- Учителю
- Ашық сабақ. Ыбырай Алтынсарин.
Ашық сабақ. Ыбырай Алтынсарин.
10 сынып. Қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Ыбырай өмірі мен шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей әңгімелеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
2. Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы.
Сабақтың әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ.Өткенді қорытындылау. Шоқан Уәлиханов туралы не білдік?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.
2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.
3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.
1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау. Слайд арқылы.
№
Жылдар
Маңызды оқиғалар.
1.
1841 жылы
20 қазанда
Қостанай облысы Затабол ауданында туған.
2.
1850 жылы
Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.
3.
1857 жылы
«өте жақсы» деген бағамен бітірген.
4.
1859 жылы
Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.
5.
1859 жылы
Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.
6.
1860 жылы
Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.
7.
1864 жылы
Торғайдағы мектепті ашады.
8.
1876 жылы
Петербург, Қазан қалаларына барады
9.
1876 жылы
«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.
10.
1879 жылы
«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады
11.
1879 жылы
Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
12.
1881 жылы
Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады
13.
1879-1883
жылдары
Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады
14.
1983 жылы
Торғайда қолөнер мектебі ашылады.
15.
1983 жылы
«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.
16.
1887 жылы
Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
17.
1987 жылы
Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.
18.
1889 жылы
Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.
Ы. Алтынсарин -оқулық авторы.
1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?
А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.
2. Орыс жазушыларының аудармалары:
И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.
3. Білімге шақырған өлеңдері
«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»
4. Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».
ІV.Сабақты қорытындылау, бағалау.
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
-
Ақын
-
Ағартушы педагог
-
Жазушы
-
Ыбырай Алтынсарин оқулық авторы
-
Ғұлама
-
Шағын әңгіме шебері
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
V.Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқу, талдау. Өлеңін жаттау.
VІ. Бағалау.