- Учителю
- Контрольная работа по казахскому языку 3 класс
Контрольная работа по казахскому языку 3 класс
3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы № 54. 2 тоқсан № 18.
Сабақтың мақсаттары:
-
Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың алған білімдерін бақылау. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерінің меңгерілуін және білім сапасын тексеру.
-
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларының деңгейін бақылауды жалғастыру. Сөздік қорларының жүйелілігі мен санын, сапасын анықтау.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндіктер беру және бақылау.
Сабақтың түрі: бекіту.
Сабақтың әдісі: практикалық.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.
-
Дайындау. 6-тапсырма, 223-бет. Досыңа орындат.
3.Қайталау. Сөздерді қайталау.
7. Бекіту. Бақылау жұмысы.
6. Тексеру: Тапсырмалармен жұмыс:
1-тапсырма, 223-бет. К.Сауғабаевтың өлеңі бойынша мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.
2-тапсырма, 224-бет. Өтіліп жатқан модуль негізінде сұрақ-жауап жұмысын сыныптағы барлық оқушылармен жеке-жеке жүргізу. Тапсырманы жұптық жұмыс ретінде де өткізуге болады.
3-тапсырма, 224-бет. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы орындау.
4-тапсырма, 224-бет. Тапсырмада берілген суреттер бойынша «Оқу құралдары не үшін керек?» сұрағы арқылы әр оқушыға жеке-жеке тапсырма ұсыну. Ауызша тапсырманы жазбаша орындаумен жалғастырып, бекіту.
5-тапсырма, 225-бет. Оқушылардың аудармашылық қабілетіне берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындау. Тақырып бойынша аударма жұмсына берілген тапсырмамен жұмыс жасау. Ұқсас тапсырмалар жасату. Практикалық жұмыспен бекіту.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
Белге қолды қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Жоғары қолды созамыз,
Тып-тыныш қана орнына отырамыз.
7. Бекіту: 6-тапсырма, 225-бет. Айтылым әрекетіне берілген сөйлемдермен ауызша және жазбаша жұмыс ұйымдастыру. Қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру. Тақырып бойынша жеке тапсырма жасату.
8. Сабақты қорытындылау.
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: барыс септік жалғауларын қайталап шығу.