «Ашық хат».

Ашық хат - дегеніміз мерекеде тілек білдіретін хат. Ең алғашқы ашық хат жүз елу, екі жүз жыл бұрын шыққан. Ашық хаттың түрлері көп. Ашық хат әрбір мерекеге байланысты жазылады. Ашық хатта әр адам өзінің жақсы тілектерін білдіреді. Ашық хатты қолдан жасауға да болады. Ол шын көңілден жасалған, жазылған болуы керек.



Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға өздері жауап береді. (Қосымша сұрақтар қою).

- Ашық хаттар дүкенде сатылады ма? Не жақсы, балалар, қолдан жасалған ашық хат немесе дайын жасалған ашық хат? Аналарымызға не ұнап қалар? Қалай ойлайсыңдар? (Проблемалық сұрақ туу) ауызша жауап алу.



В) Ашық хат жасау, жазу (қайшымен, желіммен жұмыс жасау нұсқауларын өткізу)

Керекті құралдар: бір түсті қатты қағаз, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, бисер.



Г) Ашық хатты құттықтау сөздерін жазып толтыру.

Балалар, қандай мереке келе жатыр? (Жаңа жыл). Бұл мерекеде біз құттықтау сөздер айтамыз ба? Сондықтан, Президентімізді Н.Ә. Назарбаев, анамызды, мұғалімді, сыныптастарымызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайық.

Ашық хатты ашыңдар, құттықтау сөздерді жазамыз. Қалай бастаймыз: Құрметті .....!

Сізді с Новым годом мерекесімен поздравляю. Сізге зор здоровье,счастья, долгую жизнь тілеймін. М. Ваша дочка, сын, ученик 5 класса .

YІ. Сергіту сәті

Сәлеметсіз бе, қолдарым!

Сәлеметсіз бе, аяқтарым!

Сәлеметсіз бе, құлақтарым!

Сәлеметсіз бе, көздерім!

Сәлеметсіз бе, мұрыным!

Сәлеметсіз бе, алтын күн!

Сәлеметсіз бе, достарым!





VІ. Сабақты қорытындылау: Жасаған ашықхатты қорғау: оқушылар тақтаға бір бірлеп шығып, өз ашық хаттарын оқиды.





«Төртінші артық» ойыны. Тақырыбы: Ашық хат



Тілек, сағат, Жаңа жыл, жақсылық.

Наурыз, қуаныш, бақыт, қалам.

Тәуелсіздік, құттықтау, денсаулық, есік.

Ашық хат, мереке, мейрам, үстел.

Жақсы тілек, көңіл, қуанамын, жылаймын.

Құтты болсын, жұмыс, құттықтаймыз, ұзақ өмір.



VІІ. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, 115 бет 4тапсырма өлеңді жаттау



VІІІ. Бағалау: белсенді оқушыларға баға қою.



Рефлексия: балалар,сізге сабақ ұнаса, қолдарымызбен шапалақтаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал