7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі сабағы 'Сын есімнің сөйлемдегі қызметі' 7-сынып

ҚАзақ тілі сабағы 'Сын есімнің сөйлемдегі қызметі' 7-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Мақсаты:Сын есімнің сөйлемдегі қызметінің негізін меңгеру.

Міндеттері:

- диалог арқылы сын есімнің қызметін білу;

- сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімдерін тиянақтау, жинақтау;

- бірлескен іс-әрекетте білімін өмірде қолдана алуға бейімделу.

Қолданылған модульдері: диалогтік оқыту, СТО, ОүБ және ОБ, АКТ қолдану, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар:«Ыстық алақан», «Қима суреттер»,Блум таксономиясы,«Ең беделді банк»,«Ойлан, жұптас, талқыла», «Insert», «Топтастыру», «Рөлдік ойын»,«Миға шабуыл» ,Сергіту сәті«Қызыл өрік»,«Ой-толғаныс», Рефлексия «+», «-», «қызықты»

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар:

Кіріспе

Тұсаукесер

Негізгі бөлім

Қорытынды

Ұйымдасты-ру кезеңі.

Қызығушы-лықты ояту сатысы

ІІ «Мағынаны тану»

ІІІ. Ой- толғаныс.

Үйге тапсырма

Бағалау

Амандасу, түгендеу.

Шаттық шеңберін құрып "Ыстық алақан» арқылы жылы лебіздерін білдіруді сұраймын.

Мақсаты: психологиялық ахуал тудыру.

Сынып оқушыларынқима қағаздар арқылы 3 топқа бөлемін (гүл, ит, аю), топтардың атынНұрбанк, Каспий банк, Халық банкі деп ат қоямыз.

Суреттерді құрастырып, топқа бөлінгеннен кейін қандай сурет құрастырғандарын сұраймын.

Олардың түсін, күйін сұрап, ол сөздер қай сөз табына жататынын анықтап аламын. (Сын есім)

Топ ережесін қайталап оқу.

«Ең беделді банк» акциясының қорытындысы бойынша жүлделі
орынға ие болған банкіге «Мерседес -600» машинасының кілтін
табыс ету.

Блум таксономиясы бойынша

1. Есте сақтау.

Проектрдан жаңа сабаққа байланысты сұрақтарды шығарып, жауап аламын.

1.Сын есім қалай түрленеді?

2. Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

3. Шырай нешеге бөлінеді?

4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

5. Күшейтпелі шырай қалай жасалады?

2. Түсіну.

Мәтінмен жұмыс. Инсерт.

Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды

(«Инсерт» әдісі).

Бұрыннан таныс мәлімет, «√»

Білмейтін ойы,

«-»

Жаңа танылған мәлімет, «+»

Таңқалды-рып сұрақтар тудырған ой, «?»

Топтастыру стратегиясы.

Бастауыш,

Баяндауыш,

Толықтауыш,

Пысықтауыш,

Анықтауыш.

3.Қолдану

82 - жаттығу.

«Әдеп» әңгімесі бойынша көрініс көрсету.

«Миға шабуыл».

Мақсаты: сұрақтарға жауап беру.

Каспий банк Халық банкі

Бай? Әкім?

Нұрбанк

Мұжық?

Сергіту сәті«Қызыл өрік»

4. Талдау. Ережелер арқылы қосымша тапсырмаларға талдау жасау.

Шығармашылық жұмыс: 1. Проектрдан құрамында сын есімі бар мақал-мәтелдерді оқып, синтаксистік талдау жасау.

81-жаттығу.

Мысалы:

І топ: Сыпайы сырын сақтар

Әдепті арын сақтар

ІІ топ: Жаманның тілі ащы

Көк мияның гүлі ащы

ІІІ топ: Үлкенді сен сыйласаң

Кіші сені сыйлайды.

Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады. Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды.

5. Жинақтау.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Қосарлану, қайталану арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

2. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

3. Сын есімдер сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

4. Қандай жағдайда баяндауыштың қызметін атқарады?

Рефлексия + , - , қызықты

82-жаттығу.

Құрамында сын есімі бар мақалдар жазып,

синтаксистік талдау жасау.

6. Бағалау:Оқушылардың бағалау критериясына сай жиналған ұпайларына сай бағалау. Бағалау парақшасын жинап алу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал