7


  • Учителю
  • Оқырмандарға кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапханашының рөлі

Оқырмандарға кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапханашының рөлі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқырмандарға кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапханашының рөлі “XXI ғасыр- білім мен ғылымның ғасыры болады”,- деп Елбасымыз айтқанындай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен
предварительный просмотр материала

Таладықорған қаласы

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы

№18 орта мектеп лицейінің

кітапханашы Ботаева Мария Данабатшақызы

Оқырмандарға кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапханашының рөлі

"XXI ғасыр- білім мен ғылымның ғасыры болады",- деп Елбасымыз айтқанындай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының сырт қалып қойып жататыны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологиялармен айырбастап жібергені анық.

Қазіргі ақпараттық құралдардың қарыштап дамып бара заманында жас оқырмандарымыздың кітап оқуға қызығушылығы қандай деңгейде?! Кітап оқуға қызыға ма, әлде интернет арқылы керекті мәліметтерін алып заман талабына ілесе ала ма?! Интернеттік жүйенің қажеттілігі де, өз жетістігі де ұшаң-теңіз. Дегенмен оқырмандарымыз интернеттен көркем әдебиеттерді қалай алып оқиды? Көп уақыт компьютер алдында сағаттап отырып оқи ала ма? Интернет кітап орнын ешқашан толтыры алмайды! Жас оқырмандарымыздың кітап оқуға қызығушылығын қалай арттырымыз? Бұл сұрақ бүгінгі күннің үлкен өзекті мәселесі болып отыр. Ұлы ойшыл Шекспир: "Кітап-маған тақтан да қымбат",-деп кітаптың құдыретіне табынды, бүгінгі жедел ақпараттың тасқынының тасасында қалып бара жатқан "кітап әлемін" қайта жандандыру - кітапханашыларға жүктелген үлкен міндет. Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруы тиіс. Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер арқылы мынадай жағдайлар анықталған: кітап оқитын адамдар бегілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізе алатындығымен, елмен жақсы қарым-қатынас жасай білетіндігімен ерекшеленеді екен.

Әлеуметтанушылардаың есебі бойынша егер күніне кітап оқуға 1 сағат, ал демалыс күндері 3 сағат бөлінсе, 1 жылда 573 сағат болады екен. Бұл өз білімімізді толықтыруға үлкен потенциалдық мүмкіндік болып табылады.

Жазушы Ә. Кекілбаев: "Мен кітапханаларды ақыл-білім, адамгершілік, парасат, иман ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті ең асыл құндылықтың ең жанкешті сақшылары ретінде санаймын", - дегендей, кітапханадан не іздесең соны табасың. "Республика жастарының көркем әдебиетті оқу деңгейі" атты зерттеу қорытындысы бойынша кітапхана оқырмандарының тең жартысынан кемі ғана көркем әдебиетті оқиды екен.Қалған 60 пайызы іскер оқу, яғни, тек оқуға, жұмысқа қажеттілікпен оқиды. Өйткені, қазір білім - капитал. Білімің болса, ақысыз оқуға түсесің, "Болашақ" бағдарламасына ену мүмкіндігіне ие болады. Ал, көркем әдебиет әлі де бүгінгі ұрпақ өміріненөзіне лайық орын алған жоқ. Бұл тек кітапхана оқырмандарының көркем әдебиетті оқу жағдайы туралы көрсеткіштер, ал оның сыртында кітапханамен қамтылған, кітапханаға тартылмаған қаншама жастар бар? Мұндай ауқымды, көлемді зерттеулер алдағы уақыттың еншісінде. Әрбір қазақтың сүйіп оқитын жазушысы Шерхан Мұртаза: "Егер адамның жүрегіне мұз қатып қалса, көркем кітап соны жібітуге тиіс. Егер еріте алмаса ол-осал шығарма" деген сөзі кітаптың адам өміріндегі, жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын айғақтаса керек. Жастардың рухани дүниесіне де көп көңіл бөлу керек. Көркем әдебиеттерге деген қажеттілікті арттырып, оқуға ынталандыруымыз керек,кітап оқуды насихаттау үшін жоғары деңгейде конкурсттар, сайыстар, кештер, ертеңгіліктер ұйымдастырған жөн. Көркем шығарма кейіпкерлерінің қоғамға, әлеуметке ықпалы соншалықты, тіпті өркениетті елдерде әлем әдебиетінің оқырман көңілінде қалған кейіпкерлеріне ескерткіш орнату үрдісі бар. "Кітап- өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес ",-деген қазақ театрының негізін қалаған әйгілі актер Серке Қожамқұлов. Әйтсе, де қазіргі мектеп жасындағы баланың кітапқа деген қызығушылығы өте төмен. Тіпті бүлдіршіндер ес білгеннен қолына ертегі кітап емес, компьютердегі ермек ойындарды алатын болды. Баласына кітап оқуды ұсынатын ата-аналар да сирек барады. "Интернет пен телерадио арналары арқылы-ақ керегімізді тауып жатырмыз" деушілер көп. Мұның себебі неде? Бұған кім кінәлі? Осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.

  1. Ата-аналарға баласының кітап оқуға қызығушылығы қандай деңгейде екендігін анықтау мақсатында қойылған сұрақтар:

  1. Балаңызға қандай кітап алып бересіз?

  2. Балаңызды кітапханаға апарып тұрасыз ба?

  3. Балаңызбен оқыған кітабы жайлы пікірлесесіз бе? Деген сұрақтарға ата-аналар балаларына кітапты сатып алып беретіндігін, бірақ, бұрынғы Алдар көсе мен Қожанасыр туралы кітаптарды балалары оқығысы келмейтіндігін, одан ғөрі "Сұрақ және жауап", "Балалар энциклопедиясы", "Ежелгі Қазақстан мифтері", "Әлемнің ұлы кереметтері" сынды кітаптарды жақсы оқитындығын айтады. Мектеп кітапханасы балалар өздері жазылған, керек кітаптарын, сол жерден алып оқып жүреді десе, екінші ата-ананың пікірі: әрине, кітаптың орны бір бөлек. Бұрын біздің уақытымыздың бәрі кітап оқумен өтетін, қазіргідей интернет, компьютер деген болған жоқ. Балам ақындардың өлеңін жатқа оқығанды жақсы көреді. Ертегі, аңыз кітаптарды да қолынан тастамайды.

  1. Оқушыларға кітап оқу деңгейін анықтау мақсатында қойылған сұрақтар:

  1. Соңғы рет қандай кітап оқыдың?

  2. Кітапханаға жиі барып тұрасың ба?

  3. Саған қандай кітаптар ұнайды?

"Кітапты көп оқимын дей алмаймын. Бірақ, қалайда оқуға уақыт табуға тырысамын. Мәселен, әкем "Абай жолы" кітабын міндетті түрде оқып шығуды тапсырды. Қазір соны оқып жатырмын, бірақ әлі аяқтаған жоқпын. "Несімен ұнады?" дейсіз бе? Абайдың балалық шағы, әжесімен, анасымен, Әйгеріммен қарым-қатынасы ұнады. Кітапханаға, әсіресе, сабаққа дайындалар кезде барып тұрамын.

Баланы кітап оқуға үйрету үшін, ең алдымен, ата-аналарға кеңес беру керек. Балаға бір жасында-ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Кейбір ата-аналар "мектепке барып, әріп таныған соң-ақ оқып үлгереді" деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет-журнал, кітап оқып отырған ата-ана көрген бала да кітапқа қызығып өседі. Балам кітапқа қызықпайды деп бар кінәні баласына жауып, өзі бірде-бір кітап оқымайтын ата-аналар да бар. Меніңше, салмақты, өзін-өзі ұстай білетін балалардың жаны кітапқа құмар келеді. Өйткені оның ішінде өзіндік ойы қиялы әлемі бар. Ал көп жүріп-тұрып, күлетін бала кітапқа аса жақын болмайды. Бала қызық кітапты кітапханашымен, ұстазымен, құрбыларымен, достарымен кеңесе отырып таңдауы керек. Өйткені оқуға ынтасы болып тұрған баланың қолына қызықсыз тартымсыз кітап түссе оның құлшынысы күрт басылып қалуы мүмкін. Кітапты оқығанда бала ондағы кейіпкерге немесе тұлғаға қызығып отыратындай болуы керек.

Кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі неден? Қазіргі реалист жастар өсіп келеді. Кеңес дәуірінде бала 10-сыныпты бітіргенше жеке тұлға болып қалыптаспайтын еді. Ал қазіргі балалар кішкентайынан нені қажет ететінін біледі. Ол кездің балалары ғалым ұшқын немесе әскери адам болғысы келсе қазіргі бала бағдарламашы, заңгер немесе дәрігер боламын деп сол бойынша жоспар құрып еңбек етеді. Қазіргі балаларды қиял жоқ. Олар- практик. Екіншіден, жастар түгіл, үлкендердің де кітап оқуға уақыты қалмай барады.

Айта кетуіміз керек қазір балаларға арналған әдебиет өте тапшы. Болса да, бұрынғы уақыттағы өмірді суреттейді, қазіргі баланы қызықтырмайды. Мектебіміздің кітапханасында оқимын деген балаға жас ерекшеліктеріне сай біраз кітаптар бар оны кітапханашылар сынып жетекшілері пән мұғалімдері ұсынып отырады. Егер кітап өте үлкен болса оны оқып шығуға баланың шыдамы жетпейді. Жасы үлкейген сайын бала да күрделі шығармаға қарай ауысады. Қазір жан-жақты ақпарат өте көп. Сондықтан балалар әдеби кітапты аса қажетсіне бермейді. Ал қазір интернеттен керекті мәліметті ала салады. Одан бөлек ҰБТ -да шығарма жазылмайды, сұраққа жауап бере салады. Бұл баланың ізденуге кітап оқуға деген қызығушылығын төмендетеді.

Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы рухани байлығы болған. Кітап оқу арқылы ғана біз болашақты болжап келешегімізге кемел жол сала аламыз!

Осынау кітаптың құдіреттілігін мойындп, кітапты насихаттап оқырман мен кітап арасын байланыстыру мақсатында жыл сайын 23- сәуір дүниежүзілік кітап мерекесі күні болып белгіленіп тойланып келеді.

Қазіргі мектеп кітапханалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 27-наурыз ҚР Білім жүйесі кітапханаларының бірыңғай үйлестіруші ғылыми - әдістемелік және ақпараттық орталығы туралы №249 бұйрығымен бекітілген.

Мектеп кітапханасы оқырмандарға сапалы қызмет көрсету кітапханада мәдени -көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, кітапханаға оқырмандарға тарту кітапхана қорын есепке алу кітап қорының сақталуын ұйымдастыру міндетті.

Танымдық шаралар оқырманның ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізері сөзсіз. Мысалы Қызыл кітапқа саяхат библиографиялық шолу, мен оқыған қызық кітап оқырманның жазбаша пікірі, кітап -ақыл ойдың қазынасы кітапханаға саяхат жұмыстарын жүргізу арқылы кітапхана мен оқырмен арасы байланыса түседі.

Кітап көрмелері арқылы оқырмандар әр тақырып бойынша мағлұматтар деектер алса даталы мерекелі күндерге байданысты көрмелерден ақпараттармен керекті мәліметтермен таныса алады.

Кітапханада «Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайынсың ба?» жылдық тұрақты білім бұрышы ұйымдастырылып пән мұғалімдері мен оқушыларға әдістемелік көрсетіледі.

Кітапханада жүргізілген жұмыстардың нәтижесі үнемі баспасөз беттерінде жарық көріп отырды.

Баспасөз беттері-жаңалық жаршысы. Мектеп кітапханасы жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылып оқырмандардың рухани жан-дүниесін кеңейтуге сыныптарда түрлі оқу-тәрбиелік шараларын өткізуде көп көмегін тигізсе, сонымен бірге түрлі байқау -жарытарға баратын мектеп мұғалімдері мен оқушылары көмекші құрал ргетінде пайдаланады. « Білсем, ізденсем ...» деген адамға кітапхана құшағын кең ашады. Жас ұрпаққа түрлі бағыттағы әдебиеттерді насихаттап жасөспірімдердің отанға деген сүйіспеншілігін арттыр, олардың бойындағы ана тіліне бағытталған сүйіспеншілігін кітап оқу арқылы нығайту болса міндеті:

  • Педагогтар мен оқушыларды оқуға тартуда тиімді жұмыс формаларын анықтау;

  • Оқушылардың ақпараттық -коммуникативтік біліктілері мен дағдысын анықтау;

  • Ақпараттық жолмен оқырмандар назарына дәстүрлі, дәстүрлі емес кітап көрмелерін ұсыну.

  • Кітапхана- кітаптар мекені. Кітап - білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды турлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырамыз.

Жаңа заман талабына ілесу - әр кітапханашының міндеті. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені болса, кітапханашы -тілімізді, дінімізді, рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық иесі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мектептегі кітапхана \\ Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, №5,2009ж.

  2. Қазақстан мұғалімі \\ республикалық газет, 5-ақпан, 2010 жыл, 12- қаңтар, 2010.

  3. Дала мен қала \\ Республикалық газет, 9-наурыз,2009ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал