7


  • Учителю
  • Мен елімнің азаматымын 4 сынып

Мен елімнің азаматымын 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

______ Қ. Төлегенова

____ ____2015ж

4-сынып «Өзін-өзі тану»

Сабақтың тақырыбы: 8-сабақ. Мен елімнің азаматымын

Мақсаты:
- Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
-«Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;
Міндеттері:
- туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- елжандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнтаспалар, суреттер, оқулықтар
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар, мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Тыныштық сәті

Балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Балалар денесін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз, жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың исін сезінесіз. Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз(тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыныз. (тыныштық) көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз(тыныштық). 1,2,3 көзімізді ашайық. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - табиғатқа «рахмет» деп айтайық.
Жаңа сабақ: Мен елімнің азаматымын
Балалар Сендер азамат деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сен өз еліңді қалай сүйесің?
Нағыз азамат - деп кімді атар едің?
Оқушылар жауабы тыңдалады
Экраннан «Өз елім»әнінің клипі жіберіледі
Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша жетекші сұрақтар қойылады
- Ән айтылып жатқанда қандай сезімде болдыңдар?
-«Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім»- дегенді
қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу:
С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін»мәтіні үнтаспадан тыңдалады.
Мәтін бойынша жұмыс жасалынады.
Жетекші сұрақ.
*«Туған жерсіз адамын күні жоқ»- деген сөзді қалай түсінесіңдер?
* Өз елің несімен ыстық?
*Өз еліңді сүйетініңді қалай дәлелдейсің?
Дәптермен жұмыс:
Біз мәтінмен жұмыс жасап жатқанда Гаухар апайларыңыз сурет салды. Сол суретке ат қойып шағын әңгіме құраймыз.
Оқушылар жауабы тыңдалады
Мұғалім сөзі:
Туған ел, жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю - әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып - өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені, Отан - алтын бесігіміз, ата - анамыз!
Дәйексөз «Ел іші - алтын бесік»деген мақал берілген осыны қалай түсінесіздер.
Оқушылар пікірі.
Мұғалім сөзі: Ел іші - алтын бесік»- деп бекер айтылмаған. Әрбір адам туғаннан - ақ ел бесігінде тербеледі. Олай дейтінім ол сол елдің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен дем алып, табиғатымен біте қайнасады. Елмен бірге болып суығына төзеді, ыстығына шыдап өз елімен бірге тәрбиеленеді.
Балалар үлкендер біздерге «Жарайсың», «Ой, азамат», «Үлкен азамат бол»- деп ризашылықтарын білдіріп жатады. Кәнекей ой бөлісейікші.
Оқушылар пікірі.
АЗАМАТ сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.
А - адал
З - зейінді
А - ардақты
М - мейрімді
А - абыройлы
Т - тәрбиелі
Мінекей балалар Сендер азамат сөзінің мән мағынасын түсіндіңдер.
Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар. Ата заңымыздың 30 бабында Азаматтар мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға міндетті
Ал, 36 бабында Қазақстан республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті - деп атап көрсетілген. Сондықтан әрқайсың өз отанымызды сүйіп адал қызмет етулерің қажет. Отанға адал қызмет ету сендердің парыздарың. Ол үшін жақсы оқып, тиянақты білім алу керек.
Сергіту сәті.

Балалар біздер бүгінгі сабақта нұр сәулесінен қуат алып білімімізді тиянақтап үнемі елдің алғысына бөленіп, үлкендерден бата алып, кішілердің құрметіне бөленіп, тәуелсіз қазақстанды көркейтетін нағыз елжанды азамат болуды үйрендік. Абай атамыздың 14 қара сөзінде «Адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі». Мейрімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдау, оған өзіне тілейтін тілек тілейтінің барлығы жүректің қалауы. Адам болып туу аз. Адам бола білу керек!. «Адам болу қағидасын мұрат ет»- дейді. Абай атамызды «Ғажайып сөздер» айдарымен толықтырар болсақ;
- елінің беделін көтеретін;
- елінің атын шығаратын;
- елінің қамын ойлайтын;
- елі үшін еңбек ететін;
- елі үшін өмір сүретін - нағыз АЗАМАТ Сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.

Жүректен жүрекке
Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді. Олар шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып ән айтады. Е. Хасанғалиевтың Атамекен әнін бәрі бірге айтады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал