7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі сабағы Тақырыбы: Қазақ отбасындағы бірінші талап

ҚАзақ тілі сабағы Тақырыбы: Қазақ отбасындағы бірінші талап

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9-сынып қазақ тілі Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы бірінші талап
Сабақтың мақсаты: оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: білімділік - есте сақтау қабілетін ұлғайту, жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге үйрену; дамытушылық - тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру; тәрбиелік - ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі , типі : аралас ,әдісі : түсіндіру, әңгімелесу, сөздік, мәтінмен жұмыс,интерактивті оқыту .
Көрнекілігі: топқа қатысты суреттер, слайд, тапсырмалар жазылған қиықшалар, интерактивтік тақта
Оқыту формасы: жеке-дара, жұптық, топтық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Ауызекі сөйлесу
-Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
-Қазақ отбасында кімнің орны ерекше? Неге?
-Кім шаңырақ иесі?
-Қара шаңырақ кімге қалады? Қай ұл баласына?
-Қазақ отбасында неге аса көңіл бөлінген?
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.( ойын арқылы тексереміз)
Үш топ өздеріне таңдап алады: «Сенім»-мен сендерге сенемін, сабақ сұрамаймын,сендер сұрақ қойып отырасыңдар; «Өкіл» - топтан бір өкілді жауап беруге шығарасыңдар; «Бәрі» -барлығыңыз жауап бересіңдер. ( «Ата айтады» өлеңін жатқа оқу),
6-тапсырманы ( слайд арқылы - бір оқушы)
«Сенім» тобының қойылатын сұрақтары:
-Өлеңде қандай салт-дәстүр туралы айтылған?
-Үлкенді сыйлау - ол қандай дәстүр екен?
-Өлеңде қандай көмекші есімдер берілген? т.б.
ІV. Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің сөзі:
А)Тілдесім. -Сонымен ,балалар, халқымызда үлкенді сыйлау - ұлылық , үлкенді сыйласаң, алғысқа бөленесің, үлкендердің батасын аласың.
-Сендер, балалар, үлкендерді сыйлай білесіңдер ме? Кәне ,айтайық.
-Сендердің отбасыларыңда бірінші талап қандай?( Әке мен ананың сендерге қоятын ең бірінші талап-тілегі қандай?)
2.Сабақтың мақсаты айту.
-Қазақ отбасындағы да бірінші талап қандай екен, мәтінді оқып талдаймыз.
( өздері таңдап алған суреттері бойынша топқа бөлінеді)
1-топ «Бесік» , 2-топ «Шаңырақ» , 3-топ «Ұя» топтары
3.Сөздік жұмысы. Ә)Тыңдалым.Оқылым. 5 минут
Құлағына құйып өсірген( тұрақты сөз тіркесі) -жақсылап айтып түсіндірген ,
тіл алғыш
Имандылыққа, тиянақты, көргенсіз болма, ұқыпты ( сөз тіркесі, сөйлем құрастыру)
Б) оқылым. Мәтінмен жұмыс (оқулықтың 52-беті)- 8 минут
* жақсы оқитын оқушы немесе мұғалім мәтінді оқиды;
4. Топтық жұмыс. Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.
І топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыру,
3) «әдептілік», деген зат есімге «болады» деген етістікке морфологиялық талдау.
ІІ топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша тірек сызба дайындау,
3) Көмекші есімдерді пайдаланып екі сөйлем құрастыру.
ІІІ топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтінді мазмұндау, 3) Тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шығады деген сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.
5.Оқушылардың жұмыстарын тексеру. 5 минут
6. Мақал-мәтелдердің,ұлағатты сөздердің екінші сыңарын сәйкестендіріп, оқыған мәтінге сәйкес келетінін түсіндіру.-2 минут
1.Атаңа не көрсетсең дос,ақылыңа ақыл қос.
2.Тәрбиесіз берілген білім алдыңа сол келер.
3.Ашу-дұшпан, ақыл- әдепсіз бала - сорлы бала
4.Әдепті бала - арлы бала,.. . адамзаттың қас жауы.
V. Сабақты бекіту,қорытындылау. ( 5 минут)
Топ атаулары бойынша қорытынды жасау.
-Топ атауларыңа байланысты қандай мақал-мәтел айтып сабағымызды қорытындылаймыз.
Мысалы, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», (мазмұнын түсіндіру).Ұл бала- қара шаңырақ иесі. Тәрбие тал бесіктен басталады. т.б.
Сөзімізді қорытындылай келе, ұлы ойшыл әл-Фарабидің :
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген ақылымен сабағымызды аяқтаймыз.
Осы оймен келісесіңдер ме? Өз ойыңды дәлелде.
VI. Бағалау.( 2 минут) Топтар бір-бірін бағалайды
-Кімге, кімнің жауабы ұнады? Қандай баға қояр едіңдер. Неге?
VII. Үйге тапсырма: 53-бет,5-тапсырма (деңгейлік тапсырма).




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал