- Учителю
- Қазақ тілінен 'Өз таңдауым' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Қазақ тілінен 'Өз таңдауым' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Сынып: 6 «Б», мерзімі: 30.11.2015ж.
Пән: қазақ тілі.
Мұғалім: Тулемисова Т.К.
Сабақтың тақырыбы:
Лексикалытақырып: Өз таңдауым.
Грамматикалық тақырып: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Түрлі интерактивті әдістерді қолдана отырып, оқушыларға пайдалы істер жайлы мағлұмат беру арқылы ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру;
Дамытушылық:Пайдалы, сүйікті ісі жайлы айту арқылы тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қолдана отырып, коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Пайдалы істермен айналысуға баулу, жаманнан жақсыны айыра алу, проблеманы шешу құзіреттілігін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, түсіндірмелі - баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, жұмыс парағы, оқулық, тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу
Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сөздікті тексеру.(сөздік, ауызша сөздерді сұрау)
2.4-тапсырма.
ІІІ. Жаңа грамматикалық тақырып:
Ал, бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы: Сөйлем (слайд)
Ал, лексикалық тақырыбы: Өз таңдауым
-
Мұғалімнің «өз таңдауым» туралы түсінігі.
-
Сұраққа жауап беру: Сіздің ермек ісіңіз қанадай?
-
Тілдесім: Суреттер бойынша сөйлем құрастыру. Суреттерге қараңдар, Мына адамдардың сүйікті істері қандай екен? Немен әуестенетінін білейік?(слайд)
-
Грамматикадан алған білімдерін тексеру
Оқулықпен жұмыс: 164 бет, 1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс, мәтінді оқу, аудару.
-
Тіл дамыту жұмыстары.
Тапсырма
1. Сөйлемді аяқта
2. Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр
1. Мен сурет ...
2. Айгүл өлең ...
3. Сен сабақ ...
-
Сергіту сәті: (музыка қою,қаражорға билеу)
ІV. Сабақты қорыту.
Сенің таңдауың не? - сұрағына жауап береміз. Оқушылар өз таңдауларын айтып, ойларын ортаға салады.
V.Үйге тапсырма: 165 бет, 3-тапсырма.