- Учителю
- Открытый урок казахского языка на тему «Тәуелсіздік күні»
Открытый урок казахского языка на тему «Тәуелсіздік күні»
№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Тәуелсіздік күні»
Мемлекеттік тіл пәні мұғалімі: Габитова Ж. Г.
Құлсары қаласы
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік күні»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: мәтін бойынша ауызша және жазбаша грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындауға меңгерту.
ә)тәрбиелік: жеткіншектерді ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерге баулу, елін сүйетін, халқының адал азаматы болуға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, қалыпты, жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, жаңа технология әдістерін пайдалану.
Көрнекіліктер: қима қағаздар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ән, тарих, жағрафия, әдебиет
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Мемлекеттік мерекелер
2. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
3. Қазақстан - тәуелсіз мемлекет
4. Қазақстанның жетістіктері
5. Айтулы күндер
IV. Бекіту
1. Сөздік жұмысы
2. «Тәуелсіздік күні» мәтіні бойынша жұмыс
3. Сұрақ-жауап
V. Қорытынды
1. «Нені міндетті түрде білуіміз керек?»
2. Хор «Қазақ елі»
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма: 2,3- тапсырмалар
Пән мұғалімі: Габитова Ж. Г.