7


ҚМЖ 'Біріккен сөздер' 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сыныбы 6а

Күні 09.10.2012ж Сабақ №1

Сабақтың тақырыбы


Біріккен сөздер

Мақсаты

Біріккен сөздер туралы түсінік беру,олардың жасалу жолдарын меңгерту,біріккен сөздердің айырмашылығын түсіндіру.Оқушылардың сөз байлығын,сөздік қорын байыту,туған жерге,Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер

Біріккен сөз бен кіріккен сөзді ажырата алады,ойлау,байқағыштық қасиеттері дамиды,оқуға,білім алуға деген санасы қалыптасады.

Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта,флипчарт,блокты сызбалар,кеспе қағаздар,суреттер

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Сыныпты топқа бөлу.Критериалдық бағалау парағын түсіндіру.

Үй тапсырмасын сұрау(тест беріледі)


Оқушылар жоқ оқушыны және үй тапсырмасына не берілгенін айтады.

Оқушылар топқа бөлінеді.


Оқушылар тест сұрақтарын шешеді.

Тұсаукесер

Сөзжұмбақ шешу.(Біріккен сөздер)




Сөзжұмбақты шешіп,жасырынған сөзді табады.

Оқушылар топта бір-бірімен ақылдасады.

Негізгі бөлім

1.Біріккен сөздер және оның жасалу жолдары туралы түсінік алуға бағыттаймын.

Деңгейлік тапсырмалар.

1.Дарынды оқушылармен жұмыс.

А)Біріккен сөзді тақырып етіп мәтін құрау.

2.Жаттығуларды,тапсырмаларды орындауға нұсқау беремін.

3.Топтағы жұмыстарына жарайсыңдар,бағыттарың дұрыс деп ынталанып отырамын.

Сыни ойлауға тапсырма.

1.Сонымен бүгін не үйрендіңдер?

2.Бұрынғы білімдеріңе тағы не қостыңдар?

Біріккен сөздердің ережесін ойлайды,жасалу жолдарына талдау жасайды.

Жаттығуды орындайды.

Топта бірлесе отырып,шешім қабылдайды.

Қорытынды

Бекіту сұрақтары беріледі.

Оқушы білімін бағалайды,рефлексия парағын үйлестіреді.


Венн диаграммасы бойынша біріккен сөз бен кіріккен сөзді салыстырады.

Оқушылар бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалайды,рефлексия жазады.

Сабақтың өзіндік талдауы

Мектептегі тәжірибемнің алғашқы аптасының 2-ші күні экспериментке алған сыныбыма «Біріккен сөздер»тақырыбында алғашқы сабағымды өткіздім.Сабағымның кіріспе бөлімін мәртебесі төмен сұрақтар қою арқылы аштым.Сабағымның мақсатына сәйкес оқушы жеке топпен жұмыс жасап,жұмыстарын қорғап,өз ойларын ортаға салып түсіндірді.Топта жұмыс істеу ережесін естен шығармай,әрдайым жадында сақтап отыруы ескертілді.Оқушы топта ұйымшылдықпен жұмыстанып,бірін-бірі тыңдай білді.Топпен жұмыстану кезінде әр топ құрамынан көшбасшыларды байқалып отырды. .Жаңа білім беру сабағын сұрақ-жауап,өзіндік ізденіс,мәселе қоя іздендіру,салыстыру,топтастыру,жұптық әдістері арқылы жүргіздім.Блокты сызбалар,суреттер,кеспе қағаздарын көрнекілік ретінде пайдаландым. Қазақ әдебиеті,музыка,география пәндерімен пәнаралық байланыс жасадым.Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Жұптық,топтық тапсырмаларды орындау арқылы біріккен сөздерді,оның жасалу жолдарын меңгерді.


Сабақ бойынша өзгертулер









Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте


Сыныбы 6а

Күні 11.10.2012ж Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы


Біріккен сөздердің емлесі

Мақсаты

Біріккен сөздердің емлесін меңгерту. Өзіндік шығармашылық жұмыстарды орындай білуге,қатесіз,ұқыпты жазуға үйрету,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

Оқушының сауаттылық қабілеті артады.Күрделі сөздерді талдауға жаттығады.Төзімділік,сабырлық қасиеттері артады.

Керекті жабдықтар

Видеопроектор,Флипчарт,дидактикалық материалдар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1.Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Сыныпты топқа бөлу,критериалық бағалау парағын түсіндіру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.(бәйге сұрақтары)




Оқушылар жоқ оқушыны және үйге берілген тапсырманы айтады.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Бәйге сұрақтарына жауап береді.

Топта бірлесе отырып,шешім қабылдайды,ойларын жинақтайды,ойланады.

Тұсаукесер

Тақтадағы кестеге назар аудара отырып,біріккен сөздің емлесінің ережесін шығаруға кеңес береді.




Мысалдарды талдау арқылы біріккен сөздің емлесінің ережесін оқушылар өздері шығарады.

Оқушылар топта бір-бірімен ақылдасады,талқылайды.

Негізгі бөлім

Топпен жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар беріледі.

1.Дарынды оқушыларға тапсырма.

А)Жұмбақтардың шешуі біріккен сөз,шешуі болған сөзді сатылай комплексті талдау.

1.Тапсырманы топта бірігіп орындаймыз,бәріміз ой қосамыз,бір-бірімізге түсіндіреміз.

67-жаттығу.

Жаттығуды орындауға нұсқау береді.(Сыңарын тап ойыны)

Мозайка құрастыру ойынының шартын түсіндіреді.


Оқушылар топқа бөлініп,біріккен сөз бен кіріккен сөзге арналған тапсырмаларды орындайды.

67-жаттығуды орындайды.

Оқушылар мозайка ойыны арқылы біріккен сөздер жасайды.тапсырманы 1-ші орындаған топ жеңіске жетеді.

Қорытынды

Оқушы білімін бағалайды,рефлексия парағын таратады.


Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақтың түрі аралас сабақ болғандықтан түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап арқылы жүргіздім.Сабақтың көрнекілігіне кесте,суретті карточкалар,сұрақтар салынған конвертер,бағалау сигналдарын пайдаландым.Оқушылармен жұптық,топтық және жеке жұмыстар орындалды.Енжар оқушыларға көмектер ұйымдастырылды.Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.Сабақ өз мақсатына жетті.

Сабақ бойынша өзгертулер



Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте


Сыныбы

Күні 16.10.2012ж Сабақ №3

Сабақтың тақырыбы


Қос сөздер.Қайталама қос сөздер.

Мақсаты

Оқушыларға қос сөздер,қайталама қос сөздер туралы түсінік беру.Оқушының ой-өрісін,таным қабілетін,сөзжасам туралы түсініктерін дамыту,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер

Сөзжасамның бір түрі қос сөз,қайталама қос сөз туралы түсінік алады,ой-өрісі,таным белсенділігі артады.Сабаққа деген қызығушылығы оянады.Қайталама қос сөздердің жасалу жолдарын ажырата алады.

Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта,


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1.Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Сыныпты топқа бөлу.Критериалық бағалау парағын түсіндіру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ақсүйек ойыны .

Оқушылар жоқ оқушыны және үйге берілген тапсырмасын айтады.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Ақсүйекті тапқан оқушы тапсырманы орындайды.

Тұсаукесер

Мергендер сайысы .Мысалдар беріледі.




Оқушылар берілген мысалдардағы жоқ сөздерді қою арқылы ереже шығарады.


Негізгі бөлім


1.Топпен жұмыс.

Топтағы жұмыстарына жарайсыңдар,бағыттарың дұрыс деп ынталандырып отырамын.

2Деңгейлік тапсырмалар.

1.Нашар оқушылармен жұмыс.

А)Мәтінді оқи отырып,мазмұнына сурет салыңдар.

Сыни ойлауға тапсырма.

Сонымен

Бүгін не үйрендіңдер?

Бұрынғы білімдеріңе не қостыңдар?

Оқушылар топтаса отырып,берілген тапсырмаларды орындайды.

Топта бірігіп шешім қабылдайды.бір-біріне түсіндіреді.


Қорытынды.

Саялы бәйтерек аясында.Оқушы білімін бағалайды.Рефлекся парағын таратады


Бәйтерекке жинаған олжаларын санап,өзін-өзі бағалайды.


Рефлексия парағын толтырады.

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақтың құрылымы ұлттық дәстүрге негізделген ойын сабағы болғандықтан сұрақ-жауап,топтық,жұптық тапсырмалар орындау әдістерін қолдандым.Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сабаққа ынтасын қалыптастыру мақсатында Ақсүйек,асық ату,ормал тастау ойындарын пайдаландым. Оқушылар белсене қатысты.Берілген тапсырмаларды бәріде тиянақты орында бәлдә,сабақ мақсатына жетті.


Сабақ бойынша өзгертулер






















Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте


Сыныбы

Күні 18.10.2012.ж Сабақ №4

Сабақтың тақырыбы


Қосарлама қос сөздер

Мақсаты

Қосарлама қос сөздер туралы түсінік беру.Қосарлама қос сөздердің қалай жасалатындығын меңгерту.Оқушының ой-өрісінің,таным қабілетінің дамуына ықпал ету.

Күтілетін нәтижелер

Қосарлама қос сөздер туралы түсінік алады.Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдарын меңгереді.Шығармашылық жұмыстарда теориялық білімін пайдалана алады.

Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта,

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Оқушылармен амандасу,түгендеу.Сыныпты топқа бөлу.Критериалық бағалау парағын түсіндіру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Қайталама қос сөздердің жасалу жолдарын сұраймын.

77-жаттығу.Қайталама қос сөздерді пайдалана отырып,шағын эссе жазу.




Оқушылар жоқ оқушыны және үй тапсырмасына не берілгенін айтады.Оқушылар топқа бөлінеді.


Оқушылар топта бір-бірімен ақылдасады,талқылайды.


Үйден орындап келген эссені топта талқылайды,үздік деп танылған эссены сыныпқа оқиды.

Тұсаукесер

Тапсырманы орындау арқылы жаңа тақырыпты ашуға нұсқау береді.




Оқушылар тапсырманы орындау арқылы жаңа тақырыпқа ереже шығарады.

Негізгі бөлім

Топпен жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар.

Дарынды оқушылармен жұмыс.

А)Қосарлама қос сөздерді қатыстырып,Өнер алды-қызыл тіл тақырыбында эссе жазу.


Тапсырманы топта бірігіп шығарамыз,бәріміз ой қосамыз,бір-бірімізге түсіндіреміз.(Білмеген жағдайда басқа топтан көмек сұраймыз.

Сыни ойлауға тапсырма.

Ыстық орындық.

Сонымен бүгін не үйрендік?

Бұрынғы білімімізге не қостық?

Топқа бөлінеді.

Топта бірлесе отырып,шешім қабылдайды.

Ыстық орындық.

Қосарлама қос сөз конаққа келіп,рөлді сомдайды.

Қорытынды

Оқушы білімін бағалайды.

Рефлексия толтырады.


Өзін-өзі бағалайды.

Рефлексия толтырады.

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақтың түрі аралас сабақ болғандықтан сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін,семантикалық картаны,ББҰкестесін,венн диаграммасын,маршруттық кариһта әдістерін пайдаландым.Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдарын оқушылар талқылай отырып,білімдерін сарапқа салды.Ережені өздері қорытып,айта білді.Берілген мысалдарды жүйелі талдай алды.Семантикалық карта тотытыруды қызығушылықпен орындады.Берілген шығармашылық жұмыстарды сыныптағы дарынды оқушылар қос сөздерді орнымен пайдалана отырып,өздері жазған эсселерін көпшілік назарына өсынды.Сабақ өз мақсатыны жетті.

Сабақ бойынша өзгертулер



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал