- Учителю
- Сызу пәнінен сабақ жоспары 'Негізгі көріністер' тақырыбына 9-сынып
Сызу пәнінен сабақ жоспары 'Негізгі көріністер' тақырыбына 9-сынып
Сызу пәні 9-сынып
Тақырыбы: Негізгі көріністер
Мақсаты:
1)Білімділік: Негізгі көріністер туралы білім алуға, сызбаны оқи білуге, денелердің (фигуралардың) көріністерін көре білуге үйрету.
2)Дамытушылық: Оқушылардың байқығыштық, салыстыра білу қабілеттерін, нәрсені үш жазықтықта дұрыс көре білуін дамыту.
3)Тәрбиелік: Жүппен, топпен жұмыс жасау барысында дұрыс қарым-қатынасын, топ алдында жауапкершілігін тәрбиелеу.
Оқушы құзыреттілігі:
1) Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі: Негізгі көріністерді тану, сызбада көріністерді орналастыру жолын табу
2) Ақпараттық құзыреттілік: Электрондық оқулықтан негізгі көріністер туралы ақпарат алу, интербелсенді тақтадан слайд түрінде берілген тест тапсырмаларын көріп орындау.
3) Коммуникативтік құзыреттілік: СТО стратегияларын қолданып жүппен, топпен жұмыс жасау қарым-қатынасы.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: Сөз әдісі (сұрақ-жауап); оқулықпен жұмыс; көрнекілік (эл.оқулық, слайд); тәжірибелік (тест тапсырмаларын орындау); логикалық (байқау, зерттеу, ойлау, салыстыру). СТО стратегиялары.
Құрал-жабдықтар: оқулық, дәптер, сызу құралдары, сабақ жобасы жазылған парақтар, қайталау карточкалары, электрондық оқулық,, шығу парақтары.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сурет, технология
Сабақтың құрылымы:
-
ұйымдастыру кезеңі
-
қайталау
-
жаңа тақырыпты меңгерту
-
рефлексия
-
бағалау, шығу парағын толтыру
-
үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
Оқушыларды қарсы алу, журналға белгілеу. Сабақ жобасын тарату
Оқушыларға берілетін сабақ жобасы:
-
Екі топқа бөлініп отырыңдар.
-
Әр топ мүшелері карточкада берілген қайталау сұрақтарына жауап беріңдер /топпен жұмыс/, жауабын спикер айтады.
-
«Көрініс» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Жауабын жалпы топқа шығар.
-
Параграф 26 жеке-дара оқып, ортаға салып топпен талдау жаса.
-
Электрондық оқулықта көрсетілетін мәліметтерді қарап өзіңе ақпарат ал.
-
Слай-презентацияда берілген тест тапсырмаларын орында.
-
Тақырып бойынша қорытынды жасап, қарсы топқа сұрақтар дайында.
-
Әр топ спикері жалпы топ алдында қорытындысын айтып топ жұмысын қорғайды.
-
Қарсы топ сұрақтарына жауап бер.
-
Бір-біріңді бағала.
-
шығу парағын толтыр.
-
Үй тапсырмасын ал: 26-параг. оқу, соңында берілген екі тапсырманы орында.
Оқушыларды бағалау: Журналға және күнделіктеріне баға қою.
Шығу парағын жинап алу.